Лессон Стади зерттеу сабағының рефлексивті есебі

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Лессон Стади зерттеу сабағының рефлексивті есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа география сабағынан өткізылген Лессон Стади зерттеу сабағының рефлексивті есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп


Зерттеу тобы: Құтымбет Г, Даулбаев У, Турдалиев Е, Еркінбекова Д, МаксутоваА.


Ел мен елді, халықпен халықты теңестіретін нәрсе, ол – білім» -деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы.

Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда  әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды.

Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.   Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық    Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.


Lesson Study 
зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенін рефлексивтік-практик ретінде тәжірибеде осыған дейін де көзіміз жеткен. Осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады екенбіз деген ойға келдік.

Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Lesson Study  зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты және А. Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» атты оқу құралын басшылыққа алдық.
Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу, пән бойынша білім сапасын арттыру.
Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.

«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын жоспарлау барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп бастаған ісімізді аяқсыз қалдырмауға әріптесіміз Еркінбекова Динараның «проблеманы көре тұра қалай орта жолда қоя салмақшымыз»-деген сөзі қамшы болды. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді. Осы зерттеу сабақтарында алған тәжірибемізбен бөлісу мақсатында сіздерге рефлексивті есебімізді ұсынғалы отырмын.

Зерттеу сабағын жүргізу үшін:
L.S. зерттеу тобын құрдық. (Хаттама№1) Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мұғалімдермен қоса, бастауыш және қазақ тілі пәні әдістемелік бірлестігінің жетекшілері болды.
– Зерттейтін сыныпты таңдау барысындағы айта кетер маңызды нәрсе әріптесіміз Даулбаев Унгалбек ағайдың өзінің кәсіби шеберлігін арттыру үшін зерттеу сабағын бірлесе жүргізуге, қалыптасқан жүйеден шығып сыныптағы оқушылардың білім сапасын арттыруға ынталы екенін ұсыныс ретінде айтуы болды. Сонымен, зерттеуге 9Б сыныбы география пәнін алдық
– Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Сонымен, Даулбаев Унгалбек ағайдың 9Б сыныбындағы география сабағына енген жоспарланбаған бақылау сабақтарында анықталған проблема: 9Б сыныбында география пәнінен білім сапасының төмен болуы (45%).

Топ мүшелерімен ақылдаса келе зерттеу сабағының мақсаты және шешу жолдары төмендегіше болды: 9Б сыныбында Lesson Study  тәсілін қолдана отырып география пәнінен тиімді ҚБ тапсырмаларын дайындау арқылы және оқушылардың жауапкершілігін, өздеріне деген сенімін арттыра отырып білім сапасын арттыру.

Осыған сәйкес күтілетін нәтиже және табыс критерийлері құрылды:

- А деңгейіндегі оқушылар қолдану мен ойлаудың жоғары деңгейіндегі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;

- В деңгейіндегі оқушылар қолдану мен ойлаудың жоғары деңгейіндегі тапсырмаларды өз бетінше және қолдау арқылы жүзеге асырады;

- С деңгейіндегі оқушылар білу, түсіну және қолдану деңгейіндегі тапсырмаларды жеке немесе қолдау арқылы жүзеге асырады.


– Зерттелетін пән пән мұғалімдерімен бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

Жоспарланбаған сабақтарға ену кезінде оқушы үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынды. Сұхбат барысында анықталғаны оқушылардың өз дайындығын, өз мүмкіндігін көрсету үшін үнемі топтық жұмыс емес жеке орындайтын тапсырмалардың берілгенін қалайтыны анықталды.

– Проблеманы шешу үшін «Оқушылардың жеке мүмкіндігін қалай көрсетуге болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып, география пәнінің мұғалімі Унгалбек ағай №1 зерттеу сабағының жоспарын жасап келді.
Жоспарды талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда тиімді ҚБ тапсырмаларын дайындау және оқушылардың сөйлеуіне 80/20 басымдық беруді басты назарда ұстадық.

– Осы соңғы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.

– Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.

– №1 зерттеу сабағына талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, зерттелетін 2-ші пән бойынша №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша бір оқушыны бақылайтын екі бақылаушы болды.

– Осы қадамдар бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстарын ескеріп, қайта жоспарлап өткіздік.

№1 зерттеу сабағы 14.10.2022ж күні өтілді: Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы қазбалардың топтарға жіктелуі» болды. Сыныпты топтарға біріктіріп, әр топтан бір оқушыдан ауызша сұрады, дәптерге берілген тапсырманы топбасшылар тексеріп бағалау парақшаларына бағалады, «Жедел сұрақтар» қою арқылы үй тапсырмасы қорытындыланды. (Мұғалім үй тапсырмасына кеткен 13 минуттың 8 минутын өзі сөйледі). Жаңа тақырыпты меңгеру барысында бес топқа тапсырма беріліп, әр топтан екі оқушыдан қорғап шықты, топпен қорғағалған жұмыстан кейін «Сәйкестендіру» тапсырмасын оқушылар жеке орындады.

Талдау кезеңі: Бүгінгі сабақта қолданылған «Сәйкестендіру», ол оқушының жеке жұмыс жасауына арналған тапсырма сәтті шықты. Оның дәлелі сабақ соңындағы сұхбат барысында жеке жұмыс жасаған кезде өз мүмкіндіктерін көбірек көрсете алатындарын айтты. Сыныпта осыған дейін көбіне топтық жұмыс орындаған.

Келесі сабаққа ұсыныс: Сабақтың өне бойына жүріп отыратын кері байланыстың болуы, әр топтан екі оқушы қорғаған кезде қалған оқушылар картадан аталған жерлерді көрсетіп, қорғауға атсалысса, өмірмен байланыстыру, сабақты қорытындылағанда сол күнгі өтілген сабақтың тақырыбы мен мақсатына, қанша балл жинағанын емес нені меңгергеніне көбірек көңіл бөлу.

№2 зерттеу сабағы 22.10.2022ж күні өтілді. Сабақтың тақырыбы: «Атмосферадағы қолайсыз құбылыстар және одан сақтану жолдары» болды. Унгалбек ағай талқылау барысындағы айтылған ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жасап келді. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. Өткен сабақтармен салыстырғанда оқушыларда қобалжу болмады. Үй тапсырмасын еркін жеткізе білді. «Жедел сұрақтар» арқылы үй тапсырмасы қорытындыланды. Мұғалім әлі де көп сөйлейді (сабақ басталғаннан 7 мин өзі сөйледі). Бұл сабақта жаңа тақырыпты меңгерту барысында 1-қалыптастырушы тапсырма жеке орындалды. Жеке тапсырма орындау оқушылардың жауапкершілігін арттырды, әрқайсысы ізденіп өз беттерінше орындады. Тақтада дұрыс жауап көрсетіліп, қасындағы жұбымен ауысып тексеріп шықты. Келесі қалыптастырушы тапсырма топтарға «Қолайсыз жағдайлардың алдын алу» тақырыбында жоба қорғау ұсынылды. Тақырыптар бөліп берілді: құрғақшылық, дауыл, жауын шашын, жер сілкінісі, көктайғақ. Топтағы үш оқушы қорғап, қалғандары өткен сабақтың ұсынысында көрсетілгендей аталған аймақтарды картадан көрсетті. Қалыптастырушы тапсырма орындау барысында функционалдық сауаттылығын арттыру үшін берілген тақырыпқа байланысты мысалдар келтіріп және оны постерге түсіріп қорғап шықты. Топтық жұмыста оқушылар жақсы қатысты, ұйымдасуы жақсы болды. Бекіту сұрақтары тапсырманы қорғау барысында қойылды.

Талдау кезеңі: Бүгінгі сабақта қолданылған Жоба қорғау тиімді болды, оның дәлелі тапсырманы орындау барысында топтағы оқушылар түгел қамтылды.

Келесі сабаққа ұсыныс: Сабақтың соңында сабақ мақсатына қаншалықты жеткендігіне, орындалғанына уақыт бөліп рефлексия жасау.

3 зерттеу сабағы 22.11.2022ж күні өтілді. Сабақтың тақырыбы: Ішкі өзендер мен көлдер. Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау барысында ситуациялық, функционалдық бағытта сұрақтар қойылды. Не үшін?, қалай ойлайсың?, басқаша етуге бола ма? деген сияқты.

Жаңа тақырыпты меңгерту барысында қарастырылып отырған мәселеге жан-жақты талдау жүргізу үшін 1.Зерттеу, 2.Суреттеу, 3.Қарсы, 4.Қолдану, 5.Жалпы сипаттама беру ұсынылды. Тапсырманы осындай форматта беру оқушыларға қызығушылық туғызды. Нәтижесінде Ішкі өзендер мен көлдерге жан жақты сипаттама берілді. Мұғалім сабақтың соңында сабақ мақсатын оқушылардың есіне түсіріп, қанщалықты жеткендігі туралы рефлексия жасады.

Талдау кезеңі: Зерттеу сабақтарының циклін аяқтай отырып бүгінгі сабақтың алғашқы жоспарланбаған сабақтармен салыстырғанда әлдеқайда нәтижелі болғанын көрдік. Атап айтқанда: уақытты жоспарлау, тиімді ҚБ тапсырмаларын дайындау, өмірмен байланыстыра отырып оқушылардың таным белсенділігін арттыру, мәселеге жан жақты қарау, оқушының сөйлеуіне басымдық беру, өтілген сабаққа рефлексия жасап, келесі сабақты жоспарлау.

«Әр бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін бір циклмен шектелмей, келесі циклдарды ұйымдастыру қажеттігін түсіндік.


Сонымен, Lesson Study  зерттеу сабағының тиімділігі:
Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

Lesson Study  оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы
К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық. Осы жолда, Алла сіздерге күш-қуат берсін!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2025
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі