жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
LESSON STADY ҮДЕРІСІ – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ.
LESSON STADY ҮДЕРІСІ – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Байтанаева Динара Кенесбековна
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Н. Ақшабаев орта мектебі
email: dbaitanaeva@mail.ru
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Жаңа әдістерді жетілдіру, оның тиімділігіне көз жеткізу және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында мектебімізде Lesson Study үдерісі жүзеге асырылды.
Lesson Study - мұғалімдердің оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады. Lesson Study –ге шараны бірлесіп, жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді.
Осыған орай мектебімізде мектеп бойынша іс-әрекеттегі зерттеуге жауапты Баян Бекбатырованың басшылығымен мектебімізде LS топтары құрылды. Lesson Study - ең бастысы «сабақты зерттеу» мен «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. LS тобының құрамында математика пәні мұғалімі ( І деңгей ) өзім, әрі жетекші, ағылшын пәні мұғалімі ( ІІІ деңгей) Каленова Перизат, тарих пәні мұғалімі Айгүл Төлегенова болып, зерттеу нысаны 5 «а» сыныбын таңдап, үдерісті жүзеге асырдық. Мектептің даму жоспарын негізге ала отырып, « оқушыларды қадам бойынша оқыту арқылы өз бетінше білім алуын қалыптастыру» зерттеу тақырыбы ретінде алып, пән мұғалімдерімен бірлесіп жоспар құрдық. Әр пән мұғалімдері үш Lesson Study- дің циклден құралған сабақтарды өткіздік. Lesson Study - өткізу барысында топта жұмыс жасаған мұғалімдермен Пит Дадлидің теориясын негізге ала отырып, төмендегі кезеңдерді іске асырдық.
Өздеріміздің күнделікті жинаған материалдарымызды оқушылардың оқу мен даму басымдылықтарын белгілеу үшін қолдандық
Қолданылатын әдіс-тәсілдерді бірлесіп анықтадық
А,В,С деңгейдегі оқушыларды анықтап, оларды үнемі назарда ұстап олардың іс-әрекеттерін зерттедік, таңдап алынған әдіс-тәсілдер тиімді пайдаландық
Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбат жүргізіп отырдық.
Қолданылған әдіс-тәсілдер бақылаудағы оқушылардың көз қарасы, олардың жеткен жетістіктері, оқудағы көрсеткен нәтижелері, сонымен қатар оқу үдерісінде қиындықтарды білу және алынған тәжірибені болашақта оқыту мен оқу әдістемесін жақсарту үшін әрбір өткізкен Lesson Study -ге талқылау жүргізіп отырдық.
Lesson Study -дің түйінді сипаты ғылыми дәлдік болып табылады.
Осыған орай математика пәні бойынша өзім Lesson Study –дің І циклін өзім бастадым. «Пайыз» тақырыбында ашық сабағын өткіздім. «Қадам» бойынша оқыту сабақ жоспарымның әртүрлі кезеңінде қолдандым. Мысалы, жаңа сабақты меңгерту кезінде:
Есеп
60 санының 10% табу керек.
Санның пайызы бойынша санды табу алгоритмі:
Пайызды жай бөлшек немесе ондық бөлшекпен өрнектеніз
Берілген санды осы бөлшекке көбейтіңіз
Осы қадам бойынша оқыту топтық жұмыс арқылы іске асырылды. Яғни жақсы оқитын оқушы қадам бойынша орындап, топ мүшелеріне түсіндірді. Осы жаңа сабақты меңгертуде Блумның таксономиясын іске асырдым.
Білу: пайызды жай бөлшекке айналдыруды немесе ондық бөлшекке айналдыруды білетін
Түсіну: осы қадам бойынша санның пайызын түсінді
Қолдану: қадам арқылы санның пайызын есепті шығару барысында қолданды
Жинақтау: қадам арқылы санның пайызын табу ережесін тұжырымдады.
Осы есепке ұқсас екі есепті жұптық жұмыс арқылы шығарттым.
Бағалау: «Бір сөйлем» арқылы өздеріне бағалау жүргіздім. Алғашқы сабағым жоспар бойынша өткенмен, жаңартылған білім мазмұны бойынша саралау тәсілі іске аспады. Саралау тәсілінің жеті тәсілі бар: «тапсырма», « дереккөздер», «қарқын», « қорытынды», «дилог және қолдау көрсету», «бағалау», «жіктеу» тәсілдері. Сабағымда үнемі «тапсырма», «қарқын», « қорытынды», «дилог және қолдау көрсету», «бағалау» тәсілдерін үнемі қолданынамын. Зерттеу сабағымда топ мүшелері бақылауға алынған оқушыларымның мынадай іс –әрекеттерін байқады:
А деңгейдегі оқушы: топтық жұмыста тапсырманы өзі ғана орындап, өзгелермен бөліспеді, қызығушылық танытқанмен, топ мүшелерін ұйымдастыра алмады.Тапсырманы орындауда қателіктер жіберді.
В деңгейдегі оқушы белсенділік танытып, топты ұйымдастырып, қасындағы отырған бақылаудағы С деңгейдегі оқушыға түсіндіріп, тапсырманы бірлесе орындады.
С деңгейдегі оқушы – тыңдады, ынталанды, топ мүшелерінің көмегіне сүйене отырып, жаңа сабақты түсінді, тапсырманы жұбының көмегіне сүйене отырып орындады.
Бақылаудағы оқушылардан оқушы үнін алғанда мынадай қажеттіліктер анықталды:
Санды ондық бөлшекке , ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтуден қателесетіні анықталды. Енді мен келесі сабағымды осы қажеттіліктерді ескере отырып, сабақ жоспарыма осы қажеттіліктерді ескере отырып жоспарды қайта құрдым. Келесі тақырыбым «Пайыз» тақырыбына есептер шығарту еді. Оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында топтық жұмыс арқылы «ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту» тақырыбына қайталау жұмысын жүргізіп, «пайыз» тақырыбына есептер шығарттым. Бұл сабағым алдыңғы сабағыма қарағанда алға ілгерушіліктің бар екенін байқадым. Оқушылар сұрақтарға белсенді, әрі дұрыс жауап берді. Қадам бойынша жұмыс жасауға бейімделе бастады. Бақылаудағы оқушылар жоспарланған табыс критерийлері мен бақылаудан кейінгі іс әрекеттері сәйкес келді.
Алғашқы сабағымда білім сапасы 30% , соңғы сабағымда білім сапасы -45% көрсетті.
Lesson Study үдерісін әрі қарай ІІ-ші циклін жасғастырған ағылшын тілі пәні мұғалімі 3 тізбектелген сабағын өткізді.
Үш тізбектелген сабақ өтілгеннен кейін Lesson Study-ды талқылау барысында А деңгейлі оқушы А.Бақдәулетке арналған табыс критерилерінде көрсетілген барлық сатысына қол жеткіздік. Оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзінкөшбасшы ретінде таныта білді. В деңгейлі оқушы А.Мерейге қатысты да қойған мақсат орындалды. Оқушының сөздік қоры аздау болатын, сонда да тақырыпты толық көлемде меңгеріп, күткен нәтижені бере алды. С деңгейлі оқушы С.Аяулым сабақ барысында аздап қысылып отырды. Бірте-бірте топпен бірлесе қимылдап, топ мүшелерінің бір-бірін жетектеп, қолдауының арқасында оқушы сабаққа өз үлесін қоса білді. Жете көңіл бөлінген жағдайда оқушының сабаққа белсенді қатысуға мүмкіндігі бар екендігі анықталды.Оқушының сынитұрғыдан ойлауын дамыту, мәселені барынша мұқият талқылап, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың және сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданған «Ойлан, жұптас,бөліс», «Қаркесегі», және«Шаттықшеңбері» әдістерінің тізбектелген сабақ барысында тиімділігі анықталды.
Үдеріс барысында жүргізілген топтық жұмыс сынып оқушыларының белсенділігі мен қызығушылығының артуына ықпал ете алды. Оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін LessonStudy –де шығармашылық жұмысқа көбірек көңіл бөлу, оқушылардың өзіне айтқызу, кез-келген ситуациядан өздігінен шығу, сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, тапсырмаларды сын тұрғысынан ойлауға бағыттап беру деген мәселелерді келесі сабақты жоспарлау және өткізуде ескерілетін жағдайлар ретінде қарастырып, шешу жолдарына мән беріп отырдық. LessonStudy үдерісін қорытындылай келе, біз алдымызға қойылған мақсатқа жеттік деп ойлаймын. Оқушылардың ағылшын тілінде оқылым дағдысы біршама жақсарды. Зерттеу тобындағы мұғалімдердің арасында кәсіби серіктестік дамыды. Оқушыларда қалай оқу керектігі туралы түсінік қалыптасты. Зерттеутобыменақылдасаотырып, болашаққа мынадай жоспар құрдық:
Алгоритм арқылы оқытудыжетілдіру;
Керібайланыстыжүйеліжүргізу;
Ашық сұрақтар мен жұмыс істеуге дағдыландыру, сұрақ қою техникасын жетілдіру;
С деңгейліоқушыларға көбірек көңіл бөлу.
Болашақта осындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі “С” дәрежесіндегіоқушылармен әлі де жұмыстар жасап, “В” дәрежесінежеткізуге, “В” дәрежесіндегіоқушыларды “А” дәрежесінежеткізуге жұмыс жасаймыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге шығармашылық жұмыстар мен айналысуға баулимыз деп ойлаймыз. Бұл үдеріске қатысу арқылы әріптестер кәсібибіліктілігін жетілдіре алды, оқушылардың оқуын жақсарту бағытындағы жұмыстардың мазмұнын толық түсіне білді, әрсабаққа рефлексия жасау арқылы шығармашылық қабілетін дамыта алды деп ойлаймын.
LessonStudy қорытындысы бойынша математика пәні бойынша
А деңгейдегі оқушы: Бақылауға дейінгі:
-тапсырманы өздігінен орындай алады, кейде қателіктер жібереді
-топта, жұптық жұмыста белсенді, қызығушылықпен қатысады
-мәселені топта талқылайды
-тапсырмалардың нәтижесін салыстырады
-топтық жұмысты қорғайды
Бақылаудан кейінгі:
топты ұйымдастыра алады
топта белсенді
қадам бойынша жұмыс жасай алады
жұптық талқылау жасайды
мәтіннен негізгі ұғымдарды анықтайды
оқулықпен жұмыс жасайды
баламалы пікір айта алады
сұрақ қоя алады
табыс критерийлері бойынша өзін-өзі бағалай алады
ойын нақты айта алады
шапшаң
математикалық тілде сөйлей алады
В деңгейдегі оқушы: Бақылауға дейінгі:
-тапсырманы өздігінен орындай алады, кейде қателіктер жібереді
-топта, жұптық жұмыста белсенді, қызығушылықпен қатысады
-мәселені топта талқылайды
-тапсырмалардың нәтижесін қорытындылайды
-топтық жұмысты қорғайды
-ойын толық жеткізе алмайды
-математикалық тілге шорқақ
Бақылаудан кейінгі:
топты ұйымдастыра алады
топта белсенді
қадам бойынша жұмыс жасай алады
жұптық талқылау жасайды
жұбына түсіндіреді
мәтіннен негізгі ұғымдарды анықтайды
оқулықпен жұмыс жасайды
ереже құрастырады
сұрақ қоя алады
табыс критерийлері бойынша өзін-өзі бағалай алады
ойын айта алады
С деңгейдегі оқушы:
Бақылауға дейінгі:
-өзіне сенімсіз
-тапсырманы өз бетімен орындай алмайды
-сабаққа дайындықсыз келеді
-ойын жеткізе алмайды
-математикалық тілде шорқақ
-қызығушылығы төмен
-кері байланыс бере алмайды
Бақылаудан кейінгі:
-өзіне сенім орнаған сияқты
-топта ынталы
- тыңдайды
-естиді, жазады
-мәтіннен негізгі түйінді ойларды жазады
-топ мүшелерінің көмегімен тапсырманы орындайды
-жеңіл сұрақ қоя алады
-мысал келтіре алады
-анықтаманы жатқа айтады
-дискриптор бойынша өзіне баға береді
Осыған орай оқыту үдерісінде жұптық жұмыстың тиімділігіне көз жеткізу үшін пән мұғалімдері сабақтарында «ойлан-жұптас-бөліс», «серіктесті оқыту», «көршіңізге айтыңыз», «досыңа қоңырау шал», « өзара бағалау» әдіс- тәсілдерін қолданды. Бұл әдіс тәсілдер арқылы оқушылар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, ортақ идея ұсынып, бір шешімге келу, күрделі тапсырмаларды бірлесе отырып шешу, бір-бірін үйрету, бір-бірінің қателерін табу, өзара бағалау мүмкіндіктеріне ие болды. Демек, Lesson Study -дің қорытындысы бойынша жұптық жұмыс тиімділігі мен нәтижелігі төмендегі әрекеттер арқылы жүзеге асырылды:
Жұбымен тапсырманы орындайды
Жұбымен өз пікірін бөліседі
Өз мүмкіндігін біледі
Бір-бірін үйретеді
Өзара бағалауды жүргізеді
Ортақ шешім қабылдайды
Бір-бірінің қатесін табады
Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады.
Lesson Study тәсілі тиімді болды, себебі мұғалімдер:
-зерттеу барысында, оқушылардың білім алғандарының анағұрлым анық екенін, сондай – ақ оқушыларды басқа қырынан көре алды
- мұғалімдердің пікірі бойынша оқушыларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі айырмашылығын көрді
- оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыратындай етіп қалай жоспар құру керектігін түсінді
- Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдана алуды үйренді.
Lesson Study -тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы, оның ерекшелігі- мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауымымен кеңінен бөлісуінде. Осыған орай LS тобының мүшесі математика пәні мұғалімі ретінде өзімнің жинақтаған іс-тәжірибемді мектеп ұжымымен бөлісіп, мұғалімдердің кәсіби өсуіне, шеберлігінің шыңдалуына, қолдау көрсетуге, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге ықпал жасадым.
Қазіргі кезде Lesson Study үдерісі Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады. Ал біздің еліміздің барлық өңірінде жалпы орта мектептерінде 2012 жылдан бастап іске асырылып келеді. Бұл үдеріс - оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасаудың, мұғалімдердің кәсіби біліктілігік көтерудің қайнар көзі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
Әлімов.А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер,Астана-2014ж
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Астана -2015ж
Пит –Дадли нұсқаулық, www.lessonstudy.co.uk

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген