Латын
әліпбиінің ерекшеліктері
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
« Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласында қазақ тілін латын
әліпбиіне көшірудің кестесін жасап,
алдағы екі жылда ұйымдастыру және
әдістемелік жұмыстар жүргізілуі
керектігін қадап айтты...
Бүгінгі
күнгі бұқаралық ақпарат құралдар мен
зиянды қауым өкілдері арасында кеңінен
талқыланып жатқан мәслелердің бірі-
қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру
үрдісі. Себебі жазу-белгілі бір әріптердің
жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік
болмысын танытатын таңбалар жүйесі,
сол ұлттың тарихы, мәдениетінің
таңбаланған жәдігері, Әр халықтың
рухани, мәдени өсуін, ғылым мен білімнің,
барлық саладағы даму деңгейін көрсететін
маңызы зор әлуметтік- мәдени құбылыс.
Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және
болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол
–ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз
ететін алтын көпір.Ал жазудың өзгертілуі
сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық
саласына, рухани әлемі мен мәдени
деңгейіне тіпті, әлуеметтік психологиясына
әсер етеді.
Бүгінгі
бұқаралық ақпараттарға сүйенсек,
әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы
білімді игеріп, ғылыми зерртеулермен
танысуда. Бұл дегеніміз-білім, ғылым,
саясат пен техника, мәдениет пен өнер
, спорт т.б.қатысы жазбаша ақпараттың
барлығы дерілік латын графикасымен
беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың
басым бөлігі осы графиканың негізінде
таралады дегенді білдерді. Демек, латын
әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі
дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының
орындалуы жолында манызды роль атқаратыны
сөзсіз.
Бүгінгі уақытқа дейін Тіл саласының
мамандары латын қарпіне негізделген
қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда
қызу талқылауда ойларын айтқан еді.«Латын
әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі
біздің қолданып жүрген әліпбиіміз
қазақтың төл әліпбиіемес, орыс тілімен
араласып кеткені, бізге өзге тілден
енген дыбыстар араласып кетсе онда
кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне
төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында
көшуін және қазақ жазуына тек әліпби
ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа
керек екенін, ол реформа үш мәселені
дыбыс, әліпбиі және бірдей емле қамтиды
деген еді.Қазіргі уақытта ұялы
телефондарда жарнамалар, хабарламалар
латын әліпиімен жазылуда. Сонымен қатар
,интернет желісінде де латын әліпбиіне
аударатын транскрипция орнатылған,
бірақ орыс графикасында ғана жасалған,
болашақта қазақ графикасында жасалады
деген ойдамыз.Латын әліпбиіне көшуде
осындай бастапқы жұмыстар атқарылып
отыр. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне
көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан
босатады, түркі және жаһандық әлемімен
ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден
қолданған әліпбиімізге қайта оралып,
ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол
ашады демекпін