400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Латын әліпбиі- Рухани Тәуелсіздікке жасалған Жарқын Қадам» (дөңгелек үстел) 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиіне көшу заман талабына айналды. Жаңалықты ең алдымен ұстаздар қауымы қабылдап, әріптестермен, шәкірттермен жан-жақты талдап, қалың қауымға ұсынуда. "Төл тіліміз мүлдем қолданыстан шығып кете ме?" деген қорқынышпен қарсы алған жалпы көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етуде. Күнделікті сабақ үдерісінде, сабақтан тыс іс-шараларда латын әліпбиі біздің рухани жаңғыруымыздың бірден-бір кепілі екендігін жас мамандарға ұғындыру мақсатында сыныптан тыс жұмысымды ұсынып отырмын. Толықтыру, түрлендіру- әр жас маманның өз шығармашылық еншісінде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаралды Өтепбергенова М. 11.12.2017 жылы

№ 11 мектеп-лицейі 9 «Ә» сынып оқушыларымен өткізілген дөңгелек үстел

Сынып жетекшісі Жайкбаева Гүлмараш

Тақырыбы : «Латын әліпбиі- Рухани Тәуелсіздікке жасалған Жарқын Қадам» (дөңгелек үстел)

Мақсаты:

1) Жаңа әліпбиге көшу бүгінгідей әлемдік қайта жаңғыру, сандық жүйеге көшу кезеңінде еліміздің ғаламдық коммуникацияға еркін енуін толық қамтамасыз ететінін;

2) Тарихи құжаттарды , деректерді латын қарпінде оқып, санамызға тез сіңіретінімізді;

3)Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатынын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже:

1)Әрбір оқушы латын әліпбиіне көшу кезек күттірмес мәселе екенін білетін болады;

2)Келешекте латын жазуымен қазақ тілін тез меңгеріп кетуге мүмкіндік туатынын түсінетін болады;

3)Латын әліпбиі қазақ қоғамын біріктіретін аса маңызды фактор болып табылатынын ұғынады.

Ресурстар: Слайдтар, Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, 2017 жылы 12 сәуір, «Сыр бойы», «Тіл мерейі» газеттері.

Жұмыс барысы:

II. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жайкбаева Гүлмараш дөңгелек үстелге қатысушы оқушылар мен кітапхана қызметкерлерін бүгінгі дөңгелек үстел мақсатымен таныстырды.

Төмендегі сұрақтар төңірегінде әңгіме-пікіралмасу жүргізілді:

1.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының алғашқы тарауы латын әліпбиіне көшірудің тұжырымдамасына арналды. Президентіміздің нұсқауымен елімізде қазір қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

2.Латын әліпбиін таңдауымыздың себебі не?

3.Жаңа әліпбиге көшу оқушылар, сіздерден, қандай жауапкершілік істерді талап етеді деп ойлайсыздар?

4.Латынға өтуді кезінде Алаш қайраткерлері де жақтаған көрінеді. Осы турасында қандай мәлімет айтар едіңіздер?

5. «Латын әліпбиі қазақ қоғамын біріктіреді» деген ұлағатты сөзге қандай пікір қосар едіңіздер?

III.Дөңгелек үстелге қатысушы оқушылардың пікірлері тыңдалып, төмендегідей нәтижеге тоқталады:

Қорытынды:

1.Латын әліпбиі қазақ қоғамын біріктіреді.

2.Латын әліпбиі- егемендіктің белгісі.

3.Ұлттық жазуымыз- ұлттық мұратымыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
995
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі