400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Лексико-грамматикалық тест 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып оқушыларына арналған лексико-грамматикалық тест
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лексико –грамматикалық тест «Тәуелсіздік толғауы» 10 сынып

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің 21 жылдығына орай халыққа «Қазақстан — 2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі Жолдауын жолдады. Бұл Жолдауда Президент жастарға былай деді: — Құрметті отандастар! Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар — сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз — ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан)

1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріп, мәтін құра.

1. «Мәңгілік ел» а. стратегиясы 1. идеясы а. нығайту

2. демократияны ә. прагматизм 2. қауіпсіздікті ә. саясат

3. «Қазақстан — 2050» б. патриотизм 3. бір б. кепілдіктер

4. мақсаттарға в. идеясы 4. сыртқы в. саясаты

5. қазақстандық г. дамыту 5. әлеуметтік г. мүдде

6. Президент ғ. ел 6. халыққа ғ. Рухын

7. тұғырлы д. жеткізетін 7. экономикалық д. жолдайды

8. экономикалық е. Жолдауы 8. еліміздің е. жарияланды

2-тапсырма. «Қазақстан — 2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын оқы. Қазақстанның негізгі даму бағыттары қандай? Мәтіннен тап, баянда.

3-тапсырма. Мәтіннің қай бөлігінде «Мәңгілік ел» идеясы айтылады? Мәтіннен тап, баянда.

4-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліндегі нұсқасымен сәйкестендіріп, сөйлем құра.

1. Президенттің Жолдауы a. основал программу «Болашак»

2. мемлекеттік жастар саясаты ә. Послание Президента

3. әлемдік деңгейдегі университет б. идея «Вечный язык Вечной страны»

4. «Болашақ» бағдарламасын құрды в. интелектуальная нация

5. «Мәңгілік ел – мәңгілік Тіл» идеясы г. государственная молодёжная политика

6. зияткер ұлт ғ. университет на мировом уровне























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
1264
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі