400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Л дыбысын сөзде, сөйлемде дағдыландыру

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Л дыбысын сөзде, сөйлемде дағдыландыру.

Мақсаты:

Түзете-білім беру:

  • Л дыбысын буында дұрыс айтуға үйрету;

  • Л дыбысын сөзде дұрыс айтуға үйрету;

  • Суретке қарап сөз тіркесін құрауға үйрету;

  • Суретке қарап сөйлем құрауға үйрету

  • Жан жақты сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Түзете-дамытушы:

  • Фонематикалық қабылдауын дамыту;

  • Зейінін, ойлауын, қоршаған орта туралы түсінігін дамыту;

  • Образды, бейнелі сюжетті жалпы қабылдауын дамыту;

  • Фонематикалық қабылдауын дамыту

Түзете-тәрбиелеу:

  • Аяз атаға деген қызығушылығын дамыту;

  • Сабаққа қызығушылығын арттыру.

  • Ұқыптылыққа тиянақтылыққа, тапсырманы аяғына дейін орындауға тәрбиелеу,

  • желіммен, қағазбен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақ түрі: Бекіту

Көрнекіліктер: айна, презентация, тақта, шырша, ойыншық-суреттер, фетрдан машина, барабан, қима суреттер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Ыбырайым салем! Қане қонақтармен сәлемдесейік. Сәлеметсіз бе!

Негізгі бөлім

 Логопед:

- Ыбырайым бүгін ауа райы қандай? (Күн суық, далада қар)

- Жақында қандай мереке болады? (Жаңа жыл)

-Дұрыс, бүгін біздің сабаққа алыс, суық елден қонақ келді, қане жұмбақ шешіп ол кім екен табайық?

  • Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата)

  • Жарайсың, Міне біздің Аяз атамыз да келді, ол өзімен бірге сиқырлы дорбасын алып келіпті, Оның ішінде көптеген тапсырмалары бар екен. Оны дұрыс орындасаң, ол саған сыйлығын дайындап қойыпты.

1-Артикуляциямен еске түсіру және артикуляциялық жаттығулар орындау.

Қане дорбасын ашайық 1ші тапсырманы орындап көрейік. Л дыбысының артикуляциясы(жалпақ тіл үстіңгі тістерге көтеріледі, дауыс бар)

  • Енді аяз ата бізге тілге арналған жаттығуларды ұсынып отыр, қане бірге орындап көрейк. артикуляциялық жаттығулар. (әткеншек, тіс тазалаймыз, тәтті тосап) - слайды

  • Ыбырайым бұл жаттығулар қандай дыбысты дұрыс айтуға жасадық?

  • Л

2- Л дыбысын сөзде дағдыландыру

- Ыбырайым қане дорбаны ашып көрейік, аяз ата бізге келесі қандай тапсырма ұсынған екен.

1. Л дыбысының үлкен суретін – құрамында Л дыбысы бар кішкентай суреттерді тауып, қой (жылан, балық, қылыш, қалақ, құлпынай, жол, балта, балға, лақ, алтын.)

- Жарайсың, қане дорбаны ашып, келесі тапсырманы алайық.

2. Барабанды айналдыра отырып, бағыт түскен суреттегі сөзді атау (бал, балапан, бұлт, т.б. )

-Жарайсың бұл тапсырманы да дұрыс орындадық, қане дорбаны ашып келесі хатты ала ғой.

3- Л дыбысын сөз тіркесінде дағдыландыру

  1. Машинамен ойын - машинаны жүргізе отырып, Л дыбысын сөз тіркесінде дағдыландыру.

Ла-ла-ла- әдемі аққала

Ло-ло-ло- қыз айтады «Алло»

Лу-лу-лу- Мынау ұлу

Ал-ал-ал- тәтті бал

Ол-ол-ол-бұл ойын футбол

Ыл-ыл-ыл-Мынау маймыл

- Жарайсың, қане дорбадан, келесі хатты алайық.

2. Шыршаны безендіру - ойыншықтарда сөз тіркестері берілген, оны атай отырып, шыршаға ілу.

Қызыл алма

Жасыл қолғап

Көк жалау

Ақ лақ

Күлгін қалам

Көк балық

Сары балапан

4 - Сергіту сәті

5- Л дыбысын сөйлемде дағдыландыру

    1. Қима суреттерді жинап, суретке қарап сөйлем құрау

Шолпан апа шұлық тоқыды.

Балықшы балық аулады.

Бала аулада лақпен ойнады.

Талғат балтамен отын жарды.

    1. Қағазбен, желіммен жұмыс, жасаған жұмысына сөйлем құрау

  • Ыбырайым жарайсың, сен барлық тапсырманы дұрыс орындадың. Енді бізге Аяз ата не дайындап қойды екен. Мына қима суреттерден жәшік жасап, ішіне алмаларды салыңдар және мына қима суреттерден құлпынай жасаңдар депті Аяз ата. (логопед баламен бірге жұмыс жасайды)

  • Алма түсі қандай? қызыл

  • Пішіні қандай? домалақ

  • Біз не істейміз? Жәшік жасаймыз, оған алма саламыз

  • Сен не істедің? Мен қызыл, домалақ алманы жәшікке салдым

  • Жарайсың сен жәшік жасап, онда алма салдың, оны Аяз атаға сыйлайық. Енді қане құлпынай жасайық

  • Мынау не? Құлпынай

  • Біз қазір қағаздан жабыстырып, құлпынай жасаймыз.

  • Түсі қандай? Қызыл

  • Қатты ма жұмсақ па? Жұмсақ

  • Тәтті ма ащы ма? Тәтті

  • Сен не істедің? Мен қағаздан қызыл құлпынай жасадым.

Қорытынды.

  • Жарайсың қарашы Аяз ата саған өте риза, сен оның барлық тапсырмаларын дұрыс орындадың.

  • Ыбырайым бүгін бізге қонаққа кім келді?

  • Аяз ата бізге не алып келді?

  • Онда қандай дыбысты дұрыс айтуға тапсырмалар берілді?

  • Біз не істедік? – машина айдадық, шыршаға ойыншық ілдік, барабан айналдырдық, жәшік жасап оған алма салдық, қағаздан құлпынай жасадық.

  • Аяз ата саған сыйлық дайындапты міне ала ғой. Және үйге мына сыйлық суретін бояп кел дейді.

  • Сен үйде не істейсің? Мен үйде сыйлықтың суретін бояймын.

  • Сау бол

  • Сау болыңыз!

Енді аяз ата бізге тілге арналған жаттығуларды ұсынып отыр, қане бірге орындап көрейк.



Л дыбысының үлкен суретін – құрамында Л дыбысы бар кішкентай суреттерді тауып, қой.



Барабанды айналдыра отырып, бағыт қай суретке түседі, сол сөзді дұрыс ата.



Машинамен ойын - машинаны жүргізе отырып, Л дыбысын дұрыс айтып, соңындағы сурет бойынша сөз тіркесін құра.



Шыршаны безендіру - ойыншықтарда сөз тіркестері берілген, оны түсіне қарай атай отырып, шыршаға ілу.



Қима суреттерді жинап, суретке қарап сөйлем құра





Мына қима суреттерден жәшік жасап, ішіне алмаларды салыңдар дейді және мына қима суреттерден құлпынай жасаңдар депті Аяз ата.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
722
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі