Латын
әліпбиіне көшу – болашаққа деген сенім
Қазіргі
таңда бұқаралық ақпарат құралдары,
коғам арасында көп талқыланып жүрген
маңызды мәселелердің бірі – қазақ тілі
графикасының латын әліпбиіне көшуі.
Қоғам алдында қызу талқыға түскен бұл
мәселе, әрине бір күде шешілетін жұмыс
емес. Ғалымдардың зерттеулері мен қоғам
болып бірлесіп шешетін мәселе деп
ойлаймын. Біреулер латын әліпбиінің
оңтайлы тұстарын алға тартса, енді
басқалары бұл істе асығыстық жасамайық
деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің
орын алуы өте заңды. Соның арқасында
көпшілік осы бір күрделі мәселеге орай
өзінің көзқарасын қалыптастырып,
пікірлерін ұсынады. Алайда анық болатын
бір мәселе бар. Ол – қазақ тілі бүгін
бе, ертең бе міндетті түрде латын
әліпбиіне көшеді. Оны Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында
анық айтты. Яғни бір сұрақтың басы
айқындалды. Президенттің «Қазақстан-2050»
стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы Тәуелсіздік күні
қарсаңында 14 желтоқсанда болды. Оны
бәріміз тыңдадық. Жолдауда Қазақ елінің
болашақ даму стратегиясы айқындалды,
соның ішінде қазақ тілінің латын
әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды
пікір айтылды.Осы орайда латын әліпбиіне
көшудің маңыздылығы неде? біз не ұтамыз?
неден ұтыламыз? деген маңызды сұрақтар
туындауы да мүмкін? Біріншіден, тіл
тазалығы, өзге тілдерден енген дыбыстар
саны қысқарып, сол арқылы қазақ тілінің
табиғи таза, көне дыбыстарын, тіл
әуезділігі арқылы төл дыбыстарымыздағы
орфоэпиялық заңдылықтарды сақтап қалуға
мүмкіндік аламыз. Екіншіден, түркі
тектес мемлекеттердің интеграциялану
үрдісіне оң ықпал етеді, шет елдердегі
қандас бауырларымызбен мәдени рухани
байланыс жасауға, ағылшын тілін меңгеруге
оңтайлы болады.
Үшіншіден, латын
әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық
дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне
компьютерлік жаңа технологиялар арқылы
халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге
тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі
бір түркі дүниесі, негізінен, латынды
қолданады. Біздерге олармен рухани,
мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты,
тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Бесіншіден,
көп ұлтты мемлекет ретінде тіліміздің
жойылып кетпеуіне бірден – бір үлкен
себеп.
Латын
әліпбиіне көшудің ұтымды жақтары бұл
айтылғандармен шектелмейді. Жаһандану
заманында ұлтымыздың болашағына үлкен
сенім береді. Яғни, болашаққа деген нық
сеніммен қарауға болады.
«Қостанай
қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№122
орта мектебі»ММ
қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мусина
Балдырған Алиевна