Материалдар / Latin garipin ureny
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Latin garipin ureny

Материал туралы қысқаша түсінік
латын әліпбиін жаңадан бастап үйренем деушілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
292
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы Латын графикасына көшу заман талабы

Сабақтың мақсаты Латын графикасы туралы әліпбимен таныстыра отырып,оқуға дағдыландыру.

«Латын графикасына көшу заман талабы» тақырыбындағы сабақта оқушыларға қашықтықтан оқыту кезінде мынадай тапсырмалар орындады.

1-тапсырма. Мәтіңді оқып,әліпбидің көмегімен латынша жазуға талпын.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бойынша қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл қызметін атқарады.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – кез келген Қазақстан Республикасы азаматының міндеті. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы». Біз үшін қазақ тілі – ұлы. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өткені мен бүгінін әлемге танытатын да оның тілі.Қазақ тілі арқылы күллі әлем тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін және өнерін таниды.

Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Qazaq tili – Qazaqstan Respýblıkasynyń memlekettik tili.

Qazaq tili – qazaq halqynyń ana tili. Ol halyq tarıhymen birge jasap, urpaqtan urpaqqa qatynas quraly retinde qyzmet etip keledi. 1989 jyly qazaq tili memlekettik mártebe alyp, Qazaqstan Respýblıkasynyń Til týraly Zańy boıynsha qazaq tili respýblıkamyzdaǵy negizgi til, memlekettik til qyzmetin atqarady.Qazaq tili – Qazaqstan Respýblıkasynyń memlekettik tili. Memlekettik tildi meńgerý – kez kelgen Qazaqstan Respýblıkasy azamatynyń mindeti. Uly jazýshy Shyńǵys Aıtmatov ana tili týraly bylaı degen eken: «Halyqtyń máńgi ǵumyry onyń tilinde. Árbir til óziniń halqy úshin – uly». Biz úshin qazaq tili – uly. Árbir táýelsiz memlekettiń ótkeni men búginin álemge tanytatyn da onyń tili.Qazaq tili arqyly kúlli álem táýelsiz memleketimizdiń tarıhyn, mádenıetin, ádebıetin jáne ónerin tanıdy.Memlekettik til memlekettiń búkil aýmaǵynda qoǵamdyq qatynastardyń asa mańyzdy faktory bolyp tabylatyn memlekettik tildi meńgerý – Qazaqstan Respýblıkasynyń árbir azamatynyń paryzy.

Оқушылардан кері байланыс мынадай жолдармен алынды.
























Сабақтың тақырыбы Латын әріптерін үйрену

Сабақтың мақсаты Латын әріпін үйрену,мақал-мәтелдің көмегімен латыннан қазақша жазып үйрену.

1-тапсырма.Мақал-мәтел.

Латын тілінен қазақ тіліне жазып үйрену.

1. Ana tiliń alpys tilge tatıdy.

2. Tilin bilmeıtinder emes, tilin bilgisi kelmeıtinder - máńgúrt.  

3. Til mártebesi - el mártebesi.

4. Til - dostyqtyń altyn kópiri.

5. Til - ulttyń súıenetin tamyry, syınatyn táńiri.


  1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

  2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

  3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

  4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

  5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.


2.Тест тапсырмаларын орындау

1- nusqa.

1.Qatań daýyssyzdy kórsetińiz

A) d, v, e V) b, ı, r S) p, sh, q D) m, ń, n E) ǵ, l, ý

2.Uıań daýyssyz dybystar qataryn kórsetińiz

.A) V,B,G,Ǵ,J V) D,Z,H,T,V S) K,S,T,Sh,L D) B,V,K,S,D

E) L,D,R,M,P

3. Qatań daýyssyz dybystardy kórsetińiz.

A) q, k, p, s V) b, v, g, ǵ S) n, r, ý D) ı, l, m E) d, j, z, h

. 4.Tek uıań daýyssyz dybysqa aıaqtalǵan sandardy kórsetińiz.

A) 6, 9, 1 V) 4, 10, 7 S) 5, 8, 10 D) 4, 11, 15 E) 100, 9, 305.

5.Qatań daýyssyz dybystar qatar kelgen sózdi kórsetińiz.

A) Qasqa. V) Arqan. S) Qaımaq. D) Alma. E) Alǵash





2-сессияға дейін латын әріптерін жаттап келу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!