15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Латын әліпбиі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы
Бағыты: Тіл білімі және әдебиеттану мәселелері
Секциясы: Тілтану
Тақырыбы: Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі
Авторы: Қуаныш Фатима
7 «А» сыныбы, №278 орта мектеп
Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Бектоғаева Салтанат Оңғарқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
№278 орта мектеп , Қызылорда қаласы
Кеңесшісі: Сара Бахтиярқызы
Қорқыт ата атындағы ҚМУ
аға оқытушы, фил.ғыл.кандидаты
Қызылорда қаласы
2019 жыл
Жұмыстың мақсаты: латын тіліне көшудің маңыздылығын көрсету, латын әліпбиіне көшудің артықшылығы мен кемшілігін ашу, тілді меңгерудің тиімді жолын қарастыру.
Міндеттері:
1. Қазақ тілінің жаңғыруындағы латын әліпбиінің өзектілігін көрсету;
2. Ақпарат көздерінен сенімді ақпарат жинақтап ұсыну;
3. Сауалнама арқылы оқушылар білімін пайыз көрсеткішімен шығару;
4. Қала тұрғындарынан сұхбат алу. Олардың білімдеріне көз жеткізу;
5. Барлығын есте қалатындай түсіндіріп өту.
Жұмыстың өзектілігі. Латын әліпбиіне көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алуды дәлелдеу.
«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешендіжобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауынан.
2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек»
Зерттеудің нысаны. Латын әліпбиінің ерекшелігі.
Зерттеу гипотезасы. Жоба жұмысы латын тілін үйренуде қолданады. Осы жоба арқылы латын әліпбиі туралы адамдардың білімін кеңейте аламыз. Оқушыларды латын әліпбиіне көшудің өзектілігімен таныстыра аламын. Латын әліпбиі жайлы көп мәлімет жинақтап тұрғындарға және оқушыларға ұсынсам, бұл олардың қызығушылығын және білімін арттырар деген ойдамыз.
Зерттеу кезеңдері. Теориялық, ғылыми материалдарды интернет желісі, БАҚ арқылы жинастыру, оқушылар мен тұрғылықты адамдардан сауалнамалар алу, қорытындысын шығару
Зерттеу жаңалығы . Мектеп оқушылары арасында зерттелмеген, латын тілін енгізу жайлы хабарламалар беру. Кириллицаның латын әліпбиіне өзгеретінінен хабардар болады. Латын әліпбиіне көшудің өзектілігі мәлім болды.
Аннотация
Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы. Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстандықтарға келешекте ағылшын тілін үйрену, осы тілде жазу, оқу, сөйлеу оңайға түсетіні сөзсіз.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Аннотация
Мы, народ Казахстана, чтобы, не отставая от времени войти в число развитых стран мира, а также для сохранения национальных ценностей должны пораньше перейти на латиницу. Это - требование времени. Благодаря переходу на латинский алфавит казахстанцам в дальнейшем легче изучать английский язык, писать, читать, говорить на этом языке.
Переход на латиницу один из путей независимости нашего национального сознания. Один пример, название нашей страны в новом варианте мы написали бы Qazaqstan, а не Kazakhstan.
Annotation
We, people of Kazakhstan must change our alphabet to the Latin one in order to come into the list of developed countries of the world and keep the national values. It is time demands. Thanks to the transition to the Latin alphabet Kazakhs in the future easier to learn English, write, read, speak the language.
Changing
into the Latin alphabet is one of the ways of independence
of our national thoughts. Only one example, the name of our
country in a new variant of writing would be Qazaqstan,
not Kazakhstan.
Жоспар:
І. Кіріспе
1.1. Латын әліпбиіне көшу- тіліміздің жарқын болашағының кепілі
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру тәжірибесі
2.2. Латын әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасы
2.3. Латын әрпіне көшу- уақыт талабы.
ІІІ. Тәжірибе бөлімі
3. Мәтінді латын әліпбиінің әріптері арқылы жазу.
ІV. Қорытынды.
Кіріспе
Менің ғылыми ізденушілік тақырыбым «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі». Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім дәл қазіргі уақытта осы тақырып ересектер мен оқушылар арасында көп айтылуда. Мені де осы сұрақ ойландырды. Яғни «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі болып отыр. Қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға жауап іздеп өз жұмысымды бастаған едім.
Еліміз
тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген
қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу
мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне
көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан
бастап бастау алғаны баршамызға тайға
таңба басқандай белгілі. Ағартушы-педагог
ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей,
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да
себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы–тілі»деген.
13
Қыркүйек 2017 жылы Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден,
қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне
көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.
Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік
қажеттігін терең түсініп, байыппен
қарап келеміз және оған кірісуге
Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият
дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы
7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті
мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің
Президиумы латындандырылған жаңа әліпби
– «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу
туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің
негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан
1940 жылға дейін қолданылып, кейін
кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13
қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған
әліпбиден орыс графикасы негізіндегі
жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң
қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан –
2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында: «Мемлекет өз
тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын
нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді.
Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі
кешенді шараларды жүзеге асыруды
жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап
әліпбиімізді латын қарпіне, латын
әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.
Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті
мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз
мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың
болашағы үшін осындай шешім қабылдауға
тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе
түсуімізге, балаларымыздың ағылшын
тілі мен интернет тілін жетік игеруіне,
ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға
жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне
көшудің қажеттілігін атап өтті. Тілдері
ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі
тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі
әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін
пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің
жазуы да бірізге түсірілмей келеді,
барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу)
түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани,
мәдени байланыстарының нығаюына,
ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға
алып келер еді.
Қандай да істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі бұл бір-екі жылда емес, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек , жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, жаңа әліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, қазір қолданылып жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек. Бізден бұрын латын жазуына көшкен түркі халықтарының қателігі бізге сабақ болып, сол қателіктерді қайталамау үшін жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн.
Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Сондай-ақ бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз кирил, араб немесе басқа емес, латынмен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі әріптер латынмен берілген. Куәлігіміз бен паспортымызда латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқым келеді. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.
2.1. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру тәжірибесі
Жазу – адамзат ақыл-ойының үлкен жетістігі. Кез-келген халықтың тарихы жазба тілмен тікелей байланысты қалыптасып, барлық рухани және материалдық құндылықтар деңгейі жазба мәдениетінен көрінетіндіктен жазу тарихы жалпы адамзат тарихының бір саласы ретінде қарастырылады.
Әлемдегі бүкіл халықтар секілді қазақ халқы да өзінің тарихи өрлеуі барысында саяси, қоғамдық әлеуметтік жағдайларға байланысты әр түрлі жазу үлгілерін қолданды.
Қазақ мәдениеті тарихында алфавит, емле мәселесінің өз орны бар. Өйткені жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Жалпы жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс, адамның рухани байлығының үлкен жетісітігі. Жазусыз мәдениет те, әдебиет те, ғылым да дамымас еді. Оның адамзат өміріндегі маңызын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап айтқан.
ХХ ғасыр басында тікелей оқу-ағарту ісімен немесе әдебиетпен айналысқандарды ғана емес, бүкіл қазақ қоғамын алаңдатқан үлкен проблема болды. Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. Көпшілікке мәлім, қазақ жазуын (араб графикасы негізіндегі) басқа графикаға көшіру мәселесі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап көтерілген болатын. Сол уақыттағы баспасөз беттерінде араб жазуының кемшілік жақтарын, оның түркі тілдеріне жарамсыздығын айтып сынаған мақалалар көптеп кездеседі. Кей мақаланың авторлары араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтындығын, бас әріптердің, тыныс белгілерінің жоқтығы оқуда қиындық туғызатынын көрсете келіп, қазақ жазуын жетілдіру керек не басқа алфавит алу керек деген пікір айтады. Қазақ оқығандары, оның ішінде Ы.Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды, не осы жазуды біраз жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Міне, осы пікір ағымын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын қызу уағыздады.
Араб жазуын жетілдіру не басқа графикамен алмастыру мәселесі ХІХ ғасырдың екінші жартысында көтерілгенімен, бірақ өз шешімін таба алмай аяқталды. Бұған нендей себеп болғанын шығыстанушы Н.Яковлев былай деп көрсетеді: “Орыс графикасы миссионерлер мектебі арқылы таратылғандықтан кейбір халықтардың ұлттық сезіміне жағымсыз әсер етті. Бұл орыстандыру және зорлықпен ұлттық ерекшеліктерді жою үшін істелінген іс деп есептелінді”.
ХХ ғасыр басында туған шытырман заманның түрлі қоғамдық-саяси оқиғаларына қазақтың көзі ашық ұлтжанды зиялы тобының өкілдері бейтарап қарап отыра алмады. Олар қоғамдық дамудың алғы шарттарының бірі – халыққа білім беру деп танып, қалың бұқараның сауатын тез ашу үшін оқыту жүйесіне реформа жасаудан бастау керектігін қазақ зиялылары жақсы түсінді. Мектептер мен медреселерде діни сабақтармен қоса әр түрлі ғылым салаларынан алғашқы мәліметтер берілетін болды. Жаңа әдіспен оқытудың пайдалы екендігін түсінген Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Исен Бейсенбаласы т.б. халықты ана тілінде тез сауаттандыру үшін төте жазумен жазылған жаңа оқу құралдарын құрастырып, жаңа әдіспен оқытуға арналған әліппе, емле ережелерін құрастырумен айналысты.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ даласында жәдид бастамасын батыл қолдай отырып, қазақ алфавитін түрленген жаңа жүйеге келтіруге, ежелеусіз оқу мен төте оқуды қалыптастыруға жол салды. Бұрынғы әліппе бойынша, ескі араб әрпімен (хадимше) түсініксіз сөздерді жаттаудың орнына, тура өз тілімізде оқып-жазатын жаңа әдіс ұлт мәдениетінің тарихында орасан зор маңызды оқиға болды.Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың бас кезінде араб әліппесін
қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп өзгерістер енгізді. Ол қазақ әліппесін жүйелеп, оқу құралдарын жасады, фонетика, грамматика саласын зерттеп, қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулер жазды.
Кеңес үкіметінің жүргізген саясатына байланысты 1930 жылдардың ортасы мен соңына қарай ұлттық республикаларда орыс тілі ортақ қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданыла бастады. 1940 жылы орыс графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі қабылданды.
1990 жылдары қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі алфавитке ауыстыру мәселесі көтерілді. Біраз түркі тілдес республикаларда (Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан) қайта құру кезеңі басталғанда латын графикасына ауысты. Сол республикалардың оң тәжірибелерін зерттеп, бізде де латын графикасына көшу мәселесін қарастырып жатқан ғалымдардың еңбектерін зерделеу қазіргі күн тәртібінің өзекті мәселелерінің біріне жатады.
2.2. Латын әліпбиінің талқылауға ұсынылған нұсқасы
Латын әліпбиіне көшуге байланысты мәселе көтерілгеннен бері еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі іс-шаралар жолға қойылып, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқандығы және оның әрі де жалғасын табатыны сөзсіз. Күнделікті теледидардан да латын әліпбиіне көшу дұрыс па, қажет пе деген сауалдарға жауап ізделуде. 2017 жылдың 11 қыркүйегінде латын жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің нұсқасы Парламент мәжілісінде талқылауға
ұсынылғаннан кейін жалпы халық өз пікірін білдірді, көпшілік қауым қоғамдағы болып жатқан бұл өзгерісті бей-жай қалдырмады. Бұл – құптарлық іс.
Егер латын әліпбиіне көшу нақты болса ескеретін жағдай:
1) Әліппе тек таза латын таңбаларынан құралу керек (Ӓ, Ӧ, Ğ сияқты түрік-әзірбайжан әліппесінде кездесетін диакритика қосылмау керек);
2) Қазақша Ә, Ө, Ғ сияқты төл дыбыстарды жоймастан, оларды да әліппеге енгізіп, оларға дербес орын беру керек;
3) Әліппе тек әріп таңбаларынан тұру керек, дәйекше (‘ - апостроф) сияқты арнайы таңбаларды қолданбау керек;
4) Әрқилы оқылу мүмкіндігіне (разночтение) жол берілмеу керек;
5) Қос таңбалы диграф әріпті мейлінше азайту керек;
6) Оқылуы мейлінше жеңіл әрі әдемі көріну керек.
Құрастырудың түрлері:
Жалпы Ә, Ө, Ү, І әріптерін көрсетудің 3 жолы бар:
1) жіңішкелік белгіні төбесіне қою (умлаут) - Ӓ, Ӧ, Ü, Ï
2) жіңішкелік белгіні құлағына қою (апостроф) – A`, O`, U`, I`
3) жіңішкелік белгіні қасына қою (диграф) – A+, O+, U+, I+
Бұл нұсқада жіңішкелік белгі ретінде "i" таңбасы алынған.
Түсініктемелер
1) Қазақ тілінде "a" әрпі мен "i" әрпі бірге келетін, яғни "аi" болып тіркесіп келетін сөз болмайды. Сол себепті "і" әрпін бұл жерде "жіңішкерту таңба" ретінде қолданып, бұл "ai" диграфымен "ә" дыбысын белгілесек болады, бұл әрқилы оқуға (разночтение) мүмкіндік туындатпайды. Сол сияқты "oi", "ui" болып тіркесіп келетін де сөз болмайды. Сол себепті ол диграфтармен "ө" және "ү" дыбыстарын белгілесек әрқилы оқуға жолықтырмайды.
2) Қазақ тілінде "ң" дыбысы "ng" диграфы арқылы таңбаланғанда кейбірсөздер жаңа әліпбиде бірдей жазылып, дұрыс оқылмайды. Мысалы, "күнгі, күңі" дегендер екеуі де "kungі" болып бірдей жазылады. Бұдан әрқилы оқу туындайды. Сондықтан осындай қайшылықтарды болдырмас үшін келесі ережені қабылдау керек: Егер сөзде "н" дыбысынан кейін "г" дыбысы тіркесіп келсе, онда осы "н" дыбысы тілдің айтылу және естілу заңына сәйкес үнді "ң" дыбысына айналып жазылады. Мысалы, "күнгі" деген сөзді дыбысталуына сәйкес "күңгі" деп жазу керек, сонда "күнгі" және "күңі" сөздері латын әріптерімен әртүрліше жазылатын болады, яғни "күнгі" = "kunggi" және "күңі" = "kungi". Осылай әрқилы оқу жолы жабылады.
3) Қазақ тілінде "ғ" әрпі мен "һ" әрпі бірге келетін, яғни "ғһ" болып тіркесіп келетін сөз болмайды. Сол себепті бұл "gh" диграфымен "ғ" дыбысын білгелесек болады, бұл әрқилы оқуға (разночтение) мүмкіндік туындатпайды.
Ескерілген жайттар:
Латын әліпбиі әлі де болса шикі қабылданған деп ойлаймын. Себебі әлі де болса үндеспейтін жерлері жеткілікті. Қолданысқа енгізуге әлі ерте сияқты. Дәл қазір осы әліпбимен жұмыс істесек, күлкіге қалатын күніміз де алыс емес.
Келеңсіз тұстарын айта кетсек, латын алфавитінің әлемдегі барша тілінің нұсқасында қолданылатын W, X, C әріптері неге қалдырылған? Түріктер болсын, өзбектер болсын, филиппиндіктер т.б., қай ұлттың болмасын әліпбиінде бұл әріптер бар, ал неге бізде олар түсіп қалған? Мәселен, латын алфавитінде бар С деген әріп қайда жоғалып кеткен? Латын алфавитін қолданатын шетелдердің бәрінде де бұл әріп бар. Ағылшын тілінде де «Ц» деген әріптің орнына қолданылады. Мысалы, centre. Ақыры «ш» мен «ч» -ны қалдырған екен, онда неге «ц» деген әріпті қолданбаймыз? Сонда цемент, центнер деген сөздерді қалай жазады екенбіз? Былай жазылғаны көрер көзге де түсінікті, әрі айқын болар еді: Centner, Cement.
Н әрпін Х деп жазғанша, сол Х таңбасын Х деп қалдырған дұрыс болар еді. Ал Н әрпін Һ әрпін белгілеуге қолданса құба-құп болар еді.
W әрпін Ұ деген әріпті белгілеуге қолданған әлдеқайда сүйкімді болып көрінер еді. Мысалы: Wrpaq - ұрпақ ,wlan-baıtaq – ұлан-байтақ. U деген таңбаны Ұ деп жазғаннан гөрі У деп жазған тиімдірек , өйткені қазіргі жастардың көбісі смартфоннан хат жазғанда солай деп белгілейді. Мысалы :
uys –уыс, uatu – уату. Ал қазіргі әліпби нұсқасындағы Ы мен У жазылуы бірдей, тек біреуінің апострофы бар. Алда-жалда біреу шатасып, апострофты ұмыт қалдырып кетсе, сонда уақыт деген сөз ыақыт (ýaqyt-yaqyt) деп оқылып кетпек пе? Апострофсыз нұсқасын қалдырып, екіншісін құрту керек деп ойлаймын. Ал Ү әрпін Y деп белгілеген көрер көзге де үйреншікті, әрі қисынды емес пе? Сонда У әрпін U, Ұ әрпін W, Ү әрпін Ү деп белгілесек, халық әрбір әріптен жаңылыспас еді. Тағы С деген латын қарпін қалдырып, оны Ц деп белгілеген тиімді. Әрі латын алфавитінің ешбір әрпі түсіп қалмай, тек дыбысталуы жағынан ғана түрленер еді.
Сосын айта кетерлігі, І, И, Й дыбыстары. Аталған жаңа нұсқадағы латын қарпінде осы үшеу і – І таңбасымен берілген. Іі мен Ии әріптерінің жаңа нұсқадағы бас әріптері бірдей І болып таңбаланады. Оның үстіне, І деген таңба «і» және «и» дыбыстарын бас әріп етіп белгілеуде бірдей қолданылады деген мүлде ақылға сыймайды. Сонда «Ішкі» немесе «Игілік» сөздерін бас әріппен жазғанда қалай дұрыс оқылатынын қалай айқындайды? Жазып көрсек: Ishki, Igilik. Сосын келер ұрпағымыз «Ішкі» сөзін «Ишкі» немесе «Игілік» сөзін «Ігілік» деп оқып жүрсе тіліміздің тұнып тұрған байлығына нұқсан келмей ме?
Осы орайда пернетақтада және телефон батырмаларында жоқ нүктесіз і әрпі қайдан пайда болды? Бұл жағы да үйлесімсіз. Осы тұрғыдан алғанда І әрпін үйреншікті латын қарпі І, і деп белгілеп, И әрпін ноқатпен немесе апострофпен қойған дұрыс болар ма еді деген ойға қаласың.
Осы жәйттарды ескере отырып, Елбасымыздың әлі де болса дұрыс шешім қабылдағанын қалаймын. Жаһандық ғаламға күлкі болмай, әліпбиді дұрыстау мәселесін қолға алса екен деймін. Басқа елдің халықтары ықылым заманнан бері келе жатқан, көп ұлт пен халықтың әліпбиінің тірегіне айналған латын алфавитіндегі кейбір әріптерді орынсыз жерден жойғанымыз біздің қазақ халқы үшін сын емес пе?
1) Дәйекшені (‘ - апостроф) пайдаланудан бас тартылды. Әліппе тек әріптен тұру керек, мейлі қостаңбалы әріптен болса да. Дәйекшелі әріптен гөрі қостаңбалы әріп дұрыс. Өйткені, ол біріншіден, сөзді бөліп қайта жалғағандай ұсқынсыз сурет береді (sa'ndi - сәнді). Және екіншіден, кейде дәйекшені де қабылдамайтын жерлер болады. Мысалы сайттың аты (веб-адрес): a'lippe.kz домен болмайды. Домен аты дәйекшені қабылдамайды. Осы сияқты проблемаларға ұрынбас үшін әліппеміз тек әріптен ғана тұру керек. Және бір мысал: "сән.қз" деп сайт ашатын болсаңыз san.qz (сан.қз) деп ашу керек болады. Содан "сән" сөзі мен "сан" сөзі омонимдей болып кетуі мүмкін. Солай "ә", "ө", "і" сияқты төл дыбыстарына нұқсан келу қаупі бар.
2) "Жіңішкерту таңбасы" ретінде кей нұсқаларда "е" ұсынылуда (ә – ае, ө – ое, ү - ue). Бірақ ол әрқилы оқудың жолын толық жаба алмайды және "ә", "ө", "ү" әріптері мәтіндерде қосымша "е" арқылы жазылса оның суреті де шималы болып көрінеді. "жіңішкерту таңбасы" ретінде "і" алынды, өйткені бұның суреті де ықшамды, әрқилы оқудың да жолын толық жаба алады.
Клавиатурамен жазуға да ыңғайлы, өйткені "і" клавишасы "o" мен "u" клавишаларының ортасында, екеуіне де көршілес орналасқан, яғни "ү" немесе "ө" әріптерін жазғанда қолдың бір сермеуімен-ақ "ui" немесе "oi" қос таңбасын қос саусақпен бір-ақ басуға болады.Қазақ тілінде "Ә", "Ү" және "Ө" әріптері сөздің тек 1-ші буынында ғана келеді, яғни мәтінде өте сирек кездеседі. Сондықтан бұлар үшін таза латын таңбасынан тысқары арнайы символ енгізбей-ақ, оларды диграфпен белгілей салсақ әлдеқайда ұтымды болады.
3) "ы" әрпі қазақ тілінде өте көп кездесетіндіктен, оған "y" таңбасын гөрі "і" таңбасы берілсе, ықшамырақ әрі әдемірек көрінеді (мыс: "тынымды" – "tynymdy" - "tinimdi"; "қырықмылтық" - "qyryqmyltyq" -"qiriqmiltiq").
4) Көптеген түркі елдердің латын әліппесінде кириллицадағыдай "X" дыбысы "X" таңбасымен қала берді (өзбек, әзірбайжан). Соған сүйеніп бұл нұсқада да солай қалды. Ал "қаһарман", "гауһар", "әһлеу", "үһлеу", "жаһан" сөздерінде келетін кириллицадағы "һ" дыбысы жайында А.Байтұрсынов былай деген: "Бұл әріпті қазақ әліппесінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз деп шығарып едік. Аз болғанмен тілде бар дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетіні көрінеді ... Қазақ тілінде сақталуға аз да болса ақысы бар "һ", өйткені "һ" дыбысымен айтылатын қазақтың өз тілінде аз да болса, сөздер бар". Сол себептен "һ" дыбысын әліппеде қалдырып, оны үйреншікті "h" таңбасымен белгілеген дұрыс саналды.
5) "ғ" дыбысын "gh" диграфымен таңбалағанның мынадай ұтымды тұстары бар: бұл дыбысты халық латынша бүгінгі күнге шейін солай таңбалап үйреніп қалған; клавиатурамен де жазуға қиынға соқпайды, өйткені "g" клавишасы мен "h" көршілес орналасқан, яғни "ғ" әріпін жазғанда қолдың бір сермеуімен-ақ "gh" қос таңбасын қос саусақпен бір-ақ басуға болады;
Тілде кирил жазуында "гһ" болып тіркесіп келетін сөз болмайтындықтан "gh" диграфы әрқилы оқуға жолықтырмайды.
Алайда бұл нұсқа осы екі болуы ықтимал, кемшін тұсты жоя алғандай.
Сондықтанда 26-мен шектелудің ешқандай пайдасы жоқ деп айтуға болмайды, оны елемей кету - орынды емес. Оның пайдасы мол, соған тоқтауға тырысу керек. Қайбір ел болмасын, олардың әліппелері компьютер дәуірі келмей тұрып құрылған. Ал біздерде осы дәуірді ескере отырып, жазбаларымыз кез келген ортаға оңай сіңісті болатындай қып, 26 таңбамен құрып шығуға тамаша мүмкіндігіміз бар. Бұндай мүмкіндік кез келген басқа елге туса, олар оны пайдаланып қалар еді. Осы мүмкіндікті бізге неге пайдаланып қалмасқа? Сондықтан, қазақ тілінің заңдылығын да қанағаттандыратын, әрі әмбебап, глобалды, 26 таңбадан шықпайтын, заманауи, әдемі, үйлесімді нұсқа істеп шығуға әрекет қылу керек. Ат үстінде тұрып жайдан-жай диграфтан шошынудың қажеті жоқ. Диграфты сауатты түрде істейтін болсақ еш зияны тимейді. Оған ағылшын, неміс тілдері сияқты әлемдік тілдер мысал бола алады.
2.3. Латын әрпіне көшу- уақыт талабы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты...
Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.
Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын
жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.
Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын. Бұл – ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ...
Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан белгілі. Бұл – кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен мәдениеті бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-шарғысы болатын. Ал рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті жайт. Осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқығаным Латын әліпбиіне көшу мәселесі өткен ғасырдың 90-жылдары көтерілді де тез басылып қалғанын білдім. Тілші ғалымдар латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтарын жан-жақты дәлелдеп берген екен. Солардың басты-бастыларын атап көрсетейік:
шет елдердегі (Қытай, Монғолия, Түркия т.б. ) қазақтармен мәдени, рухани байланысты нығайту үшін қажет;
қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауда ұтымды мүмкіндіктер туады, ол өз кезегінде тіл үйренушілерге жеңілдіктер береді;
қазақ тілінің әуезділігі, орфоэпиялық заңдылығы қалпына келеді;
түркі тектес мемлекеттердің интеграциялану үрдісіне оң ықпал етеді;
ағылшын тілін меңгеру оңтайлана түседі;
Кеңес заманында жазылған, қазіргі заманға қажетсіз дүниелерден арылу үшін, қажетті рухани жәдігерлерді елеп-екшеп алуға мүмкіндік туады.
Латын әліпбиіне көшудің ұтымды жақтары бұл айтылғандармен шектелмесе керек. Оны уақыттың төрелігіне қалдыру керек деп ойлаймын.
- қазақ жазуының тарихымен таныстыру;
- латын әліпбиін көпшілікке насихаттау;
-әліпбидің ұсынылып отырған нұсқаларының ішінен классикалық 26 таңбалы латын әліпбиін қолдау;
- әліпби бекітілген соң мектеп мұғалімдері мен мемлекеттік қызметшілерді, барлық сала кадрларын оқыту, іс жүргізуді үйрететін қысқа мерзімді курстар (он-лайн семинарлар) ұйымдастыру;
- Латын әліпбиіне негізделген орфографиялық сөздіктер құрастыру (соның ішінде электронды);
- Топонимдерінің (латын әліпбиіне негізделген) сөздігін жасау, жергілікті елді-мекен атауларының дұрыс жазылуы үшін ауылдық, аудандық, облыстық
әкімдіктерге ұсыну;
Антропонимдік сөздік жасау (Кісі есімдерін дұрыс ресімдеу үшін АХАЖ бөлімдеріне ұсыну);
- Латын әліпбиіне негізделген іс қағаздарының анықтамалығын ұйымдастыру (соның ішінде электронды) т.б.
Қазақ халқы кеңестік қызыл империяның пәрменімен ХХ ғасырдың 20-30 жыл ішінде 3 рет әліпбиін (алфавитін) ауыстырған екен. Мұның астарында халықтың ғасырлар бойғы жинақталған бай рухани тарихын біржолата ұмыттыру, отарлау, орыстандыру, жалған «сауаттандыру», мәңгүрттендіру саясаты жатқандығын бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.
1929-1940 жылдар аралығында ресми түрде қолданылған латын әліпбиімен үкіметтің қаулы-қарарлары, мемлекеттік баспасөзі, көркем әдебиеті т.б. жарық көріп тұрды. Кейіннен бұл жазу кеңестік идеологияның саясатын мүлтіксіз жүргізуге кедергі келтіреді, біртұтас кеңес халқын жасаймыз, барша жұрт орыс тілінде сөйлесе, солғұрлым коммунизмге тез жетеміз деген желеумен әліпбиді кириллицаға көшіріп жіберді.
Соңғы уақытта осы латын жазуына қайта көшу немесе қайта оралу мәселесі көпшілік арасында біраз пікірталасқа айналып отыр.
Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткізудеміз. Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу біздерге көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.
Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді.
Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі – көршіміз Ресеймен достық байланыстарынан бас тартуы деген сөз емес. Бұл – тәуелсіз елдің ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатынастарға қатысы жоқ. Ресей мен Қазақстанның достық негіздегі байланыстары екі ел үшін де пайдалы екені анық. Сондықтан Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға еш кедергі келтірмейді.
Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне де өз әсерін тигізер еді. Мәселен, бұған дейін кириллицамен жазылып келген қазақ тіліндегі сөздерді латын әрпімен таңбалайтын болсақ, тіл үйренушілер ол сөздерді басқаша қабылдайды, олардың ойында басқа ассоциация пайда болады: Қазақстан – Qazaqstan, өнер – óner, өзен – ózen, өмір – ómır т.б
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы.
Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Мәтінді латын әліпбиінің әріптері арқылы жазу
Мен осы жобамды жүргізу барысында өзімнің оқитын мектептің 5-7 сынып оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу» туралы ойларын білу мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнама қорытындысы төмендегідей болды.
Тұжырым: Осы сауалнама қорытындысына оқып түйгенім адамдар бірте-бірте бұл мәселеге дұрыс көзқараспен қарап келеді деген ойдамын.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Тәжірибе жасау барысында 5-7 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама жүргізілді.
5-7 сынып оқушылар арасында жүргізілген сауалнама бойынша диаграммаға қатысқандар саны - 74. 6 «В» -28 оқушы, 7«Б» -22, 5«Ә» -24.
Латын қарпімен таныссыз ба? Таныспын – 94 %, таныс емеспін – 6 %, ( 1-сурет)
26.10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба? Иә – 50 %, жоқ – 50% (2-сурет)
26.10.17
ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен
бекітілген латын қарпіне негізделген
қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз
ба?
Латын қарпіне көшуді қажет деп санайсыз ба? (3-сурет) Иә – 77 %, жоқ – 11 %, білмеймін – 12 %
Латын әріптерімен жазылған телефондағы хабарламаларды оқи аласыз ба? (4-сурет)
Иә
– 78 %, жоқ – 12 %, қиын – 15 %
( 4-сурет)
Телефонда хабарламаларды латын әріптерімен жазасыз ба?
Иә – 31 %, жоқ – 42%, кейде – 27 %.
Латын әліпбиі қай тілдің әліпбиіне ұқсайды? Ағылшын -100%
Тәжірибе барысында латын әліпбиінің қолданысын анықтау мақсатында 7-сыныптан төмендегідей үлгіде сөздік диктант (жазба жұмысы) алынды.
Táýelsizdik, halyqaralyq, rýhanı jańǵyrý, dostyq , eltańba, murajaı , kitapxana, ulttyq qundylyq, ata- baba.
Тәуелсіздік , халықаралық , рухани жаңғыру , достық , елтаңба, мұражай , кітапхана , ұлттық құндылық , ата-баба .
«5»-ке – 5оқушы, «4»- ке -10 оқушы , «3»- 7 оқушы жазған. Оқушылардың жаңа әліпбиді меңгерудегі қызығушылығы 50% жоғары екенін көрсетеді.
Қорытынды
Мен зерттеу жұмысын жүргізу барысында өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым деп ойлаймын. Латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Яғни, латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік.
Ендігі ретте латынға көшу не үшін қажет?- дейтін сауалға ғалымдардың дәлелдеуіне сүйенсек. Бұл сауда мен экономика саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге жақын мәселе. Себебі, шетелден келетін күнделікті тұтыну тауарларынан бастап азық-түлік өнімдеріне дейін, соның ішінде бренд өнімдерінің барлығы дерлік атауы латын графикасымен жазылған. Біз күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде сағат сайын, сәт сайын осы мәселемен ұшырасамыз. Мысалы, Mersedes, Toyota, Land Cruzier деген атаулардың барлығын айна-қатесіз оқып, қиналмастан оның қандай маркалы автокөлік екендігін жазбай танимыз.Сонымен қатар, тұрмыстық техника құралдарын алатын болсақ LG, Samsung, Panasonic, Sony тағы басқаларының барлығының аты латын графикасымен жазылған. Бұл – әлемдік стандарт атаулыларының барлығына латын графикасы тән екендігін, атаулардың барлығы латын әріпінде жасалғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз: біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.Еліміздің негізгі мақсаты – рухани құндылықтар болып отыр. Дамыған өркениетті елдердің ерекшелігі - мемлекеттегі басты саясат рухани құндылық болып табылуында. Елбасы белгілеп берген үлкен бағыттардың бірі – тіл реформасы. Ал тілдік реформа – рухани жаңғырудың өзегі. Өкінішке орай, біздің елімізде тіл мәселесі қазіргі таңда өткір болып тұр.
Рухани жаңғырудың басы – әліпби ауыстыру, ал әліпби ауыстыру ол тек басы ғана. Негізгі жұмыстар сонан соң басталады. Байқасаңыздар, Парламентте бекіту болған жоқ, жәй ғана тыңдау болып, халыққа жаңа нұсқа таныстырылды. Өйткені, Тіл білімі институтының құрастырған нұсқасы бұрыннан танымал. Ең бастысы, бұл мәселені халықпен бірлесе отырып талқылап, бірінші кезекте қоғамның пікірін ескеру қажет екендігі атап өтілді. Нақты нұсқаны тек халық мақұлдаған жағдайда бекіту қажет.Латын қарпінің белгілі бір нұсқасын бекіткенде ондағы тіліміздің заңдылықтарын ұмытпай, оқуға да, жазуға да ыңғай түрін қарастырған жөн. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшуде бауырлас түркі тілдес елдердің қателігін қайталамай, жан-жақты ойластыруымыз қажет. Мысалы, Әзірбайжан халқы, Түркия елі латын әліпбиіне көшкенде асығыстық танытып, біршама әріптер қалып қалды да, дыбыстар жоғалды. Сол секілді қателіктерді қайталап, қазақтың төл дыбыстарының жоғалып кетуіне жол бермеуіміз қажет
Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады. Жаһандық әлеммен ықпалдаса ілгеріде қолданған әліпбиімізге қайта оралып, тіліміздің, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашылатыны сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу – рухани тәуелсіздікке жасалған болашағы зор жарқын қадам.
Ұсыныс:
Мектептерде оқушылырға «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» екендігін насихатайтын еріктілер топтарын құру.
Латын әріпімен жазуға үйрететін факультативті сабақтар қою.
Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастыру.
Баспасөзге мақала жариялау;
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.
Городкова Ю.И. Латинский язык. Учебник-6-е изд,Боровский Я.М , Болдырев А. Учебник латинского языка изд-4
Ақпараттық көздер.
Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010.
Әзімбай Ғали. http://qazaqtimes.com/article/8505.
Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз. «Жалын» журналы, №3, 2013.
Айталы А. Қазақ тіліне сұраныс жоқ елде, латын әліпбиіне сұраныс бола ма? «Жалын» журналы, №3, 2013.
Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.
«№
278 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің
7 А сынып оқушысы Қуаныш Фатиманың «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» атты зерттеу жұмысының
К Ү Н Д Е Л І Г І
(2018 жыл)
№ |
Атқаратын жұмыс тізімі |
Мерзімі |
Жетек-ші қолы |
Нәтижесі |
1 |
Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу |
Қаңтар -ақпан 2018 ж |
|
« Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді. |
2 |
Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу. |
Наурыз - сәуір 2018 ж. |
|
Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді. |
3 |
Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу |
мамыр 2018 ж. |
|
Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым. |
4 |
Ғылыми жетекшіден кеңес алу |
Қыркүйек-қазан 2018 ж. |
|
Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім. |
5 |
Жаңа әліпбиге байланысты сауалнама жүргізу |
Қараша 2018ж. |
|
5-7 сынып оқушыларынан сауалнама алдым. |
6 |
Латын әліпбиіне бойынша диктант жұмысын алу
|
Желтоқсан 2018ж |
|
7 сынып оқушыларынан жаңа әліпбиді қаншалықты меңгергендіктерін зерттедім. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген