400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Л арипи мен дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Л арипи мен дыбысы жазылуы. Ариппен танысу толыкканды. Жана сабакка бейимдеу окушыларды. Жана акпарат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Л дыбысы және әріпі
Мақсаты: Л дыбысымен таныстыру;
Білімділік: Құрамында Л дыбысы бар сөздерді талдау.Л дыбысын дұрыс дыбыстап,оның таңбасын,әріпін таныстыру.Л дыбысы бар сөз,сөйлем құрату.
Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін,ой-өрістерін,сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Суреттер,текшелер
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,көрнекілік
Оқу іс-әрекетінің түрі: ойын сабақ
Оқу іс-әрекетінің барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар,қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді
білдіріп, көтеріңкі күй сыйлайықшы.
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз аман болсын,
Деніміз сау болсын,
Ақшамыз көп болсын.

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген қонақтарымен сәлемдесейік.
-Балалар, бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті.Біз өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыстармен танысып едік есімізге түсірейікші.

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Ол үшін біз сендермен қәзір «Дауысты, дауыссыз дыбыстар» ойынын ойнайық.Мен сендерге дыбыстарды айтамын,ал сендер қолдарыңдағы көк,қызыл түсті дөңгелек- текшелермен дыбыстарды ажыратып айтып көрсетесіңдер. (Тәрбиеші өткен дыбыстарды айтады).

Негізгі бөлім.
-Балалар,бүгін бізге қонаққа Алдар көсе келіпті,ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді,ол әріпті табу үшін біз мынадай тапсыр- маларды орындауымыз керек.
-Тапсырмаларды орындаймыз ба? (Балалардың жауаптары).

1-тапсырма.
-Мынау не? (Лақ)
-Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды? Лақ ешкінің төлі,ол мә-мә-мә деп дауыстайды
-Лақ сөзінде неше дыбыс бар? (3 дыбыс)
-Лақ сөзін буынға бөліп көрейік? (Буынға бөледі)
-Неше буын бар? (1 буын)
-Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (хормен айтқызу)
-Л қандай дыбыс? (дауыссыз)
-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз? (көк)

2-тапсырма. «Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнау.
Балаларға ойын ойнату арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату.
Оларды буынға бөлгізу.Дыбыстың сөз басында,ортасында,аяғында келетінін баланың өзіне байқатып атату.Сөйлем құрату.


Тақтадағы суреттер:



Піл Ли-мон Лақ Түл-кі А-пель-син.


3-тапсырма: Дәптермен жұмыс.
Жазбаша жұмыс орындату.Дәптердегі Л әріпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазады.
Рисунок 14 ІV.Сергіту сәті.
Қарлығаш болып ұшамыз,
Лақ болып қашамыз.
Аю болып қорбаңдап,
Орнымызды табамыз.
тапсырма. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?».
1-ші себетке
Л дыбысы бар суреттерді саламыз.
2-ші себетке Л дыбысы кездеспейтін суреттерді саламыз.



V.Қорытындылау.
-Балалар,бүгін бізге кім қонаққа келді?
-Алдар көсенің тапсырмаларын орындадық па?
-Сонымен, ол бізге қандай жаңа әріпті алып келіпті?

-Л дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?
-Жарайсыңдар,балалар,сендерге Алдар көсе де ризашылықтарын білдіріп жатыр.
-Ал,енді балалар,осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтап Алдар көсе және бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қатысып отырған қонақтарымызбен қоштасайық.

Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонаққа,
Сау болыңыздар деп айтамыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.03.2022
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі