Материалдар / "Латын әліпбиіне дайынсыз ба" зияткерлік ойыны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Латын әліпбиіне дайынсыз ба" зияткерлік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Зияткерлік ойын сабақтан тыс ісшара өткізуге көмек болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2020
759
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құлан агротехникалық жоғары колледжі





Латын әліпбиіне

дайынсыз ба?

Зияткерлік ойыны



Оқытушы: Акишева Ұ.М.






2019-2020 оқу жылы

Өткізу мерзімі: 20.02.20 ж

Өткізілетін уақыты: 14:15

Өткізілетін орны: 408 дәрісхана

Тақырыбы:Латын әліпбиінен қалайсыз?


Мақсаты:

  1. Білімгерлердің ой-өрісін шыңдай отырып, танымын сөйлеу тілін, белсенділігін, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында жаңғырту, латын әліпбиіне деген қызығушылығын арттыру.


  1. Қазақ халқының тілге шешен, сөзге тапқырлығын аңғарта отырып,білімгер бойына сөз өнерінің дәнін себу.Латын әліпбиінде оқу,жазу дағдыларын қалыптастыру.


  1. Ұлттық құндылықтар-дәстүріміздің қазіргі таңдағы маңыздылығын меңгерте отырып, білімгерлерді рухани құндылықты қадірлеуге, құрмет тұтуға, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.


Өткізілу түрі: зияткерлік ойын


Өткізілу әдісі: сұрақ –жауап, пікірталас


Көрнекілігі: Интерактивтітақта,презентация, бейнеролик


Күтілетін нәтиже: Ойлау қабілеттері, сөйлеу шеберліктері артады.Білімдерін шыңдай түседі. Латын әліпбиінде оқып жаза алатын, жан-жақты өзіндік пікірі бар тұлға боп қалыптасады.


Өтілу барысы:

1. Сәлем сөздің анасы (топтардың өздерін таныстыруы)

2. Бейнелі сөзге бейімді бол (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу

3. Мақал сөздің мәйегі (берілген суреттерден мақал құрастыру)

4. Мен жазамын (берілген сөзденбірнеше сөз құрастырыру)

5. Латын әліпбиінен қалайсыз? (берілген мәтінді оқу)




Жоспарды құрған оқытушы : Акишева Ұ.М.







Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті студенттер!Бүгінгі сайыста сіздердің латын әліпбиі туралы білімдеріңізді шыңдау мақсатында «Латын әліпбиінен қалайсыз?» зияткерлік ойынын өткізбекпін. Бүгінгі зияткерлік ойынымызда «Білімді мыңды жығар» деген халық нанымына сүйене отырып білімдеріңізді байқап көрейік.


Жүргізуші:

Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір- бірімен жатқан шығар шуласып.

О, толқындар арпалысып алға шық,

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың талғамы мен көктемі-

деп Төлеген Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгінгі сайысымызға озық ойлы талантты студенттеріміз білім сайысына түскелі отыр .

Ана тілін құрметтеуді, білуді- парызымыз деп есептейтін «Талаптыға нұр жауар», «Өнерліге- өріс кең»- деген аталы сөздерді өздеріне берік қағида еткен жалынды ұл- қыздарымызды ортаға шақырайық.

Шақырамыз келіңдер жарысуға

Күш, өнер білімімен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанекей шығайықшы сайысуға.


Ортаға сайыскерлерді шақырайық

1. Алғырлар тобы

2. Бірлік тобы.


Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Айтыңыздар шындықты әділдікті

демекші тілін құрметтейтін жалынды жастардың өнеріне әділ төрелік етпек қазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.


1. Жалпы гуманитарлдық пәндік циклдік комиссисының жетекшісі:Акишева Ұ.М.

2. Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Солтаналиева Г.С.

3.Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы:Майтанова В.Х.



Жүргізуші: сіздерді бүгінгі сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.

1. Сәлем сөздің анасы (топтардың өздерін таныстыруы)

2. Бейнелі сөзге бейімді бол (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу

3. Мақал сөздің мәйегі (берілген суреттерден мақал құрастыру)

4. Мен жазамын (берілген сөзденбірнеше сөз құрастырыру)

5. Латын әліпбиінен қалайсыз? (берілген мәтінді оқу)


Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.


Сәлем сөздің анасы бөлімі

Бұл бөлім бойынша сайыскерлеріміз өз топтарын таныстырып өтеді. Ең жоғарғы ұпай -5 бал.

1. Алғырлар тобы

2. Бірлік тобы.


Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы сәлем сөздің анасы бөлімінің бағасын берсеңіздер.


Жүргізуші: Тілден өткен інжуді іздемеген

Көрмеген ел қаймығып түзде неден.

Бас кеспек болғанымен, тіл кеспек жоқ,

Тірлігімнен тілімді үзбе деген.

дей келе сайысымыздың екінші бөлімі «Бейнелі сөзге бейімді бол» кезеңіне өтейік.


«Бейнелі сөзге бейімді бол» бөлімі


Бұл бөлімде топ сайыскерлері тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашады. Әр дұрыс жауап 1 балдық жүйемен бағаланады.


  1. Алғырлар тобы-

Тұрақты сөз тіркесі

Латын жазуы

Мағынасы

Ит өлген жер

It ólgen jer

Алыс

Тайға таңба басқандай 

Taıģa taʼnbabasqandaı

Анық

Тілді үйіреді

Tildi úıiredi

Тәтті

Көз шырымын алу

Kóz shyrymyn alý

Ұйықтау

Ажары кірді

Ajary kirdi

Көріктенді

Ат салысу

At salysý

Көмектесу

Аш көз

Ash kóz

Қомағай адам

Бармағын тістеді

Barmaģyn tistedi

Өкінді

Бауыр басу

Baýyr basý

Үйрену

Бес аспап

Bes aspap

Өнерлі

Жібі түзу

Jibi túzý

Дұрыс адам

Сәлемі түзу

Sálemi túzý

Ниеті дұрыс

Тон пішу

Ton pishý

Сырттай  болжау

Таба болу

Taba bolý

Мазақ болу

Төсек тарту

Tósek tartý

Сырқаттану

Түбіне жету

Túbine jetý

Құрту

Тіс жармау

Tis jarmaý

Айтпау

Тас жүрек

Tasjúrek

Қатыгез

Тісін қайрау

Tisinqairaý

Өштесу


2. Бірлік тобы.


Ағаштан түйін түйген

Aģashtan túıin túıgen

Шебер

Бетімнен отым шықты

Betimnen otym shyqty

Ұялдым

Ала жібін аттамау

Ala jibin attamaý

Қиянат жасамау

Қол ұшын беру

Qolushinberý

Жәрдемдесу

Көзді ашып жұмғанша

Kózdiashypjumģansha

Лезде

Тасы өрге домалау

Tasyórgedomalaý

Бағы жану

Тас бауыр

Tasbaýyr

Мейірімсіз

Кыздың жиған жүгіндей

Qyzdyʼnjıģanjúgindeı

Әсем, әдемі

Ит терісін басына қаптады

It terisinbasynaqaptady

Ұрысты, балағаттады

Санын соғып қалу

Sanynsoģypqalý

Алданып қалу

Тепсе темір үзеді

Tepsetemirúzedi

Мықты

Төбесі көкке жетті

Tóbesikókkejetti

Қуанды

Мұзға отырғызып кетті

Muzģaotyrģyzypketti

Алдап кетті

Мұрнын шүйірді

Murnynshúirdi

Менсінбеді

Құлақ салды

Qulaqsaldy

Тыңдады

Бармағын тістеу

Barmaģyntisteý

Өкіну

Ат ізін салмау

At izinsalmaý

Келмей кету

Қара жүрек

Qarajúrek

Сұм

Аш көз

Ash kóz

Қомағай адам


Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы бейне сұрақ бөлімінің бағасын берсеңіздер.

Жүргізуші: Мақал- мәтелдер біздің рухани байлығымыз. Ол сөздің інжу- маржаны, ол халық даналығын, тапқырлығын, өткір тілдің өрнегін танытады. Халқымызда « тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің дәмін келтіреді» деген сөз бар. Олай болса сайысымыздың келесі кезеңі «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады.


«Мақал сөздің мәйегі» бөлімі

Бұл бөлімнің шарты: көрсетілген суреттерден мақал құрастыру. Әрбір дұрыс мақал 1балдық жүйемен бағаланады.

1. Алғырлар тобы















Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы «Мақал сөздің мәйегі »бөлімінің бағасын берсеңіздер

Жүргізуші: Дұрыс жазу, сауатты жазу, сөйлем құрау, сөз мағынасын ажырату, әріптен сөз, сөзден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем құрап жазу тапқырлықты қажет етеді.Ендеше студенттеріміздің тапқырлығынсынап көрейік.


1. Алғырлар тобы

2. Бірлік тобы.

Тәуелсіздігіміздің сөзінен сөздер құрастыру


Жүргізуші:Әділ қазылар алқасы «Мен жазамын »бөлімінің бағасын берсеңіздер


Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Сайыскерлеріміз келесі кезекте берілген латын тіліндегі мәтінді сауатты оқуы бойынша бағаланады.

1. Алғырлар тобы

«Tomırıs» tarıhı fılmi

2019-jylģy 27-qyrkúıekte jyldyń eń asyģa kútken «Tomırıs» tarıhı fılmi prokatqa shyqty. Kınotýyndy bizdiń zamanymyzģa deıingi VI ģasyrda bolģan oqıģany sýretteıdi. Fılmde kishkentaı qyzdan aıbyndy jaýyngerge aınalģan, jaqyndarynan aırylyp, satqyndardan óshin alģan jáne saq taıpalaryn óz bıligi astynda biriktirgen uly dalanyń aty ańyzģa aınalģan Tomırıs patshaıymynyń taģdyry baıandalady. Ol mahabbat pen óz halqynyń táýelsizdigi úshin Parsy ımperıasynyń patshasy Kırmen shaıqasady.

«Томирис» тарихи фильмі

2019 жылғы 27 қыркүйекте жылдың ең асыға күткен «Томирис» тарихи фильмі прокатқа шықты. Кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.


2. Бірлік тобы.

«Tomırıs» tarıhı fılmi

Fılmniń rejısóri – Aqan Sataev. Al senarıin Tımýr Jaqsylyqov pen kınotýyndynyń ıdeıa avtory Álıa Nazarbaeva jazdy. Kartınanyń senarıin jazýda tarıh atasy Gerodottyń eńbekteri paıdalanylģan. Fılmniń keıipkerleri kóne túrki tilinde, al parsy patshasy – Kır kóne parsy tilinde sóılegen.

Sondaı-aq, Qapshaģaı qalasynyń mańynda «Spargapıstyń ordasy» jáne «Qazaqfılm» aýmaģynan "Vavılon" qalasynyń dekorasıasy turģyzyldy. Tomırıstiń róline kóptegen úmitkerlerdiń arasynan Almıra Tursyn bekitilgen. Kırdiń róline Rıdlı Skottyń «Sarstvo nebesnoe» fılminde Saladın patshanyń róli arqyly tanylģan Gollıvýd aktóri Gasan Masýd shaqyrylģan.


Томирис» тарихи фильмі

Фильмнің режиссері – Ақан Сатаев. Ал сценарийін Тимур Жақсылықов пен кинотуындының идея авторы Әлия Назарбаева жазды. Картинаның сценарийін жазуда тарих атасы Геродоттың еңбектері пайдаланылған. Фильмнің кейіпкерлері көне түркі тілінде, ал парсы патшасы – Кир көне парсы тілінде сөйлеген.

Сондай-ақ, Қапшағай қаласының маңында «Спаргапистың ордасы» және «Қазақфильм» аумағынан "Вавилон" қаласының декорациясы тұрғызылды. Томиристің рөліне көптеген үміткерлердің арасынан Альмира Тұрсын бекітілген. Кирдің рөліне Ридли Скоттың «Царство небесное» фильмінде Саладин патшаның рөлі арқылы танылған Голливуд актері Гасан Масуд шақырылған.


Жүргізуші: Ал қазір қазылар алқасы сөз алады. Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап , мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.


Жүргізуші: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе студенттерге білімдеріңіз шыңдала берсін биік белестерді бағындырыңыздар деген ниетпен зияткерлік ойынымызды аяқтаймыз.








































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!