400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Курстық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Педагогика факультеті


«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы







КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті













Қабылдаған: Хабиева Д.

Орындаған: Майдушева А.

Тобы: ДОВ у-23









Орал-2019ж



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ...................................................................................................................3


І БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуының теориялық негіздері

1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде.........................4

1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні......................................................7


ІІ БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуын эксперименталды зерттеу


2.1 Мектепке дейінгі балалардың9 ойын әрекетін қалыптастыру әдістері.....................................................................................................................15

2.2. Ойын әрекетінің қалыптасуында ауытқуы бар балаларға арналған тренингтер...............................................................................................................20

2.3. Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы……………….22

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................25



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................27






















КІРІСПЕ


Зерттеу өзектілігі: Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті, сондықтан оларға анықтама береміз.

Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуын және мектепке оқуға дайындық мотивациясын қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық қолдау жасау.

- іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.

Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі балаларда ойын әрекетін қалыптастыру.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуы

Зерттеу болжамы:балабақшадағы балаларда ойын әрекетін қалыптастырсақ, балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері жаңаша сипатқа ие болатынына көз жеткізе аламыз.

Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдармалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға міндетті білім берудің мемлекттік стандарттары, оқу бағдарламалары.

Зерттеу кезеңдері:

Анықтау: зерттеу тақырыбы бойынша тарихи-философиялық, психология-педагогикалық, этногеографиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды; зерттеудің теориялық және және әдіснамалық негіздері анықталды, анықтауыш эксперимент жүргізілді.

Қалыптастыру: зерттеу мәселесі бойынша жинақталған теориялық және этнопедагогикалық материалдарға талдау жалғастырылды. Тәжірибелік жұмыстар ұйымдыстырылып, жүргізіледі.

Қорытындылау: тәжірбиелік жұмыстың қол жеткізген нәтижелері өңделініп, ғылыми жүйеге келтірілді. Негізі теориялық қорытындылар мен ұсыныстар құрастырылып, ғылыми – әдістемелік қорытындылар жасалынды.

Зерттеу құрылымы:Кіріспедан, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Борсы ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы.



І БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуының теориялық негіздері

1.1. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде


Ойын - мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да - болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым-қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ғалымдар балалар ойыны стихиялы, бірақ ересек адамдардың қоғамдық және еңбек әрекетінен туындағаны заңдылық деп есептейді.

Кеңестік педагог А.С.Макаренко: "Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі - ойыннан тұрады", -деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Балаларды ойынға қатыстыру қажет. Өскелең ұрпаққа қоғамдағы мәдениеттің сәтті берілуі, балаларға ересектер тарапынан ұсынылатын ойынның мазмұнына да байланыста болады. Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру үшін, әрекет ету үрдісінде тек қана баланың өзінің белсенділігі болуы қажет екендігін де ескере кеткен жөн. Егер де тәрбиеші алынған тәжірибенің белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынды үйретудің әдістемелік тәсілдері мен ойынды басқаруы өз деңгейінде практикалық мақсатына жете қоймайды.

Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын оның интеллектуалдық ортасына байланысты. Ойында психикалық үрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу т.б. қалыптасады.

Баланың кез-келген әрекеті белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталғанын педагог-тәрбиеші ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттер қайта өзгертуге мүмкіндік беретін шешімді және сонымен бірге алға қойған мақсатқа жетуді жеңілдету аралықтарын алады. Балалар шешетін тәжірибелік міндеттер оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың тәжірибесімен, білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетінен тәжірибе алады, көптеген нәрселерді тәрбиешілері мен ата-аналарынан үйренеді.Әр түрлі білімдер, әсерлер баланың рухани әлемін байытады, осының барлығы ойында көрініс береді. Ойын міндеттерін шешу заттық әрекеттің көмегімен ойын тәсілдерін шынайы танып, қорытудан көрінеді. Бала қуыршаққа кесемен су береді, сосын оны кубикпен алмастырады және содан кейін жай ғана қолын қуыршақтың аузына алып барады. Бұл баланың жоғары интеллектуалдық деңгейде ойын міндетін шешкенін көрсетеді. Іс жүзінде бұдан басқаша болуы да мүмкін, тәрбиеші жинақталған ойын әрекетіндегі баланың ойлауының мәнін түсінбей, барынша тәжірибелікке ұқсас ұжымдық әрекет етуді талап етуі мүмкін. Бірақ, бұл біріншіден, баланың күнделікті өмірде не болып жатқандығының барлығын ойынға енгізсек, онда оның ең негізгі ерекшелігі - қиялдауы жойылып кететінін ескергеніміз жөн.

Екіншіден, ойын жақсы таныс бейнеленгенімен, бірақ өмірлік жағдайда аз жинақталған болса, еріксіз дағдарысқа енеді. Сонымен бірге бала күнделікті өмірде нақты, анық білімдерді ғана емес, сондай-ақ түсініксіз, жорамалданған пікірлерді де алатындығы белгілі. Мысалы, бала теңізшінің кім екенін біледі, бірақ оның қандай іспен айналысатындығын білмеуі мүмкін. Өзінің түсінігін толықтыру үшін ойын үстінде сұрақтар қойып, соған жауаптар алу арқылы, айқын білімін толықтырып отырады.

Ойынның ұзақ болуын, эмоционалды қанықтығына жету үшін және ойын міндетін интеллектуалдық тұрғыдан шешуде, педагог баланың мақсатқа бағытталған тактикалық тәжірибесін байытуы, оны бірте-бірте шартты ойын жоспарына ауыстыруы, өз бетімен ойнайтын ойында мектеп жасына дейінгі балаларды шынайылылықты шығармашылықпен бейнелеуін оятуды қамтамасыз ету қажет. Эмоция ойынды қызықтырады, өзара қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай жасайды, әр баланың жан дүниесіне қажетті тонусын көтереді, бұл өз кезегінде балалардың біріккен құрбы-құрдастарымен әрекетінде және тәрбиелеу қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады.

Ойын бір жағынан, баланың жақын даму зонасын дамытатындықтан, мектеп жасына дейінгілердің негізгі әрекеті болып табылады.Мұнда жаңа прогрессивті әрекеттің түрлері туады және өзінің мінез-құлқын еркінше басқаруын, ұжымдық, шығармашылық әрекет ету ептілігін қалыптастыруымен байланысты.Ал екінші жағынан, өнімді әрекеттің түрлері оның мазмұнымен қоректенеді және баланың үнемі өмірлік тәжірибесі молайып отырады.

Ойында баланың дамуы ең алдымен, оның мазмұнының әр түрлі бағыттылығына байланысты өтеді. Дене (қозғалмалы), эстетикалық (ән-күй), ақыл-ой (дидактикалық, сюжетті-рөлдік) тәрбиесіне тура бағытталған ойын түрлері бар. Барлық ойын түрлерін тікелей ересектердің қатысуымен және баланың белсендігінің түрлі формасымен үлкен екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топ- бұл ойынды өткізуде және дайындықта ересектердің жанама түрде қатысуы. Балалардың белсенділігі (ойын әрекеті мен шеберлігін белгілі бір деңгейде қалыптастыру жағдайында) инициативті, шығармашылық сипатқа ие, балалар өз беттерінше ойын мақсатын қоюға қабілетті, ойынды дамытуға және міндеттерін шешуде қажетті тәсілдерді табады. Өз бетінше ойнайтын ойындарда балалардың инициативасын көрсететіндей жағдайлар жасалады. Бұл топқа әсіресе, өзінің даму қызметімен құнды, әр баланың жалпы психикалық дамуына үлкен мәнге ие танымдық және сюжеттік ойындарды енгізуге болады.


Екінші топ- бұл әртүрлі үйрететін ойындар, ересектер ойынның ережесін айтып немесе ойыншықтардың құрылымын түсіндіріп, белгілі бір нәтижеге жету үшін әрекет етудің белгіленген бағдарламасын жасайды. Бұл ойындарда тәрбиелеу мен оқытудың нақты міндеттері шешіледі: бұлар белгіленген бағдарламадағы тақырыптар мен ережелерді меңгеруге бағытталған. Оқыту ойындары мектеп жасына дейінгілерде адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде маңызды. Ойынды үйретуде балалардың белсенділігі негізінен репродуктивті сипатқа ие: олар берілген бағдарлама әрекетінде ойынның міндеттерін шешуде, тек қана оларды жаңадан өндіреді. Балалардың құрастыруы мен ептілігінің негізінде шығармашылық элементтері көп кездесетін өздік ойындарды ойлап шығарады.

Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік-эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.

Әртүрлі ойындарды баланың жас ерекшеліктеріне сай өз уақытында және дұрыс қолданғанда "мектепке дейінгі мекемелердегі берілген оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын" өз деңгейінде шешуді қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, әртүрлі ғылыми мектептердегі педагог және психолог ғалымдардың еңбектеріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін қарастыра келе," мынадай жалпы ережені беріп отырмыз:

1. Ойын - әртүрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.

2. Ойын - бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін-өзі тануы және өзін-өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.

3. Ойын - мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.

4. Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.

5. Ойын - балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы-құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым-қатынасы қалыптасады.















1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні

Балалардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың ой-танымын, қиялын, тілін, ой-өрісін дамыту мақсат етілген. Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген нақыл сөзінің мағынасын ашу көзделеді.

Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен есін білген елдің қашанда көші түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан-ғайыр далаға иелік етіп, жер бетінің жұмағындай жерді мекендеуіміздің бастауы сан ғасырдан жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр.

«Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» деген қағиданы берік ұстанған ата-аналарымыз сәбиін қырқынан шығарып, жан-жаққа қарап, езу тарта бастағаннан бүлдіршінін ойын «әлемімен» таныстыра бастайды. Сипалап, уқалау, аяқ-қолын созу барысында «Өс-өс», «Қуырмаш», «Бесік жыры» өлеңдерін айта отырып әрі ойнатып, әрі тәрбие бере білген.Баланы табу – қиын, жақсылыққа бастау – одан да қиын деп білген қазақ халқы балаларды есейгенде Отанының, халқының азаматы етіп тәрбиелеуде алуан түрлі айла-тәсіл қолданған. Тіпті, алғаш аяғын еркін басып, тілі толық шығып, ойнай бастағанда, оларға «Санамақ», «Ханқыз» сияқты айтуға жеңіл, тапқырлық пен ақындыққа жетелейтін ойын түрлерін үйреткен.

Қазіргі таңда сол ұлттық ойын, өлең шумақтарымен былдырлап тілі шыққан бала балабақша табалдырығын аттағаннан кейін өмір тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері, тілінің дамуы осы ойын үстінде қалыптасады.Баланың ойлау әрекеті, балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда әрбір нәрсенің мазмұнын, мәнін түсініп, ой-өрісі кеңиді. Ойын сабақтарда қиялы дамып, өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі,сипаттама бере білуі қалыптаса бастайды.

Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан үлкендердің іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын бейнелейді. Көбінесе шындық – рөлді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым сан алуан келеді. Сондықтан кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі жастағылар ойыны бірнеше сағатқа созылады.

Сюжетті ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінуді өзара көмектесуді үйренеді. Ойын үстінде балаларда тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын қызықты да сан алуан болады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге келтіреді.

Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқымен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиешібалаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұнымен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рөлді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Балалар өміріндегі сюжетті – рөлді ойындардың орны. Мектепкедейінгішақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен – екінші әрекетті, бір затпен – екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілі бір функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады.

Бала ойында заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді алады да, соған сәйкес, іс-әрекет жасай бастайды. Өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қояды, көбіне ересек адамдарды, анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер – бала өзіне алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан алған рөлін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, «сатып алушыны» ойнаған бала өзінің алған заттары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігер рөлі шыдамды болуға және ауруға талап қоя білуге міндеттейді. «Дәрігер» өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын талап етуге құқы бар. Сюжетті рөлді ойынның мәні рөлді ойнаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарын іске асыру болып табылады.

Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.

Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, темір жолдар т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактилық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Үстел үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл кімге керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б.) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған үлтел үстінде ойнатылатын ойындар қызықтырақ болады. Оларда табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.

Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді, тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады), қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді.

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына, жеке басының, денсаулығының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы рөл атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар, сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген көзқарасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын бүлдіршіндердің рухани-адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезінде өтеді. Қазіргі таңда Сорос бағдарламасының технологиясымен жұмыс істеп жатқан кезде, оның аты айтып тұрғандай-ақ, сабақтар ойын орталықтары арқылы өтеді. Мұнда балалар тек ойын орталықтарымен шектеліп қалады деген сөз емес, ертеңгілік жиында, не болмаса сабақ соңында ойын түрлері міндетті түрде қолданылады. Тіпті балалардың қызығушылығына қарай олар сабақтан кейін де сол орталықта ойынын жалғастыра береді. Күні бойы балалар жабдықталған ойын орталықтарында ойын алаңы ретінде ойнай алады. Өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлтымыздың ой салатын ойлы ойындарының бірі – саусақ ойыны. Бұл ойын баланың төзімін шыңдап, байсалдыққа, ойын ережесін сақтау мәдениетіне тәрбиелеумен қатар, келешекте мектепке барар бүлдіршіннің саусақтарының бұлшық еттерін желтілдіруге септігі тиеді. Мектепке осындай дайындықпен келген бала сурет салғанда, жазғанда, қолы талмай, қаламы мен қарындашын еш қиындықсыз қиналмай бағындыра алады. Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы көздің көрегендігі мен мергендігін арттырады, жылдамдыққа, ептілікке баулиды.

Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Соның ішінде саусақ ойынына тоқталайық, саусақ ойыны – қол саусақтарының көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналауға, би қимылдары мен қимыл-әрекет ойындары арқылы да әсерлі нәзік қол қимылдарын көрсетуге болады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген қабілеті дамып, өмірге талпынысы, ынтасы артады және шығармашылық әрекетінде де жол ашады. Осы ойынды ойнай отырып, ата-аналар, тәрбиеші-педагогтар, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстар мен ағаштарды бейнелей алады. Техниканың төрт құбыласы тең дамыған қазіргі таңда, Интернет желісі желдей есіп тұрған заманда небір бейнені бейнелеуге болады.Мәселен, саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттана шапалақтайды, шат-шадыман болады.

Қазақтың ұлттық бала тәрбиесінде де саусақ ойынының алар орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С.Торайғыров кезінде: «Балалықтың қанына ойын азық», - деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын кезінде бүдіршіннің бейімділігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата алатыны анық байқалады.Балабақшада не үйде үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есінде саналы түрде сақтайтын болады. Ол, әрине, баланың есте сақтау қабілетін арттырады.

ХІХ ғасырдың басында, жарық көзі елімізге жаңадан ене бастаған тұста жылаған балаларын жұбату үшін ата-аналары шамның жарығына саусақ арқылы әр түрлі жан-жануарлар бейнесін көрсетіп ойын ойнаған және ертегі құрастырып әңгімелеп берген.Мысалы, «Саусақтар сәлемдесуі» ойынын алайық. Бұл ойында бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезек-кезек түйіседі. «Қонақтар келді» оң қолдың саусақтары және сұқ саусағымен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. «Билеген кісі» екі саусағымен билеген бейнені жасауға болады. Тілі шығып, шүлдірлеп сөйлей бастаған сәбилерден байқалатын бір қасиет – ойын өлеңдерге назары ауып, тыңдауға әуестігі артады. Мысалы, «Бесік жыры», «Тілек-арнау», «Уату өлеңдері» нағыз осы кезеңге арналған ұлттың құндылығы. Бұл өлеңдерде, тақпақтарда ата-ананың ұрпағына деген жақсы тілегі, оның жүйкесін жайбарақаттандырып, көңілін көтеру, түйсігін ояту мақсаты көзделеді.

Қазақ халқының арасында кеңінен тараған «Қуырмаш» өлең-ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіреді.Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – әрине, балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойын – баланы әдептілікке баулитын да тәрбиелік құрал.

Ойынды басқару міндеттері – мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезеңде ойын жетекшісі іс-әрекет ретінде қалыптасқан жағдайда ғана олардың дамуына кең мүмкіндік береді. А.Н.Леонтьев бұл жайында мынадай пікір білдіреді: «Ойын баланың жетекшісі іс-әрекеті болу үшін, ойынды басқаруды үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына бағыну қажет, олай болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды бұзуына әкеліп соғады».

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педагогикада ойынды басқаруда әр түрлі теориялық тәсілдер қалыптасуда.Мектепке дейінгі педагогикада бала ойынын басқарудың әр түрлі жолдары бар. Ойынды кешенді басқаруға оның қалыптасу процесіндегі бір-бірімен жалпы мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады.

Оларды мына сызба арқылы көрсетуге болады: ойынды кешенді басқару – қоршаған ортамен белсендііс-әрекетте таныстыру – ойындық тәжірибесін байыту – заттық-ойындық ортаны ұйымдастыру – тәрбиешілердің балалармен белсендіретін қарым-қатынасы. Ойынды кешенді басқарудың мазмұны ойын дамуының тәжірибесін байыту ерекшелігіне арналған. Балалар қандай ойындық тәжірибе алу керек деген сұраққа жауапты балалардың ойындық тәжірибесін дамытудың негізгі бағыттарынан табуға болады.Балалардың ойындық тәжірибесін дамыту – мазмұнын күрделендіру – ойын әрекеттерін күрделендіру – серіктесімен қарым-қатынасы – өз бетінше жұмысы және шығармашылық.

Осыған байланысты А.В.Запорожецтің сөздерін келтірсек: «Баланың бастапқы кезде ойын техникасын меңгерумен іс ақталмайды және ойын әрекетін әрі қарай дамыту тәрбиешінің белгілі тәртіппен күрделі сюжеттерді ойнатудың нәтижесі болып табылады».Тәрбиеші балалармен бірге күмәнданатын, ойланатын, ойынның басқа қатысушыларымен ақылдасатын, олардың пікірін ескеретін тең құқылы серіктес рөлін атқарады.

Үйрету ойыны барысында тәрбиеші балаларға ойындық тәжірибесі жоқтығына байланысты әлі шеше алмайтын ойындық проблемалық жағдайлар қатарын ұсынады. Міндетті түрде балаға қойылатын талап – баланың ойынға белсенді қатысуы. Ересек адам ойнап, балалар тек қарап отыратын ойындар тиімді бола алмайды. Тәрбиеші ойын барысында баланың орнына ештеңе орындамауы керек, ол тек көмек бере алады. Үйрету ойын түрінде, білінбей өтуі қажет. Балалар ойынның әдеттегі серігі ойыншықтар мен басқа ойын материалдары болады, сондықтан ойынды кешенді басқаруды дамытушылық заттық-ойындық ортаны ұйымдастыру ерекшелігін анықтауға көп көңіл бөлінеді.

Заттық-ойындық ортаны безендіруде төмендегі шарттарды сақтау қажет:ойын бұрыштарын әр түрлі тақырыптағы ойыншықтармен және басқа ойындық материалмен қамтамасыз ету;ойын бұрыштары ойынның даму деңгейіне байланысты безендіріледі.Мысалы, үш жастағы балаларға оқу жылының басында ойнауға тек ойыншықтар ғана беріледі. Ойынды әрі қарай күрделендіру ойын әрекеттерін елестеткен заттарды қатыстырып ойнауға ынталандыратын әр түрлі безендіру элементтерін қолдануды мәжбүр етеді.

Балалардың байытылған ойын тәжірибесін өз бетінше шығармашылықпен қолдануына ойындық проблемалық жағдайлар көмектеседі, олар шығармашылық ізденіске бағыттайды, білімдерін, ойын тәжірибесін жинақтайды. Ойындық проблемалық жағдайлар заттық-ойындық ортаны өзгерту жолымен де ересек адамның балалармен ойын мазмұны жөнінде белсенді қарым-қатынас жолымен де жасалады.

Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды белсендіретін қарым-қатынасын ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптар:

1)Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді, олармен диалог құрастырады. Тәрбиеші ойын барысында балаларға өзін көрсетуге еркіндік беру қажет.

2)Қарым-қатынас мақсатты, дәлелденген болу үшін тәрбиеші оны алдын-ала ойластыруы қажет, яғни қарым-қатынасты ұйымдастыру алдын-ала жоспарланады.

3)Белсендіретін қарым-қатынасқа уақытында, балалар білмей қиналып тұрғанда немесе бұрынғы ойын дағдыларын қолданатын кезде кірісу қажет. Бұл тәрбиешінің ойнаушылардың қасында болып, бәрін байқап тұруын қажет етеді.

4)Ойын кезінде балалардың ойларын бұзбау үшін және ойынның сюжеттік және психологиялық мазмұнын байыту мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісу қажет.

Шығармашылық ойын – ерте жаста қалыптасады. Бүлдіршіндер тамақтанады, серуендейді, ұйықтайды, ересек адамдардың тамақ дайындауын, ыдыс-аяқ жуғанын, басқа шаруалар орындағанын бақылайды. Соныменбірге балалар әр түрлі заттардыөздері пайдаланып немесе ересек адамдардың пайдаланғанын бақылап отырады. Осы жаста қалыптасқан дамудың әлеуметтік жағдайына байланысты, балалар ересек адамдардың іс-әрекеттеріне емес, олардың пайдаланатын заттарына қызығады. Балалар заттардың атауларын естеріне сақтап, оларды пайдалану туралы біліп, қасиеттерімен танысады. Мысалы, мынау – тәрелке, онымен сорпа ішеді, ботқа жейді, т.б. Балалар күнделікті өмірде істей алатын әрекеттерін өздерінің ойындарында көрсете алады. Балаларды ойынға қатыстыру үшін тәрбиеші оларға ойын міндеттерін қоюды үйретеді.

Ойын міндеттері – ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға.Осы жаста ойын міндеттері мазмұны бойынша қарапайым болып келеді. Ойын міндеттерінің мазмұны қоршаған ортадан алынады. Ойында балалар әр түрлі ойын міндеттерін қояды, бұл қоршаған орта туралы алған әсерлеріне байланысты. Олар неғұрлым бай болса, ойын міндеттері соғұрлым көп болады. Ойын міндеттерін көбейтуге басқару мақсаты болмау керек, бала бір-екі ойын міндеттерін қойса, соның өзі сюжеттік-көрсету ойынына жеткілікті.

Сюжеттік-көрсету ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. Шынайы өмірде біз балалардан: «Өзім істеймін!» - дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар.

Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:

-әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту;

-балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға ынталандыру.

Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда, оған ересек адаммен ынтымақтастық қажет. Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі, оны қандай тәсілмен шешуге болатынын көрсетеді. Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс істеуге барынша мүмкіндік беру керек.

Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным-түйсігі қалыптасады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп, нақты қортынды алуға көмектеседі. Сан алуан ұлттық ойындар баланың тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде күш-жігерін жұмсай білетін төзімділікке тәрбиелеуде ерекше мәні бар.

Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері баланың ойынында көрініс табатынына ешкім де шек келтірмес. Ең бастысы – ойын барысында баланы жан-жақты ойлануға, өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысып, тез арада шешім қабылдауға, ойынды шыншыл ойнауға, адал болуға, жалған сөйлемеуге, жанашарлыққа, кешірімді болуға баулу қажет. Тәрбиеші балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра білгені жөн. Ойын жас ерешеліктеріне сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін.

Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін арттырып, тәртібіне де оң әсерін тигізеді, өзіне де баға бере алады. Әрбір ойын – балалардың адамгершілік жолындағы бір көтерілер баспалдағы секілді. Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап, оған оң баға беру, дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу, ол – әр бір тәрбиешінің міндеті. Осы тұста «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?»деген сөз ойға оралады. Баланың бірінші әрекеті – ойын. Бала бойындағы жағымды қасиеттердідамыту барысында балабақшада ойынның атқарар рөлі өте жоғары. Зерттеп қарасаңыз, бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат болады.

Достарымен бірге ойнау баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына әсер етеді. Ойын барысында бала өзінің шебер ұйымдастырушы екенін, жігерлі, тапқыр екендігін байқатса, кейбір бала өз бойындағы менмендік, өкпешілдік, қыңырлық қасиеттерін көріп, ұялып, ол қасиеттерден арылуға бел буады. Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның жеңісіне ортақтасуға тәрбиелейді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың, ауызбіршілікпен ұйымшылдықтың не екенін түсіне бастайды. Сонымен қатар қазіргі таңда балабақшада кеңінен насихатталып жүрген өзіміздің ұлттық ойындарымыздың алар орны ерекше.

Қазақтың ұлттық ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі дей келе, мен өз сөзімді белгілі педагогтың: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды тапқырлыққа, өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдылыққа үйрететін де – осы ойын», - деген даналық сөзімен түйіндегім келеді.

«Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады»,- деген данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби. Данышпанымыз айтқандай, тәрбиелік мәні зор ойындар ойната отырып, бала тәрбиесіне өз үлесімізді қосайық, ағайын!


II-БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуын эксперименталды зерттеу

2.1. Мектепке дейінгі балалардың ойын әрекетін қалыптастыру әдістері.


Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің қалыптасуын және мектепке оқуға дайындық мотивациясын қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық қолдау жасау.

- Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.

Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі балалар.

Зерттеу базасы: Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Борсы ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы.

Мынадай жаттығулар арқылы мектепке дейінгі балаларда ойын әрекетінің қалыптасуын анықтадым.

Жұбын тап

Мақсаты:геометриялық пішіндерді ажыратуға ,салыстыруға жаттықтыру;білімдерін бекіту,ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар:әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.

Ойын барысы:Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату.Үлгі ретінде бір сурет көрсетіп,дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну.Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.

Пішіндерді боя

Мақсаты:1.Түстерді тани білуге үйрету.2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құралдар:Геометриялық пішіндер.

Ойын барысы:Балаларды ұйымдастырып,оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі.Бұл суреттегі пішіндер боялмаған.Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді іліп қояды.Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды.Мұндай ойын балалардың түсінулеріне және шапшаңдылықтарын шыңдайды.

Дидактикалық ойындар.

1. «Төлдердің енесін тап!»

Мақсаты: үй жануарларының атауын бекіту, төлдердің енелерінің атауын пысықтау, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Шарты: шеңберді айналдырып, тоқтаған кезде төлді атап береді және енесін айтады.

2. «Әжеге не қажет?»

Мақсаты: балалардың отбасы мүшелерінің міндеттерін білуге жетелеу, ыдыс-аяқ туралы түсініктерін кеңейту, оларды атай білулерін қалыптастыру.

Шарты: топтама суреттен әжеге қажетті заттарды тауып, атап берулері тиіс.

3.«Не қайда мекендейді?»

Мақсаты: балалардың жан-жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорын толықтыру Өздерін қоршаған ортаны білуге құштарлығын ояту.

Шарты: жануарларды дұрыс атап, мекендейтін жерлерін анықтайды.

4. «Әсет пен Әселге киімін табуға көмектес!»

Мақсаты: киім түрлерінің атауларын қайталау, олардың неден жасалғанын және қай жыл мезгіліне сай екендігінанықтау.

Шарты: қуыршақтарды жыл мезгіліне сай киіндіреді де, киім түрлерін атайды.

5. «Қуыршақты киіндір!»

Мақсаты: балаларды қуыршақтардың жынысын айыра білуге, оларды дұрыс киіндіруге үйрету, киім атауларын бекіту, түр-түсті ажырата білулерін дамыту.

Шарты: қуыпшақты алып, белгілері бойынша «ұл, қыз» деп айыру, киімдерін кигізе отырып атап беру қажет.

6. «Қиындыны құрастыр!»

Мақсаты: балалардың сөздік қорын толықтыру, зейінділігін ұсақ саусақ моторикасын

дамыту, қазақ тілге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Шарты: қиындыларды дұрыс орналастырады, шыққан шаблонды атайды; пайдасы, қажеттілігі жөнінде әңгіме айтып береді.

7. «Сөз ойла, тез ойла!»

Мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлап, ойлаған сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата білуге үйрету, сөздік қорын молайту, тапқырлықтарын дамыту.

Шарты: балалар қалташадан алынған кез келген суретті атап, қазақ тіліне тән ерекше дыбысқа көңіл аударады мыс: үйрек-1 дыбыс «ү»

8. «Бұл қай ағаш?»

Балалардың табиғаттағы өзгерістерді байқауға, ағаш атауларын еске сақтауға, ағаштың өнімін атап беруге баулу, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Шарты: әрбір ағаш тұсындағы қалташаға, сол ағаштың кішкентай көшірме суретін қойып, өнімін атайды.

9. «Қай жыл мезгілі?»

Мақсаты: балалардың жыл мезгілі жөнінде білімдерін пысықтау, жыл мезгілдерін дұрыс атауға үйрету.

Шарты: жыл мезгілдерін анықтап, олардың белгілерін айтып береді, соған байланысты сурет табады.

10. «Әділге тағам дайындауға көмектес!»

Мақсаты: балаларды тәулік мезгілдерін айыра білуге үйрету, қай мезгілде қандай тағам түрлерін қабылдау қажеттілігін түсіндіру, тамақ атауларын атай білулерін қалыптастыру.

Шарты: тағам түрлерін қажетті қалташаға дұрыс салу және атап беру.

11. «Балабақша жолы»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға бағыттау, өздерінің бақшаға келетін жолын сипаттауға үйрету.

Шарты: жыл мезгіліне орай бақша ауласында өтеді, балалар өдерінің бақша келер жолдарын 1-2 сөзден тұратын сөйлем арқылы әңгімелеуге тырысады


12. «Бір сөзбен айт»

Мақсаты: бір сөзбен айтылатын сөздерді бекіту, атауларды еске сақтауға жетелеу, лексико-грамматикалық сөз құрамын қалыптастыру.

Шарты: кубты лақтырып, түскен суретті бір сөзбен атау: малақай-киім, үстел-жиһаз, әке-отбасы.

13. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!»

Мақсаты: балалардың жол тәртібі жөнінде білімдерін бекіту, сөздік қорын дамыту, жол ережелерін қайталау, зейінділік, сақтық қасиеттерін тәрбиелеу.

Шарты: сурет арқылы жол белгілерін қою, оларды айыра білу, фишкаларды қозғап, машиналардың қай бағытта жүретінін айту

14. «Бір үйде біз нешеуміз?

Мақсаты: балалардың еске сақтау қабілеттерін дамыту, санамақ жаттату, отбасы тақырыбын бекіту, отбасына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Шарты: отбасы мүшелерін саусақ арқылы санап, әрбіреуін атап шығу, санамақты жатқа айта білу.

15. «Менің күн тәртібім»

Мақсаты: баланың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлем құрап үйрету.

Шарты: тірек сөздерге сүйене отырып бала өзінің күн тәртібі туралы әңгімелейді, тәулік мезгілін атап береді.

16. «Ненің құлағы, құйрығы неде?»

Мақсаты:жануарды дене бөліктерін атап үйрету, дене бөлшектеріне қарап, жануарлардың атын атау сөздік қорын молайту, зейінділіктерін дамыту.

Шарты: суретшінің шатастырған жанурлардың дене мүшесін қажетті жеріне орналастыру керек.

17.«Шкафына қарай жинақта!»

Мақсаты: ыдыстың, киімнің, оқу құралдарының түрлерімен таныстыру, сөздік қорын молайту, тапқырлықтарын дамыту, заттың атауларын дұрыс атату.

Шарты: ыдыс шкафы, киім шкафына қажетті заттарды қатесіз орналастырып, оны атайды.

18. «Сорпа мен компотқа салатын көкөністер мен жемістерді айыр!»

Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту, сорпаға салатын көкөніс, жеміс түрлерінің пайдасын білуге, үлкеннің еңбегін бағалай білуге үйрету.

Шарты: сорпаға салатын көкөніс, жеміс түрлерін атайды, оларды ажырата біледі.

19. «Тәулік мезгілдері мен ас мәзірі»

Мақсаты: таңғы ас, түскі ас, бесінгі ас, кешкі ас ұғымдарын бекіту, тағамды үнемдеу, нанды қастерлеу сияқты қасиеттерін тәрбиелеу.

Шарты: қуыршақтың тәуліктегі ішетін тағамын таңдап, қалташаға дұрыс салу қажет.

20. «Киімдерді сипаттау»

Мақсаты: балалардың киімнің бөлшектері, түр-түсі, материалы жөніндегі сөздік қорын толықтыру. Оларды киімдерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Шарты: сызба бойынша бала киім түрін атауы тиіс, оның түр-түсін, қандай бөлшектен тұратынын айтуы қажет.

21. «Жыл мезгілдерін сипаттау»

Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту, олардың байланыстыра сөйлеу тілін қалыптастыру, табиғатты сүюге, қамқорлауға тәрбиелеу.

Шарты: суреттегі жыл мезгілін атайды, қандай белгілері бар екендігін айтады.

22. «Жануарларды сипатта!»

Мақсаты: жануарлар туралы білімдерін бекіту, сөздік қорын бекіту, қайда мекендейтінін, ерекшеліктерін айтуға үйрету.

Шарты: жануардың үй немесе жабайы екендігін айтады, төлдерін атайды, түр-түсін сипаттайды, жыл мезгіліне орай қай аңның тонын өзгерететінін,

өзгертпейтінін ескереді.

Ұлттық ойындар.

Мақсаты: балалардың асықтарды санауы арқылы математикалық ұғымдарын және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, шапшаңдық пен байқағыштық дағыдыларын дамытады, мергендік пен ептілік қасиеттерін қалыптастырады.

І. «Аттамақ».

Үш жіп керіліп тұрады, ойыншыны көзін байламай тұрып, 1- шісінен төмен аттатып, 2- шісінен еңкейіңкіретіп, жіптерден өткізіп шығарды, содан соң көзін байлап, бір айналдырып қоя береді. Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті жинап алады, ал ойыншы белсенділік танытып, жаңағы көрген жіптерінен аттап, түрлі күлкілі әрекет жасап жүреді.

ІІ. «Күш сынасу»

Кішкене үстел басына екі жігіт қолдасып, білектерін ұстасып бірін бірі жеңіп шығуға тырысады.

ІІІ. «Кетті, кетті орамал».

Қыздар мен ұлдар аяқтарын бүгіп, қолдарын тізелеріне айқастыра отырады, біреуінің қолында тер орамал, санамақ арқылы таңдалған ойыншыға білдіртпей, балалар тізе астынан орамалды бір біріне беріп және бір бірінен алуға әрекет жасайды. Ал бастаушы болса, орамалды қалайда балалардан тартып алуға әрекет жасайды.

Асық ойындары:

Асық алшы, тәйкі, бүк, шік болып төрт түрге бөлінеді. Ойын ережесіне сай асықтың қалай түскендігіне үлкен мән беріледі. Мысалы: «Хан талапай» ойыны сайланған ханның алшы түсуіне қаншалықты мүмкіндік болса, ойыншының әрқайсысы таласып, тармасып, соншалықты көп асық жинап алуға тырысады. «Ханның» түсі бөгде болуы тиіс, сондықтан ойыншылар оны асықтармен бірге жинап алулары керек.

1. «Ақсүйек»

Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады.ол үшін шөптесін кең жер таңдалады. Ойын үшін ірі қараның, жылқының, түйенің таза, кепкен жілік сүйегі керек.

Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз іне басқарушы сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді.екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Ойын бастаушы топ сүйекті алысқа лақтырады.екі топтың ойыншылары жүгіріп, сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол өз көмбесіне қарай жүгіреді. Топтастары көмбеге жетуіне көмек береді. Ал қарсы жақтың ойыншылары жетіп, сүйекті алатын болса, бар күшін салып оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Сүйекті қай топ көмбеге жеткізеді, сол топ жеңімпаз атанып, ойын жалғаса береді.

2.«Бестабан»

Асықтарды бір сызықтың бойына тізіп қою керек. Екі жағынан бес табан жер өлшеп, кеней тұрған орыннан қосар сызық сызылады. Екі жаққа бөлінген балалар бес метр жерден тұрған асықтарды кезекпен атқылайды.

Шарты: тигізіп құлату ғана емес, бес табан жердегі сызықтан кенейді шығара білу.сол үшін ауыр сақалар қолданылады.оларды судың бетіне тас жалатқандай лақтырады.

3. «Арқаласпақ»

Бұл екі бала сыртта ойнайтын ойын. Екеуі әуелі асықтарын үйіріп не соғыстырып, қайсысыныкі бірінші алшы не тәйкі тұрса, әуелгі кезекті сонысы алады, асығы тұрмаған бала екі-үш адым жерге сақасын тастайды. Кезек алған бала көздеп, оның асығына тигізсе, қарсыласы жеңімпазды атқан асығының жатқан жеріне дейін арқалап апарады. Қашан тигізе алмай мүлт кеткенше, жеңімпаз қарсыласына ату кезегін бермей, ойынды жалғастыра береді. Ойын үстінде арқадағы баланың «Шу, жануар», «Көкшолағым», «Қаражорғам» т.с.с. әжуалап отыруына жол беріледі. үй жануары ұнататынын айтады және сол тағамға жолды дәл тауып бару қажет.























2.2. Ойын әрекетінің қалыптасуында ауытқуы бар балаларға арналған тренингтер.

1.«Есіңде сақта»

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.

2. «Бір сөзбен ата»

Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту.

Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.

3. «Мен жеңімпазбын»

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны қатысушылардың санынан, 1 санға кем болу керек. Ойын тоқталып кеткенде балалар орын табуға тырысады, орынсыз қалған бала ойыннан шығады. Ең сонында қалған бала орындықтың үстіне шығып – «Мен жеңімпазбын» деп айту керек.

4.«Құлақ - мұрын»

Балалар шеңбер тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын дегенде құлағын ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.

Қорытынды: осы ойынды ойнау мақсатында балалардың бойында зейінін тұрақтылығын, ұжымшылдық қасиетін дамыттым.

5.«Шапалақты тыңда»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар ләйлік (аист) сияқты бір аяғын көтеріп, қолдарын екі жаққа созып тұрады, екі рет соққанда бақа сияқты отырып секіреді, үш рет соққанда жүруін жалғастырады.

6. «Қанша дыбыс естідіңдер»

Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, ал балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетіп немесе ауызша айтады.

7. «Айна»

Балалар екі-екіден бөлінеді: біреуі – жүргізуші, екіншісі бала. Жүргізуші белгілі бір қимыл қозғалыстарды көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын тура көргендей қайталап беруге тиісті. Содан соң екеуі орындарымен ауысады.

8. «Зейінді бол!»

Мақсаты: Ырықты зейінің дамыту.

Ойынның түрі: топтық

Ойынның жүргізілуі:Балалар шеңбер бойымен жүреді.Содан кейін жүргізуші қандай да бір сөзді айтады,ал балалар әрекетпен жауап береді.Мыс: қоян- секіреді, «жылқы», аяқтарымен еденді ұрады. «аист» бір аяғымен тұрады.

9. «Төрт құбылыс»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» - дегенде екі қолын айналдырады, «жер» - дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.

10. «Көңілді шеңбер»

Балалар шеңбер жасап отырады, бір біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған бір баладан сұрайды: «Айнұрдың сол жағында кім отыр, ал оң жағында». Немесе шеңбердегі тек бір бала ғана көзін жұмады, сол кезде жүргізуші бір екі немесе үш баланың жаймен орындарын ауыстыруға ұсынады. Көзін жұмған балаға көзін ашуға рұхсат берілген кезде өзгерістерді табуға тырысады.

11. «Орныңды тап»

Балалар шеңберге тұрады. Әр баланың өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан жағына тарап кетеді. Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайда шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.


12.«Менің көңіл-күйім қандай»

Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тайып айтады (көңілді-көңілсіз, қорқынышты, ренжулі,...т.б.). сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

13.«Теңіз жағасындағы түс»

Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады. (аудиожазба). Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар су асты тіршілігі болуы мүмкін.

14. «Қиял жалғасы»

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек, т.б.)

Менің қиялым бойынша осы сызықтардың алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береде екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысты бірге талдайды.

15. «Әріптер»

Мақсаты: қиялын дамыту

Ойынның түрі:топтық

Құрал-жабдықтар: қағаздар,түрлі түсті қарандаштар.

Ойын барысы:балалардан алфавиттегі әріптерді неге ұқсайтының сұрайды. Барлық әріптер қандай да бір нәрсеге ұқсайды.Мыс: «Г» әріпі кранға «О»-құтқару шенберіне ұқсайтынын айтады.содан кейін балалар әріпке ұқсас суретті салады.








  2.3.Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

      Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

      Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

      Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

- балалардың сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

     Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

      Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

      Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

        Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.

       Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

       Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.

       Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

        Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

        Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.

       Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды.Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

        Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

        Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

         Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.

         Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.    

  Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту

Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

    Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

    Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

    Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

    Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

    Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».

           Қызыл-сары көк моншақ.

           Мен жасаймын көп моншақ.

    Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

    Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.















ҚОРЫТЫНДЫ


Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан саладрында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге «Әрекетіміз дұрыс болу үшін, -дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз». Адамды іс-әрекетк е итермелейтін оның түрлі қажеттері. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдармен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені бұның бірінішісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет - іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекетінің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.

Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.

Дидактиклық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.

Көрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне кең тараған еңбегінде: «ойын адамзат әрекетінің Жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы» Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.

Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі» Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу-қуаныш. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.









































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Э.Аглакова «Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы»//

Отбасы және балабақша №1,2008 ж.

  1. В.С.Мухина «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы», Москва, 1988 ж.

  2. Р.Керімбаева «Ойын түрлері және оның ерекшеліктері»//Бастауыш мектеп №3, 2008 ж.

  3. Н.Крупская «Мектепке дейінгі тәрбие», Алматы, Мектеп, 1988 ж.

  4. Г.Қайбұлдаева, М.Жаздықбаева, С.Әлімбекова «Ойын технологиясы», Түркістан, 2007 ж.

  5. А.Абежанова «Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды қолдану тиімділігі»//Отбасы және балабақша №4, 2009 ж.

  6. Б.Баймұратова «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы», Алматы, 1991 ж.

  7. А.П.Усова «Балабақшадағы оқыту», Москва, 1987 ж.

  8. Т.Қараева «Т.Тәжібаев зерттеулеріндегі ойын әрекетінің мәселелері»//Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары, І – том, Алматы, 2000 ж.

  9. Е.Сағындықов «Ұлттық ойындардың бала ақыл ойын дамытудағы рөлі»//Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары, І – том, Алматы, 2000 ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
2851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі