400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Курстан алған әсерім …

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Курстан  алған   әсерім …

Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін,

оқытатыныңды да сүюің керек.

В.О.Ключевский

Информатика пәнінің мұғалімі Айтекова Салтанат


Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер  тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты: экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қаблеттілігін арттыру деп атап көрсетілген.

Осы мақсатқа жету жолында көптеген істер атқарылып жатыр. Біз тыңдаушы болып отырған деңгейлі бағдарламаның құрылуы да осының айғағы.Біз, мұғалімдер білім беру саласына өзгерістер қажет екенін білеміз.

Бұл курстың ерекшелігі өзге курстарға мүлдем ұқсамайтындығы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өз халқының болашағына деген қамқорлығының арқасында осы дәрежеге жетіп отырмыз. Қазақстан бүгінде дүние жүзіне танымал. Елбасымыз білім беру бағытында алдымызға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Осы мақсат-міндеттерімізге жету үшін Кембридждің Білім беру орталығы мен бірлесе отырып жасаған мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасында көрсетілген заманауи оқу әдістемелерінің жеті негізгі модулінің рөлі өте маңызды.

Қазіргі таңда білім сапасы бойынша көш бастап тұрған елдердің білім беру жүйесінде жүргізген реформаларын талдай  отырып, өз елімнің білім беру жүйесіне қалай ендіруге болады және несімен тиімді дейтін болсам, әрине,оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне бейімдеу, яғни білімнің қолжетімділігін, сыни ойлау стратегиясын қолдана отырып шығармашылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, XXI ғасыр көшбасшыларын дайындауды  мақсат етіп, сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып білім беруді енгізу тиімді деп ойлаймын.

Бағдарламаның басты мақсаты-терең білімді, рухани бай, жан-жақты дамыған, өз ойын ұғынықты жеткізе алатын,екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдауға шешім қабылдай алатын, шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қашықтықтан оқыту кезеңінде, практикадан  өту барысында зерттеу жұмысын жүргіздім.  Дәстүрлі оқыту мен заманауи оқытудың аражігін анықтауда айырмашылығы мен ерекшелігінің бар екенін байқадым. Тізбектелген сабақтар өткізу барысында бізге берілген теориялық материалдарды практика кезеңінде жүзеге асырып, зерттеп, саралап, талдап және қайсы бағытта жұмыс жасау керек екенін анықтап алдым.  Дәстүрлі оқушы тек қана тыңдаушы болса, ал қазіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін, шығармашыл жеке тұлға ретінде қалыптасатынына көзім анық жетті. Тізбектелген сабақтарымда осы бағдарлама бойынша жүргізген жұмысымның нәтижесін көрдім. Әрине, бұл мен үшін өте қуанарлық жағдай. Ынтымақтастықта жұмыс жасадым деп сенімді түрде айта аламын.

Мұғалімдер өз тәжірбиесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасап отыруы қажет. Қазіргі таңда үшінші деңгейден өтіп келіп отырған мұғалімдер өз тәжірибелерінде жаңа стратегияларды тиімді, орынды қолдануда. Мен өз жұмысымды осы мұғалімдермен бірлесе отырып басқа ұстаздармен қоян қолтық жұмыс жасауды мақсат еттім. Осы мақсатта өзім білгенімді әріптестеріммен бөлісуге, мәселелерді бірге шешуге, жоспарлауға бірігеміз деп ойлап отырмын. Ұстаз - еркін шығармашылық иесі. Өз бетіңше іздене көре жүріп, әрекетіңе сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығың шыңдай түседі. Ұстаз - шәкіртін үнемі қадағалаушы, жалпы сабаққа қатысуын, бос уақытын өткізуін қадағалаумен қатар баланың жан дүниесіне үніліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап, бақылап отырады. Ұстаздық тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі - жетелеуші, алға ұмтылдырушы үлгермеушілерді жақсы оқушылар санатына қосу жолында еңбектенсе, қиын оқушыларды тәрбиелі оқушылар қатарына қосу мақсатында, дарынды оқушыларды биіктен көрсету жолында аянбай тер төгу керек.

Осындай қасиеттер бойынан табылатын ұстаздар, сондай - ақ мәдениетті, сөйлеу мәнері ерекше, сөзге шешен, киген киімі, кескін келбеті сыпайы, көзі бар, көкірегі ояу оқушы алдында үлгі болу керек. Сондықтан қоғамдық даму заңдылығы тұрғысынан ұстаздық түпкі мұраты шәкіртті өз деңгейінде жеткізу ғана емес өзінен озып, ілгері кетуіне негіз қалау болуға тиіс. Халық: «шәкірт ұстаздан озса, игі» деп тегін айтпаған ғой. Сол себепті осы айтылған ұстаз болудың негізгі қағидаларын өз еңбек жолымда қолданып, одан әрі дамыту үстіндемін.

Ғылыми педагогиканың негізін салушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін,»- деген пікірі бүгінгі күні өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының, мұғалімге қоятын талабы ретінде естілді. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталаған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушылармен қарым - қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала тағдырына басшылық етуді мойынына алған адам. Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ, олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын – ұстаздың «тактикасы». Шын мәніндегі үлкен абырой - беделінің тәрбиелік күші шәкірттерінің, соларды мойындай отырып, сол әсерге міндеттеусіз, өз ерік - қалауымен берілуінде, еліктеуінде. Өз ісіңе деген, түсіндіретін тақырыбыңа деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда, шәкіртің саған сеніп, тәнті болып, болмаса да « ұқсап бағып» айтқаныңды екі етпей, тапсырманы ауырсынбай, оны шын пейілімен, бар ынтасымен және шабытпен орындап шығады екен. Әр сабағымды осылай қызғылықты, құштарлықпен, оқушы талпынысын одан әрі өрбетіп өткізуге тырысамын. Оған жаңа технологияның элементтерін қолдана отырып, жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу мақсатында оқу жұмысының көптеген көңілді, түсінікті түрлерін енгізіп, сабақ жүргізу әдісін пайдаланамын. Сабақтан тыс оқушыларға үй тапсырмасы ретінде шығармашылық жұмыс беремін. Сонымен қатар жаңа ақпараттан хабардар болып, бір тамшы білім нәрімен сусындайды.

Еліміздің жарқын болашағы үшін қолға алынып отырған үлкен бастамаға сәттілік тілеймін.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі