15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Л" дыбысы
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы
№3жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің тәрбиешісі
Махуова Гүлден Шынболатовна
ТАҚЫРЫБЫ: Мектепке жол. Л дыбыс мен əрпі. |
|
|||
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.
0.1.3.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. |
|
||
Күтілетін нəтиже |
Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойларын айтады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Л дыбысы – дауыссыз дыбыс, Л дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Л дыбысының орнын ажыратады.Жазуға қолдарын жаттықтырады. |
|
||
Көпшілік тəрбиеленушілер: Л дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы Л дыбысының орнын ажыратады.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, Л əрпінің элементтерін жазады.
|
|
|||
|
Кейбір тəрбиеленушілер: Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. |
|
||
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер: Сурет желісі бойынша сұраққа жауап береді. Өз ойларын толық, нақты жеткізе отырып, əңгіме құрайды. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Мектеп, жол, қауіпсіздік. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Суреттен қандай таныс заттарды, жануарларды байқадыңдар? Сен дайындық сыныпқа неше жасыңнан келдің? Сыныпта кімнің есімінде л дыбысы бар? Л əрпі неге ұқсайды? |
|
||
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Сөйлем неден тұрады? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Қандай түстермен белгіленеді? А жəне Н əрпінен келетін сөздерді табады. |
|
||
Жоспар |
|
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
|
|
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. |
Педагог балалардың ынтасын оқу қызметіне тарту үшін ортаға шаттық шеңберіне тұрғызады. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мына сұлу əлемде Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сəулесін төгеді. (Ұ)Педагог балалардың мектепке барар жолы туралы əңгіме жүргізеді. Жолдарында қандай ғимараттар кездесетіні, қандай жолмен жүретіндері сұралады. Жолда жүру ережесін қатаң сақтау керктігі ескертіледі. |
|
|
|
0–2мин. |
|
|||
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. |
|
|||
|
|
|||
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин. |
(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. |
|
|
|
1-тапсырма. аққа көмек көрсет. Лақты |
Əліппе-дəптер. |
|
||
мектебіне қысқа жолмен жеткіз. |
|
|
||
Балалар суретке қарап отырып өз ойларын |
|
|
||
айтады. Балалар лаққа көмектесу үшін жолдарды таңдайды. Педагог лақ сөзін айтқызып, бірінші естілген дыбысты қайталатады. Суреттен Л дыбысы естілетін сөздерді тауып, оларды атайды. Балалар жолды саусақтың ұшымен сызып, сосын ауада жазып қайталайды. Педагог Л үнді дауыссыз дыбыс екендігін айтады. Л дыбысы сөздің басында, ортасында жəне аяғында кездесетіндігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Л дыбысының айтылуын түсіндіреді (Л дыбысын айтқанда тіліміз тісімізге тиіп дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұрады). 2-тапсырма Балалар сызба арқылы Л дыбысының орнын анықтайды. Тиісті суретпен сəйкестендіреді. 3-тапсырма 1.Сен дайындық сыныбына неше жасыңда келдің? Сыныпта кімнің есімінде Л дыбысы бар? Балалар əліппе-дəптерде берілген санды белгілейді, сыныпта Л дыбысы бар есімдері балаларды атайды. (Ұ) Сергіту сəті Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық. 4-тапсырма. Педагог Л əрпін көрсетіп, осы əріпке ұқсайтын қандай заттар бар екенін естеріне түсіреді. Суреттерге қарап, жауап береді. 5-тапсырма. Педагог өлең оқиды. Біз күркенің алдында тұрған ек Қалдық біздер: «Күрке ме, бұл, «Л» ма? – деп. Ж. Əбдірашов Педагог балаларға күркенің суретін көрсетіп, ол туралы мағлұмат береді. Балалар өлең жолдарын қайталайды. 6-тапсырма Суретке қарап отырып, ағаш бұтағының, адам саусақтарының, шырын Балалар Л əрпін ауада жазып педагогпен бірге қайталайды. Əліппе-дəптерде берілген бірінші жолға қала үйлері сияқты үзік сызбаларды бастырып сызады. Екінші жолға Л əрпінің баспа түрін жазады. Педагог балаларға көмектеседі. |
Л əрпі жазылған плакт.
Музыка əуені.
Суреттер.
|
|
||
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексивтік бағалау. Өз жұмысын смайлик бойынша бағалап қорытындылайды. |
Əліппе-дəптер |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген