400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Л дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Л дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Л дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, көрнекілік, сөздік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Л дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Л дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, көрнекілік, сөздік.

Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Армысың, досым,

Кел маған қосыл,

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бір тұрайық.

Шер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық.

Қолымызды көтеріп төбеге,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.


2. Алдаркөсенің тапсырмасын орындау.

- Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе ата қонаққа келіпті, ол өзімен бірге бізге бір жаңа әріпті ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді. Ол әріпті табу үшін біз мынадай тапсырманы орындауымыз керек.

1 – тапсырма.

- Мынау не? (Лақ)

- Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды?

- Лақ сөзінде неше дыбыс бар?

- Лақ сөзін буынға бөліп көрейік?

- Неше буын бар?

- Сөздің басында қандай дыбыс естіп отырсыңдар? (Хормен айтқызу)

- Л қандай дыбыс?

- Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

- Л дыбысын қай отауға кіргіземіз? (көк отауға)


Жұмбақ жасыру:

Жаңада бар, ескіде жоқ,

Танада бар, ешкіде жоқ. Бұл қай әріп? (А)


Талда бар, малда жоқ,

Тауда бар, жауда жоқ. Бұл қай әріп? (Т)


Пілде бар, тілде жоқ,

Партада бар, картада жоқ. Бұл қай әріп? (П)

Нарда бар, қарда жоқ,

Нанда бар, тарда жоқ. Бұл қай әріп? (Н)


Ғарышта бар, барыста жоқ,

Ғылымда бар, Тынымда жоқ. Бұл қай әріп? (Ғ)


Арада бар, алада жоқ,

Дарада бар, данада жоқ. Бұл қай әріп? (Р)


Қалада бар, қарада жоқ,

Құлында бар, мұрында жоқ

Бұл қай әріп? (Л дыбысы)


2 – тапсырма:

Піл, лақ, лимон, құлын суреттері көрсетіледі. Піл, лақ, лимон, құлын сөздерін буынға бөлдіру және дыбыстық талдау жасату. Сонан соң осы сөздерде кездесіп тұрған л дыбысының орнын ажыратқызу. Л дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін мысалмен түсіндіру. Өткен дыбыстармен л дыбысы қатыстырылып, буын, сөздер құрастырып, оқыту. Хормен ауызша қайталату.



3 – тапсырма: Дәптермен жұмыс

Жазбаша жұмыс орындату. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып л әрпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазғызу. Лақ, түлкі, гүл сөздеріне талдау жасату. Л дыбысының орнын ажыратқызу. Бос торкөздегі л дыбысының орнына қарай сөз ойлайды.

3. Сергіту сәтін өткізу.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


4. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.

Шарты: Л дыбысына қатысты сөздер ойлап, буынға бһлу, сөйлем құрату. Осы айтқан сөздерінен л дыбысы қай дыбыстан бұрын немесе кейін келіп тұрғанын анықтау.


ІІІ. Қорытындылау:

Бүгінгі сабақта қай әріппен танысқанын сұрау. Л дыбысының сөздің қай жерінде кездесетіні, дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажыратқызу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
3194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі