400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лентадан әдемі гүл жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымдарының Қосымша білім беру педагогтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Лентадан әдемі гүл жасау

Сабақтың мақсаты: оқушыларға атлас лентадан гүл жасап үйрету. Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, еңбекқорлыққа, төзімділікке, топпен жұмыс тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтыр: түрлі түсті атлас ленталар, қайшы, ине-жіп, түймелер, суреттер.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
1.Жұмыс барысына керекті құрал-жабдықтарды түгенде!
2. Инені арнайы ине салғышта немесе жастықшаға түйре!
3.Қайшыны ашық ұстама,ұшынан ұстап сабымен бер.
4.Жіптерді қолмен үзбей, қайшымен қию керек.


Б ұл гүлді жасау үшін бізге мынадай материалдар қажет болады.

1- Екі түрлі-түстегі атлас ленталары. Мысалы, қызыл және ақ тустерді пайдалансаңыз, екеуінің көлемі екі түрлі болуы керек. 5 және 4 см

2- Қайшы

3- Ине мен жіп

4- Сәндеу үшін 1 дана түйме


Гүлді жасау жлы:

1)  Алдымен ленталарды гүлдің жапырақтар санына

кесіп аламыз. Бізде 5 жапырақ болады. Сондықтан

қызыл лентадан 5 дана және ақ лентадан

5 дана квадрат пішінде кесіп аламыз. 

Ақ лентаның көлемі қызыл лентадан сәл кішілеу болуы тиіс. 


2)  Екі лентаны алып, диагональ бойынша бүктейміз. 
3)  Диагональ бойынша бүктелген қызыл лентамыздың үстіне ақ  лентаны қоямыз. Жұмысымыз  ары қарай оңай болу үшін инемен қадап қоямыз.

4)  Екі лентаның да бұрыштарын жоғары қарай бүктейміз.









5) Кейін келесі бұрышын бүктейміз.

6) Енді лентамызды ортасынан сыртқа қарай бүктейміз

7) Сол жағындағы бұрышты ұстап тұрып, оң жағындағы бұрышты көзбен шамалап қырқамыз.

8) Жақсылап ұстап тұрып, жоғарысындағы ұшын қырқып тастаймыз.











9) Енді бас жағын сіріңкемен күйдіріп жабыстыруға болады. Бырақ  қауіпсіздік үшін оның бас жағын іне жіппен тіккен дұрыс.

10) Тіккеннен кейін мынадай көріністе болады. Бұл төменгі жағы.

11) Ал мынау жоғары жағы. Әдемі көріну үшін ішіндегі ақ жапырақшаны қолмен тегістеп қою керек.
12)  Дәл осы жолмен қалған төрт жапырақшаны дайындап аламыз.










13) Енді барлық жапырақшаларды тігіп, жинақтаймыз.
14) Гүліміздің жапырақшаларын жинағанда артынан мынадай көрінеді.
15) Ал мынау беткі жағы.

16) Гүліміздің төменгі жағын домалақ пішінді лентамен қаптап, тігіп қоямыз.
17) Жұмысымыздың соңында гүліміз әдемі көріну үшін сәнді түймемізді ортасына қадап қоямыз.














Міне гүліміз дайын.
Мұндай гүлдермен, көйлектерді, себеттерді және шашқа арналған қыстырғыштарды сәндеуге болады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.11.2018
1078
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі