400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖАҢА СЕРПІН, НЫҚ ҚАДАМ!

Материал туралы қысқаша түсінік
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖАҢА СЕРПІН, НЫҚ ҚАДАМ!
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ЖАҢА СЕРПІН, НЫҚ ҚАДАМ!

Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Бірулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алу өте заңды.

Әйтсе де көз үйренген әріптерден ажырағысы келмей, бұрынғыша жүре беруді қалайтын, неліктен таңдауымыз нақ осы латыншаға түскенін, бұдан нені ұтатынымызды, қандай артықшылықтарға ие болатынымызды біле алмай жүргендер де баршылық арамызда. 
Зиялы қауым өкілдері бұл тұрғыда түрлі басқосулар өткізіп, көпшілік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз пікірлерін білдіріп-ақ жатыр. Соларды оқып, естіп, көңілге түйіп жүргендер қатарындағылардан өзіндік көзқарас, пікір білдіруге әркімнің-ақ бар таласы. Олай болса, біліп сөйлеп, өз ойын нақты дәйектермен дәлелдеп, шынайы жанашырлық танытатын азаматтардың көңілге қонымды пікірлеріне құлақ асып, олардың ескерілгенін қалайтынымызды білдіргіміз келді.
Мәселен, белгілі қоғам қайраткері, қазақ және ағылшын тілдерінің білгірі, лингвист-ғалым Әділ Ахметовтің айтуынша, латын әліпбиі байырғы латын тілді римдіктерден бастау алған. Латын графикасының таралуына, алдымен, Рим империясының жақсы дамып, өркендеуі түрткі болған көрінеді. Әлем тарихында теңдесі болмаған Британия империясының жер бетінің бестен біріне үстемдік етуі де латын графикасының кең таралуына ықпал еткен. Латын графикасының британдық нұсқасы 2500 жылдық тарихы бар латын әліпбиінің ең жетілдірілген үлгісі. 
Сондай-ақ, аталмыш тіл маманының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобы ұсынған 25 әріптік әліпбиден Х таңбасын алып тастауына келіспеуі орынды деп санаймыз. Аталмыш әріп өте маңызды халықаралық таңбалардың бірі деуі шын мәнісінде, дәлелдеуді қажет етпейтін секілді. Қазақ және ағылшын тілдерінің заңдылықтарын қатар білетін кәнігі маман ретінде ол диграф қана емес, үш таңбадан құралып, бір ғана дыбысты беретін «sch» сынды триграфты да назардан тыс қалдыруға болмайды деп пайымдайды. Неге десеңіз қазақ тіліндегі ащы, тұщы, кеще деген сөздердегі [щ] дыбысын sh диграфын екі қайтара қосақтап, ashshy, tushshy, keshshe түрінде төрт әріппен таңбалаудан гөрі, aschy tuschy kesche түрінде, яғни, үш әріппен таңбалау әлдеқайда үнемді. Ал келесі бір ғалым, қазақ тілінің нағыз жанашыры Асылы Османның: «Біз латын әліпбиіне көшкенде, қазақ тілін латын әрпіне емес, латын әрпін қазақ тіліне бағындыруымыз керек. Қазақ тілі өз әуезділігін, шұрайлылығын, ерекшелігін сақтауы керек. Ал 25 таңбалы әліпбиді, екі әріпті бір-біріне қосақтағанды жөн көрмеймін» дегенін, оның ішінде ана тіліміздің ерекшелігінің бұрмаланбауын діттеуін қалайша қолдамассың. Жеке дыбысты жеке әріппен таңбалауды еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі саналатын Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары да жөн санайды, себебі, бір әріпті қос таңбамен берер болсақ, тіліміздегі орфографиялық және орфоэпиялық нормалар бұзылады. 
Иә, мұндайда «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген халық даналығы жадымызда жаңғырады. Әріп саны бұрынғыдан ықшамдау, қазіргі заманға лайықты жаңа әліпбиге көшер алдында өзіміз ұзақ жылдар бойы пайдаланып жүрген 42 әріптің ішінде дыбысталуы қандастарымызға, әсіресе, шетелден қоныс аударған бауырларымыз­ға, қиындық келтіретін дыбыстар барын айтқанымыз жөн болар. Бұған бұлтартпас дәйекті өз ортамыздан келтірсек, шынайы көрінері хақ.

Академик Серік Қирабаев мәңгі ел боламыз десек, мәңгі қалатын тілімізді, әліпбиімізді жасауымыз қажеттігін айтып, бұл істе өте мұқият болуға және қоғаммен санаса отырып әрекет жасауға кеңес береді. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің «Таңба таңдау – өркениет жолын да таңдау деген мағына береді. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда, Мәңгілік Ел мұратын тұғырлы ететін тарихи таңдау жасалды деп ойлаймыз» деуі бекер емес. Осы мазмұндас пікірді қазіргі Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов былайша білдіріпті: «Жазуымызды жаңартып, тілімізді түлеткіміз келсе, сол арқылы санамызды сілкіндіріп, елдігімізді ерекшелегіміз келсе, бұл іске тәуекел етуіміз керек». Бүгінде латыншаға оралудың астарында өркениет көшінің алдыңғы легінен лайықты орын алуға деген талпыныс жатыр. Талпынысымыз дұрыс болып жатса, яғни, жазушы Төлен Әбдік жазғандай: «Қолдан келгенше, өз ойларымызды ортаға салып, түсінісіп, белгілі бір ортақ тұжырымның төңірегіне топтаса алсақ, құба-құп». Осыдан 10 жыл бұрыңғы сұхбатында профессор Әлімхан Жүнісбек латын әліпбиін қолдай келе: «Кім не десе, о десін, менің ойымша, ағылшын тілінің емле-ережесі аз таңбамен көп дыбысты қамтудың ең озық үлгісі боп табылады» деп айтып салыпты.
Ғаламдық дамудың жаңа дәуірінде латын әліпбиіне көшу мәселесі тарихи қажеттілік болып табылады. Әліпбиімізді латын графикасына негіздеуіміздің басты себебі – халықаралық ақпараттық кеңістікке ену, әлемдік технологияны игеру. Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын пайдаланып отыр, жер-жаһандағы ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылып жатыр. Әліпби жаңарту – бұл дамуға, жаңашылдыққа ұмтылу. Латын әліпбиі тілдерді еркін меңгеруге жол ашады. Айталық, білетіндердің пайымдауынша, латын өзге этностардың ағылшын тілі мен қазақ тілін үйренуіне ыңғайлы. Қазақстанға әлемдік ақпараттық кеңістіктен лайықты орын алуға жол ашады. Жаңа әліпбидің артықшылығы – мемлекеттік тіліміз ендігі кезекте ғылым мен білімге, компьютер мен интернетке тіпті де оңтайлана, ыңғайлана түседі. Қазақстан әлемдегі бар қазақтың Отаны дейміз, олай болса, қазақ тілінің бірыңғай стандартты әліпбиі де әлемдегі бар қазақтың ортақ әліпбиі болады, түркі тілдес халықтарды жақындастыра түседі.
Дүйім жұрт жұмыла мән беріп жатқан осынау маңызды бір бастамаға қатысты «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдау өткені де мәлім. Мұнда сөз алған Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы аталмыш стандартта тіліміздің ерекшеліктері мен ел дамуының болашақ алғышарттары түгел ескерілгенін атап өтті. Филолог-ғалым, 
А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек бұл тек тілдің ғана реформасы емес, діл реформасы, жанымыздың жаңғыруы, маңызды стратегиялық бағдарлама десе, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов әліпби жасау және оны енгізумен бірге жаңа жазу ережелері де қабылдануы тиістігін айтты. Оның бұл ойын ғалым, ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының Редакциялау және аударма бөлімі меңгерушісінің орынбасары Төрегелді Тұяқбайдың: «...Қазақ әліпбиін түзумен бірге қазақ тілі грамматикасын, әсіресе, фонетикасын, тіл оқыту әдістемесін дау-дамайсыз, парадигмалық-прагматикалық тұрғыдан қайта қарауымыз керек» деген сөздері нақтылай түскендей. Әдістеме демекші, Парламенттік тыңдау барысында Білім және ғылым министрлігінің өкілі А.Аймағамбетов бұл ретте асығыстыққа жол берілмейтінін, педагогтермен, ата-аналармен алдын ала талқылау жасалғаннан кейін, ең бірінші кезекте кадрлар даялау, оқулықтар басып шығару, нормативтік сөздіктер әзірлеу секілді жұмыстар жоспарлы түрде атқарылатыны жөнінде 
хабардар етті. 
Иә, ауқымды да салмақты іске тәуекел еттік. Әйтсе де арамызда қазақ классиктерінің, өзге де мықты қаламгерлеріміздің құнды шығармалары, жалпы әдебиетіміз, мәдениет, тарихымызға қатысты құндылықтарымыз қандай күйде болмақшы деп алаңдаушылық білдірушілер де баршылық. Бұл да ескерусіз қалмайтын сыңайлы. Алдағы уақытта конвертер жүйесі енгізілмекші. «Attila group» интернет компаниясының өкілі Біләл Қуаныштың айтуынша, конвертер жүйесін компьютер немесе телефонға орнату арқылы кез келген мәтінді жаңа әліпби нұсқасына немесе басқа әліпби нұсқасын латынға яки басқа да әліпбиге аударуға болады. Яғни, сайт­қа салынған материалдар конвертердің көмегімен автоматты түрде латын қарпіне аударылады. Конвертер жүйесі жылдар бойы дамытылып, сөздерді қатесіз жазуға «автоматты редактор» қызметін де атқара алады. Басқаша айтар болсақ, Мәңгілік Еліміздің мәңгілік тілін әлемде мықты саналатын латын әріптерімен жаңғырту мәселесі жан-жақты қарастырылуда. 
Тоқсан ауыз сөзімізді түйіндер болсақ, қолға алған ісімізді латыншаға көшкен Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан секілді елдердің тәжірибесін кемшіліктерін қайталамайтындай етіп, әбден зерделеп, отандық білгір тіл мамандары, ғалымдардың айтқандарын барынша жан-жақты елеп-
екшеп, таразылап, тіліміздің табиғатымен, заңдылықтарымен үйлесетіндей, пайдалануға оңтайлы болатындай дәрежеде жүзеге асыруға жазсын дейміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі