400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Л дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мамандарға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Л» дыбысы және әрпі.


Кезең: дыбыс машықтандыру.
Сабақтың мақсаты: Дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын қалыптастыру. Фонематикалық қабылдауын
дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Құрал - жабдықтар: айна, артикуляциялық жаттығулардың фото жинағы, заттық суреттер, мадақтауға арналған жұлдыздар
Сабақтың жоспары:
1. Дыбысты машықтандыру

2. «Л» дыбысын қоюға арналған дайындық артикуляция жаттығуларын жасау.

3. Ұсақ моторикасын дамыту

4. Ойын тапсырмалар орындау.
5. Сабақтың қорытындысы.

Сабақ барысы

Сәлеметсіңбе балақай!!! Қалың қалай? Қазір қандай мезгіл?

Қыс мезгілдерінде қандай айлар болады? Қазір аптаның қай күні? Балақай сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберге тұрайық.

«Кел, балалар күлейік»

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!


Балақай біз бағанадан бері «Л» дыбысы кездесетін бірнеше сөздерді аиттық солай ма? Яғни біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Л» дыбысы және әріпі. Л дыбысы дауыссыз дыбыс және әліппеде көк түспен белгіленеді.


1. Логопед: Біз қазір «Л» дыбысын дұрыс айтып үйрену үшін тіл мен ерінді жаттықтыруымыз керек. Ол үшін алдымен «Л» дыбысының артикуляциялық қалпын үйренуіміз керек. Суретін көрсете отырып үйрету.


2. Енді кезекті артикуляциялық жаттығулардың фотосын көрсете отырып жасаймын, ал сен жаттығуды қайталап жасайсың. (Жаттығудың орындалу дұрыстығын айна алдында бақылау).
«Күрекше» - тілімізді шығарамыз ерінге жатқызамыз, тілді бос ұстаймыз.

«Тәтті тосап» - Жоғарғы ерінде тәтті тосап тұр деп елестет. Жоғарғы ерінді жалайық. 

«Ине» - тілімізді шығарамыз, алға соғамыз.

«Тісімізді тазалайық» - тілімізбен жоғарғы және астыңғы тістерді тазалаймыз.


Дауыс жаттығуы: Өтілген дыбыстарды музыка әуенімен қайталау.

А ---- а ---- а О ---- о ---- о

А ---- у ----у А --- у ----о

- Л дыбысының артикуляциялық кескінін есімізге түсірейік

- Л дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек, ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иегіне барып тиеді.


Буындарды дұрыс оқу.

Ла, лә, ло, лу, лү, лы, лі, ли, ле


Буын ұйқасы:

Ла-ла-ла – ұшты көкке шағала

Ла-ла-ла – қармақпен балық аула

Ла-ла-ла – жүлдеге ал қола

Лу-лу-лу – Айша біздің сұлу

Лы-лы-лы – тоным менің жылы


Дидактикалық ойын  «Кім тапқыр»

Ойын шарты: Екі себеттін біріне Л дыбысы бар суреттерді салу, Екінші себетке Л дыбысы кездеспейтін суретті салу.


Сергіту жаттығуы.
Отырайық, тұрайық

Ал балапан бір ауық (Орындарынан тұру)

Әріп сырын ұғалық

А дегенде отырып (А отырады)

Б дегенде тұралық (Б тұрады)

«А», «Б»... «А», «Б» (қайталайды)

Отырып тұр тағы да

Қайталайық тағы да


Жаңылтпаш айту

Лаула алау лаула,

Алауласын аула.


Жұмбақ шешу

Тастан тасқа секірген

Қойдан маза кетірген

Ұзын салпақ құлақты

Кім білмейді... (Лақ)


Баланың ұсақ моторикасын дамыту.

Геометриялық фигуралардан кеме жасау


Кәне не шықты көрейік

Ой кеме гой

Кеменің дауысын білесіңба

Олай болса екеуміз кеменің дауысы қалай шығатынын естип қайталайық


5. Сабақтың қорытындысы. Баланың жұмысын бағалау.

Қорытынды:
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Л дыбысымен.
- Л дыбысы қандай дыбыс?
- Л дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Себебі созылмайды.

Мадақтау













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.01.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12