Латын әліпбиі – өркениет
жолы
Ишманова Майра
Жумагалиевна
Қостанай қаласындағы №22
жалпы
білім беретін
мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Қанша уақыт өтсе де XI ғасырда
өмір сүрген ғұлама Махмұд Қашқаридың: «Әдептің басы -
тіл»,- деп айтқан ұғымы бүгінгі
күні де өз өзектілігін жоғалтпаған. Тіл-
әрбір халықтың құнды
қазынасы, тұғырлы тірегі, халықтың
атадан балаға келе жатқан рухани байлығы,
асыл
мұрасы. Тіл – халықтың жаны,
ұлттық болмысы, тәуелсіздігіміздің нышаны.
Қазақ халқының жазу тарихында бірнеше жазу
болғандығы бәрімізге мәлім. Сонау көнетүркілік – руна, сына
жазуынан бастап, соңғы жүз жылдың ішінде араб, латын, кирилл
қаріптерін пайдаланып келдік. Міне, бүгін XXI ғасырдың басында тағы
да алдымызда латын жазуына көшу өзекті мәселе
тұр. Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің
мемлекеттік мәртебесін көтереді екенін айдай анық білеміз. Себебі,
латын әліпбидің төл тіліміздің табиғатына, даму заңдылығына,
фонетикалық жүйесіне лайық болып келеді.
Қaзaқcтaн тәуелcіздік aлғaн жылдaрдaн бacтaп жекелеген
aзaмaттaр кейбір тілтaнушы ғaлымдaр тaрaпынaн қaзaқ тілін лaтын
грaфикacынa көшіру жөнінде ұcыныcтaр aйтылып тa, жaзылып тa жүрді.
Тәуелcіздікті енді aлып, елдің экономикacын жaқcaрту, мемлекетті
дaмудың жaңa кезеңіне көшіру бaғытындaғы күрделі жұмыcтaрмен қaтaр
әліпбиді aуыcтыру турaлы ұcыныcтaр қaтaрдaғы жәй әңгіменің бірі
cекілді көрінетін. Aлaйдa бұл ұcыныc мемлекеттік бacқaрудың биік
caтылaрынaн нaқты іc-әрекет түрінде көрініc тaпқaннaн бacтaп бұл
тaқырып қоғaмдaғы ең өзекті тaқырыптың біріне
aйнaлды.
Жаңа мың жылдыққа ұлы мұратпен қадам басқан
еліміздің рухани жаңаруының бастауы – латын
әліпбиі. Мемлекеттің ішкі
саяси бірлігінің тұрақты болуы, оның өркениет көшінің қатарында
болуына жағдай жасайды. Латынға ауысу қазақ
тілінің дамуына, халықаралық мәдени, рухани және экономикалық
байланыстардың нығаютына және ІТ – технологиялардың қарқынды
дамуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманның соңғы технологиялық жетістіктері, барлық
ақпараттық-коммуникативтік байланыс құралдарының тілі латын
әліпбиіне негізделгенін халықымыз түсініп отыр.Таңдалып алынған
әліпбиіміз қоғам, ұлт, ел санасында оңай қабылданады.
Себебі, Мәңгілік Ел мұратына ұмтылған
қазақстандықтардың ұлттық кодының негізі саналатын рухани
жаңғырудың негізі латын әліпбиіне көшу - еліміздің әлемдегі
өркениетті мемлекеттердің қатарынан табылуының
кепілі.
2021 жылдын 28 қантарында латын әліпбиінің
жаңа нұсқасы
ұсынылды. Бұл нұсқа бойынша латын алфавитінің
негізгі жүйесі 31 таңбасынан
құрылған.
Қазақстан Республикасы латын әліпбиіне біртіндеп көшетіні
туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаев «Комсомольская
правда» газетінің ресейлік журналисіне
берген сұхбатында айтқан. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл үдерісті
еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев «Рухани
жаңғыру» тұжырымдамасы аясында қолға
алғанын баяндады.
Президентіміз: «Латын қарпіне көшу тек қазақ тіліне ғана
әсер етеді, бұл орыс тілінің жағдайына әсер етпейді»деп
айтқан.
Қорытa келгенде, елімізде
қaзaқ тілін лaтын грaфикacынa көшіру жұмыcтaры қaрқынды жүргізіліп
жатыр. Өйткені бұл зaмaн тaлaбынa cәйкеc үдеріс. Cондықтaн да қaзaқ
тілін лaтын әліпбиіне көшіру- бaтыл, өркениетке қол жеткізетін
қадам.