400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Латын әліпбиі- ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру негізі» сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға Латын әліпбиіне көшу ата бабамыздың сан ғасырлардан арман еткен тәуелсіздікті, рухани бостандықты, саяси дербестікті нығайтудың белгісі. табиғи тіліміздің айтылымы мен жазылымына көшу. Біздің ұстаным біреу– бүкіл түркі халықтарына ортақ әліпби жасау қиын болса да, бір-біріміздің мұрамызды оқи алуымыз керек екендігін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Латын әліпбиі- ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру негізі»


Мақсаты: Оқушыларға Латын әліпбиіне көшу ата  бабамыздың сан ғасырлардан арман

 еткен  тәуелсіздікті,  рухани  бостандықты,  саяси  дербестікті  нығайтудың  белгісі. табиғи тіліміздің айтылымы мен жазылымына көшу. Біздің ұстаным біреу– бүкіл түркі халықтарына ортақ әліпби жасау қиын болса да, бір-біріміздің мұрамызды оқи алуымыз керек екендігін түсіндіру.

Міндеті: Біз де уақыт көшінен қалып қоймай, әлемдегі процестерге қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қалуымыз үшін латын жазуына көшуіміз керек.

Сабақтың түрі: әңгіме-пікір

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Мемлекеттік әнұранын орындалуы

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Ұлт дегеніміз – тірі ағза сияқты дүние. Ол үнемі рухани жаңғырып, жаңаланып отырады. Президенттің бағдарламалық мақаласы осындай жаңғыру үшін қажет рухани-саяси бағдар бола алады.

Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.

Қазақ әліпбиін латын жазуына көшіру мәселесі Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі. Былтырғы жыл соңында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына өтетін уақытты белгілеп, бұл даудың ақырғы нүктесін қойған болатын.

Кирилшілердің дәйегі – бұрынғы орыс жазуы негізіндегі жазба мұраларымыздан айрылып қаламыз, ертең оларды ешкім оқи алмай қалады деген қауіп екені рас. Орыс жазуын бүгін-ертең ешкім өшіріп тастайын деп отырған жоқ. Оқулықтар жыл ретімен бірте-бірте латын жазуына көшіріліп отырады. Әдеби шығармалар мен көпшілік ғылыми еңбектер де сол ретпен жаңа жазуға ауысып отырады. Бұрынғы жарық көрген шығармаларымызды, мысалы «Абай жолын», ұлы ақынның шығармаларын т.б. қайта баспай отыра алмаймыз ғой, қайта басамыз және оны латын әліпбиімен теретін боламыз. Латынмен жаздың не, кириллицамен жаздың не, сол бояу, сол қағаз. Ендеше олар латын үлгісінде толық болмаса да жеткілікті түрде үзбей жалғаса жарияланады. Ендеше жазба мұрағаттарымыз оқылмай, мақұрым қаламыз деп уайымдамай-ақ қояйық. Шын мәнінде, жазушы Қабдеш Жұмаділов айтпақшы, «Оқылатын шығарма қай әліпбимен жазылса да оқылады, оқылмайтын шығарма қай әліпбимен жазылса да оқылмайды».

Латын әліпбиіне көшу не үшін қажет?

Латын әліпбиіне көшу ата- бабамыздың сан ғасырлардан арман еткен тәуелсіздікті,  
рухани  бостандықты,  саяси  дербестікті  нығайтудың  белгісі.  
Бүгінгі  таңда  латын  
әліпбиіне көшу  әлемдік мәдениетпен қауышуға мүмкіндік жасайды. Қазақ мәдениеті  
дүниежүзінің  әдебиетімен,  мәдениетімен  тезірек  қауышады.  Түркі  елдерімен  ортақ  
жазуымыз, ортақ ұлттық мәдениетіміз қалыптасады. 
Латын әліпбиін қолдану - әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы.  
Елбасымыз атап өткендей: «Латын әрпі коммуникациялық кеңістікте басымдылыққа  
ие». Латын әліпбиі мүмкіндігі шектеусіз жаңа техниканың тілі. Әсіресе, компьютердің  
көптеген бағдарламаларында төл әріптері бар қазақ әліпбиі оқылмайды. Оған себеп  
кириллицаға  көшу  барысында тілдің табиғатына,  дыбысқа сай  әріп,  таңбаның  бол- 
мауынан,  «Ә»,  «Ғ»,  «Ө»  дыбыстары  сияқты  төл  дыбыстарымыздың  таңбасы  ойлап  
табылған болатын деген пікірлер де бар. Аталмыш дыбыстар латын әліпбиінде бар.  
Бұл графика тіл заңдылығын бұзбайды. Әлемге түсінікті әліпбиге көшу қазақ тілінің  
өзіндік табиғатын, тазалығын, ерекшелігін сақтауға ыңғайлы.         
Бұл сауалға Әлімхан мырза: «Түркі жұртының бірігуінің негізі ортақ жазуға тіреліп тұр» деді. Екінші, қазір компьютер заманында қазақ әліпбиін барлық жерде ашатындай жағдайға жеткізу керек. Мәселен, шетелдегі қазақтар біздің жазған-сызғанымызды қаз-қалпында оқитын мүмкіндікке ие болса. Үшіншісі, ұлттық санаға байланысты.

Елбасы: «Латын алфавиті біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Дүниежүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады» дегенді айтты.

- Неге орхон жазуы немесе араб емлесі емес, латын жазуы таңдалды дейсіз ғой? Себебі, латын әрпі жаһандану графикасына айналды. Латын тілі дегенде көз алдымызға жаңа технологиялар, сапа, компьютер елестейді. Тіпті, жапон фирмаларының өздері жапонша атауын латынша жазуға тырысады. Қытайдың өзі әлемдік рынокқа шығу үшін, әлемдік деңгейдегі тұтынушыға ұғынықты болуы үшін экономиканың кейбір секторларында латын жазуы қолданылады. Жалпы, бұл графика брендке айналды десек те болады.

- Латынға көшеміз деп ұлттық ерекшелікті жоғалтып алмаймыз ба?

- Біз үнемі жаһандану туралы айтып жүрміз. Бірақ, табиғатта белгілі бір құбылыс пайда болса оған қарсы қоятын дүниенің міндетті түрде болатынын естен шығарып аламыз. Жаһандануға қарсы этнизациялау процесі қарсы тұра алады.

Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде ұлттық мәселелер көп көтеріліп жүр, этникалық, ұлттық мүдде қорғалуда, ұлттық мәдениетке қолдау күшейді. Латын жазуы осы екі процеске де сәйкес келеді. Біз латын жазуы арқылы қазақ тілінің этникалық ерекшеліктерін сақтап қалуға тырысамыз және сонымен қатар ғаламдық процестерге қосыла аламыз.

Қазақ әліпбиін латын жазуына көшіру үш кезең бойынша жүргізіледі:

Бірінші – дайындық кезеңі. Онда көшірудің ғылыми негіздемесі, бұл реформаны құқықтық, экономикалық, әлеуметтік қамтамасыз ету негіздемесі әзірленеді.

Екінші кезеңде мемлекеттік бағдарлама мен оны жүзеге асыру жоспары дайындалады.

Үшінші кезеңде алдымен қазақ тілінің ономастикалық жүйесі – жергілікті жерлердің атаулары латын тіліне көшіріледі. Содан соң оқулықтар көшіріледі.

Тілді деңгейлер бойынша оқыту – өткен ғасырдың 70-жылдарында жандана бастаған құбылыс. Атақты педагог Я.А.Коменский тілді толық меңгеріп шығуды төрт деңгейге бөліп қарастырады:

1) балалық, былдырлаған тіл - қалай болса солай сөйлеп үйрену;

2) жас өспірімдік тіл - дұрыс сөйлеу;

3) жастық, өркендеу шағы - әдемі сөйлеу;

4) ересек, өркендеу шағы - мәнерлеп, көркем сөйлеу.

Қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді міндетті оқытуды жүйелі түрде енгізу, оқыту сапасына қатаң талап қою, оның нәтижелеріне тұрақты бақылау жасау.

Қорыта келе латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей:

Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.

Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.

Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Бұл - өз тарихымызды, рухани азығымызды жаңғыртудың белгісі. 





№1 орта мектеп













Латын әліпбиі- ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі













Сынып сағаты















Сынып: 6 «б»

Сынып жетекшісі: А.Кемелова











2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі