|
Түзету
жұмыстары:
І –
бағыт:
ІІ –
бағыт:
-
Тыныс алуын дамытуға арналған
жаттығу;
-
Фонематикалық есту қабілетін
дамытуға арналған жаттығу;
-
«Л» дыбысын
машықтандыру;
ІІІ –
бағыт:
Әдіс –
тәсіл: ойын.
Көрнекіліктер: айна, артикуляциялық
жаттығулардың суреттері.
І. Ұйымдастыру
барысы:
«Сәлемдесу».
ІІ. Негізгі
бөлім
Бүгін біз
[Л]
дыбысымен танысып, оны дұрыс
айтуды үйренеміз.
[Л] дыбысын таза, анық, дұрыс
айту үшін, біздің тіліміз бен ерніміз дұрыс жұмыс жасау үшін,
тіліміз бен ернімізге арналған жаттығулар
жасаймыз.
Артикуляциялық
жаттығулар: [Л]
дыбысын дұрыс айтуға арналған
жаттығулар кешені.
«Бақа -
тұмсық»
Бір – «Бақа» ерін жымиып
тұрады.
Екі – «Тұмсық» ерінді
дөңгелетіп алдыға шығарады. 10-15 рет
«Күрекше» - Ауыз кең ашық, жалпақ тіл
астыңғы ерінде 10-15 сек.
«Тыңдамайтын тілді
жазалау» - ауызды ашып, тілді астыңғы
ерінге қойып, шығарып ұстап, пя-пя-пя деп 10-15 рет
қайталау.
«Кесе» - ауыз ашық, ерін жымиып
тұрады. Жалпақ тіл астыңғы ерінде, бүйірлері кесе тәрізді жоғары
қайырылған 5-ке дейін ұстап тұру керек.
«Қалаш» - ерінді дөңгелетіп ұстау.
Ерінді дөңгелеткен кезде ауыз кең ашық,астыңғы жақ кейінге ығысуы
керек. 10-15 сек.
«Ат шауып
келеді» - тіл ұшымен таңдайды
тақылдату. 10-15 рет.
«Тәтті
тосап» - жалпақ тілмен жоғары тілді
жалау, жаттығу жасаған кезде ерні мен астыңғы жақтың қозғалмауы
керек.
«Сиқыршы» - ауызды ашып, жалпақ тілді
жоғары ерінге жақындатады да мұрынның ұшында тұрған үрлеп ұшырады.
Мақта тік ұшып кету үшін ауа тілдің дәл ортасынан шығуы
керек.
[Л]
дыбысын бірнеше рет
қайталау.
ІІІ.Тыныс алуын
дамыту:
Жанып тұрған отты
өшірту.
ІV. Фонематикалық есту
қабілетін дамыту:
Бірнеше дыбыстар
айтам, [Л]
дыбысын естігенде, аяғыңды
ұр.
V.
[Л]
дыбысын машықтандыру
- Буындарда
машықтандыру:
ла-ла-ла ло-ло-ло лу-лу-лу
лы-лы-лы лұ-лұ-лұ
ла-ла-ла – лала ла-ла-ла -
бала ла-ла-ла – қала лә-лә-лә –
Ләйлә
лы-лы-лы – салы лу-лу-лу-сұлу
лу-лу-лу-жылу ла-ла-ла-лақ
ал-ал-ал –
алма
ал-ал-ал –
алмұрт
ал-ал-ал –
салмақ
ыл-ыл-ыл –
жылан
ыл-ыл-ыл –
қырғауыл
ыл-ыл-ыл –
жылтыр
ол-ол-ол –
қол
ол-ол-ол –
сол
ұл-ұл-ұл –
құлып
Лақ, лай, лық, лас, лағман,
лала, ластау, лашын, лагерь.
Малшы, алма, қала, жылқы,
қалта, Айсұлу, Шолпан, балық, қолғап, балапан, балмұздақ, қолшатыр,
алмұрт, жұлдыз, шағала, шабдалы, жылы,
талап.
Бал, қамал, жол, марал, жыл,
қиял, футбол, қызыл.
Алма, шабдалы, алмұрт –
жемістер.
Талап талға қонған лашын құсын
көрді.
Балықшы балық
аулады.
Буын
ұйқасы:
Ла-ла-ла – ұшты көкке
шағала
Ла-ла-ла – жүлдеге ал
қола
Ал-ал-ал – сен бақшада
қал
Лы-лы-лы – тоным менің
жылы
Ыл-ыл-ыл – ұшты көкке
қырғауыл
Ыл-ыл-ыл – зообақта
маймыл
Ұл-ұл-ұл – сайрайды
бұлбұл
V.
Логоритмика: «Топ-топ балақан»
әні
VІ.Ұсақ қол моторикасына
арналған жаттығу: Түстерді
орналастыру.
4-бағыт: видеослайд көрсете отырып, тақырыпты
қорытындылау.
|