Курс. Мәтін және сөйлем

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Курс. Мәтін және сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қосымша білім беру мақсатында жасалған курс бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат


Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлғаны даярлауға мүмкіндік туғызу.
Бағдарлама «Мәтін және сөйлем». Осы тақырыпты меңгере отырып, өздігімен әңгіме құрастыра алу және «Сөйлем» тақырыптарын қамтыту көзделген. Аталған тақырыптар ауызша және жазбаша берілгенде, оқушылардың ойлауының, ұғым қалыптасуының жазу үстіндегі, жазу қимылындағы әрекеттерімен байланысы орнығады.

Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу- тәрбие жұмысының негізі- сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді.

Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу- мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті- шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты- оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет- ғүрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс - тіршілігімен жан - жақты терең таныстыру.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.

Қосымша көмекші әдістемелік бағдарламаға аптасына 1 сағаттан 34 сағат берілген. Сабақ негізгі мемлекеттік бағдарламаға арналған оқулық авторларының мәтін, жаттығуларының аясында жүргізіледі. Оқушыларға сабақты ұғындыру еркін, жеңілдетілген әдістермен өтеді. Шығармашылыққа көп назар аударылады. Шағын көлемді шығарма жазу, сюжет бойынша әңгіме, мәтін құрастыру, өлең оны жаттаудағы зейін, жұмбақ құрастыру, төрт жолдық өлең құрастыру түрлеріне де мағлұмат берілмек.
Бұл бағдарламада ауызша сөйлеуге көп мән берілмек. Сабақта негізінен мәтінмен жұмысқа уақыт арналады, өзінше сөйлем құрастыру, өрнектеу үшін түсіндіріледі.
Курстың басты мақсаты:
Алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлем түрлерінің барлық түрлерін меңгерген, саутты жазу, оқу дағдыларын жетілген, интеллектісі мен шығармашылығы, қатысымдық дағдылары дамыған, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Курстың басты міндеттері:
- Сөйлем, мәтін туралы қарапайымнан күрделірек ұғым беру, ауызекі және жазба тілде қарым - қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- Тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білудағдыларын қалыптастыру;
- Орфографиялық дағдыларды қалыптастыру және пунктуациялық ережелерді практикалық түрде меңгерту;
- Ауызша және жазбаша сөйлеу дығдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарламада мәтінмен жүйелі түрде жұмыс жүргізу көзделген. Мәтінмен жұмыс, бір жағынан оқушылардың сөйлеу дағдысы мен машығын қалыптастырудың негізі болса, екінші жағынан, тілдің лексикалық және грамматикалық жақтарының алуан түрі қыр - сырларын жан - жақты талдап, жинақтай білуіне, олардың өзара бірлікте болатынын байқауға мүмкіндік береді.
Оқушыларды айтылған пікірді эмоционалдық (сезімдік) және тұжырымдамалық деректерді дұрыс қабылдауға үйреткен жөн. Олардың бойында жалпылама сөйлеу тонының, сөйлеу қарқынының, сөйлеу қаттылығының (дауыс күшінің) және т. б. мәтін түсіне алатындай дағды қалыптастырып, дамыту қажет.
Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары 
Курсты оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жеке оқушымен, топпен жұмыс арқылы жүзеге асады. Сабақта түрлі әдістер қолданылады.
Білімдерін тексеру және бағалау жүйесі: 
1.Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақта шығармашылық жұмыс. 
2.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары. 
3.Қорытынды бақылау, тексеру, сөз қолданысы. 
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар. 
Оқушылар білуге тиіс: 
-мәтін туралы ; 
-мәтіннің түрлерін; 
-сөйлем туралы; 
-сөйлем түрлерін.


Оқушылар дәлелдеуі тиіс: 
-өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі; 
- сөз құрастыру, өз ойларын бір жүйеге келтіру;

-берілген сызба бойынша сөйлем құрастыра алу.

Бағдарламаның өзектілігі: Мектеп бағдарламасында 1 сағат берілгендіктен, тақырып толық ашыла алмайды. Осы бағдарлама арқылы мәтін жан –жақты ашылып, оқушыларға түсіндіріледі, сөйлеу мәнеріне жаттығады.

Күтілетін нәтиже :

Мәтін және оның түрлері жөнінде толық мәлімет алады.

Мәтіннің тілдік қолданыстағы аясын  біледі.

Шығармашылық қабілеттері шыңдалады.

Сурет бойынша сөйлем құрастыра алады.

Сөйлемдегі сөздерді сызба арқылы көрсете алады.

Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыра алады.
































Бағдарлама мазмұны


Мәтін туралы түсінік – 1 сағат. Мәтін туралы түсінік

Мәтінге ат қою – 1 сағат. Мәтіндер оқу, сол мәтіндерге ат қою.

Мәтіннің құрылымы -1 сағат. Мәтіннің аяқталған, аяқталмағанын анықтау. Мәтін құрлымын анықтау.
Мәтіннің түрлері -10 сағат. Мәтіннің түрлерін білу. Әңгімелеу мәтіні туралы ұғым қалыптастыру. Еркін тақырыпқа әңгіме құрастыру.Өздері қалаған тақырыпқа әңгіме құрастыру.

Сюжет бойынша әңгіме құрастыру. Сюжетті сурет бойынша 2 - 4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыра алу. Әңгімеге жоспар құра алу.

Сипаттау мәтіні туралы ұғым қалыптастыру. Сипаттау мәтінін құрастыру Белгілі бір затқа сипаттама беру. Пайымдау мәтіні.«Кітап» тақырыбына мәтін құрастыру.

Мәтінге жоспар жасау -4 сағат. Мәтінге жоспар құра алуды үйрету. Шығарма жазуды үйрену. Жоспар бойынша шығарма жаза алу. Қыс бейнесі бойынша шығарма жаздыру.

Сөйлем туралы түсінік - 11 сағат

Сөйлем туралы түсінік беру. 2 - 4 сөздерден сөйлем құрастыра алу. Сөйлемнің түрлері меңгеру. Хабарлы сөйлем туралы ұғым қалыптастыру, шашыраңқы сөздерден хабарлы сөйлем құрастыру. Сұраулы сөйлем туралы меңгерту. Сурет бойынша «Наурыз» тақырыбына әңгіме құрау. Лепті сөйлем туралы меңгерту. Лепті сөйлемі бар әңгіме құрастыру. Сөйлемдегі сөздердің байланысын меңгерту. Берілген сөздерден сөйлем құрай алуға дағдыландыру.

Мәтінмен жұмыс -5 сағат. Мәтінмен жұмыс. «Астана» тақырыбына мәтін құрау, дайын мәтіндермен салыстыру. Тіл дамытуға арналған мәтіндер, шағын мәтіндермен жұмыс жүргізу. Мәтінді орысшадан қазақшаға  аудару.

Қорытынды -1 сағат.

















Мәтін және сөйлем Аптасына -1 сағат, барлығы -34 сағат


Сабақ тақырыптары

сағат саны

Күні


Кіріспе



1

Мәтін туралы түсінік

1


2

Мәтінге ат қою

1


3

Мәтіннің құрылымы

1



Мәтіннің түрлері

10


4

Мәтіннің түрлері

1


5

Әңгімелеу мәтіні

1


6

Еркін тақырыпқа әңгіме құрастыру.

1


7

Сюжет бойынша әңгіме құрастыру

1


8

Әңгімеге жоспар құра алу.

1


9

Сипаттау мәтіні

1


10

Сипаттау мәтінін құрастыру

1


11

Белгілі бір затқа сипаттама беру

1


12

Пайымдау мәтіні

1


13

«Кітап» тақырыбына мәтін құрастыру.

1



Мәтінге жоспар жасау

4 сағат


14

Мәтінге жоспар жасау

1


15

Шығарма жазып үйренеміз

1


16

Жоспар бойынша шығарма жаза алу.

1


17

Қыс бейнесі бойынша шығарма.

1



Сөйлем туралы түсінік

11 сағат


18

Сөйлем туралы түсінік

1


19

2 - 4 сөздерден сөйлем құрастыра алу.

1


20

Сөйлемнің түрлері

1


21

Хабарлы сөйлем

1


22

Шашыраңқы сөздерден хабарлы сөйлем құрастыру.

1


23

Сұраулы сөйлем

1


24

Сурет бойынша әңгіме құрау

1


25

Лепті сөйлем

1


26

Лепті сөйлемі бар әңгіме құрастыру.

1


27

Сөйлемдегі сөздердің байланысы

1


28

Берілген сөздерден сөйлем құрай алу.

1



Мәтінмен жұмыс

5


29

Мәтінмен жұмыс

1


30

Мәтін Астана

1


31

Тіл дамытуға арналған мәтіндер

1


32

Шағын мәтіндер

1


33

Мәтінді орысшадан қазақшаға  аудару

1


34

Жылдық қорытынды

1



Барлығы

34сағат



Мұғалім үшін пайдаланған әдебиеттер:


1. Г.Т.Бапинова «Мәтінмен жұмыс кезінде әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану» 2011 ж

2. Б.А.Шканова. Мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері

3. Л.П. Ақтанова  Мәтіндермен жұмыс жүргізудің әдістемесі

4. Р.О.Хамза. Мәтінмен жұмыс – оқушының функционалдық оқу сауаттылығын дамытудың негізгі тәсілі.


Оқушылар үшін пайдаланған әдебиеттер :


1. Қазақ тілі оқулықтары.
2. Балтабаева Ж. Қазақ тілі дидактикалық материал. 2009, Алматы – кітап.
3. С. Д. Мұқанова, Қ. Л. Қабдолова, Ш. Ш. Карбаева. Әдістемелік нұсқау хат. Ғылыми - зерттеу институтында Астана, 2011 – 2012 оқу жылы.

4.Тіл дамыту жаттығулары 

5.Уикипедия — ашық энциклопедия

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2024
264
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі