жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Курстық жұмыс Мектепте вектор тақырыбын оқыту әдістемесі
Мазмұны
|
|
Кіріспе........................................................................................................ |
5 |
1 Мектеп геометрия курсындағы вектор ұғымы......................................... |
7 |
1.1 Векторлық есептеудің шығу тарихы....................................................... |
7 |
1.2 Орта мектепте векторды оқытудың мақсаттары................................... |
6 |
1.3 Есептерді шығарудың векторлық әдісінің негізгі компоненттері....... |
7 |
1.4 Ұғымдық аппарат...................................................................................... |
7 |
1.5 Вектор ұғымы мен векторларға амалдар қолдануды үйренудің орны |
8 |
1.6 Жазықтықтағы векторларды оұытудың негізгі нәтижелері.................. |
9 |
2 Жазықтықтағы вектор ұғымы және векторларға амалдар қолдану.................................................................................................................. |
10 |
2.1 Вектор ұғымын енгізу ерекшеліктері.......................................................... |
10 |
2.2 Вектордың скалярлық көбейтіндісі және оның қасиеттері....................... |
16 |
2.3 Мектеп геометрия курсындағы вектор тақырыбына берілген есептер топтамасы........................................................................................................... |
17 |
Қорытынды...................................................................................................... |
23 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................. |
24 |
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Математикада және оның қолданылуында кеңістіктегі вектор және координаттар әдіс ұғымы маңызды роль атқарады. Көп жағдайда координаттар жүйесін және векторларды қолдануға енгізілуі геометриялық есептерді шешуді жеңілдетті. Сонымен қатар мектеп курсындағы векторлық алгебра және аналитикалық геометрия элементтерін оқыту өте маңызды, өйткені, олардың жоғары математиканы оқуда білімдері өте қажет. Геометриялық теоремаларын дәлелдеу мен есептерін шешудегі барынша тиімді әдістердің бірі векторлық әдіс болып табылады. Есептерді жалпы түрде шешуде де векторлардың мәні зор.
Векторлық әдісті пайдаланып есептерді шешу кезінде берілген өрнектегі барлық белгілі, белгісіз шамаларды вектор тіліне ауыстыру қажет. Осылай жазу қиын болмаған жағдайда геометриялық есептерді вектор әдісті пайдаланып шешуге болады
Курстық жұмыстың жаңалығы: Мектептің геометрия курсында векторды оқу арқылы, векторлардың көмегімен көптеген геометриялық есептер шешіледі. Есептерді шешудің белгілі тиімді әдістері қатарына енді векторлық әдістер де енеді.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: мектеп геометрия курсындағы векторлар тықырыбына берілген есептерді шешуге оқытуды жетілдіру үшін сабақтарда пайдалануға болатындығында.
Курстық жұмыстың мақсаты:
зертелетін тақырып бойынша математикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жұмыстарға талдау жүргізу;
орта мектептегі геометрияны оқу бағдарламасына талдау жасау;
математика мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін оқу және жалпылау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- векторлардың теориялық негізін оқып-үйрену;
- векторларға берілген есептерді шығаруда қолданылатын әдістер мен оларды есептер шығаруда пайдалану мүмкіндіктерін көрсету;
Зерттеудің ғылыми нысаны: мектеп геометрия курсындағы векторды оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмыстың әдіснамалық негіздері: математика пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Мектеп геометрия курсындағы вектор ұғымы
1.1 Векторлық есептеудің шығу тарихы
Қазіргі кезеңде көптеген елдерде келесі сұрақтар бойынша айтарлықтай ортақ пікір қалыптасып отырғанын атап өтуге болады:
Геометрияны оқыту дедукцияға негізделе алмайды. Ол бақылауға негізделуі тиіс, оның мақсаты тәжірибеге негізделетін іргелі түсініктерді қалыптасыру болып табылады.
Жазықтықты (немесе кеңістікті) анықтаудың ең терең әрі ең жылдам тәсілі – оны R жиынындағы скаляр көбейтіндімен қамтамасыз етілген екі өлшемді (үш өлшемді) векторлық кеңістік ретінде анықтау болып табылады..
Математиканың дамуының жиырма ғасыры бойына екшелген іргелі ұғымдарға, мәселен жиын ұғымы, эквиваленттілік мен реттілік қатынастары, алгебралық заңдар, векторлық кеңістік, симметрия мен геометриялық түрлендірулер сияқты ұғымарға негізделген әдістерді таңдауды жөн деп санаймыз.
Осы талаптарымызға сай келетін сұлбаны қалай құруға болады? Бұл жүйеде кеңістіктің векторлық құрылымын скаляр көбейтіндінің бар болуы мен қасиеттері сияқты анықтау қолайлы болғаны дұрыс. Қазір геометрияға векторлық кеңістік және скаляр көбейтінді сияқты ұғымдар арқылы жолмен жүреміз, алайда бұл ұғымдарды бірден, ешқандай дайындықсыз игеру мүмкін емес, бірақ сонымен қатар олар жетекші қызметін атқаратын болады.
Әдістің негізгі мақсаттары:
Векторлық әдісті мектеп курсында оқыту мақсаттарын қарастыру;
Осы әдіспен есеп шығарудың негізгі компоненттерін атап көрсету;
Көп тарихшылар «векторлық кеңістіктің» құрастырушысы ретінде ХІХ ғасырда өмір сүрген ирландиялық ғалым У.Гамильтонды және оның неміс әріптесі мен замандасы Г.Грассманды айтады. «Вектор» ұғымының өзін Гамильтон 1845 жылдардың шамасында енгізген.
Векторлық есептеудің тарихын басқа да ірі математикалық теорияның тарихы мен түбірі сияқты математиканың жеке саласы ретінде бөілініп шығуына дейін қарастыруға болады. Тіпті Архимедтің белгілі заңында сандық мәні емес, сонымен қатар бағытымен де сипатталатын шама орын алады. Сонымен қатар күштердің, жылдамдықтардың және орын ауыстырулардың векторлық сипаты Антикалық дәуірдің көптеген ғалымдарына таныс болған, ал векторларды қосудың «параллелограм ережесі» тіпті IV ғасырда Аристотельдің математика мектебінің математиктеріне де таныс болған. Әдетте вектор бағыты көрсетілген кесінді, яғни бағытталған кесінді арқылы бейнеленген.
XVII-XVIII ғасырдың көптеген математиктерінің жұмыстарында комплекс сандарды зерттеулермен қатар сандық есептеуге ұқсас, бірақ кеңістіктік координат жүйесімен байланысты геометриялық есептеудің қажеттілігінің өсуін байқаймыз. Бұл геометриялық ұғымды Лейбниц те құруға тырысқан болатын, алайда соған қарамастан бұл оның қолынан келмеді. Алайда XVIII ғасырдың соңына қарай геометрлер іздеген есептеуге айналған векторлық есептеу идеяларын француз ғалымы Л.Карно құрастыра алды. Ал ХІХ ғасырдың 30 жылдары Гамильтон мен Грассманның комплекс сандар мен кватерниондар теориясы бойынша жұмыстарында бұл идеялар анық сипаттала бастады, олар сол кездің өзінде қазір координаттық деп атап жүрген ақырлы санды кеңістіктердің кейбір мысалдарымен ғана жұмыс жасаған болатын.
Осылайша векторлық есептеу – бұл математиканың векторларға амалдар қолданудың қасиеттері зерттелетін бөлімі. Векторлық есептеуді векторлық алгебра және векторлық талдау деп бөлуге болады. Векторлық есептеудің пайда болуы механика мен физиканың талаптарымен тығыз байланысты болады.
Орта мектепте векторды оқытудың мақсаттары
Вектор – қазіргі заманғы математиканың іргелі ұғымдарының бірі болып табылады және оның әртүрлі салаларында кеңінен пайдаланылады. Г. Бессель, Ж. Арган және К. Гаусстың комплекс сандар теориясы бойынша еңбектерінде екі өлшемді кеңістіктегі векторларға қолданылатын арифметикалық амалдарының арасында байланыс орнатылған. В. Гамильтон, Г. Грассман, Ф. Мёбиустің еңбектерінде вектор ұғымы үш өлшмді кеңістіктің қасиеттерін зерттеуде кең қолданысқа ие болған. Қазіргі кезде сызықтық алгебра, аналитикалық және дифференциалдық геометрия, функционалдық талдау векторлық тұрғыда түсіндіріледі.
Вектордың бағытталған кесінді ретіндегі анықтамасына механика мен физиканың басқа да салаларының, атап айтсақ серпінділік теориясы, электромагниттік өрістер теориясының көптеген мәселелері келтіреді.
Математиканы оқыту әдістемесінде вектор метрика мен бағыт арасын байланыстыратын буын ролін атқарады.
Орта мектепте векторлық әдісте оқытудың мақсаттары:
Әртүрлі геометриялық есептерді (аффиндік және метрикалық) шығарудың және теоремаларды дәлелдеудің тиімді әдісін беру;
Векторлық аппараттың білім берудің басқа да салаларындағы, техникадағы, физикадағы, химиядағы, лингвистикадағы кең қолданылуын және соның негізінде оқушыларда диалектикалық материалистік дүниетанымды қалыптастыру;
Есептер шығаруда оқушыларда жалпылау мен нақтылауды қалыптастыру мақсатында векторлық әдісті пайдалану;
Оқушыларда ойлаудың иілгіштігі, мақсатқа бағытталу, рациноалдылық сияқты қасиеттерін қалыптастыру.
1.3.Есептерді шығарудың векторлық әдісінің негізгі компоненттері
Есептерді векторлық әдіспен шешудің негізгі компоненттері:
есеп шартын вектор тіліне аудары, соның ішінде:
векторларды енгізу және қарастыру;
координат жүйесін таудау(қажеттілік болған жағдайда);
базистік векторларды таңдау;
барлық енгізілген векторларды жіктеу.
векторлық теңдіктер жүйесін (немесе бір теңдікті). Мектепте векторлық тепе-теңдіктер және олардың түрлендіруінің жиі, ал векторлық теңдеулер сирек кездесетінін атап өтеміз. Сондықтан «теңдік» ұғымы қолданылады.
векторлық теңдіктерді ықшамдау
векторлық теңдіктерді алгебралық теңдеулермен алмастыру және оларды шешу
осы жүйенің (немесе бір теңдеуді) шешімінің геометриялық мағынасын түсіндіру.
1.4.Ұғымдық аппарат
Есептерді векторлық әдіспен шығарып үйрену үшін оқушылар келесі ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет:
негізгі ұғымдар: вектордың басы, вектордың соңы, бірдей бағытталған векторлар, қарама-қарсы бағытталған векторлар, вектордың абсолют шамасы (векордың модулі), тең векторлар, нольдік векторлар, коллинеар емес векторлар, бірлік вектор, координаттық векорлар (орттар), векторлардың скаляр көбейтіндісі, нольдік емес векторлардың арасындағы бұрыш;
негізгі әрекеттердің оқушыларда қалыптастырылатын біліктер: векторларды қосу («үшбұрыш ережесі», «параллелограмм ережесі» және «параллелопипед ережесі»); векторларды азайту; векторларды санға көбейту; векторды қосынды түрінде жазу, айырымы түрінде жазу; векторды санға көбейту түрінде жазу; векторды оған тең вектормен параллель жылжыту көмегімен ауыстыру; векторды коллинеар емес екі вектордың жәктелуі түрінде жазу; векторлар арасындағы қатынастан олардың ұзындықтарының арасындағы қатынас түріне өту; вектордардың арасындағы бұрыштың шамасын векторлардың скаляр көбейтіндісі мен осы векторлардың ұзындықтары арқылы өрнектеу;
әдіс компоненттерін меңгеру амалдары: геометриялық терминдерді векторлар тіліне аудару және кері есепті шығару; есеп шартын векторлар тіліне аудару, яғни есеп шарты бойынша векторлық теңдіктер жүйесін құру; базистік векторларды таңдау, қарастырылып отырған барлық векторларды базистік векторлар бйынша жітеу; векторлық теңдіктер жүйесін ықшамдау; векторлық теңдіктерді алгебралық теңдіктерге ауыстыру.
1.5 Вектор ұғымы мен векторларға амалдар қолдануды үйренудің орны
Жазықтықтағы векторларды оқытуға байланысты материалға мектеп математиа курсында айтарлықтай аз уақыт беріледі. Алайда орта мектептің жоғарғы сыныптарындағы геометрия курсының векторлық ұғымдардың негізінде құрылатынын да айта кеткен жөн. Біздің ұсынып отырған материалымыздың оқушылардың көптеген геометриялық және физикалық есептерді шығаруында маңызды роль атқаратынын, кеңістіктегі векторларды үйренуге де негіз бола алатынын айтуға болады.
Вектор ұғымы 9 сыныптың алғашқы тоқсанынан бастау алады. Берілген материалды оқушылардың жақсы меңгеруі үшін олар жазықтықтағы декарт координат ұғымымен, кесінді ұғымымен таныс болуы қажет және жазықтықта,ы координаттар мен екі нүктенің ара қашықтығын анықтай алуы, сонымен қатар параллель көшіру мен ның қасиеттерін білуі қажет.
Қазіргі кезде негізінен мектептерде қолданылып жүрген Ә.Н.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаевтардың 9 сыныпқа арналған геометрия оқулығында материал келесі ретпен берілген:
1) алдымен вектор ұғымы, векторлардың теңдігі, векторлардың бағыты, векторлардың теңдігінің қасиеттері қарастырылады;
2) векторларға амалдар қолдану, соның ішінде векторларды қосу, векторларды қосудың қасиеттері, векторларды үшбұрыш ережесімен, параллелограмм ережесімен қосу түсіндіріледі;
3) векторлардың айырымы, векторларды қиылысушы түзулер бойындағы құраушыларының қосындысына жіктеу қарастырылады;
4) векторларды санға көбейту, оның қасиеттері, векторлардың коллинеарлық белгісі;
5) векторлардың арасындағы бұрыш, векторлардың скаляр көбейтіндісі;
6) вектордың координаталары анықталған, векторды коллинеар емес екі вектор арқылы жіктеуқарастырылып, векторлардың перпендикулярлығы және коллинеарлығының координаталық түрі;
7) скаляр көбейтіндінің вектордың координаталары арқылы өрнектелуі мен векторлық тәсілдің кейбір қолданулары қарастырылған.
Әрі қарай 10 сыныпта вектор ұғымы кеңістікте қарастырылады. Атап айтатын болсақ кеңістіктегі векторлар, компланар векторлар, векторлардың арасындағы бұрыш, векторлардың скаляр көбейтіндісі оқып-үйретіледі.
1.6 Жазықтықтағы векторларды оұытудың негізгі нәтижелері
9 сыныпта жазықтықтағы векторларға байланысты материалды жақсы меңгеру геометрияны оқуда маңызды болып табылатынын алдын да айтқан болатынбыз. Мұғалімнің алдына оқушыларға келесі білімдер мен дағдыларды бекіту мақсаты қойылады.
1) Оқушылар білуі керек:
- негізгі ұғымдар: вектор, вектордың бағыты, вектор модулі, нольдік вектор, векторлардың теңдігі;
- векторлардың координаттары қалай анықталады;
- векторларға амалдар қалай қолданылады: векторларды қосу (азайту), векторларды санға көбейту және осы амалдардың орындалуы кезінде қандай қасиеттер орын алады;
- коллинеар векторлар ұғымы;
- векторлардың скаляр көбейтіндісі мен оның қасиеттері;
- бірлік вектор мен координаттық вектор ұғымдары.
2) Оқушының білігі болуы қажет:
- декарт координат жүйесінде вектор тұрғыза алуы;
- вектордың модулін таба алуы;
- вектордың координаттарын тауып, оларды жаза алуы;
- векторларды графиктік әдістермен «үшбұрыш ережесі» және «параллелограмм ережесімен» қосуды және азайтуды, сонымен қатар осы амалдарды вектордың координаттарын пайдалана отырып орындай алуы;
- векторды санға көбейте алуы;
- векторлардың скаляр көбейтіндісін таба білуі;
- векторды коллинеар емес екі вектор бойынша жіктеу;
- векторды координаттық өстер бойынша жіктеу;
- жазықтықтағы және кеңістіктегі векторларға байланысты негізгі ұғымдар пайдаланылатын геометриялық есептерді шығара білу және векторларға амалдар қолдану бойынша білімдерін қолдана білуі керек.
2 Жазықтықтағы вектор ұғымы және векторларға амалдар қолдану
Вектор ұғымын енгізу ерекшеліктері
Математиканы оқыту әдістемесі барлық оқушылардың білімге, дағдылар мен қабілеттерге жету жолдарын, оған аз күш пен уақытты жұмсау жолдарын, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және математиканы оқытуда алға қойылған барлық білім беру мақсаттарына жету жолдарын белгілейді. Бұл мәселелерді математика әдіснамасында шешу үшін оқыту әдістері мен әдістері жүйесі жасалуда.
Әр түрлі әдістер мен әдістерді қолдану кезінде оқушылардың дайындық деңгейін, зерттелетін тақырыптың ерекшеліктерін және т.б. ескеру қажет. факторлар. Өз жұмысында әртүрлі әдістерді, әдістерді және олардың комбинациясын қолдана отырып, мұғалім қажетті жетістікке жете алады.
Мәселенің мәнін тереңірек түсіну және біз оқып жатқан тақырып үшін оқытудың қажетті әдістерін таңдау мүмкіндігі үшін осы жұмыста осы мәселеге қатысты мектеп бағдарламасының негізгі бөлігінің мазмұнын қарастырамыз.
Әртүрлі әдебиетте вектор ұғымы әртүрлі енгізіледі. Мәселен Ә.Н.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаевтардың 9 сыныпқа арналған геометрия оқулығында келесі анықтама берілген:
«Кез келген бағытталған кесіндіні вектор деп атаймыз». Вектордың бағыты оның басы мен соңының көрсетілуі бойынша анықталады. Сызбада вектордың бағыты бағдарша арқылы көрсетіледі.
А
В
А
нүктесі вектордың бастапқы нүктесі
(басы), ал В-соңғы нүктесі (ұшы) деп
аталады. Векторды былай белгілейді:
.
Басқа оқулықтарда бұл ұғымды енгізудің басқа жолын көре аламыз:
«Сандық мәні мен бағыты арқылы анықталатын шама вектор деп аталады. Векторлардың мысалы ретінде күшті, жылдамдықтығ күш моменті мен басқаларын айтуға болады. Вектордың геометриялық түсінігі ретінде бағытталған кесінділерді айтуға болады».
1 Александров А.Д.: «Геометрия курсындағы вектор деп оның бастапқы нүктесін таңдап алуға дейінгі дәлдікпен қарастырылған бағытталған кесіндіні айтады, яғни бір-біріне тең бағытталған кесінділер бір ғана вектордың кескіні немесе өкілі деп есептелінеді [9]. Осы кесінділердің кез келгені берілген векторлар». Бірақ оқулықтарда мұны ашып көрсетпейді. Оқулықтарда «вектор-бағытталған кесінді» немесе «векторды параллель көшіру» ретінде анықтау дұрыс түсінік емес дейді.
2 Колмогоров А.Н.: «Векторлар деп геометриядағы параллель көшірулердің басқа да аталуы деп айтады».
3 А.В.Погорелов: «Вектор деп бағытталған кесінді айтады» [10].
4 Л.С.Атанасян: «Бағытталған кесіндіні вектор деп айтады»[11].
Алдын айтылғандай, Погорелов А.В. өз оқулықтарында [12] векторларды параллель көшіру кең қолданылады. Оның көмегі арқылы «векторлардың теңдігі», «бірдей бағытталған векторлар» ұғымдары енгізіледі: егер векторларды параллель көшіргенде беттесетін болсанемесе векторлар бірдей бағытталған жарты түзулерге тиісті болса, онда векторлар бірдей бағытталған деп аталады; егер векторларды параллель көшіргенде беттессе, онда векторлар тең векторлар деп аталады.
Векторлардың теңдігінің анықтамасын ашып түсіндіретін болсақ: бір вектордың басын сәйкесінше екінші вектордың басына және бір вектордың соңын сәйкесінше екінші вектордың соңына көшіретін параллель көшіру деген мағынаны береді.
Векторлардың бірдей бағытталуын және вектордың абсолюттік шамасын немесе модулін (кесінді ұзындығын) анықтағаннан кейін мынадай салдар алуымызға болады:
Егер векторлардың абсолюттік шамалары тең және бірдей бағытталған, керісінше, тең векторлар бірдей бағытталған және абсолюттік шамалары тең болса, онда олар тең векторлар.
«Векторлар» ұғымын енгізуде вектор әдісі кеңінен пайдаланады. Біріншіден, «Векторлар» тақырыбында координаталар кең қолданатын параллель көшіру анықтамасына кіреді [13]; екіншіден, вектор ұғымын енгізілгеннен соң ғана, оның координаталары анықталады. Мұнда координаталары векторды бағытталған кесінді ретінде емес, координаталары еркін вектор ретінде беріледі, яғни координаталары барлық тең векторларда бірдей болады.
Векторларды осылай енгізудің ұтымды және кемшілік жақтары да бар.
Ұтымдылығы: векторлық алгебра заңдарын енгізуге және векторларға амалдар қолдануды байланысты қиындықтардың болмауы;
Кемшілігі: бұл амалдардың геометриялық мағыналарының ашылмай қалуы, ал векторлардың геометрияда және физикада қолдануларының іс жүзінде қарастырылмауы.
Математикада, физикада және механикада зерттелетін шамаларды екі топқа бөлуге болады. Сан мәнімен анықталатын шамалар бірінші топқа жатады. Оларға ұзындық, уақыт, тығыздық,температура, масса, бұрыш, жұмыс, аудан, көлем, т.б. шамалар жатады. Сан мәнімен анықталатын осындай шамаларды скаляр шамалар [14] деп атайды.
Сан мәнімен анықталмайтын шамалар екінші топқа жатады. Бізге тек сандық мәнімен ғана емес, бағытымен де сипатталатындығы физикадан белгілі, мысалы: күш, жылдамдық, үдеу, күш моменті т.б. Бұл шамаларды толық сипаттау үшін сан мәнімен қатар бағыты да белгілі болуы керек. Осындай шамаларды векторлық шамалар деп атайды [15].
Анықтама:
Вектордың бастапқы және соңғы нүктелері
беттесіп кетсе, оны нолдік вектор деп
атайды. Нолдік векторды былай белгілейді:
.
Нөл векторлардың бағыттары анықталмаған,
модульдері нөлге тең.
Анықтама:Вектордың
басы мен ұшының ара қашықтығы оның
ұзындығы немесе модулі деп аталады.
Былай белгіленеді:
немесе
.
Анықтама:
Модульдері бірге тең векторлар бірлік
немесе орт вектор деп аталады. Берілген
векторының орт векторы
деп белгіленеді және оның бағыты
векторының бағытымен бір бағыттас
болады.
Векторлардың
ұзындығы
деп
векторлардың басы мен соңғы нүктесінің
ара қашықтығын айтамыз, яғни бас нүктесі
,
ал соңғы нүктесі
нүктесі болса,
векторының координаталары деп
сандарын айтады.
Кейбір
жағдайда векторлардың ұзындығын оның
абсолют шамасы немесе модулі деп те
атайды. Векторлардың ұзындығы немесе
модулін
немесе
деп те белгілейді.
формуласы
арқылы координаталық түзу немесе ось
бойында орналасқан А
мен В
нүктелерінің арақашықтығы есептелетінін
бұрыннан белгілі, мұндағы
- А
мен В
нүктелерінің координаталары. 1-суретте
Cурет
1
Нүктелермен берілген вектор ұзындығы
тікбұрышты
координаталар жүйесі және жазықтықта
мен
нүктелері берілген болсын.
кесіндісінің ұзындығын немесе модулін
табу керек [17].
Пифагор
теоремасы бойынша
үшбұрышынан
,
ал
және
болғандықтан,
кесіндісінің ұзындығы немесе модулі
мынаған тең болады:
Сонымен,
кесіндісінің ұзындығы мынаған тең:
(1)
Есеп
1. Координаталары арқылы берілген
вектордың ұзындығын табу керек:
.
Шешуі: Вектордың ұзындығын (1) формула бойынша:
Есеп
2. Координаталары
болатын
векторының ұзындығын тап.
Шешуі.
Векторының
ұзындығын табудың
формуласы бойынша берілген вектордың
координаталарын квадраттап қосып,
түбірден шығарамыз.
.
Сонымен
векторының ұзындығы
.
Анықтама: Бір түзудің немесе параллель түзулердің бойында жатқан векторлар коллинеар деп аталады[1,4].
А
В С
-
коллинеар векторлар.
-
коллинеар векторлар.
Анықтама:
Өзара коллинеар, ұзындықтары тең және
бағыттары бірдей векторлар тең векторлар
деп аталады.
деп белгіленеді.
Векторларға қолданылатын сызықтық амалдар.
Анықтама:
векторын нақты λ санына көбейту деп
мына шарттарды қанағаттандыратын
векторын айтады:
1.
2.
вектор
векторына коллинеар.
3.
және
векторының бағыттары бірдей, егер
және қарама-қарсы бағытталған, егер
.
Егерде
болса, онда векторлардың бағыттары
анықталмаған, яғни кез келген бағытты
қабылдайды.
-
Сурет 2. Вектор бағыты
1-қасиеті.
Кез келген α және β сандары және
векторы үшін мына теңдік орынды:
.
2-қасиеті.
Екі вектордың қосындысында ауыстырымдылық
заңы орындалады, яғни кез келген екі
вектор
3-қасиеті.
Үш вектордың қосындысына терімділік
заңы орындалады, яғни әруақытта
4-қасиеті.
Векторлардың қосындысын санға көбейту
үлестірімді, яғни кез келген
,
векторлары мен α саны үшін мына теңдік
орындалады:
5-қасиеті.
Кез келген α,β сандары және кез келген
векторы үшін
теңдігі
орындалады. Екі бөлігіндегі векторлар
өзара коллинеар.
Анықтама:
Параллель көшіруге болатын векторларды
бос векторлар дейді, яғни бастапқы
нүктесіне тәуелсіз, тек
векторының
ұзындығы мен бағытына ғана тәуелді
вектор.
А
В А
В
векторларын
қарастырамыз. Бұл векторлардың қосындысы
басы бірінші вектордың басымен беттесетін,
ал ұшы соңғы вектордың ұшымен сәйкес
келетін бір вектормен анықталады.
Векторларды азайтуды екі вектордың қосындысы түрінде қарастыруға болады, тек екінші қосылғыш (-) таңбасымен алынады.
Теорема:
және
векторларын
(1) түрінде өрнектесе, онда бұл векторлар
коллинеар және керісінше, егер екі
вектор коллинеар болса, онда оларды (1)
қатыс түрінде өрнектеуге болады.
Анықтама: Векторлардың е осіне проекциясы дегеніміз бас нүктесі вектордың оське түсірілген бас нүктесінің проекциясы болатын, ал соңғы нүктесі вектордың ұшының оське түсірілген проекциясы болатын кесіндінің ұзындығы және ол вектор мен ось арасындағы бұрыш сүйір болса оң (+) таңбамен, ал доғал болса теріс (-) таңбамен алынады.
Мысал.Ұзындығы
тең
векторы ох осімен 60
бұрыш жасайды. Осы вектордың ох осіндегі
проекциясын табу керек.
е
Сурет 3. Вектордың проекциясы
Векторларды жіктеу.
1-теорема:
Кез келген жазықтықтағы
векторын коллинеар емес екі векторға
жіктеуге болады:
2-теорема:
Кез келген кеңістіктегі
векторын коллинеар емес үш векторға
жіктеуге болады:
коллинеар
емес векторлар.
Тік бұрышты декарттық координаталар жүйесі.
Координаталар
жүйесін былай енгіземіз: өзара
перпендикуляр бірлік
векторларын аламыз да оларды созып,
x,y,z координаталық осьтерін саламыз
және өлшем бірлігін енгіземіз.
Сурет 4. Тік бұрышты декарттық координаталар жүйесі
Анықтама:
үштік векторы соңғы вектордың ұшынан
қарағанда І-ші вектордан екіншіге
қысқаша бұру сағат тілі жүрісіне қарсы
бағытталса оң деп аталады. ОММ
үшбұрышынан
векторы
бірлік векторына коллинеар болғандықтан
үшбұрышынан
және
векторлары
және
векторларына коллинеар. Өйткені осы
табылған мәндерді орындарына қоямыз.
(2)
Сонымен
радиус-векторы М нүктесінің
координаталарының
бірлік векторларына көбейтінділерінің
қосындысы түрінде өрнектеледі.
және
екі векторды аламызда оларды қосамыз
Векторларды
қосқанда олардың аттас координаталары
қосылады.
векторын λ санына көбейтеміз:
Векторды λ санына көбейткенде оның
әрбір координатасы сол санға көбейтіледі.
Ескерту:
(2) қатыс вектордың векторлық түрі болып
табылады, ал координаталық түрі мына
түрде беріледі:
(2’)
Есеп
1. Координаталары
болатын
векторын
санына
көбейтіңіз.
Шешуі.
Векторларды
санға көбейту
бойынша
табамыз.
.
Сонымен
.
Есеп
2.
Табу керек:
,
.
Шешуі.
Векторларды
санға көбейту
бойынша
табамыз.
.
Сонымен
.
.
Сонымен
.
Есеп
3.
Координаталары
болатын
векторын
санына
көбейтіңіз.
Шешуі.
Векторларды
санға көбейту
бойынша
табамыз.
.
Сонымен
.
Есеп
4.
Табу керек:
,
.
Шешуі.
Векторларды
санға көбейту
бойынша
табамыз.
.
Сонымен
.
.
Сонымен
.
2.2 Вектордың скалярлық көбейтіндісі және оның қасиеттері
Анықтама:
Екі вектордың скалярлық көбейтіндісі
деп осы векторлардың модульдері мен
олардың арасындағы бұрышының косинусының
көбейтінділерін айтады:
.
(4)
А
О
В
Сурет 5. Екі вектордың арасындағы бұрыш
1-қасиет. Скалярлық көбейтінді бір вектордың модулі мен екінші вектордың бірінші вектордағы проекциясына көбейтіндісіне тең, яғни
(5)
2-қасиет. Екі вектор өзара перпендикуляр болғанда ғана олардың скалярлық көбейтіндісі нолге тең болады.
3-қасиет.
Векторлардың скалярлық көбейтіндісінде
ауыстырымдылық заңы орындалады.
4-қасиет.
Скалярлық көбейтіндіні бір
санына көбейту үшін көбейткіштердің
біреуін ғана сол санға көбейтсе болғаны.
5-қасиет.
Векторлардың скалярлық көбейтіндісінде
үлестірімділік заңы орындалады.
Координаталарымен берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісі
және
екі векторы берілсін.
Соңғы қасиет бойынша бұл векторларды мүшелеп көбейтуге болады.
i,j,k – бірлік векторлары өзара перпендикуляр, сондықтан олардың скаляр көбейтіндісі нолге тең.
(6)
Екі вектордың скалярлық көбейтіндісі осы векторлардың аттас координаталары көбейтінділерінің қосындысына тең.
1-мысал.
2-мысал.
Векторлардың скалярлық көбейтінділері жәрдемімен вектордың ұзындығының формуласын қорытып шығарамыз.
2.3 Мектеп геометрия курсындағы вектор тақырыбына берілген есептер топтамасы
Мектеп геометрия курсында кездесетін вектор тақырыбына берілген есептерді шығаруға мысалдар қарастырып көрсетейік.
1
мысал.
тіктөртбұрышының диагональдары О
нүктесінде қиылысады.
см,
см
болса,
,
,
,
,
,
векторларының ұзындығы қандай?
Ш
D
Сурет
6.
тіктөртбұрышы
тіктөртбұрыш болғандықтан, оның
қарама-қарсы қабырғалары өзара тең
болады, демек
см,
см.
Ал тіктөртұрыштың диагоналі оны екі
тікбұрышты үшбұрышқа бөлетіндіктен,
АС диагоналі
тікбұрышты үшбұрышының гипотенузасы
болып табылады. Демек оны Пифагор
теоремасының көмегімен табуға болады:
см,
сонымен қатар тіктөртбұрыштың екі
диагоналі өзара тең болғандықтан
болады. Енді тіктөртбұрыштың диагональдары
қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ
бөлінетінін ескеретін болсақ, онда
см.
2
мысал.
тіктөртбұрышының
см,
см
және N нүктесі АВ қабырғасының ортасы,
,
,
,
,
,
,
векторларының модульдерін анықтаңыздар?
Шешуі.
см,
см,
см,
см,
Жауабы:
см,
см,
см,
см,
см,
см,
см.
3
мысал. Векторлардың қосындысын табыңдар:
1)
,
2)
,
3)
,
4)
.
Шешуі.
1)
(8
сурет)
2)
(9 сурет)
3)
(10
сурет). Себебі
векторы дегеніміз нүкте болып табылады.
4)
(11 сурет)
4
мысал. Векторлардың айырымын табыңдар:
1)
,
2)
,
3)
,
4)
,
5)
.
Шешуі.
1)
(12
сурет)
2)
(13 сурет)
3)
(14
сурет)
4)
,
болады,
әрі қарай
(15 сурет)
5)
(16
сурет). Себебі
векторы дегеніміз нүкте болып табылады.
Оқушыларға өз бетінше орындауға арналған есептер жинағы
1.
векторы
мен С нүктесі берілсін. С нүктесінен
векторына
тең вектор салыңыз, егер: 1) С нүктесі АВ
түзуінің бойында жатса; 2) С нүктесі АВ
түзуінің бойында жатпайтын болса.
2.
,
және
векторлары координаттар басынан
салынған. Олардың ұштарының координаттары
неге тең болады?
3.
,
және
векторлары берілген. Табу керек: 1)
;
2)
;
3)
;
4)
.
4. Екі вектордың коллинеарлық шартын пайдаланып вкелесі векторлардың коллинеар болатынын не болмайтынын анықтаңыздар:
1)
және
;
2)
және
;
5.
,
және
векторлары
үшін
теңсіздігі орындалатынын дәлелдеңіздер.
6
.
Көлденең балкаға екі бірдей жіпке
салмағы Р болатын жүк ілінген. Жіптердің
созылу күштерін анықтаңыздар (сурет
13).
7.
АВС үшбұрышына АМ медианасы жүргізілген.
болатынын
дәлелдеңіз.
8.
және
векторларының арасындағы бұрышты
табыңыз;
9. А(0;0), В(1;1), С(0;2), D(-1;1) төрт нүкте берілген . АВСD төртбұрышының шаршы болатынын дәлелдеңіз.
10. Үшбұрыштың төбелері А(1;1), В(4;1), С(4;5) нүктелері берілген. Үшбұрыштың бұрыштарының косинустарын табу керек.
11. Төбелері
,
,
нүктелерінде
жататын үшбұрыштың медианаларының
қиылысында жатқан М нүктесінің
координаттары
,
болатынын дәлелдеңіздер.
12. Нүктелердің геометриялық орны, берілген екі нүкте тұрақты болатын қашықтықтардың квадраттарының қосындысы осы нүктелерді қосатын кесіндінің ортасында орналасқан шеңбер болатындығын дәлелдеңіз.
13.
және
векторының абсциссалар өсіне
координаттық векторы арқылы түсірілген
проекциясы
формуласымен берілетінін дәлелдеңіз.
Мұндағы
.
Қорытынды
XXI – ғасырдаға жоғарғы білім беру үздіксіз ілім алуға дайын, өзінің сана-сезімін жан-жақты жетілдіріп, кәсіби қорын толықтыруға қабілетті, қоғам дамушылық нарық қатынасының құбылмалы саясатына тез бейімделетін шығармашыл, еңбекқор жастарды тәрбиелеп, білімді де білікті мамандар дайындауды мақсат тұтады.
Ал қазіргі таңдағы оқу ағарту саласында жүргізіліп жатқан реформалар, оқыту үрдісінің, үздіксіздігін қамтамасыз етуде оқушы білімі мен біліктілігін сапасын арттыруда әр түрлі әдіс-тәсілдері қолданудың ең тиімді жүйесін қалыптастырып, жетілдіруді қажет етеді.
Сол себепті математика сабағында оқушылардың материалды дұрыс ұғынуы пәнге деген танымдық қызығушылығының артуы, білімнің берік қолдануы мұғалімнің сабақ жеткізуіндегі шеберлігіне, әр түрлі әдіс-тәсілдерді орнымен қолдана білуі жолындағы ізденімпаздығына байланысты.
Мектеп геометрия курсында векторлар және оған байланысты есептерге қолдануларына кең көлемде орын берілмеген. Ал, қазіргі кездегі векторлардың кең қолданысын ескерсек, бұл- оқушыларға тиімсіз.
Сонымен қатар қазіргі мектеп математикасындағы білімнің мазмұнын меңгеру үшін оқыту үрдісінің нәтижесін жоғарылату бағытында оқушылардың алған білімдерін практикада өздігінен орындауға үйрету керек.
Математика ғылымын табысты дамыту үшін оқушылардың математикалық қабілеттерін қалыптастырып, олардың бойындағы дарындылықты жетілдіру қажет. Оқыту процесіндегі басты мақсат- оқушыларға дайын білімді беру ғана емес, сондай-ақ оларға дербес ойлауды үйрету. Осы мақсатқа орай оқушылырадың ой қызметтеріне азық бола алатын білім беру міндеті туып отыр. Оқушыларға вектор тақырыбын ұғындыру- математика пәні мұғалімдері үшін қиын, күрделі меңгерілетін тқырып болып табылады. Себебі, аталған тақырыпқа байланысты әдістемелік құралдар аз жетілдірілген. Егер векторларды геометрияның түрлі деңгейдегі есептерін шығрылуының тиімді тәсілдері қатарына қосатын болсақ, уақытты едәуір үнемдейміз.
Қорыта келгенде оқу үрдісінде әр түрлі тәсілдерді пайдалану сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың белсенділігінін, пәнге деген қызығушылығы қалыптастыруға, ең негізгісі-оқушылардың білім сапасының артуына апаратын бірден-бір жолы деп түсінемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген