Материалдар / Лекция Құс жолы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лекция Құс жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Астрофизика
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2021
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Құс жолы
 Басқа мағыналар үшін Галактика
(мағына) деген бетті қараңыз.


Page 2

Құс жолы
Құс жолы (компьютерлік модель)
Түрі
галактика
Бақылау мәліметтері
(Дәуірі: J2000.0)


Page 3

Құс жолы (немесе бас әріппен
Галактика) — құрамына Күн жүйесі
және көптеген жұлдыздар енетін
Тура
шарықтауы
{{{1}}}
h
 {{{2}}}
m
 {{{3}}}
s
Еңісуі
{{{4}}}° {{{5}}}′ {{{6}}}″
Сипаттамалары
Типі
SBbc (спиральді
галактика)
Салмағы
3,0x10
12
M


Page 4

алып аумақты спиральді галактика.
Ол шамамен екі жүз миллиард
жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз
шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң
тұмандықтарынан және
жұлдызаралық кеңістікке таралған
жеке атомдар мен түйіршіктерден
құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің
пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі
шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4
кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера
тәріздес, оның радиусы шамамен
15000 пк. Құс жолы галактикасының
барлық құраушылары кіші симметрия


Page 5

осінен айналатын, бірыңғай
динамикалық жүйе болып
байланысқан.
Жердегі бақылаушыға аспандағы
мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы
тәрізді көрінеді. Осыған байланысты
біздің галактика Құс жолы жүйесі деп
те аталады. Құрамына Күн енетін
галактиканы басқа галактикалардан
ажырату үшін, оны кейде «біздің
галактика» деп те атайды. Кейде
Этимологиясы


Page 6

Галактика (бас әріппен) деп те
жазылады.
Құс жолы — кең, ақшыл жолақ болып
тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры.
Алайда аспан сферасына қатарласа
проекцияланатын жұлдыздар
кеңістікте бір-бірінен алшақ
орналасқан. Сондықтан әр түрлі
бағытта секундына ондаған,
жүздеген километр жылдамдықпен
қозғалатындығына қарамастан, олар
бір-бірімен ешқашан соқтығыспайды.
Жұлдыздардың кеңістікте таралу


Page 7

тығыздығы Галактика полюстерінің
бағытында тым аз болады.
Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір
қалыпты таралмаған, олардың
басым көпшілігі жеке бұлттар мен
тұмандықтар түрінде галактикалық
жазықтықтың маңына
шоғырланған.
[1]
Құс жолының жұлдыздық табиғатын
тұңғыш рет 1610 жылы Галилео
Галилей байқаған. Бірақ Галактика
құрылысын жүйелі түрде зерттеуді
Ашылу тарихы


Page 8

XVIII ғасырдың аяғында Уильям
Гершель бастады. Ол өзінің жүргізген
зерттеулері негізінде бақыланған
жұлдыздар пішіні сопақ, алып жүйе
құрайды деген болжам айтты.
Василий Струве 1847 жылы көлем
бірлігіндегі жұлдыздар саны
галактикалық жазықтыққа
жақындаған сайын көбейетіндігін, ал
Күннің галактика ортасында
орналаспағандығын анықтаған. Ол
1859 жылы бүкіл Галактика жүйесінің
осьтен айналу ықтималдығын
көрсеткен. Галактиканың мөлшері


Page 9

жөнінде XX ғасырдың 1-ширегіндегі
неміс астрономы Хуго Зелигер мен
голланд астрономы Якобус Каптейн
дәлелді пікір айтты. XX ғасырдың 20-
жылдарында америкалық астроном
Харлоу Шепли Галактика
орталығының бағыты Мерген
шоқжұлдызында екендігін анықтап,
күннің галактика орталығында
орналаспағандығын дәлелдеген.
Швед астрономы Бертиль Линдблад
жұлдыздар жылдамдығының әр түрлі
болатындығына сүйене отырып,
Галактиканың динамикасы мен


Page 10

құрылысын зерттеген, Галактика
құрылысының күрделі екендігін
ашқан. 1927 жылы голланд
астрономы Ян Оорт жұлдыздардың
сәулелік жылдамдығы мен меншікті
қозғалысын зерттеу кезінде
Галактиканың меншікті кіші осінен
айналатындығын дәлелдеді.
Галактиканың ортасына жақын
бөліктері сыртында жатқан
бөліктеріне қарағанда жылдамырақ
айналады. Галактиканың
орталығынан күнге дейінгі қашықтық
10 кпк. Күн 250 км/с жылдамдықпен


Page 11

галактика орталығын екі жүз елу
миллион жылда (айналу периоды)
толық бір рет айналып шығады.
Галактикалар – біздің Галактикадан
тыс орналасқан алып жұлдыздық
жүйелер. Олар аспанда Құс жолынан
тыс жарық тұман түрінде көрінеді.
Сондықтан оларды галактикадан тыс
тұмандықтар деп те атайды. Америка
астрономы Эдвин Хаббл XX
ғасырдың 20-жылдарында бізге ең
жақын Галактика өте әлсіз көптеген
жұлдыздардан тұратындығын, оның
ішінде цефейлер типтес айнымалы


Page 12

жұлдыздардың болатындығын
байқаған. XX ғасырдың 30-жылдары
эллипстік ергежейлі Галактика, ал 60-
жылдары көптеген сақина, дискі
тәріздес Галактика және алыс
орналасқан жинақы Галактика
ашылды. Қуатты радиосәуле
шығаратын топтасқан галактика N-
галактикалар қатарына жатады.
Осындай радиосәуленің жұлдыз
тәріздес көзі квазарлар деп, ал
қуатты радиосәуле шығаратын
бұрыштық өлшемі бар Галактика
радиогалактикалар деп аталады.


Page 13

Темірқазық маңындағы M 82 бұрыс
галактиканы зерттеу нәтижесінде
америкалық астрономдар мынадай
қорытындыға келді: оның
орталығында осыдан бір жарым
миллион жыл бұрын жарылыс болған,
соның салдарынан ыстық сутек
ағыны 1000 км/с жылдамдықпен
ұшып шыққан. Бұл жарылыс
электрондар ағынын тудырған.
Радиосәуленің жылулық
табиғатының шығуына осы себеп
болған. Астрофизик Виктор
Амбарцумянның пікірі бойынша,


Page 14

мұндай жарылыстар қазір де жүріп
жатыр. Бұрынғы КСРО-да жасалған
Галактика каталогында он бесінші
жұлдыздық шамадан жарығырақ
отыз мыңдай Галактика бар. Олар
барлық аспанның төрттен үш бөлігін
қамтиды. Бес метрлік телескоппен
жиырма бірінші жұлдыздық шамаға
дейінгі бірнеше миллиард
Галактикаларды көруге болады.
[2]


Page 15

XIX ғасырда француз ғалымы Мессье
барлық тұмандықтардың жүйелі
тізімін жасады. Оған жүзден астам
тұмандықтар енді. Тек XX ғасырда
ғана бұл түмандықтардың
Объект M31, галактика Андромеда. Мессье
суреті


Page 16

табиғаттары анықталды. Олардың
тозаң мен газ араласқан
түмандықтардан, шар тәрізді және
шашыраған газ шоғырларынан,
галактикалардан түратыны белгілі
болды. Жүлдыздар арасындағы
кеңістік бос тәрізді болып көрінеді.
Шынында, барлық жүлдыздар
арасындағы кеңістіктер заттарға
толы. XX ғасырдың басында
жүлдыздар жарығының жұтылу
немесе әлсіреу қасиеті ашылды.
Жарықты жұтатын заттың Құс
жолында шоғырланғаны және шүйке


Page 17

тәрізді құрылысы бар екені
анықталды. Бұл зат физикалық
құрамы жақсы зерттелген
тозаңдардан тұрады. Жұлдыздар
арасында тозаңнан басқа өте үлкен
мөлшерде газ бар (тозаңнан жүз есе
көп). Олар бейтарап сутегінің 21 см
толқын ұзындығында сәулелер
шығарады. Егер бейтарап сутегі
бұлтына жақын жерден көк ыстық
жұлдыз тұтанса, жұлдызаралық
газдар мен тозаңдардың сәулеленуі
байқалады. Жұлдыздың шығарған
ультракүлгін кванттарын бұлттың


Page 18

атомдары жұтады да, осы атомдар
жарық кванты түрінде кайта сәуле
шығарады.
Орионның үлкен тұмандығы — ең
жарық газды тұмандық. Дүрбі
арқылы (қырағы көзге құралсыз
көзбен де көрінеді) бір сызық бойына
орналасқан үш жұлдыздан сәл
төменде орналасқан Орионның
белдігі көрінеді. Бұл тұмандықтарға
дейінгі қашықтық 1000 жарық жылы
шамасында.


Page 19

Ыстық жұлдызды қоршаған
иондалған газдар аймағын
жұлдыздардың ультракүлгін
сәулелерін өте интенсивті сәуле
ретінде қайта шығаратын машина
ретінде елестетуге болады. Оның
спектрінде әр түрлі химиялық
элементтердің сызықтары бар. Газды
тұмандьщтардың түсі де газдың
температурасына, тығыздығына және
химиялық құрамына байланысты әр
түрлі: жасылдау, кызғылт және басқа
да түспен реңдес келеді. Газ
тұмандықтарының пішіні әр түрлі.


Page 20

Кейбіреулерінің пішіні ортасында
жұлдызшасы бар сақина торізді — бұл
планеталық тұмандықтар.
Баска тұмандықтар газдардың жеке
жарық шығаратын талшықтарынан
Секстет Сейферта Галактика топтары мысал
ретiнде


Page 21

тұрады. Көптеген тұмандықтардың
пішіні бұрыс, олар кәдімгі сия
тамшысының дақтарына ұксайды.
Жарық сүзгілері арқылы қарағанда
кейбіреулері жеке талшықтардан
тұратын болып шықты.
Белгілі Шаян тұмандығы осындай.
Бұл ең жақсы зерттелген жарылған
жұлдыздың (аса жаңа) бөліктері.
Біздің Күн бір-бірінен қашықтығы,
уақыт, газ бен шаң-тозаң бұлттары, әр
түрлі сәуле шығару түрлерімен
бөлектенген 150 млрд жұлдыздың


Page 22

біреуі ғана. Бірақ олардың бәрі бірге
ортақ центрден, яғни "Құс жолы" деп
аталатын галактиканың ядросынан
айналады.
Галактикалар — жұлдыздар, газ, шаң-
тозаңның бәрі бірге гравитация
щпиімен ұсталып тұратын ең ірі
жұлдыздар жүйесі. Күн жүйесінің
жұтатын материямен толтырылған
галактика жазықтығында жатуынан
Құс жолы құрылымының көптеген
бөліктері жердегі бақылаушыға
көрінбейді. Әйтсе де оны біздің


Page 23

галактикаға ұқсас галактикалар
аркылы зерттеуге болады. XX
ғасырдың 40-жылдары Андромеда
тұмандықтары деген атпен белгілі
M31 галактикасын бақылап, неміс
астрономы Вальтер Бааде осы алып
ғаламның жазық линза тәрізді
дөңгелегі әлде қайда сирек сфера
түріндегі жұлдыздар бұлтынан
тұратынын байқады, оны гало деп
атады.
Бұл тұмандық біздің галактикаға өте
ұқсас болғандықтан, В. Бааденің


Page 24

ұйғарымынша, Құс жолының да
құрылымы болуы тиіс. Галактикалық
дөңгелектердің жұлдыздары
қоныстанудың I түрі, ал гало
жұлдыздары қоныстанудың II түрі
деп аталады. Қазіргі зерттеу
жұмыстары жұлдыздык
қоныстанудың екі түрі кеңістікте
орналасу жағдайларымен ғана емес,
қозғалу сипатымен, сонымен қатар
химиялық құрамдарымен де
өзгешеленетінін көрсетіп отыр. Бұл
ерекшеліктер, біріншіден, дөңгелектер
сфералық құраушыларының қалай


Page 25

пайда болу себептеріне байланысты.
Галактикалық дөңгелектің диаметрі
100 мың жарық жылынан астам, ал
оның қалыңдығы 1000 жарық жылы
шамасындай болады. Галактиканың
орталығынен галоның ең тығыз
орталык бөлігіне дейінгі бірнеше мың
жарық жылына тең аралық "балдж"
("қалыңданған") деп аталады.
Біздің галактиканың шегі галоның
өлшемімен анықталады. Галоның
радиусы дөңгелектің өлшемінен
едәуір үлкен және кейбір мәліметтер


Page 26

бойынша бірнеше жүз мың жарық
жылына жетеді екен.
Құс жолы галосының симметрия
орталығы галактикалық дөңгелектің
орталығымен сәйкес келеді. Біздің
галактикада Күн тәрізді дара
жұлдыздар сирек кездеседі (30%-дан
көп емес). Негізінен, жұлдыздар қос
жұлдыздар немесе бірнешеу болып
келеді. Галактикада күрделі
жұлдыздар жүйесі табылды, атап
айтсақ, шашыранды (ондаған
жұлдыздардан тұратын) және map


Page 27

тәрізді (жүз мыңдаған жұлдыздардан
тұрады) жұлдыздар шоғырлары. Шар
тәрізді жұлдыздар шоғыры
галактиканың орталығыне
жинақталған. Шашыранды
жұлдыздардың шоғыры шар тәрізді
жұлдыздар шоғырынан әлдеқайда
көп, олар галактика (спиральді
галактика жайлы сөз болып отыр)
спиралінің тармағында,
галактиканың дөңгелегінде
басымырақ орналасқан.


Page 28

Дөңгелек жұлдыздардың
қоныстануы Гало жұлдыздарының
қоныстануынан ерекшеленеді.
Дөңгелек жазықтығының маңайына
бірнеше миллиард жыл бұрын пайда
болған жас жұлдыздар және
жұлдыздар шоғыры жинақталған.
Олар жазық кұраушыларды кұрайды.
Олардың арасында ыстық және
жарық жұлдыздар өте көп. Ертерек
пайда болған жұлдыздар дентрде
немесе центрге жакын орналасып,
біздің галактиканың сфералық
құраушысын құрайды. Сфералык


Page 29

кұраушының жұлдыздары
галактиканың орталығыне
шоғырланады. Галоның жұлдыздары
мен жұлдыздык шоғырлары
галактика орталығын айнала өте
созылыңқы орбитамен қозғалады.
Жеке жұлдыздардың қозғалыстары
ретсіз болғандықтан тұтас алғанда
гало өте жай айналады.
Галактиканың сфералық
кұраушысындағы "қоныстанудың"
жасы 12 млрд жылдан асады. Оны,
әдетте, галактиканың өзінің жасы деп


Page 30

есептейді. Ауыр химиялық
элементтер үлестерінің аз болуы гало
жұлдыздарының сипаттамаларының
ерекшелігі болып табылады. Шар
тәрізді жұлдыздар шоғырындағы
жүлдыздардың құрамында металдар
Күнге қарағанда жүз есе аз.
Жұлдыздар шоғырының көмегімен
галактикадағы Күн жүйесінің орны
табылды.
Галомен салыстырғанда дөңгелек
елеулі түрде тезірек айналады. Оның
айналу жылдамдығы центрден әр


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!