жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Латынға көшу - рухани жаңғырудың басты шарты
Латынға көшу - рухани жаңғырудың басты шарты
Қазақстан Тәуелсіздік алып, әлемдік ақпарат кеңістігіне дербес шыға бастағалы бері латын графикасына көшу мәселесі туындағаны рас. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: “Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ”, – деген болатын. Араға алты жыл салып Елбасы осы мәселені тағы көтерді, көтеріп қана қойған жоқ, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін ортаға салып, нақты уақытына дейін белгілеп берді. Бұл Елбасының 2025 жылға дейін қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге ауыстыру туралы Жолдаудағы ел алдына қойған мақсат-тапсырмасы еді[1].
«Латын графикасы әлемдік үстемдікке қалай ие болды?» деген сауалға келер болсақ, оның жауабын алыстан іздеудің қажеті жоқ. Өйткені олай деуге толық негіз бар. Біріншіден, латын графикасының таралуына, алдымен, Рим империясының тез нығайып, қанат жаюы түрткі болды. Екіншіден, христиан дінінің таралуымен байланысты бұл жазу үлгісі Батыс және Солтүстік Еуропа халықтарының байырғы руникалық таңбаларын толықтай ығыстырып шығарды. Үшіншіден, әлем тарихында теңдесі болмаған Британия империясының жер бетінің бестен біріне үстемдік етуі де латын графикасының кең таралуына тікелей себеп болды. Төртіншіден, латын графикасының Америка континенттеріне таралуына Британия империясымен қатар, роман тілді Франция, Испания, Португалия мемлекеттерінің ықпалы да аз болған жоқ. Бесіншіден, латын графикасының планета бетіне жаппай таралуына ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында, алдымен АҚШ-та, содан соң Ұлыбритания мен Францияда өріс алған компьютер технологияларының жылдам дамуы мен сол технологиялардың негізінде, алдымен АҚШ-та өркен жайып, содан соң, өте қысқа уақыт ішінде күллі әлемді орап алған Интернет байланыс технологиялары да себеп болды. Алтыншыдан, күллі ғаламды шарпыған жаһандану үдерісі ағылшын тілі мен латын графикасының көкжиегін бұрынғыдан бетер кеңейтіп жіберді. Өйткені бүгінгі заманауи технологиялар мен инновациялық идеялардың басым көпшілігінің ағылшын тілді әлемнен бастау алып отырғаны жасырын емес. Сосын, латын графикасы Түркі әлемін де айналып өткен жоқ. Алдымен, бұл жазу жүйесін бірінші болып 1928 жылы Түркия мемлекеті қабылдаса, 1991 жылдан кейін бұл графикаға егемен Әзербайжан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттері де өткен болатын. Біздің елімізде латын әліпбиіне қайта оралу туралы қоғамдық көзқарас 1994 жылы көтерілген болатын. Осының нәтижесінде, илеуі әбден қанған қоғамдық пікірді ескере отырып, Президент Н.Назарбаев қазақ тілінің латын графикасына өтуі туралы нақты пайымын 2012 жылы «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға тартқан болатын[2, 3-б].
Латын əліпбиіне көшуді жүздеген мың жастар қызу қолдап, үндеу жариялағаны мəлім. Бұл Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы əліпбидің бірыңғай стандартын қабылдауды, ал 2018 жылы оқу əдебиеттерінде дайындықты бастау туралы бастамасына үлкен қолдау. Латын əліпбиіне көшу туралы Мемлекет басшысы шешімді пікірін білдірді. БАҚ өкілдерімен 14 қыркүйекте болған кездесуде Елбасы 2022 жылы қазақ тіліне ар налған латын əліпбиі бірінші сыныптарда оқытыла бастайды деді.
Латын әліпбиіне көшу мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек. Латынға көшу секілді маңызы жоғары мемлекеттік мәселеде біздің алдымызға дейінгі басқа елдердің тәжірибелері бар. Мысалы, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты мемлекеттердің латын графикасына көшу тәжірибелерін қарап, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, бізге қажетті тұстарын алған жөн. Ол үшін мамандар арнайы осы елдерге барып, ғалымдармен кездесіп, ондағы латын графикасына қатысты жағдайды жан-жақты талдап, зерттеулері тиіс. Алфавитін асығыс ауыстырған елдер аз емес. Олардың кей бірінде осы ширек ғасыр ішінде алфавитке бір емес, үш рет өзгеріс енгізіп үлгергені көп жағдайды аңғартады. Біз олардың қате лігін қайталамауымыз керек. Сондықтан бірыңғай стандартты ұсынар алдында тағы да қайта-қайта қарау, əбден иін қандыру міндетті.
Әліпби ауыстырудан қорықпау керек. Кезінде славян алфавиті де, КСРО алфавиті де бірнеше рет ауысқан. Əліпби жаңарту – бұл дамуға, жаңашылдыққа ұмтылу. Латын əліпбиі күрделі емес, керісінше əлем елдерінің басым көпшілігі осы алфавитті пайдаланып, ең көп тараған, заман талабына сай ақпараттық, технологиялық кеңістікте ойып тұрып орын алған ауқымды алфавит. Қайта бұл коммуникация құралы ретінде бір-бірін жақындастыратын тетік[3, 3-б].
Профессор
Рүстем Қадыржанов латын қарпіне қатысты
пікірін білдіре келе: «Әліпбиді ауыстыру
– күрделі әлеуметтік-саяси процесс.
Өйткені ол осы мемлекетте өмір сүріп
отырған әрбір адамға қатысты мәселе,
әрбір адамның мәдени кодының алдағы
уақытта рухани түрде жаңғыруы, өзгеруі
дегенді білдірсе керек. Тәуелсіздік
алған уақыттан бері әлсін-әлсін көтеріліп,
қоғам арасында жақтаушылар мен қарсы
уәж айтушылардың айтыс-тартысына
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласындағы латын
қарпіне көшу туралы бастамасы ақырғы
нүктесін қойды. Ендігі мәселе – қазіргі
ұсынылып жатқан әліпби нұсқаларының
ішіндегі ең оңтайлы, халқымыздың тілдік,
үндік ерекшеліктерін толығымен өтеп,
толығымен жеткізе алатын түрін таңдай
білу. Ол үшін әлбетте, үлкен жүк, үлкен
сын ең алдымен ғалымдарға түсетіні
анық» деп өзінің көкейкесті пікірін
ортаға салды.
Ақтөбе
мемлекеттік педагогикалық институтының
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Нұрбол Сәдуақас латын әліпбиіне
көшуді сайып келгенде, ана тіліміздің
болашағына, қолданыс аясының одан әрі
кеңейе түсуіне мүмкіндік жасап, қазақы
айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография)
талаптарын жүйеге түсіру керек.
«Бүгінде
тіл мамандарының бір бөлігі әліпби
өзгертумен ғана шектелмей, қазақ
жазуындағы емле қиындықтарын бірге
шешу керек» дегенді, ғалымдардың екінші
бір тобы бұрынғы кирилл әріптерін
түгелімен латынға ауыстыра салуды
ұсынуда. Егер 42 әріпті өзгеріссіз латын
әріптеріне ауыстыра салып, қайтадан
орысша-қазақшасын араластырып сөйлеп-жазып
жүре берсек, одан ештеңе де өзгермейді.
Латын әліпбиіне көшу жұмыстарында дыбыс
– фонема – графема - әріп байланыстарын
терең түсінетін ғалымдар Ә.Жүнісбек,
Н.Уәли, Қ.Күдеринова сияқты т.б. фонолог
мамандардың сөзіне құлақ қойған жөн.
Және латын графикасына (таңбасы)
негізделген қазақ әліпбиін жасау ісінде
тіліміз дыбыс жүйесіндегі төл дыбыстар
мен өзге тілден енген кірме дыбыстарды
жеке-жеке қарастырып, әрқайсысының
өзіндік ерекшеліктері мен жазу барысында
туындайтын әртүрлі заңдылықтары
ескерілуі тиіс» дегенді
айтты.
Оның
айтуынша, қазақ тіліндегі бір «н» әрпі,
6-7 түрлі етіп айтылады. Мысалға нан, нұр,
нән сөздерінде «н» әрпінің дыбысталуы
әртүрлі. «Бір дыбысқа екі әріп арнау,
бір адамның екі паспорты бар дегенге
келеді. Тағы бір мысал. Қазақта «хош
көрдік», «қош көрдік» деп те айтыла
береді. Мұның барлығы артық дыбысты
алғаннан. Біздің тілдегі әуен бұзылып
бара жатыр» деген ол, бір ғана әліпби
ауыстырумен үлкен өзгерістер болмайтынын,
сондықтан, ұлттың санасын өзгерту
керектігін айтты.
Латын жазуының маңызы Қазақстанда сауатсыздықты жою ісінде әсіресе, артты; іс қағаздары латын жазуымен жүргізілді, көпданалы көркем шығармалар латын таңбасымен жарық көрді. Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин және Мұхтар Әуезовтің ХХ ғасырдың 30-жылдарында шығарылған еңбектері латын әрпімен басылды[4].
Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.
Латын қарпіне көшу — бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат, кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті балалар түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.
Латын алфавитін енгізу – еліміздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды балаларымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау болады. Себебі ұстаздар мен оқушылар үшін әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесімен тығыз қарым-қатынаста болулары үшін ұсынылған латын әліпбиін енгізу зор үлес қосары анық.
Мақаланы қорытындылай келе айтарымыз, Елбасының қай тұрғыдан болмасын, асығыстыққа жол бермей, ресми жұмыс тобының Парламентке ұсынған қазақ/латын әліпбиі жобасынының қанатқақты нұсқасын күллі қоғамның талқысына салып отырғаны бекер емес. Ендеше, еліміздің рухани жаңғыруының алтын арқауы – тіліміздің табиғи болмысын сақтап қалуға бағытталған және көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан өркениет көшінен еліміздің қалып қоймауын көздейтін тағдыршешті мәселенің түйінін тарқатуға белсенді атсалысайық.
Әдебиеттер тізімі:
1. Латын әліпбиіне көшу - әлемдік бәсекеге қабілеттілік Ж.Таласпаева http://lib.nkzu.kz/Library/Librarykz/pechat/p392.html
2. Ә.Ахметов, Латын графикасы мен ағылшын тілінің әлем өркениетіндегі орны, Егемен Қазақстан, 26 қыркүйек 2017ж №184
3. А.Бижанов, Ілкімді даму іргетасы, Егемен Қазақстан 25 қыркүйек 2017ж №183
4. Б.Аяған, Латын қарпіне көшіру хақында, Айқын, 30 тамыз 2017ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген