Л дыбысын тұйық буында машықтандыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Л дыбысын тұйық буында машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып оқушыларына арналған л дыбысын тұйық буында машықтандыруға арналған сабақ жоспары. Логопед мамадары қолдануға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:6 апта

Тақырыбы : «Л» дыбысын тұйық буында машықтандыру

Мақсаты: «Л» дыбысын тұйық буында айтқызу

Міндеті:

А) Түзету- білімділік:«Л»дыбысын анық айтуға үйрету

Ә) Түзету-дамытушылық:фонематикалық естуін дамыту, ойын тапсырмалары арқылы ойлау, қабылдау, зейінін дамыту,артикуляциялық жаттығуларды жасау арқылы дыбысты дұрыс айтуға үйрету.

Б) Түзету-тәрбиелік: ұқыпты, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер:«Л» дыбысының профилі, айна, артикуляциялық жаттығулардың суреттері.

Іс-әрекет кезеңі

Логопедтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңбе?

Көңіл-күйің қалай?

Жылдың қай мезгілі?

Ауа райы қандай?

Сәлеметсізбе!

Жақсы.

Оқушының жауаптары.

Негізгі бөлім:

  1. Ең бірінші «Л » дыбысының артикуляциясын есімізге түсірейік.

Тілдің ұшы жоғарғы тіске немесе жоғарғы тістердің артындағы төбешікке тіреледі. Тіл ортасы төмен түскен, тілдің артқы жағы көтеріңкі, тілдің бүйір жақтары төмен түскен.ауа тілдің бүйір жағынан өтеді.Дауыс желбезегі жұмыс істемейді, тамақ дірілдейді.

  1. «Л» дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуларды жасаймыз. Айнаға қарап жаттығуымызды еске түсірейік. Менің соңымнан қайтала, бәріміз бірге орындайық! Артикуляциялық жаттығуларды орындау:

«жымыю»

«түтікше»

  • «тіс тазалау»

  • «Әткеншек»

  • «Кесе»

  • «Желкен»

  • «Сылақшы»

  • 3. «Л» дыбысын буында айтқызу және машықтандыру.

  • Ал-ал-ал

  • Ол-ол-ол

  • Ыл-ыл-ыл

  • Ул-ул-ул

  • Ұл-ұл-ұл

Сергіту сәті:

Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Д/о: «Қайтала». Ойын сипаттамасы: логопед қанша рет шапалақ соқса сонша рет л дыбысына буында қайталау. Буынды карточкамен көрсетеді.

Ал-2

Ол-3

Ыл-4

Ұл-1

Ул-2 рет айту.






Л дыбысының артикуляциясын көрсетеді




жаттығуларды айнаға қарап логопед соңынан қайталайды










Логопед соңынан дұрыс қайталау.








Жаттығуды орындайды

Рефлексия:

Өзіңе ұнаған смайлик арқылы көңіл-күйіңді білдір.

Ұнаған смайлигін таңдайды

Қорытынды:

Бүгін қай дыбыспен таныстық?

Осы дыбысты айтқан кезде тіліміздің қалпы қалай тұрады?

Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!

Оқушының жауаптары.


Сау болыңыз!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2022
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі