жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Тақырыбы: Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Мақсаты: Елін, жерін, құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру,от жүректі,өжет мінезді ұл− қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу.Птриоттық сезім қалыптастыру.
Білімділігі: оқушыларға 1989 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір қасиетін түсіндіру.
Тәрбиелігі: Отан− Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге,ұлтжанды,елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен елдердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының ойын жетізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу,әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері.
1−жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі -16 желтоқсан -Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық тілейміз! Қанша жыл,қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны -оның тағдырымен байланыстылығында болады. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі де ауыл -үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.
Армандары жақындап тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік ел бақыты ертеңі,
О, халайық! Құттты болсын қуаныш!
2- жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі- ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Ол халық жүрегінде міңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләзат Асанова, Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Сыпатаевтарды, тағы басқа қаза болған ержүрек батырларымызды орындарыңыздан бір минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын Қазақстан Гүлстан!
1−оқушы:
Бұрқырап өткен бұл халық мұңы,
Бір дәуір сынды жыл болды ұлы.
Желтоқсан таңы жадырап қайта
Ғасырдың бүгін нұрланды күні.
2−оқушы:
Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар
Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.
Ақ құстай бейбіт арманы самғап
Алаңға шықты жігіттер,қыздар.
3−оқушы:
Желтоқсан бастауы- ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.
4−оқушы:
16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қасырет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасыретті күн еді.
5−оқушы:
Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі, айбарлы.
Күтпеген іс ақыры не болды деп
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
1−көрініс.
−Қыздар мен газет әкелдім.
−Не жаңалық шығыпты?
−КОКП Ортадық Комитетініңхатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты.
−Колбин деген кім екен?
−Қайдан келіпті?
−Колбин Ульяновтан келіпті.
−Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
−Біз демократияны талап етеміз.
−Қане жүріңдер,қыздар,жігіттер алаңға кетейік!
6−оқушы:
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты,
Қытымыр қыстың басы сол бір айда
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.
1−жүргізуші: Қазақстанның астанасы болған алматы қаласында қазақ жастарының ұлы көтеріліске шығуына Қазақстан Комунистік партиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың жұмысынан босатылып, орнына басқа қаладан келген Геннадий Колбиннің тағайындалуы себепкер болды.
2−жүргізуші: Иә, қайран қазағым! Ұзақ уақыт «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген астарлы сөздің мәнін ұға алмай, ұқсақ та ашып айта алмай келдік. Айту үшін тарихқа бойлау керек, ал тарихтың тұңғиығына барсақ қарауылға іліндік. Ол сөздің салмағын, маңызын жариялылық таңында ғана түсіндік. Сол бір суығы ерте түсен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.
3−оқушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
4−оқушы:
Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын,
ОМОН дар бастан тепкен күн.
Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»
2−көрініс:Дастархан басында Қайрат пен жеңгесі отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рұсқылбеков деген азаматты тұтқындауға келдік.прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат бері кел.
Милиция: Тез жианл, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі: Ойбай−ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке –шешесіне не бетімді айтамын?
Милиция: Төбелеске қатысыпты. Анық –қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер келіп алып кетеді)
5−оқушы:
Ара Жас арудың жанарында−Желтоқсан
Қанды ғасыр табанында−Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында−Желтоқсан
Жауыздықты жасаған да−Желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастаған да−Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да−Желтоқсан
3−көрініс:
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на дапрос.
Тергеуші: Айыпке Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтпаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірі жала.
Тергеуші: Ах,ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков,сен, «Савицкийді өлтірдім» деп моныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер, сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де...
Қайрат: Жолдас тергеуші бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, «Савицкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл−бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып,менің алақаныма сал, бұл−екі. Түсіндің бе, Мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші! Ауылда әзер күндерін өріп отырған ата−анамды ақша бер деп қинағым келмейді және не ушін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер,құртыңдар, атыңдар!
1−жүргізуші:
Жалғыз Отан –адамның жүрегі гой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді гой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат−нағыз ердің бірі еді ғой.
2−жүргізуші:
Сәбира,Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді гой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
4−көрініс: Түрмеден хат жіберу көрінісі.
Қайрат және тамақ тасушы кісі.
Қайрат:
Әкетай –ау пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз сияқты асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды ау біз секілді масылдар!
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауда барамын,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам, мен айдауда құлыным!
5−көрініс:
Сіңілісі: Апа,апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші өзін өрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.
Қайраттың хаты: Амансыздар ма,анам, туған−туыстарым! Менің нақақтан абақтыға отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көммеңіздер. Алаңда жатахана жанында суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып−соғып, бейкүнә қыздардың шашаынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Ереуілге−қарауылы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым. Менің де сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз−азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алатын күні алыс емес! Аман болыңдар!
Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үмін күтеді сорлы анашың...
6−оқушы:
Желтоқсанда
Алмадыда
Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күріреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда.
6−оқушы:
Азаптады қарақшылар қанқұйлы
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы
Арпалысып теңдігі үшін халықтың
Батыр Ләзат желтоқсанда жан қиды.
6−көрініс: «Қайратты тергеу сәті». Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.
Қайрат:
Қаймана қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды ау табанда.
Сөйлесем даусым жетпейді,
Кез болдық мынау заманға.
Шовинвзм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
Елбең,елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей көг.
Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына алып келеді.
Хатшы: сот келді тұрыңдар.
Хатшы: Отырыңдар.
Сот: − Алдыңғы сот нәтижесі бойынша: Қазақ КСР Жоғары соттың сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ ҚСР қылмыстық істер жүргізу кодекісінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес соталқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын. Қазақ ҚСР қылмыстық кодексінің 60−бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65−бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ ҚСР қылмыстық кодексінің 171−1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.
Анасы:
−Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ,ол қылмыскер емес.
Хатшы:
−Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Сот:
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?
Қайрат: Бар.
«Ақтық сөзің не?»−деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтам оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар.
«Еркек тоқты−құрбандық»,
Атам десең атыңдар!
Хош аман бол артымда,
Ағайын туған, азамат,.
Атрымда қалған ата−анам,
Ел –жұртым саған аманат!
Сот: бүгінгі сот процесін аяқтаймын.
Сол кезде екі жендет Қайрпатты алып кетеді. Осы кезде анасы Қайраттың артынан жүгіреді.
8−оқушы:
Есіңе ал, есіңе ал,жас достар,
Бұл жерде батыр жоқ қол бастар.
Бұл жерде жүректе мұз жатыр,
Бұл жерде өрімдей қыз жатыр.
7−оқушы:
Елі үшін ерлігімен еліне
Абырой мен атағына бөлене
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге!
9−оқушы:
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқының есінде сақталған.
Бұл жерде Ләззаттың қаны бар,
Танкінің астында тапталған.
1−оқушы:
Ұяңнан ұшып шығып оралмадың,
Туып- өскен Ақжазыққа қона алмадың.
Шілде айы туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы боп келе алмадың.
Хор. «Көк тудың желбірегені».
1−жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова,Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенің дәлелдеп берді. Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды ХХ ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып,алақанымызға қонды.
2−жүргізуші:
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Азат елдің білікті,білімді, жігерлі азаматтары болыңыздар! деген тілекпен Тәуелсіздік мерекесіне арналған
«Лаула,лаула желтоқсанның мұзға жанған алауы»−атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген