400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғыртудың жолы (коучинг)

Материал туралы қысқаша түсінік
• Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беріледі, қоғамдық пікір қалыптастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғыртудың жолы

(коучинг)


Мақсаты:

  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру;

  • Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беріледі, қоғамдық пікір қалыптастырылады. 

Дереккөздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір),бейнежазба, ғаламтор материалдары.

Күтілетін нәтижесі: Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін тыңдаушылар түсінеді. Топта бірлесіп жұмыс жасайды,
Жаңа әдіс тәсілдерді қолдануға мүмкіндік алады.
• Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады. 
• Белгілі бірлескен зерттеу топтары қалыптасады. 
• Топтар арасында іскерлік қарым –қатынас орнайды. 
Түйінді идеялары: Жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдаланып, латын әліпбиі болашақтың кепілі екендігін меңгереді
Әдіс-тәсілдері: «Ойлан.Жұптас.Талқыла», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», «Топтық жұмыс», «ПОПС» . 

Барысы:

Кіріспе .

Психологиялық ахуал тудыру, «Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіру.

«Ой шақыру»

Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.

Ендеше, «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғыртудың жолы» тақырыбында өткізілгелі коучингті бастаймыз.Коучингте пікірлеріңізді ортаға салып, ойларыңызды ашық айтып отыруға шақырамын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған қазақ әліпбиін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы тұжырымдамасынан кейін ғалымдар, тіл мамандары латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасын ұсынған болатын. 2017 жылы 26 қазанда Елбасының Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бекітілді, ал оған 2018 жылдың 19 ақпанында өзгерістер енгізді. Өздеріңізге белгілі әліпбидің бірінші нұсқасы диграфпен берілді, онда 42 таңбадан құралған 25 әріптік негізде жасалған болатын, ал


екіншісі апострофтармен, ал соңғы нұсқасында 32 әріп. Мұнда 6 әріп акутпен берілген. Ғалымдардың айтуынша ереже жазу барысында кейбір әріптер өзгеріп те қалуы мүмкін дейді, әлі қатып қалған ереже де, әліпби де жоқ.
Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры, байлығы – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы - педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу - сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден — араб әліпбиі (1929 ж. дейін), екінші — латын әліпбиі (1929 - 1940 жж.), үшіншісі — кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз).
Қазақ әліпбиінің өзгеруіне қатысты қоғамда алуан түрлі пікірлер айтылып жатқаны баршаңызға белгілі.
(латын әліпбиінің тарихы жайлы бейне жазба)

Негізгі бөлім
«Ойлан.Жұптас.Талқыла.» әдісі арқылы топтық жұмыс. Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары: 
1. Қалай ойлайсыздар қазақ қоғамы латын әліпбиіне көшуге дайын ба?
(қатысушылар өз ойларын ортаға салады)
2. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?
(қатысушылар өз ойларын ортаға салады)
Берілген сұрақ бойынша өз ойларын немесе идеяларды барынша көп жазады. (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен жұптасып орындайды. (Жұптас) Соңында бүкіл идеяларын талқылауды бастайды (Талқыла). Алдымен өз ойларын жеке жазады,одан кейін әріптесімен бөліседі соңында талқылап,ортақ бір пікірге келеді. (10 мин)

Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз кирил, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі әріптер латынмен берілген. Куәлігіміз бен паспортымызда латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа


технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым - қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Латын әліпбиін үйренудің жолдары: 
1.Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады? 
2.Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің. 
А4 парағын қолданып сыни ойлау арқылы кітап жасайды, белгілі бір қортындыға келеді, қорғайды. 
Көбірек мағұлмат,пікір,түсінік, дәлелдер жиналуына мүмкіншілік береді Слаид, А4 парақшалары,флипчарт (10 мин)

Ендігі кезекте «Латын әліпбиін үйренудің оңай жолы» атты онлайн курсы арқылы көшудің тиімділігі туралы бейне материалға назар аударыңыздар.
(бейне материал көрсетіледі)
Мұғалім:
Сіздер тіл маманы болғандықтан әліпбидің ауысуына байланысты болып жатқан жаңалықтарды естіп, біліп отырасыздар, ал осы әліпбиді қолданып жазып, оқып көрдіңіздер ме?
Әліпбидің үшінші нұсқасы қабылданғаннан бері кейбір облыс орталықтарында мемлекеттік қызметшілермен, мұғалімдермен жұмыстар жүргізіліп, диктанттар алынып жатыр. Оның мақсаты – қолданып көру арқылы жаңа әліпбиді сынақтан өткізу.

«Латын графикасына негізделіп жасалынған қазақ әліпбиін жазуда, оқуда қиындықтар туа ма?» деген сұраққа сіздермен бірге біз де жауап іздеп көрейікші. Алдарыңызда жаңа әліпби бар. Бірнеше жұмыс түрін бірге орындап көрейік:
1. Ол үшін алдарыңызда жатқан қағазға кез келген 3 сөзді жазыңыздар. Енді ол қағазды қарама - қарсы отырған әріптесіңізге беріңіз, сосын кезектесіп, оқиық.
2. Тақтада бірнеше мақалдар жазылып тұрады. Қатысушылар мақалдарды латын графикасымен жазады.
3. Латын әліпбиімен жазылған өлең шумақтары таратылады, қатысушылар оқиды.

Қорытынды: Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп - өркендеуіне, болашақта еліміздің жан - жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.





Кері байланыс. « POPS» әдісі бойынша жүргізіледі. Алдарыңыздағы парақшаларда мына сөз тіркестерін толтырыңыздар. 
1. Menin/ oiymsha _______________________________________
2. Men muny bylai da/leldeimin _________________________________
3. Меn bug/an mynandai mysaldar keltiremin _____________________________
4. Меn mynandai qorytyndy sheshimge keldim ______________________________ Комментарий жасайды

Коучинг бойынша пікірлерін білдіреді
(Кеспе қағаздар)

Рефлексия. «Дауыс беру» әдісі.

Оң жақ: қолдаймыз (ақ)

Сол жақ: қолдамаймыз (қара)

Мұғалім: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз — қорқақ, қол — батыр», - деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық! Еңбектеріңіз жемісті, істеріңіз сәтті болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі