400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ландшафтық дизайн арқылы мектеп ауласын безендіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық аймақта тұратын Арал ауданы үшін көркейту-көгалдандыру жұмыстарын нығайтуға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда облысы

Арал аудандық білім бөлімі











Тақырыбы: Ландшафтық дизайн арқылы мектеп ауласын безендіру

Бағыты: География









Жоба авторы: Нұралиева Гаухар Асқарқызы

8-сынып оқушысы



Жоба жетекшісі: Менешова Несібелі Қуантқанқызы,

география пәні мұғалімі


















Мазмұны:


І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім

1.Ландшафтық дизайн ұғымы туралы түсінік


2.Мектеп ауласын безендіруде ландшафтық дизайнды пайдалану


3.Көркейту-көгалдандыру жұмыстары


4.Мектеп ауласының биологиялық ерекшелігі


ІІІ.Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер


Ұсыныс


Ғылыми жетекшінің пікірі

























Аңдатпа

Ландшафтық дизайн үлгісі – бұл көшеттер мен гүлдер отырғызу, тастар төсеу, субұрқақтар жасау арқылы ауланы безендіру.Ландшафтық дизайн үлгісі арқылы мектеп ауласын безендіру-оқушыларды сұлулыққа, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, туған өлке табиғатын аялауға, қорғауға тәрбиелейді.

Аннотация

Абстрактный ландшафтныйдизайн-это украшение двора путем посадки цветов,закладки камней и создания фонтанов. Ландшафтный дизайн –обучает учеников красоте,трудолюбию,ответственности, заботе и защите родного края.

Annotation

Abstract Landscape design is a decoration of a yard by planting seedlings and flowers , laying stones, and making fountains .Landscaping design throuth landscape design –educates students on beauty ,hard work, responsibility , care and protection of the native land.































Кіріспе

Мектеп ауласының ландшафтық дизайны – көшеттер мен гүлдер отырғызу, тастар төсеу, жерасты су көздерін пайдалану, яғни құдықтар қазу сияқты антропогендік жұмыстарды қамтиды.

Ғылыми жобаның маңыздылығы- туған өлке экологиясын жақсарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын насихаттау, ауылды ландшафтық дизайн үлгісінде безендіру жұмыстарын жүргізу. Ауыл көшелеріне тал және гүл көшеттерін отырғызу, ауыл ішін жасыл желекке айналдыру, табиғатқа қамқор болу –әр азаматтың парызы екендігін сезінуге жауапкершіліктерін арттыруды көздейді.

Ландшафтық дизайн- бұл ауланың эстетикалық ерекшелігін ұйымдастыру болып табылады.Мектеп ауласын безендіруде көгалдандырудың маңызы ерекше.Ландшафтық дизайн арқылы ауланы безендіруде табиғат кешендерінің өзара үйлесім табуы қажет. Бұл жұмысты бағбандық білімі бар, гүлзарлар мен дизайн үлгісіне қызығушылығы бар адам ғана үйлестіре алады.Біздің мектепте ландшафтық дизайн арқылы мектеп ауласын безендіру ісіне қоғам пайдалы еңбек пәнінен беретін Меңдібаев Нұрхан ағай жауапты боп бекіген. Ол өз ісінің шебері.Таңертеңнен кешке дейін мектеп ауласында жүреді.Ағайдың жұмысы қажырлы еңбек пен көп ізденісті қажет етеді.Гүлдер мен тал көшеттерін жас баладай күтіп, үнемі қамқорлық көрсетіп келеді.Оқушыларды да қызықтыра біледі.Күнннің ыстығы мен шаңды дауылға қарамай қашан көрсеңізде мектеп ауласында жүреді.Табиғатқа ерекше сүйіспеншілікпен қамқор болып жүрген жан.



















Негізгі бөлім

1. Ландшафтық дизайн арқылы мектеп ауласын безендірудің маңызы зор.Ол мектеп ауласының тіршілік ортасын қолайлы әрі сұлулыққа тұндырып тұрғандай ғажайып сезімге бөлейді. Біздің мектепте ауланы ландшафтық дизайн арқылы безендіру – көшеттер мен гүлдер отырғызу,тастар төсеу, жерасты су көздерін пайдалану, яғни құдықтар қазу сияқты антропогендік жұмыстармен басталды. Бұл ауаны тазарту, экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатты аялау мақсатында жасалып жатқан жұмыстар еді.Мектеп ауласына әсем көрініс береді,шудан, шаңнан қорғайды.

Көгалдандыру мен ландшафтық дизайнда қолданылатын ең бастысы өсімдік түрлері және көшет материалдары еді. Көшеттерді отырғызу барысында ылғал тапшылығына, топырақ тұздылығы мен ауаның ластығына салыстырмалы шыдамдылығы және көлеңкеге төзімділігі ескерілді. Міне сондықтан әрбір түрдің ерекшелігін, әсемдік сапасын және өсімдіктің құрылымын жақсы білу, жасыл құрылыс құру кезінде жұмыстарды тиімді жүргізуге, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтауға, архитектуралық-көркемдік көрініс беруге, эстетикалық қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретініндігі анықталды. Ағаш және бұталардың әсемдік қасиеттерін бағалау кезінде, ең басты назарда ағаштың өлшемі, өсу жылдамдығы мен өмір ұзақтығы, бөрікбасы пішіні мен келбеті, жапырағы, гүлі, жемісі және бұтақтарының түсі мен пішіні, көлемі және діңінің бедері, түсі және пішіні ескерілді.

Ландшафттық дизайн жұмыстары барысында мектеп ауласында әдемі жолдар, су қоймалары /құдықтар/ ,тірі қоршаулар, орындықтар, беседкаларды сәндеу, жарамсыз дөңгелек балондарды сырлап,түрлі бейнелер жасалды.















2.Мектеп ауласының безендірілу барысы

Мектеп ауласы оқушылардың экологиялық мәдениеті мен  жаңа азаматтық сезімін қалыптастырудың тиімді құралы.Мектеп ауласын абаттандырып, көгалдандыру маңызды әрі жауапты іс.Әдемі безендірілген, көкпен қоршалып, тазаланған мектеп ауласы балаларды сұлулыққа, табиғат пен туған өлкеге   деген махаббатқа тәрбиелейді.

Қарақұм ауылындағы №59 орта мектеп ауласында дизаинның заманауи үлгісі қалыптасқан деп айтуға болады.Бұл мектеп 2012-2013 оқу жылында пайдалануға берілді.Жаңа ғимарат зәулім, биік, әдемі болатын.Бірақ айналасы қиыршық тас,құм, топырақ жапқан ашық алаңқай еді. Жақын маңда ағып жатқан су да болмады. Аптап ыстық, қапырық ауа, шаңды дауылдар жиі болатын Қарақұм климаты айналаны жасыл желекке бөлеуге кедергі келтіретін.Жаңбыр да сирек жауатын, ылғалдылық мөлшері де төмен еді.Мектеп ауласын безендіру,жасыл желекке айналдыру сол кезеңде тек арман болғаны рас, қажырлы еңбекті қажет ететін ең қиын әрі күрделі жұмыс болды. Осылайша мектеп ауласын көркейту-көгалдандыру жұмысына ұжым мүшелері мен оқушылар түгелдей кіріскен еді.Мектеп ауласының ландшафтық дизайнының үлгісі жасалды.Оның құрамына алаңды жобалау және бөлу, ауылдың климаттық жағдайымен топырағына байланысты өсімдік таңдау, оны аулада бір-бірімен үйлестіру арқылы орналастыру, су қоймаларымен жолдар арқылы аумақты көгалдандыру жұмыстарының жоспары құрылды.

Белгілі бір өсімдік пішіндерімен үйлесімін, декоративті төсемдер, жарықтандыру жұмыстарының үлгісі жасақталды. Мектеп ұжымы көктем-күз айларында ағаш отырғызу жұмыстарына ат салыса отырып, көгалдандыру жұмыстарына қатысатын үлкендер мен балаларға үлгі болып жол бастай алды. Мектеп маңындағы көлеңкелі бау алдымен санитарлық-гигиеналық және архитектуралық маңызға ие.













3.Көркейту-көгалдандыру жұмыстары

Мектепті көгалдандыру жұмысы неден басталады?  Ең алдымен мектеп территориясын функционалды аймақтарға бөлінген. Спорт алаңы мен шаруашылық ауласы оқшаулауды қажет ететіндіктен, бұл тұстарға ағаштардан жасыл қоршау мен қырқылған бұталар отырғызылған. Мектеп маңы аймағына кіре беріс тұсты - мектептің бет-әлпеті деп қарауға болады. Бұл бөліктің ландшафты ішкері орналасқан мектеп ғимаратына бағыт нұсқайтындай барынша ашық.Оған негізгі аллея апарады. Уақыт өте аллея тар, қараңғы дәлізге айналмауы үшін ағаштардың арасын бір-бірінен 5-8 метр қашықтықта егілген..

Бау тек безендіру қызметін ғана атқарып қоймай, оқушылар ұстаздарының жетекшілігімен өсімдіктерді өсіріп, қадағалап, биологиялық бақылау жүргізетіндей тәжірибе алаңы жасыл зертхана болып табылады.Мектеп аллеясы.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай

түлектер мен бірінші сыныптар аллеясына ағаш егу дәстүрі бар. Мұндай мақсатқа мектепке апаратын негізгі аллея сәйкес келеді. Бұл- оқушылар мектеп қабырғасында жүрген уақытта «өз ағаштарын» қамқорлыққа алу мүмкіндігіне ие болатын үлкен тәрбиелік іс. Бұл орайда «Менің ағашым менімен бірге өседі» ұранын ұстанған.

Мектептің әстетикалық жасыл келбеті оның аумағы оқушылардың өз уақыттарын өткізуге тартымды .

Төменгі сынып оқушыларына арналған алаңдар ағаштар мен бұталардан жасалған аласа тірі қоршаулармен қоршалған. Тегіс қырқылып, үйлесімді жасалған қарапайым архитектуралық пішіндегі жасыл қоршаудың өзі жинақы әр береді.

Мектеп ауласы күн өткен сайын ажарланып,мектеп қызметкерлері, ата-аналар мен оқушыларды қуантуда.Мектеп ауласының безендірілуі келген қонақтар мен ауыл тұрғындарына жоғары көңіл-күй сыйлап келеді.






















4.Мектеп ауласының биологиялық ерекшелігі

  1. Ауладағы отырғызылған ағаш пен бұталар,гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шаңнан, желден,күннен қорғайды.Мысалы мектеп ауласындағы қарағай мен қылқанжапырақты шыршалар айналасына тарататын фитонцидтері арқылы зиянды ағзаларды жойып,оны адам ағзасына қолайлы иондармен байытады. Әсем гүлдейтін сәндік көпжылдық раушандар аулаға ерекше сән беріп тұрады.Өсімдіктер ауқымы жылдан жылға сәндік қылқан жапырақты және жеміс ағаштарымен толығып келеді.Мектептің алдыңғы бөлігінде қаратал, үйеңкі, роза гүлі

түн сұлуы,кохия,раушан, гладиолус түймедағы, кенегүл сияқты түрлер бар.Сол және оң жақ қапталында терек, сексеуіл,қарағай ,спорт залдың оң жақ қапталында жеміс ағаштары мен шаршалар, артқы бөлігінде сексеуіл, жылауық тал отырғызылған.


























ІІІ.Қорытынды

Отырғызылған көшеттер

  1. Қаратал – 817

  2. Үйеңкі – 30

  3. Жылауық тал – 4

  4. Ақ қайың – 30

  5. Терек – 136

  6. Сексеуіл – 40

  7. Қарағай -40

  8. Жеміс ағаштары-152

Барлығы: 1249

Гүл түрлері:

  1. Роза гүлі

  2. Түн сұлуы

  3. Кохия

  4. Раушан

  5. Гладиолус

6. Түймедағы

7. Кенегүл

8. Әйел бақыты

9. Кан



























Ландшафтық дизайн арқылы мектеп ауласын безендіру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп келеді. Жарық көздері орнатылып, арнайы құдықтар қазылды.Түрлі көшеттер, гүлдер, жеміс ағаштары отырғызылды.Болашақтар субұрқақтар жасалып, жеміс ағаштары, гүл көшеттерін отырғызу жоспарланған.

Мың шыбық шаншып өсірсең,

Халқыңа орман салғаның,

Халқыңа орман салғаның,

Болашаққа қорған салғаның.

Тіршіліктің тірегі табиғат демекші , табиғат айналаның сәні. Табиғат жалпы адам баласының ортақ қазынасы.Табиғат қоғамның қорғаны, заманның зердесі.

Қандай сұлу табиғат,

Тіршіліктің анасы.

Қорғай біл,ей, Адамзат!

Табиғат елдің панасы.

Осы тірі табиғатқа жан беретін ауа,су,жер,орманды қорғау бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін басты міндет деп ойлаймын.Біз экологиялық аймақта тұрамыз, сондықтан әрбір тұрғын өз ауласын безендіруден бастаса жақсы болмақ.Аудандық елді мекендерде «Ландшафтық дизайн» арқылы өз аймақтарын көркейтіп, көгалдандыру жұмыстарын қолға алса табиғаттың тазалығына көңіл бөлсе деген ойдамын. Ландашфтық дизайн арқылы ауыл көшелерін түрлі көшеттер, гүлдермен безендіру жұмыстары жүргізілуі қажет деп ойлаймын.Себебі біз экологиялық аймақта өмір сүріп жатқандықтан денсаулығымызды жақсартуды қолға алуымыз керек.Әр адам өз ауласын көгалдандырса, әр тұрғын көшелерді көркейтуге үлес қосса айналамыз жасыл желекке айналып, әсемдік пен сұлулыққа оранған болар еді.Ландшафтық дизайн арқылы ауылдарды, мектептерді безендіруді қолға алу экологиялық апат аймағында тұратын Аралдықтар үшін Аудан көлемінде жүргізуді талап етеді. Бұл ұсынысым көркейту-көгалдандыру айлығы аясында Аудан көлемінде қолдау тауып, іске асады деп сенемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.География оқулығы 7сынып А.Егорина, С.Нүркенова, Е.Шимина Алматы «Атамұра» 2017

2.География оқулығы 8сынып 2-бөлім Р.Ә.Қаратабанов, Г.А.Қуанышова,

Ж.Р.Байметова, К.М.Джаналеева Алматыкітап 2018

































Ұсыныс:

1.Көркейту және көгалдандыру жұмыстары аясында ауыл көшелеріне тал,гүл көшеттері отырғызылса;

2. Ауылдың эстетикалық жасыл келбетін жасау ауыл әкімшілігі тарапынан қолға алынса;

3. Жалпы тұрғындар тарапынан қолдау тауып, әр тұрғын ландшафт дизайн арқылы ауласын безендірсе;

4.Көркейту-көгалдандыру айлығы аясында Ландшафтық дизайн арқылы безендіру Аудан көлемінде қолдау тауып, жоспарлы түрде іске асса;



















\

















№59 орта мектебінің география пәнінің

мұғалімі Менешова Несібелінің

8 сынып оқушысы Нұралиева Гаухардың

«Ландшафтық дизайн арқылы мектеп ауласын безендіру»

тақырыбындағы ғылыми жобасына пікірі

Пікір

Бұл ғылыми жобада ландшафтық дизайн арқылы мектеп ауласын безендіру жұмыстарының жоспары, барысы, отырғызылған көшеттер мен гүлдер, оқушылардың және ұжым мүшелерінің қажырлы еңбектері көрсетілген.

Табиғатты қорғау, аялау, туған жерді көркейту, жасыл желекке бөлеу, мектеп және ауыл аумағын экологиялық жағдайдан сақтау туралы анық мәлімет берген.

Нұралиева Гаухардың зерттеген тақырыбы « Ландашфтық дизайн арқылы мектеп ауласын безендіру». Оқушы өзіне тапсырылған жұмысқа жауапкершілікті сезінген.Оқушы ізденісі жоғары.Түрлі деректерді орынды қолданып, ұтымды пайдаланған. Ғылыми ізденіс барысында бағыт-бағдар берілсе, болашақта ғылыми жаңалықтар ашып, жақсы жетістіктерге жетеді деген үміттеміз.



Пікір жазушы: география пәні мұғалімі Менешова Несібелі















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
2404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі