400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Л. Брайль өмірбаяны жайлы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Көрмейтін музыканттар саяхатшылар,мүсіншілер жайлы оқушыларға түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:10-14.09.2018ж

Сыныбы:МАД. 1А. 2А

Пән мұғалімі:Илиясова Ж

Сабақтың тақырыбы:

 Танысу. Мен және менің отбасым.

Мақсаты:

 Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету.

 Баланың қызығатын заттары арман қиялдарын іске асыруға деген оқушының мүмкіндігі өз бетінше ізденуге машықтандыру.

Барлық мамандықтардың қыр-сырына тоқтай келе, болашақта дұрыс жолға түсуге бағыт беру, ойнаса да, өмірге қойған мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Коррекциялық мақсаты: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:  Мамандық иелерінің суреттері

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

Балалардың көңілін көтеріп алып сабақты бастау. Балаларға мамандық иелерінің суреттерін көрсете отырып оларға тоқталып өту.

Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Танысу.Кім болам? Сұрағына жауап беру.Әңгімелесу.

«Көкемнің ақылы» өлеңін оқу.

Көп сөйлейді демеңдер,

Көкем менің кемеңгер.

Сыр айтады отырып:

-Ойна! Ойна!Ойнай бер!

Қызығыңды тойлай бер!

Ойна бірақ күйші бол

Ойна бірақ биші бол!

Ойна әйгілі ғалым бол,

Ойна ақылды аға боп.

Кіп-кішкентай дана боп

Жаста кім боп ойнайсың

Кім болам деп ойлайсың?

Өмірге қойған мақсатың бар ма?

Мамандықтар: Мұғалім, дәрігер, ғалым.

Жаттығу орындау.

Сырлаушы”

Мазмұны:

Езу тартып күліп, аузымызды ашамыз.

Тілдің жалпақ ұшымен таңдайды тістерден

таңдайға қарай сырлаған секілді жүргіземіз.

Астыңғы иек қозғалмау керек.

3.Сергіту жаттығуы

Тік ұста бойыңды.

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағыда.

Жеткіз жираф мойынына.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Ой қозғау.

Не үйрендік?

«Мен және менің қызығуым» тақырыбын қалай түсіндің?

Бекіту кезеңі: Өзіммен-өзім тәсілін өткізіп, баланың көз алдына елестеткен онымен арманына сурат салғызу.

Сабақты қортындылау. Болашақта дұрыс жолға түсуге бағыт беру.




Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Ә.Қиянбекова





































Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:17-21.09.2018ж

Сыныбы:МАД. 1А. 2А

Пән мұғалімі:Илиясова Ж.

Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: ойын, слайд, суреттер, үлестірмелі материал.

Коррекциялық мақсаты:

Балаларды түстерді ажырата білуге жемістерді ажырата білуге ұсақ қол моторикасын дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу сәті:

Балаларға көкөністер жайлы жұмбақ жасырамын

Қазір жылдың қай мезгілі?
Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен?
Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды.
Жиі жиі не жауады?
Жаңбыр.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы болмақ. Дайынсыңдар ма?
Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. \жеміс\
Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от.
Ішін ашып қарасаң,
Майда майда қызыл шоқ. \анар\
Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.
Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.
Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.
Жемістерден тосап және компот қайнатады.
Көкөністерді тағам ретінде салаттар жасаймыз.
Ал көкөністердің пайдасы мысалы;
Қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы. Екіншіден, қызанақта С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан
жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Бақшада өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын микробтарды көреміз.
Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.
Көкөністер. Сәбіз дің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер бойларың өседі.
Балалар енді «Сиқырлы қапшық деген ойын ойнайық.
Шарты: Қолына алады, пішінін, дәмін, түсін, қолдануын айтады.
Көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарын айту.
Жемістер бізге мол өнім беру үшін, біз олардың топырағын қопсытуымыз керек, арам шөбін жұлу және суғару керек. Жер ана мейірімді, өйткені көкөністерді өсіреді, күн де мейірімді шуығын төгеді. Көкөністер жылу сүйгіш, суыққа төзімді болып бөлінеді.
Шикідей жейтін көкөністерді атайықшы; қызанақ, қызылша, сәбіз. баклажан, картоп.
Тағы да ойынға кезек берейік. «Салат» Қимылды ойын.
Жарайсыңдар балалар салаттарымыз өз жұптарын тапты.
Бүгінгі оқу іс әрекетімізді қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек алып қоюмыз керек.

Қорытынды:
Сонымен бүгін біз не туралы өттік?
Жемістер мен көкөністер туралы.
Олардың бізге пайдасы бар ма?
Дұрыс айтасыңдар.
Алманы жеміске ме, әлде көкөніске жатқызамыз ба?
Қауынды ше?
Жарайсыңдар балалар барлықтарың дұрыс жауап бердіңдер, ойынды да жақсы ойнадыңдар.
Балаларды мақтап мадақтау


Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Ә. Қиянбекова

Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:

Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:Жанұям және мен.

Мақсаты: 1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсінігін қалыптастыру.

2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Кіріспе әңгіме.

- Балақай екеуміз тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір - бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.

- Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Қайырлы күн!

- Сізді көргеніме қуаныштымын.

- Енді бір - бірімізге мақтау сөздер айтайық.

- Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.

- Ал сенің үйіңде бір - бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?

- Қайырлы таң, әкетайым, анашым!

- Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!

- Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.

- Бір үйде қандай адамдар тұрады?

- Бір үйде бір - біріне жақын адамдар тұрады.

- Оларды ата.

- Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.

- Дұрыс айтасың, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сен де отбасыңның бір мүшесісің.

2.Негізгі бөлім.

а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Мұғалім сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.

- Отбасы мүшелері қайда тұрады?

- Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.

- Олар қалай тұрады?

- Отбасы мүшелері тату - тәтті тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Нағашы ата - анасының әкесі.

Нағашы әже - анасының анасы.

Немере - ұл - қыздарынан туған бала.

б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

- Балақай, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып тап.

Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау - бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

- Ата.

- Өзіңнің атаң туралы әңгімеле.

- Өзі мейірімді, әрқашанда қатық - майы, ірімшігі, қант - кәмпиті дайын. Ол кім?

- Әже.

- Ал сеннің әжең қандай?

Бірінші бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Педагогтің көмегімен төмендегідей мақал құрастырады, мақалдың мағынасы ашылады.

Әке - асқар тау,

Ана - етегіндегі бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала, т.б.

3. Сергіту жаттығуын орындау.

Атам жылқы бағады. (Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).

Ағам пішен шабады. (Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).

Жеңгем сиыр сауады. (Отырып, сиыр сауғандай қимыл жасау).

Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).

в)Өзіндік жұмыс

1. Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу.

2. «Сыңарын тап» ойыны.

3. Сабақты қорытындылау.

- Отбасы мүшелерін ата.

- Отбасы мүшелері бір - бірімен қалай тұрады?



















Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:24-28.09.2018ж

Сыныбы:МАД. 1А.2А

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:Менің достарым

Мақсаты:

Менің достарым сөзінің маңыздылығын түсіндіру.

Достық,сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейінін дамыту.

Сыйластық, татулық туралы түсінігін кеңейту қамқорлық жасауға үйрету.

Коррекциялық мақсаты: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту

Көрнекілігі: ертегі суреттері,т.б

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Кіріспе әңгіме.

1. «Достық көмек» дегенді қалай түсінесің?

2. Жүз теңгең болғанша –

Жүз досың болсын!- деген мақалдың мағынасы түсіндіріп берші?!

3.Достық туралы қандай ертегілер мен өлеңдер білесің?

Мысылы: Қарлығаш пен Дәуіт, Дос болайық бәріміз!,Біз өмірдің гүліміз.т.б

Оқушыға «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісі суреттер көрсету арқылы айтылады.



Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.Сабақтың құпиялылығы. Сөзжұмбақ шешу.

ДРУГ (ҚАЗ)  ʹ  ʹ ʹʹ

(ДОСТАР)

2. «Мағынаны тану»- Достық туралы мақалдарды оқу

Дос көпті дау алмайды.

Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын

Аққуды атпайды , достықты сатпайды.

Сөздікпен танысу: бірге- вместе

Қалай?- как?

Достық- дружба

Суретші- Художник

А) сөздерді дұрыс айту

Ә) сөздік дәптерге жазып алу

Б) сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау

2. Сөздікпен танысу:

А) сөздерді дұрыс айту

Ә) сөздік дәптерге жазып алу

Б) сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау


3.Сергіту сәті: 

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

4. Өзіндік жұмыс.

«Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастыр. Оқушыға суреттер қөрсетіледі.

5. Сабақты қорытындылау.

Суреттегі кейіпкерлер бір-бірімен қайткенде достаса алады?




Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Ә. Қиянбекова







Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:1-5.10.2018ж

Сыныбы:МАД.1А.2А

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:Мінез-құлық қалыптастыру.

Мақсаты:

Мінез құлық қалыптастыру сөзінің мағынасын ашу және маңыздылығын түсіндіру.

Өз мінезін дұрыс қалыптастыруға, жан-жақты жүйелі ойлай білуге дамыту.

Оқушыны ортасын дұрыс таңдауға, жақсы мен жаманды айыра білуге үйрету.

Коррекциялық мақсаты: Ойлау есте сақтау, қол моторикасын дамыту

Көрнекілігі: суреттері,т.б

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Кіріспе әңгіме.

1. Мінез-құлық қалытастыруды қалай түсінесің?

2. Түсінісе білу- жақсы қасиет. (Халық даналығы)

Сөзінің мағынасын ашу.

3. Әтеш, Лақ және Күшік Ж.Мыңтұрғанова.

-Суретке қарап әңгіме құрастыр!

-Суретке қарап,осындай жағдайларда қалай тіл табысуға болады?

Балаларға мінез құлық жайлы айтып шығу мына суреттерде қандай суреттер бейнеленген балаларға өз ойларын айтқызу.

3.Тыныс алу жаттығулары

Қар жауды”

Мазмұны:

Бұл жаттығу барысында мақтадан домалақтап немесе жұлып-жұлып “қар түйіршіктерін” жасаймыз. Баламен бірге үйде “қар” жаудырамыз. Бала “қар түйіршіктерін” дұрыс үрлеу керек.

Қар ұшқыны аспанда

Қиыршықтап ұшады

Қанатты аппақ құстардай

Жердің бетін құшады.

4. Сергіту сәті:

 Добым, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап?

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

5. Сабақты қорытындылау.

-Өз мінез- құлқыңды дұрыс қалыптастыру дегенімізді қалай түсіндің?

-Барлығымен тіл табысу не үшін қажет?

Бір-бірімізбен дос болу үшін....

Бір-бірімізді сыйлау үшін...

Бірге ойнау үшін... т.б





Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Ә. Қиянбекова



















































Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:8-12.10.2018ж

Сыныбы:МАД.1А.2А

Пән мұғалімі:ИлиясоваЖ

Сабақтың тақырыбы:Заттық ойын «Сөз құрау».

Мақсаты:

Оқушыға әріптерден сөз құрай білуге үйрету;

Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;

Оқушыны адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Коррекциялық мақсаты:

Сөз құрау арқылы баланың ойлау қабілеттерін дамыту

Көрнекілігі: Пазл әріптері.

Жүргізу әдісі: түсіндіру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды отырғызып сабақты бастау. Даладағы ауа райына көңілдерін аудару Қәзір жылдың күз мезгілі сендер далаға жылы киімдеріңді киіп шыға бастадыңдар. Далада жаңбыр жауып күн бұлттанды.

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

б) Мінез-құлық қалытастыруды қалай түсінесің? Өткенді еске түсіру.

2.Жаңа сабақ

 Сабақтын мақсатын айту.

1.Асықтарды нөмері ретімен қойып, сөйлемді оқы.(Жақсы болғым келеді.)

ж1 а2 с4 о7 м11 е13 ғ9 д16 к12

е15 б6 қ3 ы5 л8 ы10 л14 і17

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, оқы.

Жақсылық адалдық.

.................

.......................

.........................

Керекті сөздер:

мейірімділік, қамқорлық, көмек, қайырымдылық.т.б

Жұмбақтың шешуін тап.

Мағанда, саған,

Жақұын туыс – бес адам.

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы,. Солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұратың

Айтады, қане кім атын?

3.Сергіту сәті:

 Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштан

Үп-үлкен боп өседі.

4. Сөз құрастыру

Жақсылық жамандық

-Жақсылыққа қатысты өз ойын сұрау,

-Және жақсылықпен жамандықты салыстыра отырып сурет салғызу.

5. Сабақты қорытындылау

- Бүгінгі сабақта қандай тапсырма ұнады?

-Көңіл күйін қалай ?

-Қандай тапсырма қиын болды?

Балаларды отырғызып сабақты қорытындылау.





Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Ә. Қиянбекова
















































































































Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:12-16.11.2018ж

Сыныбы:МАД.1А.2А

Пән мұғалімі:Илиясова Ж

Сабақтың тақырыбы: Қағаз бетіндегі қеңістік. Қағазбен жұмыс жасау.

Сабақтың мақсаты:

 1.Балаларды қағаздың түрлерімен таныстыру.

2.Қағазбен жұмыс жасау іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.

3.Тік төртбұрышты пішіндерден әр түрлі ойыншықтар жасатып ой-қиялын дамыту, еңбекке тәрбиелеу.

Коррекциялық мақсаты:

Балаларға қағазбен жұмыс жасау кезінде ұсақ қол моторикасын көру есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар:

 түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, үлгі суреттер. Картон және жазу жазатын жұқа қағаздар т.б.

Әдіс-тәсілдері:

 қағазбен жұмыс істеу: бүктеу, қию, желімдеу, қағазды теңестіру, көлемі, пішініне сәйкес тең етіп қию жолдарын түсіндіру. Үлгілерді талдау.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: үй жануарлары мен жабайы жануарлар жайында ертегі оқу. Сурет бойынша әңгімелету. Ерекшеліктері жайында айтып, сипаттама беру.

Сабақтың барысы:

Балаға түрлі-түсті қағаздарды таныстыра отырып, қағаздың әр түрін көрсетіп, сапасына (қалың, жұқа, жұмсақ, қатты, бүктеуге болады) тоқталады. Мысалы: түрлі-түсті қағаздар, жұқа қағаздар оңай бүктеледі, тез қиылады. Қайшымен қиып көрсетемін. Жазу жазатын, сурет салатын қағаз, фольга, т.б. Ал картон қағаздарды бүктеу қиын әрі қиюға келмейді.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды отырғызып сабақты бастау

 "Мына түрлі-түсті қағаздарды қарашы, түстерін айтып бер", — деп сауал қояды (қызыл, жасыл, сары, көк, т.б.). Пішінін сұрайды (тік төртбұрыш). Бір парақты ортасынан бүктеп үлкен-кіші көлемдерін салыстырады. Осындай тік төртбұрыштардан түрлі ойыншықтар жасап үйренеді. Үлгіге талдау жасау үшін суреттерге назар аударады. Ойыншықты жасау үшін: парақ қағазды бұрыштарын, қабырғаларын теңестіріп ортасынан қос бүктейміз;

— үлкен тік төртбұрышымыз кіші тік төртбұрыш болды.

— оны ортасынан тағы қабаттап бүктейміз, бүктеу сызығын қолымен сипап сындырсақ, одан да кіші тік төртбұрыш болады;

— енді осы тік төртбұрышты сызық бойымен қиып аламыз, енді екі тең тік төртбұрыш болды;

— осы тік төртбұрыштан қоян немесе мысық жасауға болды;

— Қоянның құлағы, көздері қандай? Мысықтан ерекшелігін атап айту (Қоянның құлағы ұзын, көзі үлкен, т.б. Мысықтың көзі қысық, құлағы үшбұрышты). (Математикалық ұғымдармен байланыстыру).

— қағаз түстерін, дене бөліктерін бала өзі таңдап алған қағаз түсінен қиып жасайды;

— түсті қағазды қос бүктеп алып, ақ жағына — қоянның құлағы, аяғы, оны қию жолдары көрсетіледі, көзін, тұмсығын фломастермен жасату;

— үлгіге қарай отырып, дене бөліктерін орналастырып, желімдеу ұсынылады;

— балаға көмек көрсетіліп, бағыт беріледі;

— жұмысты аяқтай бастағанда өзі жасаған ойыншықтары туралы білетін өлең, тақпақ немесе жұмбақтарын айтып беруді сұрайды;

өзі жасаған жұмыстарын бірлесіп талдау жасайды, жақсы жұмыстар мадақталады.

Сабақты қортындылау:

Қағазбен жұмыс жасау барысындағы баланың талабын ұштап, ұқыпты жұмыс істей білу іскерлігіне машықтандырып, болашақта қағаздан тағы алуан түрлі ойыншықтар жасайтындығын айтып, іс-әрекетке қызығушылығын арттыра түсіп, сабақты аяқтаймын.







Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Ә. Қиянбекова





















Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:19-23.11.2018ж

Сыныбы:МАД.1А.2А

Пән мұғалімі: Илиясова Ж

Сабақтың тақырыбы:

Танымдық жұмыс. «Бұл қай кезде болады?»

Сабақтың мақсаты:

1.Баланың табиғат туралы білімін кеңейту.

2. есте сақтау қабілеттерін дамыту, қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу

Коррекциялық мақсаты:

Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыра отырып танымдық есте сақтау, көру ойлау қабілеттерін дамыту

Көрнекіліктері:

 күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал - мәтелдер жинағы, халық болжамдары жазылған жинақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Бүгін «Бұл қашан болады?» тақырыбын өтеміз.

- Балақай, бүгінгі күз мезгілі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көз алдымызға елестетіп көрейік.

Баланың жауаптары:

- Балалар мектепке, балабақшаға бара жатыр.

- Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады.

- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған. Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Тірек сұрақтар:

1. Қазір қай мезгіл?

2. Күз екенін қайдан білдің?

3. Неліктен жомарт күз дейміз?

4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесің?

5. Неліктен күзді жақсы көресің?

6. Күз туралы не білесіңдер?

7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны. Бала серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі екенін ажыратады. Үлгі жауап:

- Мынау - қайыңның жапырағы. Түсі сары, пішіні сопақша болып келген.

Дәптермен жұмыс

а) Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.

Элеватор - мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.

Егіс алқабы - бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала.

Қырман - астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.

ә) Бидайдың сабағының суретін салу.

б) Жұмбақты шешу. Шешуі: бидай.

Сабақты қорытындылау.

Мұғалім:М. Әлімбайдың «Алтын күз» өлеңін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді, сұрақтар қояды.

Сарғайды тоғай,

Сап - сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

- Маңай, айнала неге сап - сары? Тоғай неліктен сарғайып кеткен?

- Құстар қайда және не үшін қайтып кетті?

- Маңай деген сөзді тағы қалай айтуға болады? (Айнала).

- Құстар қайтып кетті дегенді ше?

- Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Сұрақтарға жауап беру.

1. Күзде жапырақтарда өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?

2. Жапырақ түсуі қай кезде басталады?

3. Күзде бау - бақшада қандай жұмыстар жүргізіледі?

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап сабақты аяқтау.








Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Ә. Қиянбекова


























Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:26-30.11.2018ж

Сыныбы:МАД. 1А.2А

Пән мұғалімі: Илиясова Ж

Сабақтың тақырыбы:

Мен табиғатты сүйемін.

Сабақтың мақсаты:

1.Баланың табиғат туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргені мен аңғарғанын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету

2.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Коррекциялық мақсаты:

Табиғатты аялауға әсемдікті көре білуге баланы тәрбиелей отырып ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі :

Табиғат туралы суреттер, өлеңдер

Жүргізу әдісі: түсіндіру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

б)Ауа райына көңілдерін аудару.

2.Жаңа сабақ:

 Сабақтын мақсатын айту.

Балаға қойылатын жетекші сұрақтар:

1. Көктемде неше ай бар?

2. Қай айдан басталады?

3. Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?

4. Айтшы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? (Ұзақ, қараторғай, су құстары).

а) Педагог баланың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтырады.

- Қыстың күзден айырмашылығы неде?

- Қыста адамдар қалай киінеді?

- Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?

- Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?

- Қысты неліктен көңілді деп айтады?

ә) Жұмбақтар шешу.

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

(Қар)

3. Оқулықпен жұмыс 

Т. Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқиды.

4:Сөздік жұмысын жүргізу.

 Шартылдайды - сартылдайды, тарсылдайды. Қып - қызыл отпен белгі - бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр.

Өпкен жел - бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.

-Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.

5. «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойыны.

 Шарты: себет - тегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол,гүлді сипаттайды.

Мысалы: бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, т.б.

-Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.

6.Сабақты қорытындылау.

- «Өрік ағашы» әңгімесін оқу.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгенін сұрап сабақты қорытындылау.










Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Ә. Қиянбекова
































Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі:

Сыныбы:3А 4А

Пән мұғалімі: Илиясова Ж

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы сөздер құпиясы.

Мақсаты:

  1. Оқушыға сиқырлы сөздер таныстыру, сөздерге сөйлем құрай білуге үйреті

  2. Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

  3. Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2. Мақал мәтелдер.

а) Өтірікші алдымен өзін алдар

ә) Бір өзі өтіріктің бар сөзі өтірік.

б) Өтірік өрге баспайды.

в) Шындық бәрінен де күшті

3. «Сиқырлы сөздер»

Оқушыға сиқырлы сандықша беріледі. Сол сандықшада сиқырлы сөздерді оқып, оқушы ө ойынан сөйлем немесе әңгіме айтуы керек.

(Бақыт, сенімдік, шыншыл, т.б )

4. Сергіту сәті: Аю

Мен аю қорбаңдаймын,

Бал арадан қорғанбаймын.

Омартаны аралаймын,

Аяқ қолды жаралаймын.

  1. «Сыншы бала» әңгімесін оқып беру.

  • Әңгіәме кім туралы айтылған?

  • Баланың сыншыл екенін қалай білуге болады?

  • Сыншыл болу үшін не істеу керек?

  1. Сабақты қортындылау.

-Бүгінгі сабақта қандай тапсырма ұнады?

-Көңіл күйің қалай?




























Пәні: Түзету- дамыту №11

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы сөздер құпиясы.

Мақсаты:

1Теректің суретін салу арқылы оқушының өз суретін қайда орналастыруын түсіндіру:

2Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

3Ұқыптылыққа, ізденпаздылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.»Терегім»

Оқушыға теректін суретін беріп, сол терекке отбасы мүшелерінің суретін терекке орналастыру.

3.Сергіту сәті:

Екі алақанды ашамыз.

Жұмсақ допты алақанда ұстаймыз.

Допты қатты қысып ұстаймыз, көзді жұмамыз.

Допты босатамыз, көзді ашамыз.

Мақал –мәтелді аяқта.

1 «Сіз» деген –әдеп,

«Біз» деген - ......

2.Ана алдыңда – құрмет

Ата алдында - .......

3.Көпті сыйлағаның .....

4.Ақыл –тозбайтын тон

Білім - ...........

5.Асыл тастан шығады.

Өнер жастан ....

4.Жаңылпаш жаттап алайық.

1. Бұлт – ау!

Соқтықпа.

Бұл -тау!

2. Жағажай, жағажайда Қамажай!

Жағажайды жағалай,Жүгіреді Қамажай.

3. Ұғымпаз бала.

Болар дана

Ұғымсыз бала

Қалар шала.

5.Сабақты қортындылау.

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Қандай тапсырмалар ұнады.?












Пәні: Түзету- дамыту №12

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Дүниеде жоқ жануар.

Мақсаты:

  1. Оқушыға өз қиялындағы жануардың суретін салуға көмектесу, үйрету.

  2. Оқушының есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.

  3. Ұқыптылыққа, ізденпаздылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сурет салғызу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Оқушыға сабақтын мақсатын айту.

«Дүниеде жоқ жануар» тақырыбы бойынша сурет салғызу, бақылау ,әңгімелесу.

-Салған жануарыңның атын қой.

-Қандай түстерді қолдандың?

-Салған суретің өзіңе ұнады ма?

а) Мұғалім хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып береді. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар - көк кит, ең ұзын жануар - керік туралы мәлімет беріледі.

ә) Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалар көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.

3. Тыныштық сәтін өткізу.

а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Хайуанат - жан - жануарлардың жалпы атауы.

Хайуанаттар бағы - жан - жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

б) Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Оқушы педагогтің көмегімен торда түрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.

Қасқыр - ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.

Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын деп атайды.

Аю - ірі денелі, икемсіз жануар. Ол - жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды.

Сондай - ақ піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.

в) Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, аң аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.

г) Жұмбақтар шешу. Шешулері: қоян, піл.

ғ) «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді.

4. Сабақты қорытындылау.

а) Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімін пысықтау.

ә) Сабақ баланың жануарлар туралы білетін өлең - тақпақтар айтуымен аяқталады

Пәні: Түзету- дамыту №13

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Менің ақылды қөмекшілерім.

Мақсаты:1.Оқушымен саусақпен ойын жаттығуларын орындату, үйрету;

2. Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;

3. Оқушыны адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Саусақпен ойындар

«Бүлдірген жинаймыз»

Сол қолының ұшы ( саусақтары төмен түсірілген) бұтақта тұрған бүлдіргенді келтіреді. Оң қолымыздың саусақтарымен бұтақта тұрған бүлдіргенді түсіріп аламыз.

«Саусақтар амандасады» Саусақтарының ұштары бір-бірімен жұғысады: шынашақ саусақ шынашақпен, бас бармақ бас бармақпен.

«Саусақтар жуынады»Бір қолдың қайырылған саусақтары екінші қолдың саусақтарымен түйісіп жыбырлайды.

«Саусақтар адымдайды»Оң қол оң жаққа адымдайды, сол қол – сол жаққа.

«Сақина»Оң қолдың үлкен саусағы әрбір саусақпен қосылып сақина жасайды да сол қолдың әрбір саусағына кигізіледі: үлкен басқармақпен – басбармаққа, үлкен ортаншымен-ортаншыға т.б.с.с «Айна»Үлкен адамның істегенің оның артынан әрбір саусақтың қимылын әртүрлі қайталайды.

«Гармон»Саусақтар ашылған алақандарымен бірде ашылады, бірде жабылады.

3.Сабақты қортындылау.

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Бүгінгі ойын сабағымыз ұнады ма?

-Қандай ойындар ұнады.?
































Пәні: Түзету- дамыту №14

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Бөлме ішіне бағдарлау .



Мақсаты: Кеңістік ұғымын қалыптастыруға арналған ойын-сабақ.

Ойын: «Қуыршақ бөлмесіне жиқаздарды орналастыр» деген ойынды ұйымдастыр немесе ауылда серуенде жүрген кезде Тәрбиешінің ұсынысы бойынша мына тапсырмаларды орында. 10 қадам алға оңға бұрылып, 5 қадам жүр, сонан соң 3 қадам артқа сияқты. Тағы басқа тапсырмаларды орындауға болады. «Ойыншықты тап», «Бала қайда тығылып жүр» т.б ойындарды ойнауға болады.

-Бұдан соң баланың өзінің дене мүшелерін (Оң қол, сол аяқ т.б) кеңістікке қатыстыру немесе затты затқа қатыстыру арқылы алдында, оң-сол жағында, жоғары-төменде не бар деген сияқты сұрақ қойып тапсырмалар орындатуға болады.

-Өз маңындағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрен: ілгері қарай ілгеріде, алда-алдыңғы жақта, артында-арт жақта, оңға оң –жағында, солға жол жағында. Серуен кезінде де ағаштарды өзара қатыстыру арқылы кеңістікте орналасуын ажырату керек.

Баланың заттарды салыстыра білуін тексеру.

-Кеңістікте орналасқан ұзын-қысқа, биік –аласа, жалпақ-жіңішке, тар-кең деген сияқты заттардың маңызды белгілерін салыстыру кезінде көпшілік бала қиналады.

-Біріншіден ьала жалпылама үлкен –кіші деп жалпылама айта салады.

Зерттеуші ерекше көңіл бөліп тыңдап ұзын лентаның орнына улкен лента, қысқа лентаның орнына кіші лента деп айтпауын қадағалап, қателессе түзету керек.

-Аласа –биік бағана дегеннің орнына үлкен –кіші бағана деп айтуымүмкін. Баланың белсенділік сөздік қорының ішінде биікті,-аласа, қысқаны ұзын, кең-орын тар.


































Пәні: Түзету- дамыту №15

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: «Кім қалай дауыстайды?»

Мақсаты:

  1. Оқушыға жануардың қалай дауыстайтының үйрету.

  2. Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

  3. Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту.

- Қандай жануарлардың дауыстарын білесің?

-Ерекше дауыстайтын жануарды ата.(түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі ,есек.т.б)

3.Дидактикалық ойын: «Төлін тап».

Ойын шарты: Үй жануарлары суреті көрсетіледі.. Бала әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.

«Төлдер айтысы» ертегісімен баланы таныстыру.

- Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?

- Лақ не айтты?

- Құлын ше?

- Бұзау не деді?

- Қошақан, бота не деді?

- Адам не деп жауап берді?

4Сергіту сәті: Айналайын торпақ,

бола берме қорқақ

, Айналайын қозым,

малда жуас бозым.

Айналайын ботам,

қандай күлте жотаң

, Жалт-жұлт етіп лаң,

жағалайсың бұл аң.

(Қимылмен көрсетеді).

5.Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.

Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым)


Тастан тасқа секірген ұзын салпаң құлақты,

Қойдан маза кетірген, кім біледі ... (лақты)

Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... ( қозы)


Қорытынды:


- Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

- Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.

- Малдарды қалай шақырады?










Пәні: Түзету- дамыту №16

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Орнын тап

Мақсаты:

1.Оқушыға сөздерге сөйлем құрай білуге үйреті

2.Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, ізденпаздылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

Жаңа сабақ . сабақтың мақсатын ашу.

Оқушы мен мұғалім шеңбер бойына отырады. Мұғалім балаға допты лақтырып, сөйлемнің басын айтады. Бала сөзді аяқтап, допты кері лақтырыды. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса , өз өнерін көрсетеді. Сөздердің нұсқауы:

Компазитор музика құрастырады, ал әнші ....

Қазақстанда қазақша сөйлейді ,ал Англияда....

Балерина билейді, ал пианист....

Германияда немісше сөйлейді, ал Полшада ....

Лимон ащы, ал қант ...

Шөп жасыл,ал аспан...

Ағашты аралайды, ал шегені ...

Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ...

Құс ұшады ал жылан...

Кеме жүзеді,ал машина...

Шиені жейді, ал шәйді ....

Әнші өлең айтады, ал құрылысшы....

Түнде қараңғы, ал күндіз...






















Пәні: Түзету- дамыту №17

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтарды сипатта.

Мақсаты:1. Баланың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. ойыншығын сипаттай білуге, сөздерге сөйлем құрай білуге үйрету.



2.Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету. сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту.

3Адамгершілікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу .

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ .Сабақтың мақсатын айту.

-Балақай ,сенде қандай ойыншықтар бар?

. Қанекей, екеуміз бірге қосылып айтайық:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Мұғалім:

- Сенің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

- Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Дәптермен жұмыс: Қ.Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату.

Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).

Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.

Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.

Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),

Мінем оған қарғып-ақ.

Мына тұрған қояным (қоянның суреті),

Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.

Сөздік жұмысы:

- Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.

- Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.

Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».

Ойын шарты: Мұғалім сөйлемді бастап береді, бала аяқтайды.

- Менің ойыншығым ... /әдемі/.

- Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/.

- Допты жоғары ... /лақтырдым/.

Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу.

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бұл дірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

(Саусақпен, аяқпен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс:

- Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт.

- Жұмбақтың шешуін тап.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды,

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон).

Қорытынды:

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

- Қандай ойыншық түрлерін білесің?

- Ойыншықты кімдер жасайды?

- Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?


















































Пәні: Түзету- дамыту №19-23-36

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Әуенді терапия .Астана—Бәйтерек.

Мақсатым: Тәуелсіз Қазақстан, Астана, Бәйтерек туралы мағлұмат беру, түсініктерін дамыту, бекіту. Әнді мұқият тыңдау, оның көз тартарлық жерлеріне деген қызығушылық, мақтаныш, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Пайдаланылатын құралдар: Астана қаласының, «Бәйтерек» құрылысының көріністері.үнтаспа

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: Астана қаласының тарихы туралы, көрнекті жерлері, өсем ғимараттары туралы түсінік беру.

Іс-әрекет кезеңі.

Астана қаласы бойынша саяхат (аудио, видео).

Ән тыңдау. «Қызылқұмда ауылым», «Астана». Үнтаспа.

- Астана туралы не білесің?

- Астана қаласы бұрын қалай аталды?

- Астананың қандай көрікті орындарын білесің?

- «Бәйтерек» туралы не білесің?

- «Бәйтеректің» төбесінде не бар?

Әнде Астананың керемет келбетіне деген сүйіспеншілік бар. Астана - жас болса да бас қаламыз, мақтанышымыз. Есіл өзені бойында орналасқан әсем қалаға қарасаң көз тоймайды.

«Бәйтерек». Музыкасын жазған Б. Әлімжан.

Бәйтерек - өмір ағашы. Салмағы 300 тонна болатын шар хамелеон шыныдан жасалған. Күн сәулесінің түсуіне қарай түсін өзгертіп тұрады.

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ән ұнады?

Ән айтар алдында денені тік ұстап, қолды екі тізеге қойып, дауысты жаттықтырамыз. Әнді айтқанда иықты көтермей, терең дем алып, демді біртіндеп жіберу керек.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Шарлармен би».

Би қимылдарын жасағанда әркез денені тік ұстап, жеңіл қимыл жасауға дағдылану қажет. Музыка әуенімен шарды жоғары көтеріп, оңға, солға иілу және шарды жоғары ұстау. Баланы би қимылдары арқылы әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Психологиялық жаттығу: «Қандай қалып?»

Қорытынды: Мен сенмен Астана, оның көрікті орындары, Бәйтерек туралы әңгімелесіп, ол туралы ән айтып, музыка тыңдадық. Бүгінгі іс - әрекетіміздің қай кезеңі саған ұнады?

.




















Пәні: Түзету- дамыту №24

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Кемпірқосақ.



Сабақтың мақсаты: Негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді алу дағдыларын қалыптастыру Қызыл + сары = қызғылт сары көк + сары = жасыл, қызыл + көк = сияқөк.

Қажетті құралдар: палитра, бояулар, қылқалам, қағаздар, су, сүлгі әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы:

- Бүгін бізге "Бояушылар" елінен қылқалам қонаққа келіпті. Сені өзінің әсем де сәнді еліне қонаққа шақырады. Ол жаққа бару үшін бізге үлкен түрлі түсті көпірден өтуге тура келеді. Осындай түрлі түсті көпірдің суретін өзің салып көр. Ол үшін алдымен дәптеріңді ашып қараңдар, кемпірқосақтың жеті түсін естеріне түсіріңдер (дәптермен жұмыс).

Балаға негізгі түстерді түсіндіру және оларды бір-біріне араластыру арқылы қосымша түстерді алуға болатынын көрсету. Палитрада бояуларды араластырып көреді.

Oйын "Түстерді таңда".

Балақай екі түсті араластырып, үшінші түсті алуды үйренген соң, 4-5 бояуды басқа жаққа алып қойып, өзінің алған түсі қандай бояу түстерінің қосындысы екенін айтып береді.

- Аспанда нағыз кемпірқосақ жаңбыр жауғаңнан кейін пайда болады. Сендердің алдыларың дағы ақ қағаз аспан әлемінің бір бөлшегі деп есептеңдер.

Тәрбиеші қағазды қалай сулау керектігін көрсетеді (жалпақ қылқаламмен қағаз бетін таза сумен жуып алу).

- Қағазға су сіңіп болған соң сурет салуды бастаймыз. Кемпірқосақтың суретін салу үшін қандай түсті бірінші пайдаланамыз, ұмытып кетпеңдер, жоғарыдан және қызыл түстен бастаймыз.

Баланың өз бетінше жұмыстары.

Баланың түстерді қалай таңдайтынына және қағазға қалай сызып салатынына назар аударып, бағыт беру. Балалар жұмыстарын талдау. Талдау барысында тәрбиеші өлең оқиды.

Кемпірқосақ.

Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Көкте қызыл-жасылды, Кемпірқосақ ашылды.

М.Әлімбаев.



Пәні: Түзету- дамыту №22

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: «Жаңа жылға сыйлығым» Шыршаны безендіреміз.

Сабақтың мақсаты. Баланың өз ойынан қиып жапсыру дағдысын қалыптастыру. Ой-қиялын шығармашылық қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, шырша қиып жапсырылған қағаздар.

Сабақтың барысы. Шырша жайында өлең оқылады. "Жаңа жыл келді". Сөзі. Д. Қанатаев. И. Нүсіпбаев.

Бізге жаңа жыл келді, Ойыншықты мұншама,

Аяз ата бізге енді. Кім ілді екен шыршаға?!

Алақай, айнала түрленді, Алақай, айнала түрленді?!

Балақай би биле, тұрма енді! Балақай, би биле тұрма енді!

Шыршаның ойыншықтарын көрсетіп, осындай шыршаны безендіретіндерін айтады. Шыршаға ілінген ойыншықтарды қарап көреді. Әр балаға өзіне берілген шыршаны безендіру ұсынылады. Балалар шыршаны өз ойларынан, кергендерінен еске түсіріп, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып жасайды. Балаларға ойыншықтарды қиюға және онымен шыршаны безендіруде дұрыс орналастыра білуге бағыт береді. Ұқыпты жұмыс істей білулері қадағаланады.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар жұмыстарын талдау

Жаттығу. «Заттың қолдануы»

Қандайда бір таныс заттың аты аталады, мысалы «Кітап». Қолданудың түрлі тәсілдерін тізіп шығу қажет: «кітап үстелдің үстіндегі түрлі қағаздарды өзгелерден жасырып қоюға, заттың астына тірек ретінде пайдалануға»т.б

Заттың атқаратын функциясын кім қолданса да сол жеңіске жетеді. Тапсырма затқа шоғырлануға, оның кездейсоқ құбылысын ашуға қабілеттілікті дамытады.






















































Пәні: Түзету- дамыту №22

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы:Жаңа жылға сыйлығым.Қар ханшайымының әдемі өрнектері.

Сабақтың мақсаты: Бейнелі өрнекті көре білу іскерліктерін дамыту. Жіптердің көмегімен белгілі бір бейнені бере білу дағдыларын қалыптастыру. Түстердің үйлесімділігін сезіну, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: жіптер, көк түсті гуашь бояу ақ қағаз, әліппе - дәптер.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға өлең оқиды. "Суретші қыс". К.Нүсіпов.

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек, ақ мамық

Аунап таза ақ қарға.

Балалар жүр мақтанып.

Тазартып бар кір шаңын,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан;

Сурет салып тастады.

Балалардың көңілін терезедегі аяз өрнектеріне аудару, шығарманың мазмұнымен байланыстыра отырып түсіндіру Осындай суреттерді Қар ханшайымы да салғанын айтады. Бүгін біз сиқыршыға айналамыз да осындай әдемі өрнектерді сиқырлы жіптердің көмегімен өзіміз де саламыз. Тәрбиеші жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді:

- алдымен жіпті бояуға тұтас батырып алу шүберекпен артық бояуды сүрту;

- жіптің бір ұшын ұстап, екінші ұшын қағаздың бетіне түсіру қағазды жабу;

- қолмен қағаздың үстінен сипап шығу үстіндегі қағазды алу; Аязды өрнектерге ұқсайтын Қар ханшасының суреттері пайда болады.

Балалардың оз беттерінше жұмыстары.

Жұмыстарының ішінен ең сәтті шыққан жұмыстарды таңдап алады. Балалар жұмыстарын талдау
























Түзету- дамыту №25

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: «Алдар көсе» ертегісі. Алдар Көсе мен бай баласы.

Мақсаты: 1.Оқушыларды халық ауыз әдебиеті үлгісі-аңызбен таныстыру. Мәтінді

түсіне,мәнерлеп оқуды үйрету.

2.Өздігінен жұмыс жасай білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды әділ болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі:Алдар Көсе суреті

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Алдар Көсе мен бай баласы”

3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Аңыз-белгілі бір адамның атына,іс-әрекетіне байланысты туады.

Аңыздағы әңгіме тарихта болған адам төңірегінде құралады.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.Әңгімені рөлге бөліп оқыңдар.

-Алдар Көсе кімге жолығады ?

-Ол салт аттыны қалай алдайды?

-Бай баласы алданғанын біліп,не істейді?

-Алдар көсе туралы тағы қандай әңгіме білесіңдер?

3.Сергіту сәті

4.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға рөлге бөліп оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.

5.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс

Көркем жазу минуты.Гг \сөздер жазу\.

Тапсырма: Сөздерді буынға бөліп жаз.Сөйлем құра.

Кітап,алма,балапан.



Түзету- дамыту №27

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Есту қабілетін дамыту

Мақсаты: 1Есту қабілетін және ойлау қабілетін дамыту.

Суреттерді көрсету және атау арқылы, көру, есту қабілеттерін тексеру.

Сабақтың көрнекілігі:слайд.сурет

Жаттығу;дыбыстарды ажырата білу, төрт түліктін дыбысын қалданамыз

Мазмұны: Төрт түлектін дыбысын естейміз, қалай естілсе солай дыбыстаймыз.

Езу тартамыз, аузымызды ашамыз.

Тілді жоғарғы тістерге көтереміз де, “З”дыбысын айтамыз.(егер бала дыбысты дұрыс айта алса)

Бала жаттығуды орындау барысында аузын жауып алатын болса,

Барабан” жаттығуындағы сияқты қосымша механикалық көмекпен пайдаланамыз.





Ат”

Мазмұны:

Езу тартып, күлеміз.

Тілдің ұшымен аттар секілді тақылдатамыз.

Ауыз ашық болады, тілдің ұшын үшкірлейміз, созбаймыз. Тілдің ұшы ішке бұралмау керек, астыңғы иектің қимылдамауын қатты бақылау керек.

Мазмұны:Жаттығудың шарты бойынша біз сызықша жүргізу арқылы “өзіңнен әрі”(ұзын-қысқа), “өзіңе қарай” сонан соң жарты дөңгелек жасаймыз. “Бұл не?” яғни осы сұрақты ашу арқылы қандай заттар екенін тануымыз керек

Білімді тексеру кезеңі:Бүгінгі сабақ та өткен тақырыптарды есте сақтадық па?

Бекіту кезеңі: Қортындылау

«Мүйізді ешкі»

Көрсеткіш пен шынашақ саусақ тік ұсталған, басбармақ– ортаншы мен шынашаққа


















































Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: : Бағдаршам және көлік түрлері

Мақсаты: 1. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

2. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту.

3. Жолда жүру ережелерін меңгерту.



Балаларды шеңбер құрғызып тұрғызу.


Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік



Бағдаршамы бар көше мен бұрылыстарға саяхат жасату. Ауыл педагогтері бағдаршамы бар үлкен даңғыл бейнеленген плакатты пайдаланады. Балалардың назарлары бағдаршамның жұмысына, машиналардың арлы – берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне назар аударылады. Жол жүру ережелерімен таныстырады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше жол бойына қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіреді.


Ә.Табылдының «Бағдаршам» деген өлеңін оқу.

«Көлік түрлері қайда?» дидактикалық ойыны. Жол белгілерін ата!?


Жолда жүру ережесі:

1.Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.

2.Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.

3.Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.

4.Көшенің кез келген жерінен өтуге болмайды.

5.Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.

Жол түрлерімен (машина жүретін жол, жаяу жүргінші жүретін жол, екі бағытқа бөлінетін жол, екікөшенің түйіскен жерімен) таныстырады, суреттен көрсетеді. Егер бағдаршам жоқ болса, жол тәртібін реттеушіге бағыну қажеттігі айтылады. Жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы бала өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі.

Дәптермен жұмыс:

1.Сурет бойынша жолда жүру ережелерін еске түсірту, қайталату.

2.Суреттегі көлік түрлерін үш топқа (ауадағы, судағы, жердегі) бөліп атау.

3.»Суретте не артық?» дидактикалық ойын жүргізу.

4.Суреттегі көлік түрлерін бір-бірімен салыстыру.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау Сұрақтар:

1.Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек?

2.Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады?

3.Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді?


















Пәні: Түзету- дамыту №30

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Айдаһар.

Сабақтың мақсаты: Гуашь бояумен сурет салу техникасымен таныстыру. Түстерді ажырата білу сезімдерін дамыту, жұмыс барысында түстерді мәнерлі пайдалану. Кейіпкердің сипатын суретте бере білуге баулу.

Қажетті құралдар: Гуашь бояу үлкен-кіші қылқаламдар, оны қоятын тұғырлар, су, сүлгі, қатырма қағаз.

Сабақтың барысы. шығармашылық әңгіме.

- Шығыстағы белгісіз бір жұмбақ елде өздері киім тігетін, әр түрлі ыдыстар жасай алатын адамдар тұрады. Сондай-ақ олар көктемде ақ және қызыл түсті гүлдері бар ағаштар отырғызады. Осы елдің халықтары сурет салуды жақсы көреді екен. Айдаһардың суретін салу ең сүйікті тақырыбы. Айдаһарлар әр түрлі болады: Біз бүгін әр түрлі бояулар алып, айдаһарларды салып көрейік. Мұндай қиял-ғажайыпты салу үшін олардың денесіне, құйрықтарына, басын салу үшін түстерді таңдап алу маңызды.

Баланың өз бетінше жұмыстары: «Айдаһар»құрастыру. (Пазл)

Бояу түстерімен айдаһардың бейнесінің ерекшелігін аша түсуге болатынын ескерту.

Баланың жұмыстарын талдау «АйдаҺар»

Ойыншылар бір-бірінің белдерінен ұстап,сызық бойында тұрады. Бірінші ойыншы- басы,соңғысы айдаҺар құйрығы. АйдаҺардың басы құйрығына жетіп ,оған қолын тигізуі тиіс. АидаҺардың денесі бөлінбейді. Басы құйрығын ұстаса, ол енді құйрық ролінде болады. Ойын әрбір ойыншы екі рольде болғанша жалғасады.





































Пәні: Түзету- дамыту

Мерзімі: 17-19.03.2014ж Сыныбы: 1в

Пән мұғалімі:Якудаева А

Сабақтың тақырыбы: «Жыр сыйлаймын анама!»Апама.Анаға сыйлаймыз.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқуға үйрету.

2.Оқушыларды сауатты жазуға машықтандыру.

3.Оқушыларды ананы сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2 . Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Апама.Анаға сыйлаймыз.

3. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.

-Бүгін қандай мереке?

-Сендер аналарыңа қандай көмек жасайсыңдар ?

-Ана жайлы қандай өлеңдер білесіңдер?

3.Сергіту сәті Бір, екі, үш –

Қарлығаш боп ұш.

Төрт, бес, алты –

Қарлығаш боп қалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз, он –

Қарлығаш боп қон!



4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.

5.Бекіту кезеңі: Әркімге - өз үйі



Ақ жылтыр бетке үш үй салыңыз: ананың үйі, қызға үй және қуыршаққа үй-үлкен, орташа және кішкентай. Төртбұрыштан – үйдің қабырғасы ал үшбұрыштан үйдің шатыры тұрады. Әртүрлі кескіндерден қағаз бетіне, балаға тура осындай үй салуды ұсыныңыз. Бала үлкен төртбұрышқа үлкен үшбұрыш, ортаншыға – ортаншы және кішкентайға-кішкентайды қою керек.

«Анаңа дастархан жасауға көмектес» тақырыбындағы ойын.

Дастархан жайылған үстелдің ортасына гүлмен құмыраны қой.

Құмыраны сол жағына, нан салатын ыдысты, оң жағына бұрышпен тұз салған ыдысты қой. Қасық, шанышқыны оңмен сол жағына рет-ретімен қой. Ас ішетін үлкен табақтың үстіне, орташа табақ қой, табақтың оң жағына пышақ пен қасық, сол жағына шанышқы, т.б. Осы сияқты «ертеңгілік немесе кешкі тамаққа дастархан жаса» деп ойынның түрін өзгертуге болады.

Кеңістік ұғымын қалыптастыруға арналған ойын-сабақ.









































Пәні: Түзету- дамыту № 29

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Мен және менің болашағым

Мақсаты: Оқушының өз болашағына сеніммен қарауға,арманы мен мақсатына жетуді үйрету. Ой- өрісін дамыту, тәрбиелеу.



«Мен сияқты жаса».

«Санайық»

Сабақ қорытындысында көңіл-күйге назар аудару.

  1. Зейіннің ауысу қабілетін дамыту жаттығуларын балаға естіртіп бірнеше сөз тіркестері айтылады. Мысалы: ойынның шартындағы келісім бойынша үстел, төсек, қой, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, торғай, шанышқы т.б. тәрбиешінің айтқан сөзін зер салып тыңдап отырады. Мысалы: жануарларды білдіретін болса, жануарлардың атын естіген сәтте алақанын шапалақтау керек. Бала қателесіп кетсе сөздерді қайталап анық айтсын. Ойынды екі рет қайталағанда уәде бойынша өсімдікті сипаттайтындай болуы керек.

  2. Келесі нұсқасында 2 бөлімді қосып өткізуге болады. Яғни жануарлар туралы айтқанда орнынан тұрады. Осы сияқты жаттығулар ұйымдастыру.

  3. Баланың зейінін тез ауыстыруға, жылдам шоғырландыруға, бір мезгілде бірнеше объектіге бөлуге, зейінде дамытуға арналады.

Жаттығулар

Оқып, санай алатын балаларға 5 қатар етіп ретсіз жазылған әріптер тіркесін ұсынып, әр қатардағы әріп тізбегінің ішінде кездейсоқ ұшырасқан сөздерді оқиды да оның астын сызып қояды. Бұл сөздер 2-3-4-5 әріптен құралған болуы мүмкін. Әріптер мен сөздерді анық етіп қолмен немесе машинамен жазуға балаларды қызықтыру үшін күлдіргі сөздерді жазуға болады. Нәтижесін қорытындылау сөзді табу жылдамдығына және табылған сөздің санына қарай бағытталады. «Түгелдеу - шатастыру» ойыны



Мақсаты: Еріксіз зейінді дамыту.

Жүргізуші сол жерде отырған балалардың атымен, тегін қате айтады. Балалар зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айтқанда ғана алға шығады.

Егер кімде-кім қателессе ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ, жаңылтпаш, әзіл өлең).



«Не өзгерді?» ойыны



Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Ойынның шарты:

Үстелдің үстіне бірнеше зат я болмаса кішкентай ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін алып тастайды да қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.

Осы ойынның басқа нұсқасы ретінде, келесі тапсырма заттардың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншыларға үстелдегі заттардың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтау ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да не өзгергенін табу ұсынылады.

Егер бұл ойын балаларға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қолданады.

























Түзету- дамыту №31

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Өзім туралы құпиям.

Мақсаты: : Логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді дамыту

Жаттығу «Менің қорқынышымды түсін»

Бұл жаттығу баланың қорқыныш қашықтануынан қабылдау қорқыныш проблемасынан құрылған.

Қатысушыларға тапсырманың жолақ ережесін таратады, бір жағында сөйлем жазылған, ал екінші жағында соның жалғасы болады. Құрдастары не айтқысы келді бұнымен қатысушыларды 2-4 адамнан тұратын аз топқа бөлуге болады, әр топқа бір карточкадан беріледі. Балалар әр сөйлемнен қандай әр түрлі түсініктеме ажырата білу керек. Мысалы; карточканың бір жағына жазылған: «маған қорқынышты, қашан ...»; екінші жағынан; «... мен жаңа адамдармен танысамын». Түсініктеме: бірінші танысқан кезінде адам оған сенімсіздеу болады немесе адам жаңа жағдайда өзін қалай ұстауын білмейді. Осы жағдайда балалар тапсырманы жасай отырып айта бастайды, оларда көптеген қорқыныш пайда болады. Сіз осы бейне арқылы шеше алмай жүрген ақпаратқа дәлелдеме аласыз.

Жолақ 1.

Маған қорқынышты қай кезде...

Мен жаңа адамдармен танысқанда басқалар менің істеген жұмысымдыбақылаған кезде.

Маған сұрақтар қойғанда және оларға жауап беретін кездегі қорқыныш

Жолақ 2.

Мен қорқам, егер...

Мен туралы басқалар қалай ойлайды. Маған қарсылық білдіреді.

Маған біреу қарсы екенін сеземін.

Жолақ 3.

Мен түсінемін, қай кезде қорқатынымды. Қорқам. Менің қолым мұздап кетеді. Маған нашар болады. Басым айналады.

Осы кезеңнің мақсаты-қорқыныштың пайда болуы көрсету және одан өзін-өзі ұстау жолын анықтау. Не себептен адам қорқады, не үшін табиғат осылай жасайды, адамдар да не үшін қорқыныш пайда болатынын балалармен бірге талқылау. Осыдан кейін сұрау керек, кімде кім қорқынышқа шыдай білсе, онда сол адам жеңе біледі, бұл қалай болуы мүмкін. Балалардың көңілін мынаған бөлу керек, қорқынышты жасыру және оны жеңе білу-мінезді әр түрлі жолдарына байланысты.



« Әңгіме құрастыру» ойыны.



Нұсқау: Әр ойыншы кезекпен 1 – 1 сөзден айтып шығады, нәтижесінде ортақ әңгіме пайда болуы керек. Өз сөзін айтпастан бұрын алдыңғы сөздерді қайталап шығу арқылы сөйлем құрау қажет.





Баланың сөздік қиялын дамытуға арналған жаттығулар.



Балаларға «Егер мысықтарды оқытатын мектеп ашылса, немесе адамдар құс сияқты ұшып үйренсе немесе иттер адамша сөйлей алатын болса, не болар еді?» деген сияқты ойынды ойнауға ұсыныс жасайсыз. Неғұрлым баланың қиялы бай, білімі мен өмір тәжірибесі мол болса соғұрлым күлдіргі қызықты мазмұны шындыққа жақын нұсқалар ұсынылады.







Түзету- дамыту №32

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: «Сықырлы қалпақтың сырын ашайық.»

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.Сыйқырлы қалпақтың сырын ашу, баланы ғажайыпқа сендіру.

«Сиқырлы жұмыртқа».

Әр баланың қолына жұмыртқа тәрізді сопақша қиылған қағаз таратылып беріледі. Осы сопақша қағазды үлгі етіп, қағаз бетіне бірнеше бастырып жұмыртқаның суретін салып сол сопақша бейнеден өз қиялдарымен толықтырып, қалауы бойынша бірнеше бейне ойдан салуына болады.

2.Жаттығу. Белгісізге кілт

Оқушы мұғалімнің қолында не жасырылып тұрғанын табулары тиіс. Бұл үшін олар мұғалімге сұрақ қояды, ол жауап қайтаруы тиіс. Мұғалім сұрақ кәдімгі есіктің кілті секілді белгісізді ашады деп түсіндіреді. Сабақта осындай кілттелген ұғымды сұрақ қою арқылы балаларға шешу тиімді әрі нәтижелі болады.

«Қорапқа түрлі жеміс – жидек салу» ойыны.

Нұсқау: Жүргізуші «Мен қорапқа алмұрт салдым» - деп айтып, келесі ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің түрін қосады. «Мен қорапқа алмұрт пен жүзім салдым». Келесі ойыншыларда осы айтылғандарды қайталап, әрқайсысы жемістің түрін қосып отырады. Ойын осылай жалғаса береді.









Түзету- дамыту №38

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Мультсериал көру.

Мақсаты: Көру,есту,естесақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Көріп қиялдауын дамыту жаттығулары.



Суреттегі бейнелерді пайдалана отырып, заттың толық аяқталмаған бейнесін аяқтап салып, басқа бір қызықты күлдіргі заттың бейнесінің суретін салу және аяқтауды ұсыныңыз. Бала суретті салып біткен соң ненің бейнесін салғанын әңгімелеп айтып беруін талап етіңіз.









Шыбық тимес шыңқ етер” ойыны.



Мақсаты: Ойын баланың өзіндік бағасының жоғарылауына, эмпатиялық дамуды жетілдіреді.

Мазмұны: Тәрбиеші балалармен бірге бірнеше сабақтарда пиктограммалы үлестірмелі қағаздар суретін салады. Балалармен әрбір пиктограммалар қандай мағына беретінін пікірлесу қажет. Мысалы: күлімсіреп тұрған адамның суреті-көңілділіктің, бірдей салынған конфеттердің суреті-жақсылық пен адамгершіліктің мағынасын білдіреді.

Егер балалар оқи алатын болса жаза алса пиктограмманың орнына қандай да бір жағымды мінез сапасын жазуға болады (міндетті түрде жағымды). Әр балаға 5-8 үлестірмелі қағаз берілді. Жетекші белгісінен кейін балалар жолдастарының арқасына барлық үлестірмелі қағаздарын жапсырып шығулары тиіс.













Түзету- дамыту №34

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Мен өскенде...

Мақсаты: . Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету.

2. Баланың қызығатын заттары арман қиялдарын іске асыруға деген оқушының мүмкіндігі өз бетінше ізденуге машықтандыру.

3.Барлық мамандықтардың қыр-сырына тоқтай келе, болашақта дұрыс жолға түсуге бағыт беру, ойнаса да, өмірге қойған мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд (мамандық иелерінің суреттері)

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)

2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Танысу.Кім болам? Сұрағына жауап беру.Әңгімелесу.Ойын: «Қуыршақ бөлмесіне жиһаздарды орналастыр» деген ойынды ұйымдастыр немесе ауылда серуенде жүрген кезде тәрбиешінің ұсынысы бойынша мына тапсырмаларды орындайды. 10 қадам алға оңға бұрылып, 5 қадам жүр, сонан соң 3 қадам артқа сияқты. Тағы басқа тапсырмаларды орындатуға болады. «Ойыншықты тап», «Бала қайда тығылып жүр» т.б. ойындарды ойнатуға болады.

  • бұдан соң баланың өзінің дене мүшелерін /оң қол,сол аяқ т.б./ кеңістікке қатыстыру немесе затты затқа қатыстыру арқылы алдында, артында, оң-сол жағында, жоғарыда-төменде не бар деген сияқты сұрақ қойып тапсырмалар орындатуға болады.

  • Өз маңындағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрен: ілгері қарай ілгеріде, алда-алдыңғы жақта, артында-арт жақта, оңға оң – жағында, солға жол жағында. Серуен кезінде де ағаштарды өзара қатыстыру арқылы кеңістікте орналасуын ажырату керек.

Баланың заттардың салыстыра білуін тексеру.

  • Кеңістікте орналасқан ұзын–қысқа, биік – аласа, жалпақ – жіңішке, таркең деген сияқты заттардың маңызды белгілерін салыстыру кезінде көпшілік бала қиналады.

  • Біріншіден бала жалпылама үлкен – кіші деп жалпылама айта салады.

Зерттеуші ерекше көңіл бөліп тыңдап ұзын лентаның орнына үлкен лента, қысқа лентаны – кіші лента деп айтпауын қадағалап, қателессе түзету жасап отыру керек.

  • Аласа – биік бағана дегеннің орнына үлкен – кіші бағана деп айтуы мүмкін. Баланың белсенділік сөздік қорының ішінде биікті, - аласа, ұзында қысқа, кең орнына тар.

  • «Түймелер» ойыны

  • Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

  • Ойынның шарты:

  • Әрбір ойнаушының алдында бір-бірден түймелер жиынтығы және ойын алаңы болады. Ойын алаңы тор көзге бөлінген төртбұрыштан тұрады. Төртбұрыштың ішінде тор көздер неғұрлым көп болса және неғұрлым түймелер көбірек пайдаланылса, соғұрлым ойын күрделі болады. Ойын төрт тор көзден тұратын ойын алаңы мен үш түймеден басталады. Бірінші ойыншы өзінің ойын алаңында үш түймені қойып шығады. Екінші ойыншы түймелердің орналасуын яғни қайсысы қайда тұрғанын есінде сақтайды, осыдан кейін бірінші ойыншы өз ойын алаңын қағазбен жауып қояды, ал екінші ойыншы өзінің түймелерінің арасынан керектерін таңдап алып өз ойын алаңында тура сондай етіп қойып шығуы қажет. Түймелер саны және ойын алаңындағы тор көздер біртіндеп кемиді.

  • Балаға ол үшін күрделі міндеттің шешілуін жеңілдету үшін бос төркөздердегі түймелердің орналасуын баламен бірге сөзбен айтып отыруға болады: «Үлкен қызыл түйме – сол жақ бұрышта, кішкентай қара түйме

  • ортасында, ал сары түйме оң жақ бұрышта». Осылай етіп ауызша айту баланың мақсатқа шоғырлануына көмектесіп, оның шешімін табудың жолын ашады.

  • Керекті құралдар: Түрлі түсті 12, түйме 4,6,9 тор көзден тұратын ойын алаңы.



















Түзету- дамыту №35

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Менің вагоным.

Мақсаты: : Логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді дамыту. Бала өзін қандай вагонға қояды !? Бақылау.

«Поезд» ойыны



Ойынның шарты:

Бұл ойын үшін көлемі бірдей 10 суретті картиналар қажет.

Әрбір сурет поезд вагоны. Суреттерді бес-бестен екіге бөліп береді де алма кезек поезд құрастырады. Поездың вагондары жүріп бара жатқанда ажырамас үшін бір-біріне бекітілетінін біз білеміз. Суретті вагондар да қандай бір логикалық байланыспен бекітілуі қажет.

Мысалы: Қасықты тарелкамен байланыстыруға болады, өйткені, қасықта, тарелкада ыдыс болып табылады. Тарелкадан кейін вазаны қоюға болады, өйткені вазаға да машинаға да су құяды т.б. ең бастысы ол баланың өз «байланыстыруын» түсіндіре алғанында. Поезд дайын болғанда вагондардың қалай байланыстырғанын ескеріңіз.

Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Суреттер мен олардың орналасуын ауыстыруға болады. Керекті құралдар: 10-12 сурет /10х10/

Мысалы: І/ көбелек, гүл, ваза, піл, балық, өзен.

ІІ/ қар, шана, бала, баскиім, мысық, сүт.



Түзету- дамыту №37

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Көңілді шеңбер

Сиқырлы дөңгелектер.

Сабақтың мақсаты: Дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды үйрету, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Әліппе - дәптер, дөңгелек заттардың суреті бейнеленген көрнекіліктер, ақ қағаз, қарындаштар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші көрнекіліктер бойынша өздері көрген суреттердің ұқсастықтарын сұрайды (қарбыз, доп, күн т.б). Дөңгелекке ұқсас заттардың ұқсас белгілерін анықтайды (дөңгелектің бұрыштары жоқ, оны дөңгелетуге болады). Балаларға дөңгелек заттарды атауды ұсынады (алма, түйме, т.б). Сондай-ақ, шеңберге ұқсас заттарды атап айтқызады, салыстырады.

Дидактикалық ойын: "Суреттегі затты аяқта"

Тәрбиеші дөңгелек сызады, ал балалар оның қосымша бөліктерін салады. Оны белгілі бір бейнеге ұқсатады (сурет салуға арналған дәптерге қараңыз). Балалар жұмыстарын талдау.







Түзету- дамыту №39

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Шарлар мен гүлдер

Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету

Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?”



Мазмұны:Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.

1) Интерпритация

Қызыл- қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш қуаттың төмендеуі

Ақ –анықталмаған көңіл-күй.

2) Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды.

Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.



Жылтыр кілемше



Жылтыр қағаздан төртбұрыш қиыңыз. Оның үстіне әртүрлі осындай қағаз немесе матадан кескіндерді қойыңыз. Олар төртбұрыш, үшбұрыш, тікбұрыш болуы мүмкін. Өзіңіздің жасаған кілемшені балаға көрсетіңіз. Бала осыған қарап тура осындай кескіндерді тура осылай қойсын. Кескіндерді дұрыс қоюға көмектеспеңіз, тура осы кезде баланың ақыл – ойы, көзқарасы, қол саусақтарының іс-қимылдары жақсы жетіле түседі. «Үшбұрышты жылжылт... – төртбұрышты түзулеп қой...- домалақты оңға (солға) қарай жылжылт» - деп сөз арқылы көмектесіңіз. Бұларды қолмен бейнелеп көрсетуіңізге болады. Ал бала сіздің іс-тәжірибеңізге қарап өзінің ақыл-ойын, ойлауын, көзқарасын одан әрі жетілдіре түседі. Екі кескіннен тұратын оюдан бастаңыз (мысалы: домалақ және төртбұрыш немесе тікбұрышпен үшбұрыш). Кескіндер түрі және кескіні жағынан бірдей болу керек. Бара – бара қиындатып кескіндердің санын көбейтуге, одан кейін түрін ауыстыруға болады.




































Түзету- дамыту №40

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып әліппе.

Мақсаты: Әріптерден пазл құрастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.



Барабан”

Мазмұны:

Езу тартамыз, аузымызды ашамыз.

Анықтап қайта-қайта Д-Д-Д-Д деп айтамыз.

Дыбысты айту барысында тіл жоғарғы тістерге жабысып тұрады,

Аузымызды жаппаймыз.

Осы жаттығуды орындау барысында көп бала аузын жауып алады.

Осы жағдай болмау үшін тіспен екі бір сантиметрлік таяқшаны немесе осыған ұқсас затты (сызғышты) тістеп тұру керек.



Үндік”

Мазмұны:

Ауызды ашып тілді жоғары ерінге қойып тұрып

оңды-солды қимылдатамыз.

Тілді еріннен ажыратпау керекпіз.

Сонан соң жаттығуды жасауды тездетеміз де “бл-бл-бл” деп айтқызу керек.





Маса”

Мазмұны:

Езу тартамыз, аузымызды ашамыз.

Тілді жоғарғы тістерге көтереміз де,

З”дыбысын айтамыз.(егер бала дыбысты дұрыс айта алса)

Бала жаттығуды орындау барысында аузын жауып алатын болса,

Барабан” жаттығуындағы сияқты қосымша механикалық көмекпен пайдаланамыз.



Кеме”

Мазмұны:

Ауызды ашып ұзақ дем шығарып,

Осы бір демде Ы-Ы-Ы-Ы деп дыбыстау керек.

Тілдің ұшының төмен тұрып ауыз қуысының

түкпірінде болғанын қадағалау керек















Түзету- дамыту №41

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Жаңбыр астындағы адам.

Мақсатым: Тақырыпты түсіндіру ой-өрісін дамыту.есте сақтау қабілетің дамыту.

Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?”

Мазмұны:Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.

1) Интерпритация

Қызыл- қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш қуаттың төмендеуі

Ақ –анықталмаған көңіл-күй.

2) Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды.

Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады. Балалар арасында «Дүкенге баратын дұрыс жолды кім көрсетеді?»

Деген тақырыпта жарыс ұйымдастыру. Сол сияқты бір мекемеге баратын жолдың бағытын түсінікті етіп айтсаңыз балалар сіздің қайда барғыңызды өзі табуы керек. Әрине, сіздің тексеріп отырған бала өзінің баратын мектебіне, ойын алаңына, дүкенге жолда жүру ережесін сақтау ешқандай қатерсіз ондай баратын жолды білу керек. Әңгіме барысында баланы аялдама, бағдаршам, жолдан өту белгілеріне назар аударып, жақын маңда аурухана, мектеп, жүретін жолы, жақын маңда темір жол, шұғыл бұрылыс деген белгілерді де ажырата білуіне мән беруі керек.

Егер бала тұратын жерде автокөлік қалашығы болса, жолда жүру ережесін ажырату қиын емес. Сонымен бірге троллейбус, трамвай, автобус әртүрлі жеңіл машиналар түрін ұқсастығы мен айырмашылығын да сұрау керек. Осының бәрі бала мектепке барғанда математикалық есеп құра білуге көмектеседі.

Баланы математиканы меңгеруге дайындау.

Мектептегі математикалық бағдарламаны жеңіл игеру үшін баланың көлем, форма, кеңістік пен сандық ұғымдар туралы дұрыс түсінігі болуы шарт. Санды ретімен санау, есептеу, салыстыру геометриялық фигураларды ажырата білуге үйретіледі.

Бүлдіршіндер мектепке келген күннен бастап, қарапайым математикалық есептерді де өздігінен шеше алатындай болуға тиіс. Сабақтағы мәселе есептің мазмұны, ондағы кейіпкер балаларға бұрыннан таныс мамандық иелері болуы керек.

Мысалы: «Ағаш шебері төрт орындық дайындады, бағбан жеміс ағаштарын отырғызды немесе сауыншы 10 сиыр сауды, қойшы 8 қойды айдап келді деген ұғымды түсінсе баланың малдың иесі кәсіпкер туралы түсінігі кеңейе түседі».

Баланы мектепке дайындауға кеңістік пен сан және есептік сандар туралы түсінігінің болуының маңызы ерекше /көп – аз, артық – кем, үлкен – кіші деген сияқты/. Мектепке барғаннан кейін де математикалық ұғымды игеру қиындық тудырмау үшін ата-аналар мен тәрбиешілер бірлесіп, математиканы игеруді олардың ой - өрісін кеңейтетіні мәлім.

Баланың кеңістікті бағдарлай алуы.

Дамуында кешігуі бар балалар өзінің күнделікті тұрмыстық қажетіне жақын кішігірім бөлменің ішіндегі кеңістікті ажырата алады.

Ал, бала мектепте өзін сенімді еркін сезіну үшін «кеңістік» туралы ұғымы кең болуы керек.

Мұндай бала мына сұрақтарға жауап бере алуы керек

Түзету- дамыту №42

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Қайда не өседі?

Мақсаты:

  1. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы баланың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, жемістер , көкөністердің қайда өсетінің бір – бірінен ажырата білуге үйрету.

  2. Күз мезгілінің астық, жеміс – жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Ересектердің еңбегін құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Мұғалімнің әңгімесі:

  • Орманда, тоғайларда жаз мезгіліндегідей емес. Құстардың шуылы азайған. Өйткені құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетті. Аққайың мен емендердің жапырақтары өзгеріп, сары түскен енген. Гүлдер мен шөптер солып, қурай бастады.

Сұрақтар:

1.Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

2.Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

3.Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады?

- Күздің бірінші айы – қыркүйек «Алтын күз» деп аталады. Бұл кезде біз бау-бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің екінші айы – қазнды халық желді, ылғалды, жапырақтар көп түсетін кез деп атайды.

Күздің ең соңғы айы – қарашаны«Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды.

Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді. Бозторғай, сары шымшық – қыстап қалатын құстар. Құстар мен жануарларға қамқор болып жүру – үлкен парыз.


Сергіту жаттығуын орындату.


Өзіндік жұмыс:

1.Қ.Шаңғытбаевтың «Алтын күз» өлеңін жаттады.

2.Күзгі жапырақтарды боятады.

3.Табиғи материалдардың маңызы туралы айтып, олардан түрлі заттар жасауға болатындығын түсіндіру. Моншақ тізуге нұсқау береді.

4.Табиғаттағы ең негізгі ережелермен таныстыру.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

Сұрақтар:

1.Күз айларын атаңдар.

2.Күз мезгілінің ерекшелігі неде?

3.Күздің барлық кезеңі бірдей ме?

4. Алтын күз қоңыр күзден айырмашылығы неде?












Түзету- дамыту №43

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Құрастыру.

Мақсаты: Пазлдар құрастыру арқылы ой-өрісін , есте сақтауқабілетін дамыту.



Өздеріне деген сенімділіктерін арттыру ” атты жаттығу



Мазмұны:Жаттығуды орындау үшін алдын-ала шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады. Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шардың ішіндегі тілекті оқиды.

Жаттығу соңында әр қатысушы өз ойын және ойыннан алған әсерін білдіреді.



Менің есімім” атты жаттығу



Мазмұны:Бұл жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады.Қалған қатысушылар мұқият тыңдап отырады.Бұл жаттығу топтың белсенділігін және танысқан адамының есімін тез есте сақтап қалуына септігін тигізеді Мысалы: Сандуғаш сағат, Әсел әлем т.б.



Зейін байқағыштығы мен кеңістік елестетуді дамыту.

«Дұрыс боя»

Тапсырмаға материал. Әр бір оқушыда түрлі түсті қалам мен квадрат сызықтарға бөлінген және үйшік бейнеленген қағаз парақтары болуы қажет.

А) Оқытушы балаларға сол жақтағы 2 үйреткішті көк қаламмен, оң көктің алдындағы үйшікті жасылмен, қызыл түс көк пен сары түстің арасында қалатындай үйшікті сарымен, сарыдан кейін келетін үйшікті қоңырмен бояуды ұсынады.

Б) Оқытушы жұлдызшамен белгіленген тор көзді қара қаламмен бояуды талап етеді. Төмендегі тор көзді жасылмен, ал жоғарыдағы тор көзді сарымен бояуы тиіс. Қара мен қызылдың арасындағы сары тор көз қалатындай тор көзді қызылмен бояу керек.

В) Екі сызықтың қиылысуында орналасқан тор көзді жасылмен, жасылдың оң жағындағысын қызылмен, сол жағындағысын сарымен, қызылдан кейін келетін тор көзді көкпен, сарыдан бұрын келетінін қарамен, жасылдың үстіндегісін көгілдір түспен бояуды ұсынады.

Әрі қарай сабақ бөлімдерінің тек мазмұндары түсіндіріледі.

Шеңберлердің реттік іздерін қарап шығып бос тор көздерді толтыруды ұсынады.






















Пәні: Түзету- дамыту №43

Мерзімі: Сыныбы:

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Құрастыру. (Үй құрастыру.)

Мақсаты:

1.Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру. Қажетті құрылыс материалдарын таңдауға үйрету.

2. Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: құрылыс материалдарымен жұмыс жүргізу барысын түсіндіру, көрсету. Әңгімелеу.

Сабақтың барысы : Мұғалім алдын-ала балаға қала, ауыл суреттерін көрсетіп үй ді салу,бөлмелер жайлы әңгімелеседі. Өз үйі неше қабатты, олардың ерекшелігі жайында айтып береді. Әліппе-дәптердегі үлгі суреттерге талдау жасайды. Тәрбиеші үйдің әрбір бөліктерін мұқият қарауға үйретіп, құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлан деп тапсырма береді. Бір немесе екі қабатты үйлер құрастыруға болады. Олардың ерекшелігі айтылады. Подъездерін, балкондарын қалай орналастыруға болатынын түсіндіріп, көрсетеді. Баланың еңбек нәтижесіне жетудегі іс-әрекетіне басшылық жасалып, бағыт беріледі. Баладан берілген тапсырманы орындау барысын, ретін тиянақтап сұраған соң құрылысты тұрғызуға кіріседі. Бала үйді өзіндегі құрылыс материалдарына сәйкес әр түрлі тұрғызуы мүмкін. Үй тұрғызуда қиындық кездессе, кейбір балаға жеке нүсқау беріледі. Тапсырманы орындау барысында баланың тек қана құрылысты жасау техникасы ғана емес (еденін төсеу, қабырғаларын тұрғызу, пластиналарды қою, т.б.) ұсынылған шартты дер кезінде орындау, қаншалықты дұрыс құрастырды, өздігінен шығармашылықпен не қосты — бәрі ескеріледі.

Бой сергіту сәті өткізіледі. Құрылыс жұмысы аяқтала бастағанда, бала өзінің тұрғызған үйі түзу болды, қай жерін дұрыс құрастырмады, кемшіліктерін тауып, оны қалай түзетуге болатынын айтады.Сабақты қортындылау.






































































Адам бойындағы асыл қасиет.

Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.

Түзету жұмысы: Қалдық көру қабілекттерін дамыту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару

Барысы:
Шаттық шеңбері

Орнымызға жайғасайық.

ІІ.Негізгі бөлім: Тақырыпты ашу

Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер? Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады? Адамда асыл қасиеттерімен қатар қандай жағымсыз қасиеттер болады?

Міне оқушылар,бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық. Сонымен сабақтың тақырыбы «Адамның– асыл қасиеті» .

Қызығушылықты ояту:
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны.

Ана айтты бір өсиет баласына

Бір жолдың шығарып сап саласына.

Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет,

Ақпейіл адамзаттың арасына.

Егерде жол үстінде тікен жатса,

Кірер деп аяғына біреу басса,

Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен

Сол тікенді көтеріп алып таста.

Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер

Соны көрген соңғы жас солай етер.

Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,

Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.

Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз, деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер?

Адам неден жирену керек?

Адам неге үйрену керек?

Әдеп туралы тыйым сөздер:
-Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаңа салып тұрма.
-Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап , тақалып тұрма, ыржалаңдап күле берме немесе мөлейіп тұрма.
-Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, қадала қарама.
-Үйде отырып ысқырма.
-Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе.
-Бас каиімді теппе, айналдырма, аяқ астына тастама.
-Малды бастан ұрма.
-Жасы үлкеннің алдын кеспе.
-Кемтар адамға күлме.

Сәлемдесу әдебі.Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау – мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек.Мысалы кейбір оқушылар өздеріне сабақ бермейтін оқушылармен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, және мәдениетсіздік деп ойлаймын.
Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп,көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде алаңдап,жан-жағына қарау, теңселу, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау-әдепсіздіктің белгісі деп ойлаймын.
Әдемі, таза киіну әдебі. Киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне , талғамына байланысты. Жүріс-тұрысымыз, сөзіміз, ісіміз, киіміміз рухани талғамды қажет етеді. Талғамы жоғары адам ғана өз бойына қонымды, жарасымды киімді таңдап, үнемі таза жүре алады.

Адалдықтың белгісі:

Арамдыққа құл болма, адал болсаң,

Әлсіздерді қинама, адам болсаң Н. Хисра

Мақал сөздер:

Ақыл тозбайтын тон.

Білім таусылмайтын кен.

Ақыл-байлық-азбас байлық

Ақылың болса арыңды сақта

Ар ұят керек әр уақытта.


Әдеп сақта әманда, әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық қайтарады сағанда.

Ынтымаққа қосылда, ықылас қой досыңа.

Ар мақсатың нақ болсын

Ақылыңнан тосылма.

Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:

Амандасу

Үлкенді құрметтеу

Тілін сыйлау

Отанын қорғау

Дінін сатпау

Қорытынды: Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.

Жақсы болу өзіңнен,

Мен қандаймын деп ойла.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен

Жақсылық көрсең біреуден,

Жаман болу өзіңнен.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Өмірде әрқашан жолдарыңыз болсын! Сәттілікте жүздесейік!


Тексерілді: _________________25.09.2018 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.05.2019
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі