Тақырыбы:
«Л»дыбысыжәнеәрпі.
Кезең:дыбысқою.
Сабақтыңмақсаты:Дұрыс
артикуляция қалпыдағдыларынқалыптастыру.Фонематикалық
қабылдауын
дамыту, ойын тапсырмалар
арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Құрал
- жабдықтар:
айна, артикуляциялық жаттығулардың
фото жинағы, заттық суреттер, белгі
беретін жалауша.
Сабақтың жоспары:
1.
Дыбысты қою.
2.
«Л» дыбысын қоюға арналған дайындық
артикуляция жаттығуларын жасау.
3.
Ұсақ моторикасын дамыту
4.
Ойын тапсырмалар орындау.
5.
Сабақтың қорытындысы.
Сабақ
барысы
1.
Мұғалім-логопед: Біз қазір «Л» дыбысын
дұрыс айтып үйрену үшін тіл мен ерінді
жаттықтыруымыз керек. Ол үшін алдымен
«Л» дыбысының артикуляциялық қалпын
үйренуіміз керек. Суретін көрсете отырып
үйрету.
2.
Енді мен артикуляциялық жаттығулардың
фотосын көрсете отырып жасаймын, ал сен
жаттығуды қайталап жасайсың. /Жаттығудың
орындалу дұрыстығын айна алдында
бақылау./
Мұғалім-логопед: «тәтті
тосап» жаттығудың суретін көрсету.
Жоғарғы
ерінде тәтті тосап тұр деп елестет.
Жоғарғы ерінді жалайық.
«Кесе»,
«Жел соғады», «Тоқылдақ» жаттығуларын
жасату.
Мұғалім-логопед: Сен мені
мұқият тыңда. Елестет, біз екеуміз
өзеннің бойында тұрмыз. Жанымыздан кеме
өтіп бара жатыр, іші толған адам. Ал
енді, кеменің дауысы қалай шығады, тыңдап
көрейікші: Л – ллл.... Енді сен айтып
көрші.
Оқушы: «Л – ллл»
Мұғалім-логопед:
Жарайсын. Енді, «Бағынбайтын тілді
жазалау»
Ауызды ашып, тілді төменгі
ерінге қойып «пя - пя – пя...» деп айтайықшы.
Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде
бірден 5-10-ға дейін санап, ұстап тұр.
Оқушы
жаттығуды орындайды..
Мұғалім-логопед:
Қане, есімізге түсірейік. Пя – пя – пя
созып айтайықшы.
Оқушы: Пя – пя –
пя...
Мұғалім-логопед: Пароход қалай
дыбыс шығарады?
Оқушы: Л – л – ллл...
3.
Баланың ұсақ моторикасын дамыту.
Жіпке
моншақтарды тізбектеу.
4.
Мұғалім-логопед: «Дыбысты
қағып ал» ойыны.Мен
қазір бірнеше сөздерді айтамын, ал сен
сөздің ішінде «Л» дыбысын естігенде
шапалақпен қағып ал.
/Бала,
бақа, қора, қала, оқушы, мұғалім, айна,
су, көл, дала, бал, қоян, түлкі./
Қай
әріп екенін айтыңдар. Алфавиттік
жұмбақтарды шешіңдер.
Құлында
бар,
Құнанда
жоқ.
Жыланда
бар,
Қыранда
жоқ. /Л/
Балада
бар,
Қорада
жоқ.
Далада
бар,
Жорада
жоқ. /Л/
Буын
ұйқасы:
Ла-ла-ла
– қолынды сула
Ла-ла-ла
– қармақпен балық аула
Лақ-лақ-лақ
– секіреді лақ
Лу-лу-лу
– қалтаға салу
Лек-лек-лек
– әдемі көйлек
Лер-лер-лер
– әдемі үйлер
Сергіту
жаттығуы.
Он
қолымда бес саусақ
Сол
қолымда бес саусақ
Қосып
едім екеуін
Болып
шықты он саусақ
Жаңылтпаш
айту
Ала-ала
алашар, тамаша олар,
Оған
кім таласа алар.
5.
Сабақтың қорытындысы.
Баланың жұмысын бағалау.
Қорытынды:
-
Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Л
дыбысымен.
- Л дыбысы қандай дыбыс?
-
Л дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Неге дауыссыз
дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Себебі
созылмайды.