400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ (пікір талас)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдерді меңгертуде оқушы-лардың сабаққа дайындығын нақты-лап, сабақтың мақсатын, күтілетін нəтижелерін түсіндіру; сабақ тақырыбына қатысты жағдаяттар туындатып, проблемалық сұрақтар арқылы жағымды көңіл-күй қалып-тастыру; тақырыпқа байланысты тапсырма беріп, ілгеріде оқып үйренген тақырыптармен салыс-тырулар жүргізе оқытуда әріптестерге жаңа тұрпаттағы әдіс-тәсілдерді тәжірибе алмасу мақсатында көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі»МКҚК


ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

(пікір талас)



Мақсаты:

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.

Сабақтың техникалыққұрал-жабдықтары: Интерак.тақта,компьютер.

САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ

І Кіріспебөлім. «Ой шақыру»


Оқытушының сөзі: Заманға сәйкес жаңғыру міндеті, барлық мемлекеттің алдында тұрған мәселе. Өмір сүру үшін адам өзгере білу қажет. Әрбір адам заман ағымына саналы түрде беймделуге қабілетті болуы керек.


М емлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында біртіндеп латын әліпбиіне көшу қажеттілігін айтады. Мақсат айқын 2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөздерді, оқулықтарды латын әліпбиімен басып шығара бастауымыз қажет. Ол үшін биылдан қалдырмай ғалымдар қоғам өкілдерімен бірлесіп қазақ алфавитінің жаңа тұрпаттағы бірыңғай нұсқасын ұсынды. Елбасымыз 2017жылғы 26 қазанда № 569 Жарлығымен бекітті.


Жаңа нұсқа көңілдеріңізден шықты деп ойлаймын.

(Интерактивті тақтадан жана алфавит көрсетіледі). Сонымен қатар, интерактивті тақтадан мұрағаттан алынған латын қаріпімен терілген құжат түрін ұсынамын.

Picture 1


Оқытушының сөзі: Назарымызды келесі суретке аударайықшы. Бүгінгі сабақта сіздерге алғашқы қазақ тілінің латын әліпбиін таныстыру мақсатында музейге барған болатынмен. Онда ескі мерзімді баспаларды ақтара отырып, 1927 жылы «Жаршы» атты көне баспа беттерінің №1 басылымында жарияланған мына қаулыны сіздерге көрсетейін деп арнайы түсіріп алдым.

Осы алғашқы қазақ тілінің латын әліпбиін құрастырған ғалымдардың ішінде Шымкент қаласының тумасы педагог, ағартушы Әшірбек Үсеновте үлкен үлесін қосқан екен. Сонымен қатар латын әліпбиін халыққа үйрету мақсатында осы журналда арнайы сабақтар жарияланыпты. Соның бірінде халқымыздың мақал-мәтел, нақыл сөздерін былай оқуға болады екен, балалар бірге оқып көрейікші (оқушылар дауыстап оқиды). Аздаған өзгерістерді байқаған боларсыздар.

Picture 2 Picture 3


Біздің ел 1929-1940 жылдары латын әліпбиін қолдап, бастан өткерді. Демек, біз латынға қайта ораламыз. Тақтадағы құжат үлгісіне қарап осыны аңғаруға болады. Демек, біз тілді емес, таңбамызды латын қаріпіне көшіретінімізге көзіміз жетті -ау деп ойлаймын.

Бүгін біз де бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.

Ендеше, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында өткізілгелі отырған пікірсайыс алаңын бастаймыз.

ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрофон»

Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы оқытушы Бейсенкул Барысовна таратып айтып береді.

Қазақтілініңәліпбиітымтереңнентамыртартатыныбелгіліболды. Ендешеалғашқыталқылайтынсұрақтарментанысболыңыздар.

І Латынәліпбиінекөшудіңтиімді де пайдалытұстары:

  1. Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?

  2. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?

Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...

ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары:

  1. Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?

  2. Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.

ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары:

  1. Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

  2. Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?

ІІІ Қорытындыбөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

Көрермен не дейді?..

ІҮ Рефлексия. «Дауыс беру»

Оң жақ: қолдаймыз (ақ)

Сол жақ: қолдамаймыз (қара)

1-оқушы (тарихшы): Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.

Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді.

«Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті.

Кеңес үкіметінің орыстандыру саясаты мақсаты терең, ауқымды қарқынмен жүзеге асырылды.Нәтижесінде, орыс тілі өмірдің көптеген салаларында жалғыз ғана тіл болып, ұлттық тілдерді ығыстырды.Сондықтан кеңес үкіметі құрамындағы қазақ, өзбек сияқты басқа да түркі халықтарының санасында кириллица мәжбүрлеумен және зорлық-зомбылықпен байланыстырылады.

Қазіргі сөз болып жатқан қазақ алфавитінің кириллицадан латын әліпбиіне ауыстыру мәселесін отарсызданудың бір маңызды қадамы, отарлаушылардың зорлап таңылған алфавитінен арылу, еркіндік алу деп түсінемін.


















2-оқушы (тілші-ғалымдар): «Латын алфавитіне көшу — заман талабы» - деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, ми қабыршығы астындағы санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі – заман талабы. Бұл мәселені көтеру – Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» - деген болатын. Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертарпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латиницаға көшу – тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.

3-оқушы: Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың ішінде латын әліпбиін дүние жүзі елдерінің көбісі қолданатыны деректерден белгілі. Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Оны еліміздегі кез- келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламды қақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Осы орайда, латын әліпбиіне көшуді шеттілдерін жоғары дәрежеде игеру мен байланыстыруға болады. Енді «Не үшін латын әрпін екөшуіміз керек?» деген сауалға жауап іздер болсақ, латын жазуы қазаққа бұрыннан таныс, қолданысқа оңай, игеругеыңғайлы. Оғанқоса, жаратылыстануғылымдарында да оның қолданыста дәлділігі мен ептілігін дүние жүзінің өмі ртәжірибесі дәлелдеді және бұл әліпби ақпараттық- технологиялар саласын дамытуға септігін тигізері сөзсіз.

Латын әліпбиін қолдану- озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады деген де әңгімелер айтылып жүр. Мүмкін, бұл бастама, шынымен, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолына ашылар есік болар деп ойлаймын.



4-оқушы: Менің ойымызша, латын алфавитін меңгере алу-алмау қорқынышы, қазақ тілін білу деңгейі және көпшіліктің ұлттық санасының орыс тілі, сонымен қоса кириллицаға тәуелділігі мәселесі.

Латын алфавиті жайлы Уикипедия: «Неміс, француз, ағылшын, испан, итальян тағы басқа роман және герман тілдерінің жазбаша негізі болып табылатын қазіргі заманғы латын әліпбиі 26 әріптен құралған», деген мәлімет береді.

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», — жазады Н.Ә. Назарбаев мақаласында. Шынымен, заманауи құралдар: компьютер, ұялы телефон, т.б. нәтижесінде ағылшын тілі әр-қайсымыздың үйімізге кеңінен кіріп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі еңбектеніп жатқан 50-60 жас аралығындағы қызметкерлердің көбі кезінде мектепте болсын, ЖОО оқыған шағында ағылшын, француз немесе неміс тілі бойынша қарапайым білім иеленді, сондықтан оларға да латын әріпіне көшуге қиындық туғызбайды.

7-оқушы: Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан, сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер ме еді бәлкім. Ал қазіргі кезде көшу қиын шығар.Өзіңіз ойлап көріңіз, тұтас әліпби түгілі, бір қала не өкілетті органның(мысалы милицияны полицияға) атауын өзгертудің өзі қанша машақатты, қағазбастылықты, қаражатты талап ететінін.

Жалпы латынша жазуға көшуге оң көзқарастамын, бірақ кешігіп қалдық кой деймін.

Латын əліпбиіне көшіу – ол, өз əліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік əлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан   тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін.













Ф ПК705-18-2017


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі