400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Л" дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
[С] дыбысын түзету; - [С] дыбысын буын, сөз, сөйлем арасында машықтандыру; - Тыныс алуын дамыту; - Жаттығулар арқылы тілдің бұлшық еттерін қатайту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеке түзету сабақ жоспары



Тақырыбы

Мақсаты

Түзету жұмысының барысы

Сабақ саны


[Л] дыбысы


- этикалық әдепті қалыптастыру;

- еріннің қозғалу қабілетін дамыту;


-[Л] дыбысының артикуляциялық қалпын үйрету;

-[Л] дыбысын буын-дардың ішінде айтылуын машықтандыру


-[Л] дыбысын сөздер арқылы машықтандыру;

-ұсақ қол моторикасын дамыту;

- танымдық қабілетін дамыту;












Сабақтың түрі: жеке сабақ

Әдіс-тәсіл: ойын, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

І. Ұйымдастыру барысы:

Баламен сәлемдесу.

ІІ. Негізгі бөлім

1–ойын: «Кубикті лақтыру арқылы артикуляциялық жаттығуларды жасату »

«Түтікше» – ерінді алға қарай созу. 1-5, 1-10 секунд ұстап тұру.

«Қақпаға допты кіргіз» - ерінді алға «түтікше» тәрізді қылып созу. (мақтадан жасалған допты ұзақ үрлеп екі кубиктің арасына кіргізу.

«Тәтті тосап» - ауыз сәл ашық, тілді бос қылып астыңғы ерінге салып «пя-пя-пя» дыбыстарын айтып тілді соғу.

«Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Әткеншек» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

2. «Л» дыбысының артикуляциялық қалпымен таныстыру.

3. «Л» әріпін дыбыстап сұқ саусақпен оқу.

4. «Л» әріпін ауада және құмда сызу.

Шарты:Баланың алдына «л» әріпі бар үлгі сурет және құм беріледі.Осы үлгіге қарай отырып, құмға салғызады. Және құмға салып болғасын ауада сұқ саусақпен салғызу.

5. «Л» дыбысын нүктелі суретте сызып жалғастыру

Шарты: Баланың алдына «л» әріпінің графикалық сызбасын береміз. Бала нүктелерді қосып, сызу арқылы «л» әріпін жазуы тиіс.

6.«Л» әріпін ізде ойыны

Мақсаты: Сипау арқылы құмның ішінен «л» әріпін дұрыс табу.

Ойын барысы: Алдын ала маман құмның ішіне бірнеше әріптерді салып қоюы керек. Баланың алдына әріптер салынған құм беріледі. Бала сипау арқылы құмның ішінен «л» әріпін табуы тиіс.

7. «Пекс карточкасы арқылы буындарды қайталау»

Ашық буындардың ішінде:

ла-ла-ла ло-ло-ло лу-лу-лу ли-ли-ли

Жабық буындардың ішінде:

ал-ал-ал ол-ол-ол ул-ул-ул ил-ил-ил

8. «4-артық» әдістемесі

Шарты: Баланың алдына 3 - л әріпі, 1 - р әріпі беріледі. Бала осы әріптердің ішінен артығын табуы тиіс. Яғни, артығы р әріпі. Соны бала көрсетуі тиіс.

10. Таяқшадан «л» әріпін салу

Шарты: Балаға бірнеше таяқшалар беріледі. Және үлгі ретінде «л» әріпінің бейнесі беріледі. Сол бейнеге қарай отырып бала «л» әріпін таяқшалар арқылы салуы керек.

11. Тыныс алу жаттығулары

- «Дэльфа» тренажеры


ІІІ. Қоштасу. Мақтау. Мадақтау. Бағалау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.10.2020
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі