400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын әліпбиіне нақты қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиі арқылы әлемдік кеңістікке жол ашылады, жаңа ақпараттар мен технологияларға қол жеткізуге мүмкіндіктер туады. Ғаламтор желісінде ақпарат алу, ғылым, білім саласында мүмкіндіктер артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Бауыржан Момышұлы атындағы

№ 5 орта мектебі» ММ.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Жамантаева С.Г.


Латын әліпбиіне нақты қадам

Мемлекеттің белгісі – мемлекеттік тіл. Тілсіз ешқандай мемлекет болу мүмкін емес. Жүз жыл артқа шегінсеңіз, қазақтан басқа түркі елдерінің бірінде өз әліпбиінің толық нұсқасы болмаған. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуы қолданыста болды. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылды. 1940 жылдан күні бүгінге дейін кирилл әліпбиі орнын басты. Бүгінгі таңда еліміз латын әліпбиіне көшуге қызу дайындық үстінде.

Жаңа әліпби жасау - оңай мәселе емес. Жаңа графиканы әзірлеуді бір күнде, тіпті бір жылда аяқтау мүмкін емес. Бұл істе асығыстық жасау біздің бүкіл мәдениетімізге және тарихи бірегейлігімізге нұқсан келтіруі мүмкін. Мәселе кириллицадан латын әліпбиіне көшу емес, қазақ тілінің ауқымды реформасы жүзеге асуда. Латын әліпбиін енгізу жұмыстары біртіндеп жүзеге асырылуы тиіс. Бұл графика жас ұрпаққа арналған деп айта аламыз және ол оның артықшылықтарын толық пайдалануы керек.

«Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасымыздың бастамасын қуаттап, латын графикасына көшудің ең тиімді әрі жеңіл нұсқасын құруды тапсырды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу туралы бірнеше рет айтқан болатын. Мемлекет басшысы бұл мәселеде асықпау керектігін атап өтті. Латын графикасындағы жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы жетілдірілмеді, ғалымдар жұмысын жалғастырды.

2020 жылдың қараша айының басында Президентке дәстүрлі халық жазуында бекітілген "бір дыбыс – бір әріп" принципіне сәйкес келетін әліпби жобасы ұсынылды, диграфтар, яғни екі немесе одан да көп символдармен бір дыбысты белгілеу қолданылмайды. Әліпби жобасы қазақ тілінің барлық 28 дыбысын білдіретін символдарды қамтиды.

Қазіргі замандағы технологиялар, коммуникация, ғылыми және білім беру процестері латын алфавитіне көшуге қолайлы деуге болады.

Заман тәжірбиесі көрсеткендей әлемдік ақпарат кеңістігіне өтудің жолы ретінде латын жазуы кеңінен пайданылады. Қай елдің ғылымы озық технологиясы жетік болса, сол елдің мемлекеттік тілінің қолдану аясы әлемдік деңгейде болады.Өркениетке қол жеткізген әлем елдерінің 80% пайызы латын тілін қолданады.

Латын әліпбиі арқылы әлемдік кеңістікке жол ашылады, жаңа ақпараттар мен технологияларға қол жеткізуге мүмкіндіктер туады. Ғаламтор желісінде ақпарат алу, ғылым, білім саласында мүмкіндіктер артады.

Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни , ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес- алты айдай ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу бүгінгі жас ұрпаққа көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.

Қазақ әліпбиін кириллицадан латын әліпбиіне көшіруді жүзеге асыру нәтижесінде ұлтты одан әрі топтастырады, бізді ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне жақындатады және Қазақстанның қазіргі заманғы әлемдік коммуникациялық процестерге одан әрі интеграциялануына әкеледі. Бұл біздің көпұлтты еліміздің болашағын өркендетуге жасалған тікелей қадам.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі