жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Learn English" атты Ағылшын тілі пәні апталығының талдауы
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ
«Learn English»
атты ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының
талдауы
2019-2020 оқу жылы
Ағылшын тілі әдістемелік бірлесітігінің апталығы
жұмысының талдауы
2020 жылдың 13-17 қаңтар аралығында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдің мәртебесін көтеру мақсатында М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінде ағылшын тілі бірлестігінің «Learn English» атты ағылшын тілі апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілі мен мәдениетін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру және бүгінгі таңда Қазақстан үшін «Үш тұғырлы тіл» мәдениетаралық қатынас негізінде қаралып, ақпарат алмасу, білім алып, тәжірибе жинау үшін үш тілді меңгеріп, елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы екенін түсіндіре отырып, оқушылардың танымдық көзқарасын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың ағылшын тілін үйренуге қызығушылығы артады;
Оқушылар шет тілін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтейді;
Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің білім алудағы маңыздылығын түсінеді және олардың сөйлеу қабілеттері дамиды;
Дарынды оқушылар анықталады.
Директордың бұйрығымен ағылшын тілі бірлестігінің құрылған жоспары бекітіліп, іс-шаралар ұйымдастырылды. Құрылған жоспар бойынша барлық сыныптар іс-шарамен қамтылды. Апталық салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты сап түзеу сынып оқушылары жене ағылшын мұғалімдердің жасаған әзірлемесі бойынша жүргізілді.
Жоспарга сай апталықтын салтанатты ашылуы, ашық сабақтар, сыныптан іс-шаралар өткізілді.
Ағылшын
тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен
13.01 – 17.01.2020 ж. аралығында пән апталығы
болып өтті. Алдын ала апталықтың жоспары
ӘБ отырысында қарастырылып директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасарымен
бекітілді. Апталықтың жоспары бөлімдерге
таратылып, хабарланды. 13.01.2020ж. апталықтың
ашылуы болды, апталықтың жоспары
хабарланып, стендке ілінді. Саптүзеуде
оқушылар ағылшын тілінде тақпақ, өлеңдер
айтты. Атап айтсақ, 2б «Strawberries», 4а «Baby
Shark» ән айтып, би биледі, 6а, 3а оқушылары
«I want to be» өлең оқыды, «Үш тілдің патшалығы»
атты ағылшын тіліндегі кітаптар көрмесі
жасақталды. Дәліз қабырғалары әртүрлі
суреттермен, кроссворд, ребус,
мақал-мәтелдермен безендірілді. Әр
үзіліс кезінде интерактивті тақтадан
танымдық видеолар көрсетіліп тұрды.
Ағылшын тілі апталығының өтілуі барысында
5 – 11 сыныптар арасында әр түрлі
тақырыптарға байланысты қабырға газеті
байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар,
оқушыларға ағылшын тіліндегі ребустар,
жұмбақтар, кроссвордтар, тесттерді шешу
ұсынылды.
Биылғы жылдың ерекшелігі - «The Symbols of London»1-6 сынып оқушылары өздері қолдан жасаған Big Ben, Telephone,Double-decker Bus макеттерімен. орналастырыпмерекеліккөңіл-күй сый
14.01.2020ж. 4а, 4б сыныптарында “In search of treasures” атты квест-ойынын С.З.Абдирова өткізді. Ойын сабағында түрлі технологияларды қолданып, оқушылармен топтық жұмыстар жүргізді. Оқушылар тапсырмаға жақсы, қызығушылықпен дайындалғандарын көрсетті. Сыныптан тыс шарасында тақырыпқа сай презентация дайындалған, кабинет іс-шараға толық дайын
болды. Яғни жүргізілетін іс-шараға сай суреттер, нақыл сөздер көрсетілді.
Сол
күні 2 ауысым кезінде С.З.Абдированың
бастамасымен бастауыш сынып
оқушыларына“Enjoy English” атты өлең мен ән
танымдық мерекелік шара өтті. Бұл шараға
1,2,3,4 сыныптардан оқушылар тартылып,
керемет өлеңдермен және шағын көріністермен
қызықты етіп өткізді.
15.01.2020ж. 7-8 сынып оқушылары арасында ““Меrry English” танымдық тәрбие шарасын А.З:Казиханова мен А.К.Гайсина өткізді. Ойын полиглот түрінде өтіп, әр тақырыптарды қамтыды. Оқушылар ойынға қызығушылықпен қатысты. Осы зияткерлік ойында қызықты тапсырмалар берілді. Бұл интелектуалдық ойында оқушылар бір-бірімен жарысып, мәресінде бір оқушы шығып, марапатталды. Сайыста оқушылар ағылшын тілінен жан-жақты білім деңгейлерін көрсете білді. Сайысты слайдтар бойынша өткізді. Сайыста мақалдар айтып жарысу, мақалдардың жалғасын табу, сұраққа байланысты мақалдар табу сияқты тапсырмалар орындалды. Жеңімпаз атанған 8 «а» сынып тобы апталық қорытындысында мақтау қағазымен марапатталды.
16.01.2020ж. А.А.Курмашеваның ұйымдастыруымен 5,6 сынып оқушылары арасында“Sport competition” білім және спорттық жарысы өткізілді. Ағылшын тілінде спорт туралы сұрақтарға жауап беріп, әр түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Бұл шара мектеп спорт залында өтті. Тартымды жарыс нәтижесінде 6 сынып оқушылары үздік болып шықты.
16.01.2020ж. 7а сыныбында А.К.Гайсина «Space and Earth» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалем Жер планетасының проблемалары мен қоршаған орта, жануарлар, табиғатты қорғауға ұйретті. Сабақ өз мақсатына жетті. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әр кезеңі сақталып, тамсырмалар бір бірімен байланысып, оқушылар белсенділік танытып, қорытындысында постерларын қорғап, бір біріне тілектерін айтып қызықты сабақ болды.
Апта
мерзімінде үздік постерлар бақыланып,
7а сыныптың «Hobby» атты постерлары 1 орын
алды. Оқушылар бос уақытты тиімді
өткізудің қызықты жолдары туралы
баяндады.
Ишанова Аружан үздік постер авторы (7а сынып)
17.01.2020 ж. Апталықтың жабылу салтанатына орай “Music Forever!” шет тілдер әндерін орындау музыкалык қорытынды кеш өтті. Бұл іс-шарада атақты ағылшын ақын-жазушылары, әншілері мен музыканттары аталып, сол тақырыпқа байланысты мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ағылшын тілінен үйренген өлеңдерін, әндері мен билерін, көріністерді сахна төрінде мұғалімдер мен оқушылар арасында көрсете білді. Үздік қабілетімен, ұйымдастырушылық шеберлігімен көзге түскен оқушылар, жеңімпаз сыныптар арнайы мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды. Оқушыларымыз апталықтан жақсы әсер алып, белсенділіктері артып, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтары арта түсті.
Қорытындылай келе, апталыққа жоспарланған сыныптан тыс шаралар толықтай өткізілді. Өтілген шаралар бойынша белсенді қатысқан оқушылар, сайыс жеңімпаздары мен апталыққа белсене қатысқан сыныптар апталық соңында марапатталды. Ағылшын тілі апталығына байланысты постерлар сайысы 7-10 сыныптар арасында болып өтті. Барлық сыныптар бұл сайысқа қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, ең жақсы газеттерге орындар иеленіп, марапатталды. Сонымен қатар, апталық барысында өздерін белсенді ұстап, іс-шараларға қатыса білген оқушылар да марапатталды. Белсенді қатыс
Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері сабақ соңында талқыланып, мұғалімдерге айтылды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген