Орал гуманитарлық - техникалық колледжі

Лагерь ойындары
Ойын – балаға қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәілдерін және заттармен іс-әрекет жасауды үйрететін, баланы тәрбиелеу мақсатында қолданылатын балалар әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала тұлға ретінде дамиды, психикасы қалыптасады.
Жас баланың өміріне ойын өте керек екендігі әркімге де мәлім. Оқып жүргенде бала ойнап жүрсе, оның жігері, күші молайып, құлқы түзеліп, білігі артады. Ойын адамның денесін ширатады, зейінін ашады, басқалармен бірге сыйласып, жұмыс істеуге дағдыландырады.
Ойынның дене тәрбиесіне (қозғалмалы), эстетикалық (музыкалық), ақыл-ой (дидактикалық және сюжетті) тәрбиесіне арналған түрлері көп. Оның көпшілігі баланың адамгершілік тәрбиесін (сюжеті-рөлдік, ойын-драматизация, қозғалмалы және әуендік) дәріптеуге қолайлы. Сюжетті және танымдық, әуендік ойындар әр баланың жалпы психикалық дамуы үшін үлкен маңызы бар өзінің дамытушы функциясымен бағалы.
Әр тәлімгер жас өрендердің әрекет барысын дұрыс қалыптастыруда ойындарды сауатты әрі орынды қолдана алуы тиіс. Ойындар тек балалардың көңіл – күйін көтеріп қана қоймай, танымдық жақтарын ашатын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыратын әсерде болғаны жөн. Ойындар таза ауада, кең алаңқайларда өткізіледі.
Динозавр
Барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді.Оның бірі «паравоз» сияқты құрылады. Қатысушылар бірінің артында бірі белдерінен ұстап тұрады. Бұл «динозавр» болады.
Ал екінші топ – адамдар. Олар бөлмеде әр жерде тұрады. «Динозаврдың» мақсаты –өзіне көбірек адам қосып, бөлініп қалмауы. Қатарда бірінші тұрған адам – «динозаврдың басы» болады. Динозаврдың басы бір адамды ұстап алып, 2-3 секундтай ұстап тұрады. Бұдан кейін ұсталынған адамға қашып кетуге болмайды. Ол динозаврдың басы болып, әрі қарай ойынды осылайша жалғастырады. Адамдардың мақсаты – динозаврға ұсталмау. Ойын өте шулы және қызықты өтеді. Бастысы дәл уақытында аяқтау.

Абракадабра!
Барлығы екі – екіден тұрады жұпсыз қалған адам жүргізуші болады. Ойынның ережесі мындай. Жүргізушінің нұсқауы бойынша жұптар тұрады. Мысалы, жүргізуші: «Арқаға арқа!» десе, жұптар арқаларын арқаға беріп тұрулары тиіс егер жүргізуші: «оң аяқ оң аяққа» десе, аяқтарын тигізіп тұрулары немесе «сол қол сол қолға» десе, қолдарын бір – біріне жақындатулары қажет. Бұл нұсқауларды мүмкіндігінше жылдам жасау керек. Ал жүргізуші «Абракадабра!» сөзін айтса, жұптар шапшаң құруы тиіс. Мұнда жүргізуші де қатысып, өзіңе жұп табуы крек. Жұбын таба алмаған адам, жүргізуші болады. Жаттығу бірден екі жерді жақындатса.
(Мысалы, «арқамыз арқаға, алақан алақанға»)
Мен өзімді қалай сезінем?
Барлығы дөңгелектене тұрады. Қатысушылар түгелімен кезекпен – кезек өздерін қазіргі уақытта қалай сезініп тұрғандарын көрсетулері тиіс. Нұсқаулар: өзіңнің сезімінді мимикамен; бұған қоса әр түрлі дыбыстар қосып, мысалы: «Жақсы», «Көңілсіз»; өзіңді қандайда да бір жануарға теңеп, («мен қазір арыстанмын», «Мен өзімді қоян секілді сезініп тұрмын»). Осылайша әркім өз сезімдерін білдіріп, басқаларғада оны тауып алуға мүмкіндік береді. Нұсқаулар өте көп, өздеріңе келетінін таңдап алуға болады.
Мяу – гав – му
Қазір әрбір адамға қағаз таратам. Онда әр түрлі жануарлардың аттары жазылған. Қағаздағыны оқып, ешкімге көрсетпеу керек. Енді барлығы бөлмеде қағаздағы жануарға тән дыбыстар шығарып жүреді. (Мысалы, «жылқы» деп жазылса, мен «и –го – го!») және ол өзінің ұяластарын табуы тиіс.
Сұхбат
Әркім өз жұбынан сұхбат алуы керек. Барлығы туралы сұрауға болады. Сені не қызықтырса, сол туралы сұра. Мысалы: оның жақсы көретін пәнін, қаласын, оның бос уақытта айналысатын іс - әрекеттері туралы, ұнататын тағамы, арман және т.б. коптеген сұрақтар қойып, жауап алуға болады. 5 минуттан соң олар орындарын ауыстырады, ал 10 минуттан кейін баолығы дөңгелектеніп тұрады. әркім өз жұбы туралы сұхбатта білгенінін айтады. Бұдан соң, ол өз қосары болса, қосып айтып береді. Ал енді жұптар бөлмеде бір – біріне кедергі жасамайтындай етіп тұрады.
Онға дейін санау
Сіз онға санау білесіз бе? Қазір біз бәріміз бірге санаймыз. Бір адам бірінші болып «бір», ал екінші адам «екі» деу тиіс. Егер қандай да санды қатысушылар бір мезетте атаса, ойын қайтадан басталады. Ереже: бір санды бір мезгілде айтуға болмайды. Қызық, онға дейін санау үшін неше мәрте ойнау керек?
Мен кіммін? Мен қандаймын?
Ә
ркім бір қағаздан алып,
мына сұрақтарға 10 жауаптан жаз. Мен кіммін? Мен қандаймын? Жұмыс
уақыты – 10 минут. әрбір жауап – сөз немесе сөз тіркесі. Қағазға
аттарыңды жазбайсыз. Бұл тапсырманы орындаған соң, қағаздарды
столға қояды. Жүргізуші біреуін таңдап оқиды. Қатысушылар бұл
сипаттамалар кімге тән екенін табуы
тиіс.
Алақандар
Барлық қатысушылар бөлмеде үндемей жүреді. Жүргізуші нұсқа беріп, оны белгісі бір уақытта өзгертеді. (20-30 секундтан 2-3 минутқа дейін). Мысалы, кездескен адамыңмен міндетті түрде алақанмен шапалақтасу керек. 1-2 минуттан соң жүргізуші нұсқауларын өзгертеді. «Қос қолдап басқаның қос қолын шапалақтаймыз!» Одан кейін шапалақпен бірге бір – бірімізге жымию керек; «Салем» деп немесе «Салем Айдар» деуге де болады. Ережеге сәйкес осымен ойынды тоқтатуға болады, бірақ оған өзіңнің тағы да басқа нұсқауларыңды қосып, ойынды жалғастыруға да болады.
Қолдарды ұста
Қатысушылар дөңгелектене отырады. Жүргізушінің нұсқауы бойынша барлығы көздерін жұмып, қолдарын алға созып ортаға қарай жылжи бастайды. «Ұста» деген жүргізушінің бұйрығы бойынша әркім көбірек қолдарды ұстауға тырысады. Содан кейін көздерін ашып, әркім қанша қол ұстап үлгергенін, кімнің қолдарын ұстағанын, кім тыста қалып қойғанын қарайды.
Майшам
Барлығы тығыз дөңгелектене тұрады. Бір адам дөңгелектің ортасында. Қатысушылар алға қарай бүгілген қолдарын жаймен созады. Бір аяқ арта, аяқтар кішкене бүгілген. Ортадағы адам көзін жұмады. Балалар оны жаймен тербете бастайды. Ортадағы адамның аяғы бүгілмеуі тиіс. Ол өзін жеңіл ұстап, көзін ашпай, өзін майшам секілді ұстауы тиіс. Бұның жақсы өткенін қатысушылар сезгенде, тербеліс амплитудасын өсіруге болады.

Көңіл – күйді сез
Барлық қатысушылар дөңгелектене отырады. Нұсқау бойынша көздерін жұмып, бір – бірінін қолдарынан ұстап қасындағы екі көршісінін көңіл – күйін қолдары бойынша сезеді. Сосын барлығы көздерін ашып, көңіл – күйлері жөнінде айтады.
Піл, пальма, қолтырауын
Дөңгелектене тұрады. Алдымен үш фигураны қалай көрсету керек екенін үйретеміз.
«Піл» - сол қолмен мұрнымызды ұстаймыз. Оң қолды сол қолдын астына өткіземіз. Оң және сол жақтағы көршілері қолдарын қойып, құлақтарын бейнелейді.
«Пальма» - аяқтың ұшына тұрып, қолды созып, саусақтың ұшын кішкене бүгеміз. Оң жақ және сол жақтағы көршілері – «пальма бұтқтары» сияқты қолдарын бұлғалайды.
«Қолтырауын» - екі қолмен қолтырауынның ауызын бейнелейді. Көршілері төменіне қолдарын қойып, қолтырауынның қолдарын бейнелейді. Енді мен біреуіңде көрсетіп, жылдам жаңағы үш фигураның бірін атаймын. Ол адам жылдам ұғып алып, сол фигураны бейнелеуі тиіс. Ал көршілері оған көмектеседі. Бұл фигураларды дұрыс емес көрсетсе немесе тіптен, көршілері дұрыс етпесе, сол адам жүргізуші болып тағайындалады.
Көршіне сұрақтар
Барлық бір дөңгелекте тұрады. Мұнда жүргізуші бір адамға тез сұрақ қояды. Сол сұраққа сұрақ қойылған адам емес, көршісі тез жауап беруі керек. Кім жаңылса, сол жүргізуші.
Ситуация – сезім
Әркім өз өміріндегі сезімге толы ситуацияларды еске түсіреді (1 минут). Содан кейін қасындағы қатысушыға өзінің ситуациясын айтып береді, ал көршісі бұл ситуацияда ол қандай сезімде болғанын тауып көреді.
Маған жақсы бірдеңе айтшы
Әркім өз көршісіне ол туралы жақсы бірдеңе айтады. Көршісі онымен келісіп, «иә, және де мен ...» деп өзі туралы жақсы бірдеңе қосып айтады.
Луноход
Жүргізуші еденге қолдарын қойып, аяқтарын бүгіп қойып жорғалай жүре бастайды. Жүргізуші жорғалай жүріп: «Мен – луноходпын пи – пи бір»дейді. Осыған кім күлсе, олда луноходтын артынан жорғалайды. әрі қарай осылай жалғасады.
Ойын соңында қатысушылар күлмей қалай шыдағандары туралы қалғандарымен бөліседі.

Тапсырмалы би
Қыздар мен ұлдар бір – біріне қарама – қарсы екі қатар отырады. Жүргізуші оларға биге арналған тапсырмасы бар карточкалар үйлестіреді. Қыздар мен ұлдарға арналған карточка әр түрлі түсті болған жөн. Қатысушылар карточкадағы карточка нөмірі мен ондағы екі тапсырманы естеріне сақтаулары керек. Жүргізуші «Бірінші нөмір» дегенде карточкада 1 нөмірі бар қыз бен ұл ортаға шығады. Одан кейін екінші нөмірлері бар қатысушылар ортаға шығады, т.с.с. Музыка жіберіп, ұлдар қыздарды биге шақырады. Олар билеп жүріп карточкадағы бірінші тапсырманы орындайды. Бірнеше уақыт өткен соң музыканы сөндірмей, жүргізуші: «Ал енді екінші тапсырманы орындаймыз!» дейді.Биден соң, бұл жұптар жайында алған әсерлері туралы қатысушылар ойларымен бөліседі.
Билеушілерге тапсырмалар:
Ұлдарға арналған:
Карточка №1
1.Көңілді биле: бұл қыз саған ұнайды.
2.Саған көңілсіз. Бұл би өте көңілсіз болсын.
Карточка №2
1.Жұбыңның іс-әрекетін айна қатесіз орындауға тырыс.
2.Енді биді сен жүргіз
Карточка №3
1.Қазір сен өте батыл адам секілді билейсің.
2.Ол қыз саған ренжеулі секілді. Өзіңді ол кешіретіндей етіп ұста.
Карточка №4
1.Қыз көңілсіз. Оның көңілін тауып көр.
2.Өзің қалай билегін келсе, билей бер.
Карточка №5
1.Билей алмайтындай бол.
2.Биді жаңадан үйреніп жүрсің.
Карточка №6.
1.Көңілді өмір сүру керек, биді де солай биле.
2.Қыздыңғ сені қызықтырғанын көрсет.
Карточка №7
1.Оған шыншыл секілді қара, сенің тапсырмаң қулық істейтін тапсырма деп ойлан
2.Жұбыңның іс-әрекетіне сенің іс-әрекетің сәйкес болсын.
Карточка №8
1.Оның бір түрлі қылықтарына назар аудармай, өзің рақаттанып биле.
2.Бұл биді өзіңнің қалауыңша биле.
Қыздарға арналған:
Карточка №1
1.Оны заландыруға тырысып, қашық ұста.
2.Ол көңілсіз және ренжулі секілді. Оның көңілін көтеруге тырыс.
Карточка №2
1.Өзің қалай билегің келсе, солай биле.
2.Өз жұбыңның әрекеттерін айна қатесіз орында.
Карточка №3
1.Қазір сен батыл бол.
2 .Өз жұбыңа ренжулі екеніңді елестет.
Карточка №4
1.Өз жұбың сені қызықтырмайтынын елестет.
2.Бұл би екеуіңе ортақ екенін ұмытпа.
Карточка №5
1.Сенің жұбың билей алмайтын секілді. Оған білдірмей жүргізуші бол.
2.Бұл биде жүргізуші бол.
Карточка №6
1.Өзіңді ұстап, жаймен биле.
2.Қуанышты көңіл-күймен биле.
Карточка №7
1.Оған назар аудармай, жай өзің үшін биле.
2.Бәрін өзіңнің қолыңа алып, қалай билегің келсе, солай биле.
Вавилона башня
Группа екі топқа бөлінеді. Әр топ скотч, қайшы және бума газет алады. Сіздің тапсырмаларыңыз15 минут ішінде башня құрастыру. Башня неғұрлым биік болса, сол топ жеңіске жетеді. Құрастырып болған соң, ол башня бір минуттай тұруы қажет. Орындық, үстел және әртүрлі басқа да заттар қолдануға болмайды.

Сенем – сенбеймін
Қатысушылар екі дөңгелекке, яғни сыртқы және ішкі дөңгелекке бөлінеді. Олар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Алдында тұрған адамға қарап, оған қаншалықты сенетініңді ойла және оған оны айт. Ол адамға сіз нені сенер едіңіз. Мысалы: «Мен саған өз құпияларымды сенер едім», «Мен саған інімнің қасында отыруды сенер едім», «Мен саған өте қиын емес жұмысты сенер едім». Екі қатысушы да айтып болған соң, жүргізушінің нұсқауы бойынша ішкі дөңгелек оңға қарай бір адамға ауысады.
Жаттығу 5-6 жүрістен соң бітеді. Қатысушылар жиналып, өз сенімдерімен бөліседі.
«Ойын жүргізушіге доп берме!»
Ойынның мазмұны. Ойнаушылардыбіреуі-ойын жүргізуші.Ол ойынның бас кезінде алаңның ортасында тұрады.Басқа ойыншылар алаңға өздерінің еркімен орналасады да,жүгіріп жүріп,волейбол добын бір-біріне лақтырысады.Ойын жүргізуші допты ұстап алуға тырысады,ол допты қағып алған жерінде тұрып,оны кез-келген ойыншыға лақтырады.Доп тиген жағдайда, доп тиген ойыншы ойын жүргізуші болады,ал бұрынғы ойын жүргізуші басқа ойыншылармен бірге ойынға қатысады.
Ойынның ережесі.1.Ойын жүргізушінің лақтырған добы тиген ойыншы қолын көтеріп: «Мен ойын жүргізушімін»деп, қатты айқайлап айтады.
2.Ойын жүргізуші болған ойыншыға тиіп,қайтадан ұшқан допты жерден алуға немесе қағып алуға және ойынды одан әрі соза беруге кез-келген ойыншының құқы бар.
Типтік қимылдар:бұлтарып жүгіру;волейбол добын қолдан қолға лақтыру және қағып алу,допты қозғалып тұратын нысанаға лақтыру
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
лагерь ойындары

шағым қалдыра аласыз