жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Лессон Стади бойынша рефлексивті есеп
Lesson study курсы бойынша рефлексивті есеп
Тарих пәні мұғалімі Илешова Дана Шораевна.
«Ең оңайы - еліктеу, Ең ащысы - тәжірибе, Ең мәртебелісі – ойлау»
Конфуций
2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады". Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан - жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.
Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. (Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана,2012)
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға; Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.
Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Lesson study ұйымдастыру үшін алдымен сыни тұрғысынан ойлауға проблемалық сұрақтарды қарастыру мақсатымен сұрақтарды тереңдетіп қоюға, дұрыс қолдануға үйрету, түсіндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру " сияқты актуалды мақсаттарды негізге алу керек. Зерттеу жобасының тақырыбында дұрыс таңдай білу қажет. Зерртеуге қатысатын мұғалімдермен ақылдаса бірігіп жұмыс жұмыс жоспарын бекіту маңызды. Lesson study зерттеу тобында жұмыс жасайтын мұғалімдер бірігіп сабақтың тақырыптарын анықтап болғаннан кейін бірінші сабақ жоспары құрылады, сабақ жоспарын құру барысында сыни тұрғысынан ойлауға арналған, өмірмен байланысы бар тапсырмаларды қарастыру ұсынысынылады. Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып қадағалайды және талдайды.
Мұғалімдер:
- Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оұу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
- Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін , белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.
- Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды , олар әрқайсы сыныптағы белгілі бір топың өкілі болуы қажет , мысалы , оқу үлгерімінің деңгейі жоғары , орта , төмен оқушылардан.
- Lesson Study – ді бірлесіп жоспарлап , сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып , оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.
- Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып , Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып , жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.
Lesson Study топтары өз жұмыстары барысында мынандай дүниелерге назар аударса:
Біріншіден, Lesson Study топтарының жасақталуы мұғалімдердің өз еркі бойынша жүзеге асырылғандығы дұрыс. Осы арқылы оларда өз жұмысының нәтижесіне деген жауапкершіліктің артатындығы анық. Мұнда Lesson Study топтарына қосылғысы келмейтін мұғалімдерді күштеуге болмайтынына назар аудару керек. Ондай педагогтармен басқаша жолмен жұмыс жасаған орынды. Мысалы, Lesson Study топтарының тізімдерін мұғалімдер бөлмесінде ілу. Мұнда әр топ мүшелерінің аты-жөні жазылған фотосуреттері ілінеді. Ал төмен жақта Lesson Study топтарына қосылмаған мұғалімдердің тізімі жарияланады. Бірлесе жұмыс жасауға құлықсыз мұғалімдерге осылайша жанамалай ықпал жасауға болады: оларды ұялтпай, үгіттеп белсенділікке шақырмай, тек дүйім елден оқшау қалғандарын естеріне салып отырса, ондай педагогтар осы болмысының ыңғайсыз әрі тиімсіз екендігі туралы ойланулары әбден мүмкін.
Екіншіден, әрбір оқушы сабаққа белсене ат салысуы үшін оқушыларды сабақты жоспарлауға қатыстыру қажет. Ол үшін сабақ басталмастан бұрын таңдалған сыныппен не бірнеше оқушымен сұхбаттасу қажет. Сұхбаттасу барысында оқушыларға мынандай сұрақтар қойған дұрыс болар: «Алдағы сабақтан не күтесіз? Не білгіңіз келеді? Осы тақырыптың ең басты ұғымдары қандай деп ойлайсыз? Осы сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді болады деп ойлайсыз? Топтарға қалай бөлу керек? Сіз кіммен бір топта болғыңыз келеді? Сізге сыныпта кім жақсы көмектеседі? Сабақтың нәтижесі қандай болуы керек деп ойлайсыз? Мұғалім болсаңыз, бұл сабақты қалай өткізер едіңіз?» және т.б. Айтылған ұсыныстар мен жауаптар параққа не болмаса оқушы рұқсатымен аудиожазбаға жазылуы керек. Бұл кем дегенде 5-10 минуттай болғаны жөн. Сабақ жоспарын құру барысында айтылған ұсыныстарды міндетті түрде ескеріп жасалған дұрыс.
Үшіншіден, Lesson Study топтары мұғалімдердің ұстаздақ шеберліктерін арттырудың негізгі құралы болғандықтан, туындаған проблеманың теориялық мәселелерін зерттеп, оны шешудің амалдары мен тәсілдерін сабақтар топтамасы басталмай тұрып айқындау қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, әр сабақ циклі осы мәселелерді шешетін коучингтерден басталуы керек. Lesson Study тобының мүшелері бас қосқан коучингтердің өзекті проблеманы шешуге бағытталғаны дұрыс. Коучингке қатысушылар аталмыш проблеманы шешуге мүдделі және ынталы болып, қорытынды нәтижеге деген жоғары жауапкершілікті сезінуі керек. Осылайша каучинг кезінде мұғалімдер күнделікті тәжірибеде туындаған проблемаларды өздігімен шешуге дағдыланады, яғни өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі дамытып отырады. Өзін-өзі дамытатын механизм жұмысының бір көрінісі іспеттес.
Зерттеу
тобы
: А
В С деңгейі бойынша зерттеуге алады.
Түрліше жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану
оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын
арттырып қана қоймай, олардың оқуға
деген ынталарын арттыруы тиіс. Бұл
жайында зерттеуге алынған 3 оқушы
тұрғысынан алып қарасақ, А мен В оқушысы
сабақта белсенділік танытып, өз ойларын
еркін айтып, қасындағы көршісімен ой
бөлісе отырып, мұғалімнің әр сұрағын
мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындап
отырды. Aл С оқушысы болса басында жан
– жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай
күйде болуы ықтимал, кейіннен А В
деңгейіндегі оқушылардың көрсеткен
көмектері арқылы ол да сыныпқа ілесіп,
белсенділік таныта бастайды. Eң алғашқыда
С оқушы жауабым дұрыс болмайды – ау
деген қорқыныш сезімі болуы мүмкін.
Бірақ топта оқушылар тарапынан қолдау
көріп «сенікі дұрыс емес» дегенді
естімегеннен кейін, ойын еркін айтуға,
ізденуге қызығушылығы арта бастайды.
Зерттеу
барысында әртүрлі әдіс - тәсілдерді
қолданып, оқушылардың топпен жұмыс,
жұппен жұмыс әрекеттерін cырттай бақылау
қажет. Зерттеу барысында aлынған «Миға
шабуыл», «Мәтінмен жұмыс», «Қайталау -
оқу анасы», «Кім жылдам?», «Қоржыннан
сұрақ, бізден жауап», « Авторға хат»
түріндегі тапсырмалар арқылы тізбектелген
cабақтар барысында қолдануды ұсынуға
болады.
Зерттеу тобындағы мұғалімдермен бірігіп,
топтарда жұмыс істеу үшін не қажет?
деген сұрақ үнемі басты назарда болуы
тиіс. Оқушылардың бірлескен түрде топ
құрып,
командалық
ережелерді, рөлдерді бөлуі, әрбір
топтардағы тапсырмаларды сапалы,
жоспарға сәйкес орындалуын тексеріп,
топ мүшелерінің пікірін, оқыту және
көмек көрсету арқылы меңгертуді назарда
ұстау керектігі айтылды. Сабақ беруші
мұғалімнің басты міндеті оқушы бойында
сабаққа деген қызығушылықты ояту, әрбір
кезеңдердегі қозғалысты бақылау,
болдыру. Сабақтағы А, В, С оқушыларының
іс-әрекетін бақылау үшін зерттеу
тобындағы мұғалімдерге жеке-жеке
тапсырмалар ұсынылады.
Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады. Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды мақсатқа айналдыруы тиіс.
Сонымен, Lesson study зерттеу жобасы бойынша күтілетін нәтижелер:
А оқушы: күрделі тапсырмаларды жеке талдайды және топ мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, ортақ шешім, қорытынды жасай алады;
В оқушы: топтағы жүргізілген іс-әрекеттерді өз ойымен, толық жеткізе алады және өзіндік бағалаудың объективті болу керектігін түсінеді.
С оқушы: процесті бақылайды, топ мүшелері атынан спикер ретінде ой білдіреді, кейбір есептерді, тапсырмаларды сыныптастары көмегімен орындайды, қиындықтарды көтере алады және өз мүмкіншіліктерін біледі.
Осының нәтижесінде зерттеудегі А, В, С оқушыларының өзін - өзі реттеу, қалыптастыру, өз бетінше білім алу және математикалық білімін дамыту қабілеттерінің өсуін байқадық. Зерттеу тобындағы мұғалімдердің жүргізген бақылауларына талдау жасай отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артқанын, сыныптағы психологиялық ахуалдың жақсарғанын, бір - бірімен диалог жүргізу арқылы өз ойларын негіздей алатындығын байқаймыз,
Сабақтарда топтық жұмыс кезінде оқушылардың арасында жүргізілетін диалог олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді;
Lesson Study зерттеу жобасында, мұғалімдер оқушыларды бақылау дағдысын дамытады; Бұл зерттеу материалдары сабақ беретін мұғалімдер үшін өте маңызды.
Lesson
Study зерттеуі нәтжесінде оқушыларының
бойынан :
1.
Oқушылар алдымен өзара сөйлесіп алып,
тапсырманың берілісін өзара түсініп
алып, сосын орындады:
2.
Oлар топқа бөлініп, жұптасып - топтасып
жұмыс жасау арқылы өзгерді, ынтымақтастықтары
артты. Cабaқ айтулары өзгерді. Caбақ
айтқанда, тек оқулықтaғымен шектелмей,
сабақты өмірмен байлaныстырып, постер
қорғaумен aйтуға машықтана білді.
Тапсырмалaрды орындау бaрысында, жұптық
- топтық жұмыстың мағынaсын түсінді.
3.
Бірлесіп ынтымaқтaстықта жұмыс жасауғa,
ортaқ бір шешімге келуге үйренді. Tоптaсып
- жұптасып жұмыс жасaуда ешкім оқшаулaнып
қалмaйтынын, толық бір кісідей қатысу
керектігін білді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген