400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Куз аруы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Ұйымшылдыққа, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Күз аруы»

Мақсаты: Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Ұйымшылдыққа, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу. Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, буклеттер жасау. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Қатысушылар: 8-11- сынып оқушылары. Үй тапсырмалары: 1.Өзің таныстыру. «Міне, мен қандаймын?» 2.Күзгі көрініс. «Сымбат көрік ,сәндік өнер». «Күзге арналған сән» 3.Өз өнерлерін көрсету. «Қара, мен не істеу білемін» 4. «Кім көп біледі » сұрақ-жауап сайысы 5.Үй тапсырмасы өз қолдарынан жасаған бұйымды қорғау Өтілу барысы 1-жүргізуші: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дархандықты қазаққа дала берген секілді. Еркелікті, ерлікті желден ала білген секілді, Мөлдірлікті көгілдір көлден ала білген секілді,-деп, Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі “Күз ханшайымы мерекемізді табиғат сұлулығын сақтау, көркем түрде бейнелеу тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. 2-жүргізуші: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап болған ата-бабаларымыз “Сабан той” өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге жиналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, “Күз аруы” мерекесімен құттықтаймыз. Өмірде жемісті, еңбекте табысты, оқуда озат, жанұяда бақытты болуларыңызға тілектеспін! 1-жүргізуші: Алдымен, осы отырған қауымды бүгінгі кеште сайысқа түсетін оқушылардың өнерлерін, шеберлерін, тапқырлықтарын бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейін: 1. 2. 3. 1-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып - тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру- 2 жүрг Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
№1 жұбымызды ортаға шақырайық.
Ай секілді өзі де, 
Сыңғыр,сыңғыр сөзі де.
...................деген арудың,
Әдемі ғой көзі де.
Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деге.........................
№2 жұбымызды ортаға шақырайық.
Үлкендерді сыйлайды,
Сабағынан қалмайды.
............................. қыз сіздерге,
Ән мен жырын арнайды.

Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей ................................
№3 жұбымызды ортаға шақырайық. 
Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын. ............................... кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.
Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын 
Ғарышкер болу арманы............................. шақырсақ болғаны
№4 жұбымызды ортаға шақырайық.
Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы ..................................
Әдемі есім теңгерген.
Қуантады білімімен бізді …................
Қарсы алайық,қол соғып ........................... біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз
№5 жұбымызды ортаға шақырайық.
Қуантады біліммен,бізді ол қыз,
Қол соғып қарсы алайық.............................. біз.
Талабыңа білімің серік болсын.
Бүгінгі тілегіміз қабыл болсын.
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің ..............................
Көрінген күштің басынын
№6 жұбымызды ортаға шақырайық.
Келесі ару ................................
Барлық пәнді меңгерген. Анасы мен әкесінің 
Ибалы қызы ол бүгін.
Ақынның тұяғымын сартылдаған

Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан ........................ 1. Жүрг Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
2 жүрг 1 бөлім . 1.Өзің таныстыру. «Міне, мен қандаймын?» 1.жүрг 2. «Кім көп біледі » сұрақ-жауап сайысы 2 жүрг 3.Өз өнерлерін көрсету. «Қара, мен не істеу білемін» 1 жүрг.4.Күзгі көрініс. «Күзгі сән үлгісі » 2 жүрг 5.Үй тапсырмасы өз қолдарынан жасаған бұйымды қорғау Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі, Алтын күзім тойланатын күн осы. Жасыл далам, сары далаға айналып, Алтын күзге айналады жер осы. Табиғатым сары көйлек киеді, Күзгі балды тойлауға жұрт жиналды. Рұқсат болса бастайын осы кешті, Әр сынып таныстыршы енді өзіңді. 2.Cайысымыздың бірінші бөлімі Өзің таныстыру. «Міне, мен қандаймын?» әр ару өздерін таныстырып шығады . (Қатысушылар слайд дайындап көрсетуге болады) 1-жүргізуші: Сайысымыздың бірінші бөлімі аяқталды, қазылар алқасы әр сыныпқа өз бағасын берсін. 2.жүрг 2. «Кім көп біледі» сұрақ-жауап сайысы ?»  (сұрақ-жауап,жұмбақ шешу,мақал-мәтелді жалғастыру). 1.Жүргізуші: (Күз мезгіліне байланысты сұрақ- жауап) «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы 
ағаштағы жапырақшалардағы сұрақтарға жауап бересіздер. Әділ-қазылар 
2. сайыс «Кім көп бііледі »бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. 
1 жүрг 3.Өз өнерлерін көрсету. «Қара, мен не істеу білемін» Өнер жастан жаныңдар
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз
Әділ-қазылар 3 сайыс «Қара мен не істеу білемін»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе.
2 жүргізуші Құрметті көрермендер біздің Күз ханшайымымыз талантты ғана болып қоймай кәзіргі заманның сәнді бикеші болуы да шарт 1 жүрг олай болса 4. Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр жұп әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз.
Күзгі көрініс. «Сымбат көрік ,сәндік өнер».

«Күзгі сән үлгісі » Әр қатысуышымыз күздік сән үлгісін ойлап шығып көрермендерге көрсету Олай болса Ханшайымдарымызды сән үлгілеріңізді подиумда көрсетуге шақырамыз Күзгі сән үлгісін бастау үшін 1 жүрг №1 аруымыз......................................................................................................................2 жүрг №2 аруымыз......................................................................................................................1 жүрг №3 аруымыз......................................................................................................................2 жүрг №4 аруымыз......................................................................................................................1 жүрг №5 аруымыз......................................................................................................................2 жүрг №6 аруымыз......................................................................................................................Казылар алкасы сайысымыздың жиынтық бағалауын шығарғанша мектебіміздің таланты әншісі

...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2 жүрг 5.Үй тапсырмасы өз қолдарынан жасаған бұйымды қорғау жарайсындар ханшайымдар бұл еңбектеріңді қазылар алқасы бағалайдыМолшылық күз - Береке күз
Береке күз - мерекеміз - дей келе күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден 
дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.№1-6
Әділ-қазылар3 сайыс «Күз сыйы»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. 
1-жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін, Әкеліпті халыққа бір молшылық. Сары жапырақ алтын болып төгілсін, Елімізде болсын әркез көпшілік,-дей келе, бүгінгі «Күз ханшайымының» мерекесі өз мәресіне жетті. Бұл сайыс үлкен белестердің шынығар шыңдалу мектебіндей болсын! Енді сөзді жеңімпаздарды анықтап, сайыс қорытындысын білу үшін құрметті қазылар алқасына берейік.

Қазылар алқасы сөз алады.

1жүрг Біз сайыскерлерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.

Күзгі кешімізге қатысқан барлық ханшайымдар мен ханзадаларға алғысымыз шексіз.Барлығыда өз шамасына дайындалып келіп сіздермен бөлікенңі ұшін жеңі міндетті емес қатысып өз өнерін көрсеткен маңызды.

2жүрг Олай болса бүгінгі мерекемізде аяталды бірақ ..........

1 жүрг Не бірақ біткені несі бүгінгі сайысқа қатысқан ханзадалармен ханшайымдардың би кешімен ұласпайтын ба еді.

2 жүрг Иа иа олай болса достар Би кешімен ары қарай жалғастармыз.

1-2 жүрг «Би кешіне қош келдіңіздер »
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1079
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі