ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ПАЙДАСЫН ҚОҒАМ САНАСЫНА СІҢІРУ
«Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі білім біл» дейді
дана қазақ.Қарап отырсақ қазіргі жаһандану заманында шет тілін білудің маңызы өте зор екен.
Тарихымызға үңілсек қазақ халқы 1072-1929жылдары араб,1929-1939жылдары латын,1940 жылдан бастап орыс әліпбиін қолданған.Тек 1997жылдың 11шілдедегі Тіл туралы заңына сәйкес еліміздің төл әліпбиі кушіне еніп,Тәуелсіз Қазақстанның өзіндік оқу бағдарламасы мен жазу үлгісі қолданысқа енді. Қазақ тілі -мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық,ал ағылшын тілі әлем тілі болып саналатыны белгілі. 2017ж жасалған «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшу жоспарға алынған.Бұл әліпбиге ауысудағы мақсатымыз не?Оның қандай артықшылықтары мен пайдасы бар?Сол мәселеге тоқталсақ,
Қазіргі заман-техника заманы.Кез-келген істі бастап басқару үшін ақпараттық инновациялық технологияларды меңгеру керек.Ал латын әріптерінің бұл мәселеде алар орны бір төбе.Дк қазіргі әліпбиімізге қарағанда латын әріптерімен басқару алдеқайда оңайырақ. Екінші мәселе әлемнің 75% қолданатын ағылшын тілі қазіргі жоспарымызда тұрған латын әліпбиінің үлгісіне өте ұқсас және етене жақын тіл.Бұл ілгерілеудің қазақ елі үшін де үлкен жетістіктерге жол ашатыны анық.
Ал үшінші қырынан қарар болсақ бұл «Рухани жаңғырудың» үлкен бір айғағы болар еді.Ел болып бесігімізді түзегелі бері Дамыған отыз елдің қатарына қосылу жолындағы жетістігіміздің керемет бір көрінісі болары сөзсіз.»Ақыл жастан шығады,асыл тастан шығады»,демекші бұл істе де жастардың белсенділігі бірінші орында.Болашақ жастардың қолында.Үлгілі ұрпақ тәрбиелеп,үндестік заңы үстемдік еткен кемел әліпби жасай білуіміз керек.Латын әліпбиіне көшу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесі котерілері анық.Бугінгі таңда латын әліпбиін мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық жерлерде кеңінен насихаттап,халықты неғұрлым көбірек дайындаған жөн.
Қорыта айтқанда,»Елу жылда ел жаңа»нақылына сүйеніп,Жаңғырудың айғағы,тіліміздің негізі төл әліпбиіміздің латынға көшуін қолдайық,қолға алайық,бірге көшейік,құрметті ағайын!
Төлеби ауданы Қ.Мамытов атындағы жом ағылшын тілі пәні мұғалімі Мизамбай Толғанай
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Латын әліпбиіне көшудің маңызын қоғам санасына сіңіру
Латын әліпбиіне көшудің маңызын қоғам санасына сіңіру
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ПАЙДАСЫН ҚОҒАМ САНАСЫНА СІҢІРУ
«Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі білім біл» дейді
дана қазақ.Қарап отырсақ қазіргі жаһандану заманында шет тілін білудің маңызы өте зор екен.
Тарихымызға үңілсек қазақ халқы 1072-1929жылдары араб,1929-1939жылдары латын,1940 жылдан бастап орыс әліпбиін қолданған.Тек 1997жылдың 11шілдедегі Тіл туралы заңына сәйкес еліміздің төл әліпбиі кушіне еніп,Тәуелсіз Қазақстанның өзіндік оқу бағдарламасы мен жазу үлгісі қолданысқа енді. Қазақ тілі -мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық,ал ағылшын тілі әлем тілі болып саналатыны белгілі. 2017ж жасалған «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшу жоспарға алынған.Бұл әліпбиге ауысудағы мақсатымыз не?Оның қандай артықшылықтары мен пайдасы бар?Сол мәселеге тоқталсақ,
Қазіргі заман-техника заманы.Кез-келген істі бастап басқару үшін ақпараттық инновациялық технологияларды меңгеру керек.Ал латын әріптерінің бұл мәселеде алар орны бір төбе.Дк қазіргі әліпбиімізге қарағанда латын әріптерімен басқару алдеқайда оңайырақ. Екінші мәселе әлемнің 75% қолданатын ағылшын тілі қазіргі жоспарымызда тұрған латын әліпбиінің үлгісіне өте ұқсас және етене жақын тіл.Бұл ілгерілеудің қазақ елі үшін де үлкен жетістіктерге жол ашатыны анық.
Ал үшінші қырынан қарар болсақ бұл «Рухани жаңғырудың» үлкен бір айғағы болар еді.Ел болып бесігімізді түзегелі бері Дамыған отыз елдің қатарына қосылу жолындағы жетістігіміздің керемет бір көрінісі болары сөзсіз.»Ақыл жастан шығады,асыл тастан шығады»,демекші бұл істе де жастардың белсенділігі бірінші орында.Болашақ жастардың қолында.Үлгілі ұрпақ тәрбиелеп,үндестік заңы үстемдік еткен кемел әліпби жасай білуіміз керек.Латын әліпбиіне көшу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесі котерілері анық.Бугінгі таңда латын әліпбиін мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық жерлерде кеңінен насихаттап,халықты неғұрлым көбірек дайындаған жөн.
Қорыта айтқанда,»Елу жылда ел жаңа»нақылына сүйеніп,Жаңғырудың айғағы,тіліміздің негізі төл әліпбиіміздің латынға көшуін қолдайық,қолға алайық,бірге көшейік,құрметті ағайын!
Төлеби ауданы Қ.Мамытов атындағы жом ағылшын тілі пәні мұғалімі Мизамбай Толғанай
шағым қалдыра аласыз













