400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

LEARNINGAPPS.ORG ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР КОНСТРУКТОРЫН БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың өз бетінше жұмыстануына және өз жетістігін бағалауға негізделген LearningApps сервисі
Материалдың қысқаша нұсқасы

LearningApps.org интерактивті тапсырмалар

конструкторыН БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ


Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу оқытушылар алдына үлкен міндеттер жүктеуде. Солардың бірі білім алушыардың бағдарламаны меңгеруі мен олардың жетістіктері бағалаудың дәстүрлі тәсілдерін өзгерту. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.

Оқытушы мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін бағалаудың жаңа жүйесі қалыптастырушы бағалау үрдісін енгізілді.

Жаңартылған білім беру мазмұнында білім алушылардың өз жетістіктерін бағалауда жауапкершіліктерін күшейту негізінде бағалаудың дәстүрлі әдістерінен қалыптастырушы бағалауға көшу тиімді деп есептеймін.


Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.

Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.

Олардың әрқайсысы көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін тиісті құралдарды қолдануды талап етеді.

Солардың бірі білім алушылардың өз бетінше жұмыстануына және өз жетістігін бағалауға негізделген  LearningApps сервисі.

LearningApps сервисі білім алушылардың оқуын өз бетінше дамыту және қамтамасыз ету үшін көп мүмкіндіктерге ие және білім алушы мен оқытушы арасында кері байланыс бере алатын негізгі құрал болып табылады.

LearningApps - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервис деп есептеймін.

Сервердің ерекшелігі, пайдаланушылар жасаған барлық тапсырмалар галереяда жиналған және жалпыға қол жетімді болып табылады.

Іздестіруге оңай болу үшін барлық интерактивті тапсырмалар санат бойынша топтастырылған (пәндер бойынша).

Категория бойынша таңдаудан басқа, қиындығына қарай да топтастырылған тапсырмаларды таңдап алуға мүмкіндік бар.

Дайын тапсырмаларды серверге тіркелмегендер де пайдалануға мүмкіндігі бар.
Жеке материалдарды жасау және сақтау қарапайым тіркеуден өткен соң ғана мүмкін болады.

Сонымен қатар, өз материалдарын жасай отырып, пайдаланушы оларды жеке қолдану және жалпы пайдалану үшін сақтай алады.

LearningApps құралдары әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді: викторина, сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мәтінді енгізу, кроссворд, уақытша таспа және т.б.

Осы қосымшалардың бірін таңдау сабақ барысында мақсаттарға жету мен білімді игерту көзделеді. Мен осы қосымшаларды сабақтың білімді тиянақтау, топтық және жұптық, жаңа материалды игерту, үй жұмысын тексеру  кезеңдерінде көптеп қолдануға болады деп есептеймін. 

Кей жағдайларда өз қосымшаңызды құрастырмас бұрын, басқа да әріптестер құрастырған қосымшаларды қарап шығуға кеңес беремін. Себебі әріптестер жариялаған немесе құрған қосымшаларды қарай отырып, өзің құруға талпынған қосымшаға жаңа идеялар алуға, сапалы қосымшалар табуға болады. Дайын қосымшаларды пайдалану кейде уақытты үнемдеуге де тиімді болуы мүмкін.


LearningApps сервисін пайдалану арқылы кері байланысты ұйымдастыру.

Сіз дайындап ұсынған тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өздерінің теориялық білімдерін бірнеше рет тексеруге, білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, тапсырмаларды дұрыс орындауға қол жеткізеді, осылай олардың өз білімдерін өзін – өзі бағалауы артады.

Оқушылардың топпен немесе жұппен жұмыс жасаулары олардың өз білімдерін салыстыруға, өзара көмек көрсетуге, өздерінің қабілеттерін өзге оқушылармен салыстыра отырып бағалауға мүмкіндік туады.

Осылайша оқушылар берілген тақырып немесе бөлім бойынша тапсырмаларды меңгерудегі өз жетістіктері туралы кері байланыс алады және қаншалықты жақсы түсінгендігін біледі.

Кері байланыс алған оқушылар өздерінің білімін және оқуға деген ынта-жігерін арттыру үшін өз алдына мақсаттар қояды деп есептеймін.


Қорытынды

Интерактивтік тапсырмаларды орындаған кезде оқушылардың ақпаратты қабылдау мен есте сақтауы, есте сақтау дағдысының артуы, зейіні мен эмоционалдық қасиеттері қарқынды дамитындығы, назарының тұрақталатындығы, қорыта білуі, жіктеу қабілеттері артады деп есептеймін.

Оқушылар LearningApps сервисімен жұмыс жасағанды ұнатады, барлық тапсырмаларды уақытылы орындайды, олардың толық орындалуына қол жеткізеді деп есептеймін.

Тапсырмаларды орындау барысында олардың қиындықтарын талқылап, талдап, бағалайды. Берілген тапсырмаларды орындауда білімнің жоғары деңгейіне жетуге деген келесі қадамдарын құра алады. Бір – бірінен көмек сұрайды және көмектеседі.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін артыруда LearningApps сервисі шын мәнінде қалыптастыруша бағалау құралы болып табылады.

Келешекте оқушылардың білімін арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жетілдіру мен сервистің басқа да мүмкіндіктерін пайдалану үшін өз білімімді де жетілдіруді көздеймін.

 

Пайдаланылған  ресурстар:

  1. «Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» оқу-әдістемелік құрал, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ Астана, 2017

  2. http://events.genndi.com/r/1/0/live/169105139238471717/8f3befd8e5/0/28514292, Бағалау жүйесіндегі өзгерістер, вебинар

  3. https://www.youtube.com/watch?v=RhzWwcZjWNg - Секрет формирующего оценивания⎮Когда? Зачем?

  4. https://www.youtube.com/watch?v=m1pw1NSEiRY - Инструменты формирующего оценивания, дающие мгновенную обратную связь (запись вебинара Курвитс Марины, образовательного блогера, докторанта Института Цифровых технологий Таллинского университета)

  5. http://learningapps.org/ - приложение для поддержки обучения и процесса преподавания с помощью интерактивных модулей.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
2996
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі