15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторларын пайдаланып гимнастика жасайтын робот құрастыру.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы
Алтынбастау ауылы
Алтынбастау негізгі орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:
LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторларын пайдаланып гимнастика жасайтын робот құрастыру.
Секция: «Информатика»
ІІІ деңгей сертификатталған информатика пәні мұғалімі
Айтекова Салтанат Абдусаттаровна
saltan-12@mail.ru
2016-2017 оқу жылы
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Кіріспе
1.LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторларын пайдаланып гимнастика құру.
2. LEGO MINDSTORMS EV3 бағдарламасында гинастика жасайтын роботтың бағдарламасын жасау.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етіп отыр. Басқа елдер сияқты біздің Қазақстанда әлемдік өркениеттер қатарынан орын алу қажет.
Қоғамдық салалардың барлығын ақпараттандыру, оқу үдерісін қарқындандыру негізгі жалпы білімді жаңғыртып, оның рөліне жаңаша көзқараспен қарауымыз керек. Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды қарқынды дамыту.
Жоғарыда аталған мақсаттарды іске асырудағы ең маңызды міндеттердің бірі қазіргі ғылымның ықпалдасқан салаларын дамыту және оларды заманауи мектептің білім беру үдерісіне кіріктіру. Осыған байланысты оқушыларға ғылыми-техникалық білім берудің робот техникасы сияқты саласының маңызы өте зор. Осы саланың нәтижесінде оқушылар жан- жақты сыни ойлай отырып белсенді, қабілетті, дарынды тұлға қалыптастыру.
Оқушылардың робот техникасы саласында білім мен жұмыстың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі қазіргі заман адамының жалпы ақпараттық мәдениетінің құрамдас элементі, инженерлік-техникалық шеберлікті одан әрі жетілдіру. Робот техникасын оқыту оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендіруге септігін тигізеді, оқушыға өз құрдастарымен және педагогтермен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, қарапайым және күрделі техникалық шешімдерді, инженерлік тетіктерді қолдана отырып, жобаларды (модельдерді) құру арқылы өздерінің инженерлік-техникалық ойлау саласындағы білімдерін көрсете біледі.
1.LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторларын пайдаланып гимнастика құру.
Шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторларын пайдаланып гимнастика жасайтын робот құрастырдым.
1-сурет. LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары
2-сурет. Роботтың бағдарламасын жазатын программа
Роботты жасап болғаннан соң LEGO MINDSTORMS EV3 бағдарламасында гинастика жасайтын роботтың бағдарламасын жасаймыз. Ол үшін бастау- күту құмсағатын қоямыз- рөлдік басқаруды бағдарламаға қойып тиісті уақыттарын, градустарын, өлшемдерін енгізіп жүзеге асырамыз.
3
-
сурет Гинастика жасайтың роботтың
бағдарламасы
Гимнастика жасайтын роботты жасай жолдары:
LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторларын пайдаланады;
LEGO MINDSTORMS EV3 бағдарламасында гинастика жасайтын роботтың бағдарламасын жасаймыз. Ол үшін бастау- күту құмсағатын қоямыз- рөлдік басқаруды бағдарламаға қойып тиісті уақыттарын, градустарын, өлшемдерін енгізіп жүзеге асырамыз.
EV3 жұмыстың ми орталығы болып табылады. Ол негізгі поцессорды құрайды, яғни бағдарламаларды жіберіп және басқа да электронды бөліктерді бақылайды.
4- сурет. EV3 жұмыстың ми орталығы
Негізгі қызметтері:
Ішіне салынған жарықдиоды бар дыбыстар мен суреттерді жаңғырту, мүмкіндігінше басқару;
EV3 микрокомпьютердегі тікелей мәліметтерді тіркеу және бағдарламалау мүмкіндігі;
Орнатылған Bluetooth бақылаушы;
Wi-Fi қолдаушы.
Сіздің бағдарламңыз дайын! Сіздің жобаңыз сақталды! Сіздің бағдарламаңызды роботқа жүктеудің уақыты келді! Ол үшін «Еңгізу» (Download) батырмасын басыңыз.
6
-сурет.
Гимнастика жасайтын робот
Қорытынды.
Осы ғылыми жобаны жазудағы мақсатым болашақта біздің негізгі мектептерге де осы роботтарды құрастырып сабақтарды қызықтырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін оятып сыни ойлататын түрлі роботтар жасап ғылыми ізденістер жасауға мүмкіндік беру. Алдағы жоспарым метептерімізде LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторларынмен қамтылса «Мәңгілік Ел идеясының қозғаушы күші- жастар» дей келе оқуышыларды түрлі роботтарды құрастырып оған бағдарламаларын енгізуге, ғылыми ізденістерге дағдыландырамын деген сенімдемін.
«Қазіргі білім беру саласындағы «Мәңгілік Ел» құндылықтары» және «Мәңгілік-Ел идеясы» - болашақ жастардың қолында. Сондықтанда мұғалім әртүрлі әдіс тәсілдермен , түрткі сұрақтар қойып , деңгейлік тапсырмалар беріп, түрлі бағытта қызықтыратын мысалы роботтар құрастыру сияқты тапсырмаларын тереңірек білім беретін болса идеясы терең сыни ойлайтын, өзіндік мақсаты бар, ішкі уәжін түсіндіре білетін жеке тұлға қалыптаса деген ойдамын.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Болашақта оқушыларымның саналы, парасатты, білімді боларына толық сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Электрондық оқулықтар.
2. «Робот
техникасы» элективті курсы
3. Интернет желісі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген