400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лайк үшін өмір сүру - жаңа норма ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мәтінде әлеуметтік желінің жастардың дүниетанымы мен өмірлік ұстанымына әсері сөз болады. Автор «лайкқа» тәуелділіктің адамды қоғамның пікіріне тәуелді етіп, өзін-өзі бағалауына кері ықпал ететінін атап өтеді. Сонымен қатар, ғаламтор мен әлеуметтік желінің білім алуға, қарым-қатынас орнатуға және түрлі салаларды дамытуға мүмкіндік беретін оң жақтары да көрсетіледі. Мәтіннің негізгі ойы – әлеуметтік желіні саналы пайдалану қажет, өйткені адамның құндылығы «лайк» санымен өлшенбейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лайк үшін өмір сүру – жаңа норма ма?

Қазіргі жастардың «лайкқа» деген тәуелділігі олардың өмірлік ұстанымына әсер етеді ме? «Қоғамның көзі – лайкпен теңестіріледі» деген түсінік қаншалықты орынды? Жастар әлеуметтік желінің үстемдігі жыл сайын артып жатқаның, тым жоғары денгейге көтерілгенің байқамайды. Қазіргі таңда, әлеуметтік желілер, ғаламтор, технологиялар үстемдік ететін заман. Қоғам мен адам арасындағы коммуникация ғаламтор желісі арқылы өтеді. Әлеуметтік желінің дамуы байланыс орнату ғана емес, ортаның ойлау қабілетіне тікелей әсер еткен құбылыс. Осыған орай, «лайк» термині қоғамда мүлдем басқа көзқараспен назарға алынды.

Бүгінгі таңда, ғаламтор желісінде адамдар ең алдымен халықтың мақұлдауын іздейді. Қоғамға ұнау мақсатында «лайк» ұғымы мүлдем басқа тұста қарастырылады. Өкінішке орай, адамның дәрежесі әлеуметтік желідегі «жеке парақшасы» арқылы талқыланады. Қоғамның назары талқылауға түсетін әлеуметтік «трендте», яғни ұзақ уақыт бойы бір бағытта болатын белгілі бір ақпаратқа көзделген. Халықтың, әсіресе жастардың қызығатыны – желідегі «тренд». Бұл көпшілікті біріктіреді, алайда «лайк құнын» арттыруға ықпал етеді. Белгілі бір поста қаншалықты көп мөлшерде «лайк» жинағаның сенің беделіңді айқындайды. Өзін өзге адамдармен салыстыруға итермелейді. Жұрттың пікіріне деген тәуелділікті арттырады. Адамның өзін-өзі бағалауы төмендейді. Жастардың көбі «лайкты» өмірдің мәні ретінде қабылдайды. Жұртқа жағу тұсында бұрыс әрекеттерге барады. “«Хайп», аудитория, «лайк», жоғары көрсеткіш жинау – қалыпты жағдай” деген түсінікке келеді. Шынайы өмірдегі қадір-қасиет әлеуметтік желідегі бағалаудан қарағанда қаншалықты жоғары екенін байқамайды. Алайда, әлеуметтік желінің оң жақтары бар екендігінің ескеруіміз керек. Ғаламтор – адамзатпен байланыс орнатып, ақпаратқа лезде қол жеткізуге көмек береді. «Instagram», «Tik Tok», «YouTube», «Threads» желілері бүкіл әлеммен қарым-қатынас орнатудың кілті. Шығармашылық, экономика, ғылым, туризм салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Отандық өнімдер мен қызметтерді әлемге танытуға көмектеседі. Жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттауға жол ашады. Елдің халықаралық беделін арттырудың негізгі күшіне айнала алады. Ғаламтордың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы еліміздің түрлі салаларын қарқынды дамытуға болады. Америкалық психолог Кимберли Янгтың айтуынша: "Мәселе технологияның өзінде емес, адамдардың оны қалай пайдаланатынында. Виртуалды әлемдер шынайы өмірді, жақындарын және өздерінің эмоцияларын алмастыра бастағанда қауіпті болады". Әлеуметтік желілер – қоғамның дамуын жеделдетіп, көпшілікке білім мен түрлі мүмкіндіктерге жол ашатын құндылық.

Ғаламтор – қоғамның негізгі көзі. Дегенмен, адамның дәрежесі мен құны «лайк» санымен шектелмейді. Көпшіліктің, әсіресе жастардың шынайы өмір мен виртуалды әлемнің ара-жігін ажырата білуі аса маңызды. Ақпараттық желіні тиімді әрі дұрыс пайдалану қоғамның әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік желідегі бағалауға деген тәуелділік адамның тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіреді, санаға теріс ықпал береді. Нағыз құндылық – адамның ішкі қасиеттері, ал шынайы адам болмысы «лайк» санымен өлшенбейді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.07.2026
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі