ЕСЕПТЕУ
ЖҮЙЕЛЕРІ
Есептеу
жүйесі, санау, нөмірлеу — натурал
сандарды атау және цифрлық
символдар арқылы белгілеу әдістерінің жиынтығы. Санау
жүйесі бейпозициялық және
позициялық принцип болып екіге бөлінеді.
Сандарды белгілеудің ең жетілген принципі — позициялық принцип,
онда бір санның таңбасы (цифр) орналасқан орнына байланысты әр
түрлі мәнге ие болады.
Позициялық Санау жүйесі арифмет. амалдар
орындауға қолайлы, сондықтан оларды кеңінен
пайдаланады. Мұндай Санау жүйесінде 1-разрядтың n бірлігі
(Санау жүйесінің негізі) 2-разрядты бірлік, ал 2-разрядтың n
бірлігі 3-разрядты бірлік, т.с.с. құрайды. 1-ден үлкен кез келген
сан Санау жүйесінің негізі бола алады. Мұндай жүйенің қатарына
ондық санау жүйесін (негізі n=10) жатқызуға болады. Бұл жүйеде
алғашқы он санды белгілеу үшін 0, 1, …, 9 цифрлары қолданылады.
Негізі басқа сандар (5, 12, 20, 40, 60) болатын санау жүйелері де
пайдаланылған. Ғыл. зерттеулер мен есептеуіш машиналарда
жүргізілетін есептеулер кезінде негізі 2 болатын Санау жүйесі
(екілік санау жүйесі) жиі қолданылады.
Бейпозициялық Санау жүйесінде символдың
мәні сандағы орналасқан орнына байланысты
емес. Бұл
жүйенің мысалы ретінде римдік Санау жүйесін, яғни рим цифрларын
алуға болады. Бұл жүйенің негізгі кемшілігі — символдар саны көп,
олармен арифмет. амалдар орындау өте күрделі. Бейпозициялық Санау
жүйесіне қалдықтар кластарының жүйесі де
жатады.
Сан түсiнiгi
–
математикалық сияқты ақпараттануда да басты негiз. Егер
математикада сандрды өңдеу әдiстерiне көп көңiл бөлiнетiн болса,
онда ақпараттану үшiн сандарды ұсынуды пайдаланады. Себебi, тек
солар ғана жадтың қажеттi қорын, жылдамдықты есептеуде жiберетiн
қатенi анықтайды.
Санау жүйесi деп белгiлi бiр мөлшердегi
таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау
жүйесi екi топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық
емес.
Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық
мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң
мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ
санында Х цифры кез келген позицияда 10-ды бiлдiредi. Позициялық
емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын
болғандықтан, позициялық санау жүйесi
қолданылады.
Позициялық санау жүйесiнде цифрдық мәнi оның
орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiң негiзiнде
дәрежесi арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiң негiзi деп
қолданылатын цифрлар санын айтады.
Санау жүйесi төртке
бөлiнедi: 1. ондық санау жүйесi; 2. екiлiк санау жүйесi; 3.
сегiздiк санау жүйесi; 4. оналтылық санау жүйесi. Ондық санау
жүйесi Ондық санау жүйесiнегi сандарды өрнектеу үшiн 0-9 дейiнгi
араб цифрлары қолданылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Мыс: 234=200+30+4 2
жүздiктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4-бiрлiктер разрядынан
тұрады. Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткенi ондық санды
жазуда цифрдың мәнi оның позициясына немесе санда орналасқан орнына
байланысты. Санның цифрына бөлiнетiн позицияны разряд деп
атайды.
Екiлiк санау
жүйесi Екiлiк жүйеде кез келген сан
екi 0 және 1 цифрларының көмегiмен жазылады және екiлiк сан деп
аталады. Екiлiк санның әрбiр разрядын (цифрын) бит деп атайды. Кез
келген санау жүйесiнiң негiзiн осы санау жүйесiнде қолданылатын
цифрлар санын анықтап, ЭЕМ-де ақпаратты өрнектеу үшiн екiлiк жүйе
қолданылады. Екiлiк жүйеде қосындыда негiздеушi ретiнде 2 санын
қолданады. Мысалы, 1001екiлiк сан үшiн қосынды мына түрде болады:
1*23+0*22+0*21+1*20 Бұл қосынды ондық сан үшiн жазылған қосындының
ережесi бойынша жазылады. Екiлiк жүйенiң маңыздғы құндылығы –
цифрды ұсыну ыңғайлылығы және компьютер аппаратурасының
қарапайымдылығы. Екiлiк жүйенiң кемшiлiгi – мұнда санды жазу үшiн 0
мен 1 цифрлары көп қажет болады. Бұл адамның екiлiк санды
қабылдауын қиындатады. Мысалы 156 ондық санының екiлiк жүйедегi
түрi мынадай:10011100. Сондықтан екiлiк жүйе әдетте компьютердiң
“iшкi қажеттiлiгi” үшiн қолданылады, ол адамның компьютермен жұмыс
iстеуi үшiн үлкен негiздеуiшi санау жүйесi
таңдалды.
Сегiздiк және он алтылық жүйелер. Осы екi
жүйелердiң және екiлiк жүйенiң арасында санды бiр жүйеден басқаға
ауыстыруды жеңiлдететiн қарапайым байланыс
бар.
Сегiздiк санау жүйесi Сегiздiк санау жүйесi, яғни
сегiздiк негiздеушi санау жүйесi, сегiз цифрдың көмегiмен санды
көрсетедi: 0,1,2,3,4,5,6,7. Мысалы, 356 санын негiздеушi 8
қосындысы түрiнде жазайық:
356=3*82+5*81+6*80
Оналтылық санау жүйесi Оналтылық санау жүйесiнде
санды жазу үшiн ондық санау жүйесiнiң цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
және жетпейтiн алты цифрды белгiлеу үшiн ондық сандарының мәнi
10,11,12,13,14,15 болатын сәйкес латын алфавитiнiң алғашқы үлкен
әрiптерi: A,B,C,D,E,F қолданылады. Сондықтан оналтылың сандарда,
мысалы, 3Е5А түрi болуы мүмкiн. Осы санды негiздеушi 16 қосындысы
түрiнде жазайық:
3Е5А=3*163+Е*162+5*161+А*160
Сандардың қандай сандық жүйеде тұрғанын бiлу
үшiн, оның төменгi жағына индекс жазылады
Сандарды бiр санау жүйесiнен басқа санау
жүйесiне ауыстыру
Ондық санау жүйесiндегi
сандарды басқа санау жүйелерiне
ауыстыру
Ондық санау жүйесiндегi санды
екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бөлу керек. Алынған
бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi
бағытта жазады. Мыс:
129:2=64 (1)
12910=100000012
64:2=32 (0)
32:2=16 (0)
16:2=8 (0)
8:2=4 (0)
4:2=2 (0)
2:2=1 (0)
1:2=0 (1)
Ондық санау жүйесiндегi санды сегiздiк санау
жүйесiне ауыстыру үшiн екiлiк жүйесiне ауыстырған әдiстi қолданады.
Бiрақ бұл кезеде санды сегiзге бөледi.
Мыс:
129:8=16 (1) 12910=2018
16:8=2 (0)
2:8=0 (2)
Ондық санау жүйесiндегi санды оналтылық санау
жүйесiне ауыстыру үшiн тек санды сегiздiң орнына он алтыға бөлу
керек. Мыс:
129:16=8 (1) 12910=8116
8:16=0 (8)
Басқа санау жүйесiндегi сандарды ондық санау
жүйесiне ауыстыру
Екiлiк санау жүйесiндегi санды ондық санау
жүйесiне аудару:
100000012=1*27+0*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+1=12910
Сегiздiк санау жүйесiндегi санды ондық санау
жүйесiне аудару:
2018=2*82+0*81+1*80=128+1=12910
Оналтылық санау жүйесiндегi санды ондық санау
жүйесiне аудару:
8116=8*161+1*160=128+1=12910
Екiлiк санау жүйесiндегi санды сегiздiк және он
алтылық санау жүйелерiне ауыстыру
Екiлiк жүйедегi санды сегiздiк
жүйеге аудару үшiн екiлiк санды оңнан солға қарай цифрларды үштен
жеке-жеке топқа бөледi. Содан кейiн цифрлардың әрбiр тобын кестеде
көрсетiлген цифр түрiнде жазады.
Екiлiк жүйе Сегiздiк
жүйе
000
0
001
1
010
2
011
3
100
4
101
5
110
6
111
7
Мыс:
1001011012=4558