Латын
әліпбиіне көшу - Қазақстанның дамуының
жаңа кезеңі
Қазақ
тілінің латын әліпбиіне көшуі -
Қазақстандағы рухани жаңғыру
бағдарламасының өзегі. Ол елдегі
үштілділікті қалыптастыруды, жас
ұрпақтың
үш
тілді бірдей үйренуін жеңілдетеді. Осы
орайда Қостанай
қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11
орта мектебінде де бірқатар шаралар
атқарылуда.
Қазақ
тілін жаңғыртуға жағдай туғызады"
деп Елбасы атап көрсеткендей, қазақ
жазуын латын әріптеріне көшірудің басты
мақсаты-бұл
қазақ тілін дамыту үшін жасалып жатқан
шаралардың бірі.
Сонымен бірге қазақ жазуының латын
әріптеріне көшірілуі жас буынның
оқу-білім және ғылым жолындағы
ізденістеріне де жол ашады. Қазіргі
таңда теледидардан көп естіп жүргеніміз
ол-2025 жылдан бастап Латын әліпбиіне
көшу. Ұстаз ретінде зерделеп қарасам,
біріншіден тілді дамыту болса, екіншіден
біздің болашағымыз үшін жасалып жатқан
игі қадам екен. Ұтымдылығы
латын әліпбиіне көше отырып, төл
тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ
анықтап, артық кірме сөздерден арылады
екенбіз. Ал,
қазіргі таңда жазу
заманы бізге дөп келіп отыр. Яғни,
білімдегі жазу түрлері көбінесе,
компьютер, интернет, әлеуметтік желілер
арқылы хабарласулар-бәрі де жазу арқылы
жүзеге асуда.
Болашақта
латын алфавиті кіргелі тұр. Осы орайда
қазіргі
таңда мектебімізде сыныпта мерзімді
латын әліпбиімен жазу, іс-шара барысында
латын әліпбиін қолдану, ғылыми жобаларда
латын әліпбиін өзекті етіп алу, диктант
жазу т.б жұмыстар ауқымы кеңейе түсті.
Бұл әрине, заман талабына сай ұжымның
латын әліпбиін қолдаудың бір көрінісі
дер едім. Латын
әліпбиі туралы алғаш сөз қозғалғаннан
бастап, қаламызда баспасөз беттерінде
латынша жазылған мақалалар жиі жарық
көре бастады. Бұл, да оқырмандардың
латын әліпбиін оқып-білуге деген
қызығушылығын арттыра түсетіні анық.
Мақала жазу барысында латын
әліпбиі қазақ қоғамына, халқына латын
әліпбиінің қаншалықты маңызды екенін
саралап көрдім. Латынға
көшкенімізде ұтатын тұстарымызды
былайша жіктеп көрсетуге болады: Ең
алдымен, тіліміздегі жат дыбыстарды
таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол
арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға
мүмкіндік аламыз. Екіншіден, латын
әліпбиіне көшу–қазақ
тілінің халықаралық дәрежеге шығуына
жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік
жаңа технологиялар арқылы халықаралық
ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді
жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал
келтірер болсақ, қазір ұялы телефондарымыздың
өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал
кириллицада қазақшаны тере алмай қиналып
жататынымыз бар. Себебі, латын әліпбиінің
базасы қалыптасқан, әрі ауқымы
кең.Үшіншіден, бүгінгі
таңда кириллица жазуын әлемнің 12
мемлекеті ғана пайдаланады екен.
Сондықтан да латын әліпбиіне көшуден
қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын. Осы
тұрғыдан алғанда латын графикасы цифрлық
технологияларды енгізуді және біздің
басты міндетіміз әлемдік көшбасшылардың
отыздығына кіруді жеңілдетеді.Ойымды
түйіндей келе, латын әріптері–өркениет
жазуы, өмір талабы, сондықтан оның бұл
артықшылығын ескеріп, біз де өз
мақсатымызға сай латын жазуының игілігін
көруіміз қажет. Ендеше біз үшін латын
әліпбиінің болашағы да зор, сондықтан
шәкірттерімізді алдын-ала үйретіп
жаттықтыра беруде еңбегімізді еселей
берейік дегім келеді.
Гулнар
АБДИГАПАРОВА
Қостанай
қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11
орта мектебі директордың оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары