400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Лепбук" мектепке дейінгі білім берудің жаңа технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Лэпбук пайдалану негізінде балалардың білімін дамытуда тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жанар» бөбекжай-бақшасы














Баяндама



ЛЭПБУК – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ













мАУЛЕНКУЛОВА а.о.















ЛЭПБУК – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Мектепке  дейінгі білім беру ұйымының негізгі білім беру бағдарламасымен бірге үлес қосатын перспективалық әдістердің бірі лэпбук жасау болып табылады. Лэпбук – бұл интерактивтік папка, оқу қызмет түрлерін жүзеге асырады, олардың интеграциялануын қамтамасыз ете алады.

Мақсаты:

Лэпбук пайдалану негізінде балалардың білімін  дамытуда тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Міндеттері:
1. Тәрбиешілерді «Лэпбук» технологиясымен таныстыру.
2. Лэпбук  технологиясының жүйелілігін, сұрыптау ақпаратын көрсету.
3 Тәрбиешілердің шеберлік деңгейін көтеру.

Өзектілігі: :
Мемлекет балабақшаларда білім беру және тәрбие жұмысының сапасына қазіргі заманғы талаптарына сай болып жүруге тәрбиешілерден үнемі өз бетінше білім алуға, кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға және қажетті білім беру технологиясына ие болуға тиіс екен талап етеді.
Әрбір  тәрбиеші өз педагогикалық қызметінде жаңа тәсілдер, идеялар, нысандар мен әдістерді іздейді, олар мектеп жасына дейінгі балаларға қызығушылық тудырады және олардың жасына сәйкес келеді, ал педагогикалық жағынан білім беру және тәрбиелік міндеттер ең тиімді болады.

Бүгін мен сіздерді жаңа технологиямен таныстырғым келеді, қызықты интерактивтік папка- Лэпбук.Лэпбук дегеніміз не?

Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді.  Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша, жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады. Бұл бүлдіршіндермен белгілі біртақырыпты бекітуге арналған тамаша тәсіл және кітаптың мазмұнын ұғыну арқылы, зерттеу жұмысын жүргізу, оның барысында бала ізденіс жасайды, ақпаратты сұрыптап және талдайды.Бала өз алдына ыңғайлы түрде орналаса алады және оның барлық мазмұнын бірден көре алады. Қарапайымдылығына қарамастан, бұл тақырып бойынша барлық қажетті материалдар бар.

Лэпбук – салыстырмалы түрде оқудың жаңа тәсілі.Лэпбук- ол интерактивтік әдістеме, оны құрастыру жөнінде келесі әдіс-тәсілдер қолдану болады: салыстырмалы талдау, ізденіс, проблемалық сұрақтар, дидактикалық ойындар, әңгіме, сипаттау, сюжеттік ойындар т.с.с.Оқыту  мен тәрбиелеудің оқу процесін үйлестіре отырып, лэпбук технологиясы тәрбиешіге әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім беру мазмұнын іріктеп,баланың  белсенділгімен қызығушылықтарын арттыруға және баланың толыққанды дамуы,  ұлттық, тілдік, әлеуметтік мәртебесіне  мүмкіндік береді.  Арнайы  білім алуда балалар үшін Лэпбукті  пайдалану мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз етеді.Тәрбиешімен балағаөтіп кеткен материалдың білімін біріктіру үшін, оны кез келген ыңғайлы уақытта ашып,  әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалардың сөйлеу дағдыларымен, танымдық-тілдік құзыреттілігін дамытады. Бұл технология топтағы балалар шығармашылығын қолдауға жағдай жасайды. Мұндай танымдық-шығармашылық процесс барысында бала тек өз кітабын жасаушы ғана емес, сонымен қатар дизайнер, иллюстратор, өз әңгімелерін, жұмбақтарын, өлеңдерін құрастырып авторыбалады. Лэпбук баланың жеке басының мотивациясын және қабілеттерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Тәрбиеші  баланың әрекетін ұйымдастыруға, басқаруға және ойнатуға көмектесетін және арасындағы өзара әрекеттесудің бір түрі ретінде қарастыруға болады.Лепбук  қызықты, қол жетімді және қымбат ойыншық ойыншықтармен салыстырғанда тәрбиеші үшін өте таптырмас әдістемелік құрал.

Осы технологияның нәтижесінде балалардың дағдылары дамытылады, мысалы:

– Алдағы қызметті жоспарлау мүмкіндігі;

– құрбыларымен келіссөздер жүргізу;

– жауапкершілікті бөлу;

– қажетті ақпаратты іздеу, оны қорыту, жүйелеу;

– туындайтын мәселелер бойынша түсініктемелерге дербес жауап беруге;

– өздерінің біліміне және дағдысына сүйене отырып, өз шешімдерін қабылдау;

– ауызша сөйлеуді қолдану, өз ойларын және тілегін білдіру.

Лепбуктің пайдаланудың артықшылықтары:

– Бала қажетті ақпаратты дербес жинайды;

– Деректердің үлкен көлемін құрылымдау;

– танымдық дамудағы балалардың қызығушылығын ынталандырады;

– ересектермен сабақтастықты немесе бірлескен қызметті әртараптандыруға;

– шығармашылық және шығармашылық ойлауды дамытады;

– есте сақтаудың оңай жолы;

– адамдарды қызықтырып біріктіреді.

Лэпбукті жасау тәсілі

 

  • Тақырып таңдау жас ерекшелігіне қарай- мысалы: Табиғат, жануарлар  әлемі,  мамандар, ғарышкер, отбасы, менің сүйікті қалам, т.б.

  • Жоспар құрастыру, әдіс-тәсілдерді таңдау жас ерекшелігіне қарай – мысалы жұмбақтар, мақал-мәтелдер, өлең шумақтар, иллюстрациялық суреттер жұмыс, зерттеу жұмыстары, д/ойындар, қимылды ойындар, үстел-үсті ойындар, сөдік жұмыстар, сахналық көрініс, ертегі кейіпкерлер, мультимедиа, музыка, сурет салу, т.б.

  • Макет сызу

  • Лэпбукті жасауға қажетті материалдарды таңдау:
    Қатты картон. Түрлі –түсті қағаздар,қайшы, желім (пва), степлер, скотч, түрлі иллюстрациялық суреттер, шаблондар-әзірлемелер,раскраскалар, қаламдар, табиғи заттар әшекелеуге.

Интерактивтік әдістемесін құрастыруға қойылатын талаптар:

  • Оқуматериалыныннақтылығы.

  • Іс- әрекеттіңәркезеңіндегіоқыпжатқанматериалдыңбөлімдерініңлогикалықөзарабайланысы.

  • Өтіпжатқантақырыпбойыншакөпақпаратжинастыру.

Қорыта келе,«Лэпбук» – мектепке дейінгі балалардың танымдық- зерттеу белсенділігін даму түрінің инновациялық формасы. Лэпбук арқылы балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тиеді, бірмәселені шешу жолында әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
712
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі