400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Латын әліпбиіне қоғамның көзқарасы" пікірталас алаңы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән онкүндігі аясында 10-11-сынып оқушыларының және ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен өткізілген пікірсайыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пікірсайыстың тақырыбы:

Латын әліпбиіне қоғамның көзқарасы

(пікірталас алаңы )

(«Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән онкүндігі аясында 10-11-сынып оқушыларының және ата-аналармен мұғалімдердің қатысуымен өткізілген пікірсайыс жоспары)



Мерзімі: 09. 12. 2018 ж.

Мұғалім: Тажитдинова Гулжахан Мейрамсагатовна



Мақсаты:

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір),бейнежазба, ғаламтор материалдары.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: 

Интерактивті тақта,компьютер,бейнежазбалар.

Барысы

І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды.

Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек?

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің өз сөзі.(5бейнежазба)

Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. 

Қонақтарымыз:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.

Ендеше, «Латын әліпбиіне қоғамның көзқарасы» тақырыбында өткізілгелі отырған пікірсайыс алаңын бастаймыз.

ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрофон»

Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы тарих мұғалімі Козганбаева Г.А. таратып айтып береді.

Сізге мынадай сұрақ:Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – заман талабы ма, әлде үлкен саясат мүддесі ме? (1 бейнежазба)

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.

Латын әліпбиі бізге не үшін қажет? Бұған қоғамның көзқарасы қандай?

( 2 бейнежазба)

«Тіл реформасының бір сатысы–латын әліпбиіне көшу»,дейді,яғнм, Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?және қазақ лингивистикасына әсері бар ма?Бұл сұраққа тіл маманы Жиенбаева Б.М.жауап берсе деп ойлаймын.

( 3 бейнежазба)Негізі қоғамның пікірі екіге бөлінетіні рас сіз оған қалай қарайсыз?

«Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Латын әліпбиін қолдану- озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады деген де әңгімелер айтылып жүр. Мүмкін, бұл бастама, шынымен, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолына ашылар есік болар еді дегенге Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Майра Калелкановна өз пікірін білдірсе,сіз қалай ойлайсыз?

-Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар ма?

-Латын тіліне көшуге біз дайынбыз ба? ( 4 бейнежазба)

Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін көпұлтты мемлекеттік өзге ұлттар өкілдері қалай қабылдауы мүмкін?

Мектебіміздің орыс тілі пәнінің мұғалімі Айсұлу Шаймухановна Сіз қалай ойласыз?


Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?

Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Наталья Павловна 2022жылдан бастап латын қаріпін бастауыш сыныптан бастамақшы Сіздің пікіріңізше Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

Бастауыш сыныптан бастаған соң,бар ауыртпалық ата-анаға түседі.

Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?

Сіздің пікіріңізді білсек.


ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

Көрермен не дейді,бұл тақырып бойынша?..

ІҮ Рефлексия.

«Латын әліпбиіне көшу – жаңа заманғы қадам» дегенге қосылып, қадамымыз оңынан бола берсін деп тілек білдіреміз.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі