15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам
Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам
Адамды, оның жан дүниесін тілінен тыс зерттеуге болмайды. Сондай-ақ, тілді де адам арқылы, адамның жан дүниесі арқылы зерттемей болмайды. Адам – өз сөзінің иесі, өз сөзінің қожасы болса, тілдің иесі де, қожасы да – халық. Дәлірек айтсақ, тілдің субъектісі, біріншіден – тілдік тұлға (жеке адам, тілді тұтынушы), екіншіден – халық, ұлт (тілдік ұжым). Тіл – ұлттық мәдениеттің коды. Тіл – халықтың мәдениеті мен қуатының көрінісі.
Өйткені, тілін сүйген, оны қадірлей білген адам өзін де, өзгені де, мәдени құндылықтарын да бағалай алады. Тілдік тұлға тілде бейнеленген ақиқатты қолданып қана қоймайды, тіл арқылы ақиқаттың өзін рационалды, эмоционалды мақсатта бейнелейді. Сондықтан тілдік тұлға – өз санасында ақиқатты бейнелеуші ғана емес, оны санада қайтара жаңғыртушы қасиетке ие белсенді әрекет иесі.
Латын әліпбиіне көшудің мақсаты – «балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік меңгеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызу екенін» естен шығармауымыз керек. Дегенмен, «әліпби ауыстыру ана тілімізге не береді, неден ұтып, неден ұтыламыз?» деген сұрақ та көпшілік көңілінде жүргені белгілі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшудің жаңа міндеттерін белгіледі: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр.
Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады» [2].
Пікірлер. Кезінде ұлт көсемі А.Байтұрсынұлы араб және латын жазуларын теңестіріп, артық-кемін тексеріп, өлшеуге салғанда, таразының табан тірейтін нәрселері деп мыналарды көрсеткен екен:
1 – тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?
2 – қайсысымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?
3 – қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл?
4 – қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы о да сонда)?
5 – үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?
6 – көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық?
Міне, осы талаптарға сүйене келе, А.Байтұрсынұлының басымдықты араб жазуына бергені белгілі және ол сол кезеңдегі ең оңтайлы да дұрыс шешім болғаны анық [3,327]. Мәселен, жақында ғана «Егемен Қазақстан» мақаласында жарық көрген «Қазақтың ұлттық кодының бірі – төл жазу» атты мақала авторлары (Ө.Айтпайұлы, Е.Қажыбек, Ә.Жүнісбек): «Ахаң тапқан жазу қисыны әліпби таңдамайды, өзімізге белгілі кез келген әліпбиді Ахаң қисынына салып, қазақ тіліне пайдалана беруге болады.
Сондықтан, біз тілтанымға (лингвистикаға) «Байтұрсынұлы қисыны» немесе орысша айтсақ «эффект Байтурсынова» деген дәйектемемен енгізіп отырмыз. Ахаңның жазу қисынын кезінде атақты орыс ғалымдары математикалық формулаға салып, әлемдегі ең озық және ең ықшам әліпби деп бағалағанын», – көрсетіпті [4]. Арада бір ғасырдай уақыт өткенде, қазақ жазуы – тағы да таңдау үсінде. Енді таразының екі басында – орыс алфавиті мен латын алфавиті. Жоғарыда көрсетілген өлшемдер тұрғысынан келгенде, қайсысының тиімділігі басым деген сұрақ әркімді де мазалайды.
Бұл бағытта елімізге танымал ғалымдардың пікіріне жүгінсек, тұтас түркі еліне елеулі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері М.Мырзахметұлы латын жазуына көшудің бес артықшылығын көрсетеді: «1-ден, қазақ тілі табиғи қалыпқа түсіп, жасандылыққа ұрынған артикуляциялық базасынан арылып, табиғи қалпына түсер еді; 2-ден, әріп сандары 42 әріптен 28-34-ке дейін қысқарып, жазу сыйымдылығы артып, машинкаға да, компьютерге де сыйымды болар еді. Интернетке де кедергісіз шығар едік; 3-ден, латын жазуына өтуге біздің тәжірибеміз де бар. Қазіргі аға ұрпақтың бәрі де латын жазуын қиналмай оқи береді. Ал жастар болса шет тілдерін оқығандықтан, латын әрпімен таныс болғандықтан, тез меңгеріп кетеді; 4-ден, біз латын әрпін біркелкі ортақ таңбамен алсақ, түрік халықтары бірін-бірі оқи алатын мүмкіндікке келеді; 5-ден, ең бастысы – санамызға күнде әсер етіп отырған кеңестік идеология мен дүниетанымның тұтқынынан босаймыз» [5,246-247].
Академик Ә.Қайдар «латын әліпбиіне көшу – өмір талабы, болашағы жарқын өркениетті ел болудың алғышарттарының бірі», – деп бағалап, латын әліпбиіне көшудің төмендегідей басымдықтарын көрсетеді: кириллицаның славян жазуы екені белгілі.
Дегенмен, оны әлемдегі славян халықтарының бәрі бірдей қолдана бермейді. Бүгінгі күнде Еуропадағы көптеген славян мемлекеттері іс-қағаздарын латын жазуымен жүргізеді. Осы тұста бір мәселе, славян текті халықтардың арасында рухани тұтастықтың да шамалы екенін естен шығармау керек. Қысқасы, кириллицаның да белгілі бір дәрежеде кемшілігі шаш-етектен. Бұл – мәселенің бір жағы.
Екіншіден, жоғарыда атаған жәйттерге қоса кириллица жыл алға озған сайын өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде атқара алмауда. Қазіргі кезде Ресей ғалымдары арасында да жаһанданумен байланысты бір кездері орыс әліпбиінің де латын қарпіне көшу ықтималдығы туралы сөз бола бастады.
Үшіншіден, бүгінгі түркі халықтары қолданып жүрген кирилл жазуында айырмашылықтар өте көп. Себебі, кезінде бұл жазудың біздерге тек қаріптік белгілері, таңбалануы ғана ұсынылды. Ал әр халық өзінің тілдік ерекшеліктеріне сәйкес кейбір әріптердің варианттарын өздері жасап алды. Соның нәтижесінде, дүние жүзінің түркі қауымдастығын былай қойғанда, бұрынғы КСРО-да жасайтын отыз шақты түркі халықтары мен ұлыстарының өзі басын біріктіре алмады. Керісінше, олар бірінің жазғанын екіншісі еркін оқып түсіне алмайтындай жағдайға келіп, жазу арқылы өзара жақындасудың орнына, жырақтай түсті. Сөйтіп, сыртқы күштердің о баста көздеген түркілердің бастарын біріктірмеу жоспары өз миссиясын толығымен орындап шықты» [6].
Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Жүнісбек өз ойын: «Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек деп жүргенім сондықтан. Реформа бір ғана әліпби ауыстырумен тынбайды. Реформа үш мәселені – дыбыс, әліпби және емле-ережені бірдей қамтиды: дыбыс – өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби сол дыбыстың қауызы, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; емле-ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері.
Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайды. Ал әліпби ауыстыру қазақ жазуына реформа жасаудың алғышарты және ең төте жолы болып табылады. Егер латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ, онда көптеген тілбұзар әріптер мен емле-ережелер өзінен-өзі түсіп қалады», – деп тұжырымдайды [7,120].
Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар еді. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиі-мен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аудара-тын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта ора-лып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін. Зәуре Арынова, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері
Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.
Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.
Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біз-дерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты,тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқым келеді» [8].
Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова-ның пікірі де осыған саяды: «Тілтанушылар үшін қазақ жазуын кирилл қарпін-де реформалау аяғы қиынға соғатын. Тіпті кеңестік кезеңдерден қалыптасып, бүгінге дейін өшпей келе жатқан стереотиптерге сүрініп, жүзеге асырыла алмай қалатын. Көптен бері жабулы жатқан дүние-тін. Себебі кирилл қаріптері орыс сөздерін «менше» жаз деп тұрады. Орыс тілінен енген дыбыстарды таңбалауға қызмет ететін әріптерді әліпби жүйесінен алып тастау да мәселені шешпейтін. Бүкіл қазақ емле ережелерін түбегейлі реформалау өз алдына, санаға сіңген қосамжар (орыс-қазақ) орфографияның көзтанымда, қолтанымда қалдырған стереотиптерін бұзу қиынның-қиыны болар еді.
Ал латын әліпбиіне көшу осы стереотиптерді айналып кетудің ең оңай тиімді жолы болмақ. Латын қаріптерімен шет тілінен енген сөздерді қазақша сындырып жазатын болсақ, ешкімнің таласа қоймайтыны белгілі. Сөйтіп, бір оқпен екі қоян алған боламыз.
Біріншіден, қазақтың артикуляциялық (айтылым) базасын жаңғыртып, сақтап қаламыз. Басқаша айтқанда, сырттан келген сөздерді бұрынғыша сындырып жазып, қазақи шапан кигіземіз.
Екіншіден, жаһандық өркениетке ілесе алатын боламыз» [9].Бұл шолудан «латын әліпбиіне көшу – тіліміздің емле ережелеріндегі кейбір қиындықтардан құтылудың негізгі жолы»,– екенін байқаймыз. Мәселен, жоғарыда көрсетілген мақала авторлары (Ө.Айтпайұлы, Е.Қажыбек, Ә.Жүнісбек): «Елуінші жылдардың ортасында қазақтың ы, і, ұ, ү тәрізді төл дыбыстарын ысырып тастап, орыс тілінің и, у, я, ю әріптерін төл сөздеріміздің жазылымына енгізгеніміз бар.
Латын әліпбиіне көшудің экономикалық тиімділігі де көп. Әліпби ауысса, көптеген күрмеулі мәселе ретке келеді. Қазір компьютерде әртүрлі бағдарлама бар, алайда олардың көбінде кириллицаның таңбалары жоқ. Сол үшін де IT-технологияны қолданатын қазақ тілді қызметкерлерге қосымша шығындануға тура келеді. Бағдарламашыларға отыз жылдан бері қиындық тудырып келген мәселені шешудің жолы – латын әліпбиіне көшу. «Бұл қадам қаражат пен уақытты үнемдеп қана қоймайды, сонымен қатар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Әліпбидің салдарынан біздің бағдарламашылар бәсекелестіктен ұтылып келеді. Бұл мәселе туралы ешкім айтқан емес. Ақпараттық технологияны дамыту, оның ішінде интернеттегі қазақ тілді тұтынушыларды түрлі бағдарла-мамен қамтамасыз ету тұрғысынан қарағанда латын әліпбиіне көшу – нағыз тиімді шешім болмақ. Қазіргідей нарықтық экономика кезінде қазақ тілді қолданушыларды бағдарламалармен қамтудың бірден-бір жолы осы. Мұның экономикалық тиімділігі де орасан. Сондықтан латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген