400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Латын әліпбиі сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әріптерін үйрену.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сынып

7 `б`

Күні


Тақырыбы

«Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздік жолы»

23.10.2017


Мақсаты

Оқушыларды мәдени тұтастықты қалыптастыруға, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

Оқушының қабілеті

Жалпыадамзаттық,мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Әріптестік;

  • Азаматтық жауаптылық;

  • Ашықтық.

Мектеп миссиясымен үндестігі

Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жекетұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру.

Жаһандық азаматтық тұлғасы

Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.

Көрнекіліктер

1. Интерактивті тақта, бейне баян, түрлі-түсті парақшалар

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі


1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Топқа бөлу.

"Қазақстан", "Мәңгілік ел"сөздері арқылы топқа бөлу. Оқушылар Қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сөз бойынша топтарға бөлінеді

Сабақтың тақырыбын мозаика құрастыру арқылы ашу.


Ойынға қатысады









Топқа бөлінеді


Негізгі бөлім

Мұғалімнің сөзі:.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – бұл жазуды жаңғырту, тілді жаңғырту, елді жаңғырту болмақ. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тегеурінді болып, әлемдік тәжірибені игеруіміз үшін санамызға тың серпін керек. Осындай серпіліс арқылы бүкіләлемдік кеңістікке ене аламыз. Келешек ұрпақ өз кезеңінде тарихи мәселенің ұлылығын мойындайтын болады.

Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнероликті ұсынамын.

Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі.

Топтық жұмыс

Постер дайындау және қорғау):

1-топ."Қазақстан". Рухани жаңғыру тақырыбына постер жасап, қорғайды

2-топ. "Мәңгілік ел". Білімнің салтанат құруы тақырыбына постер құру



Мұқият тыңдайды. Сұрақтар қояды.
















Бейнеролик қарайды.




Ойларын айтады

































Қорытынды бөлім

Рефлексия


қорытынды сөзі:Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант  пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік.
“Сен де бір кірпіш  дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.


Сабаққа қорытынды жасайды. Кері байланыс қағаздарын бояйды.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.01.2018
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі