400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Lesson Study

Материал туралы қысқаша түсінік
Lesson Study
Материалдың қысқаша нұсқасы

Lesson Study

Lesson Study -оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында қолданылады. Мұнда тәжірибелі мұғалімдермен қатар, жас мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Бірлесіп сабақты жоспарлау, зерттеу сабағын өткізу, қадағалау, сабақты талдау арқылы оқыту туралы бірлескен пікір қалыптасады. Сабақты зерттеу тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізетін мұғалімдердің бірлескен жұмысын зерделеуді көздейді. Lesson Study әдісі 19 ғасырдың 70 жылдарында Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. 2007 жылдан бастап Жапониядан тыс жерлерде танымал бола бастады. Бүгінде сабақты зерттеу әдістемесі Сингапур, Гонконг, Швеция, Канада, АҚШ, Ұлыбритания секілді дамыған мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Бұл әдіс бойынша оқушылардың оқып-үйренуінде қандай қиындық пен кедергі барын анықтап, сыныптағы проблемалардың шешу жолын зерттейді. Lesson Study үдерісінде оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқу үдерісін зерделейді. Бұл тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Сабақты зерттеу үдерісі бірнеше қадамдардан тұрады. Ең бастысы сабақты зерттеу үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді.(МАН ІІ ) Сабақты зерттеу үдерісінің қадамдары:зерттеу тобын құру,оқыту мақсатын әзірлеу,сабақты жоспарлау,зерттеуді жоспарлау,сабақты өткізу,оны бақылау, бақылау нәтижелерін талқылау, жақсартуды енгізу, құжаттау және талдау. Сабақты зерттеу әдісі кәсіби әрекеттердің аясында жүзеге асады: бірлесу, ақылдасу, қолдау. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесінде жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді. Сабақ жоспарында орындалатын жаттығулар, көтерілетін мәселелер, қойылатын сұрақтар, сол шаралар бойынша оқушылардан күтілетін әрекет болжанып, мұғалім оларға қалай жауап беруді жоспарлайтыны көрсетілуге тиіс.Зерттеу сабағын жоспарлау барысында оқушылардың тапсырмаларды қалай қабылдап, оларды қалай орындайтынын болжау. Оқушылардың ойлау үдерісін дамытуға көмектесетін мұқият тұжырымдалған сұрақтар мен тапсырмалар қарастырылуы керек. Кейін сабақ барысында оқушының ол тапсырманы қалай орындап шығатынын қарастыру қажет.Зерттеу сабағы кезінде оқушының сабаққа қалай араласатынына және оның оқуына көңіл бөлінеді. Оқушылардың қаншалықты алға жылжығандығының және жоспарланған нәтижемен салыстырғанда олардың қай деңгейге жеткенінің дәлелдерін бақылайды.Егер бір дағдының дамуын , қалыптасуын анықтау көзделсе, оқушылардың осы дағдыны меңгеруіне қарай, яғни бұл дағдыларды жоғары деңгейде, орта деңгейде және төмен деңгейде меңгерген оқушылар қадағаланады. Оқушылардың тапсырманы орындау барысында іс-әрекеттерін

зерделей отырып, олардың ұғымды, құбылысты қаншалықты түсінгені, не қате түсінгені туралы, олардың тапсырманы орындауға қанша уақыт жұмсайтыны және қанша уақыт бос отыратыны туралы, оқушыларға табысқа жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін факторлар туралы терең түсінік алады. Сабақты қадағалау барысында жиналған деректер бойынша талқылау жүргізіледі. Пікірталас кезінде оқушылар оқу мақсатына жетті ме, сабақты қалай жетілдіруге болады және бұл тәжірибеден қандай сабақ алуға болады деген мәселелерге назар аударылады. Сабақты талдау барысында зерттеу тобы сабақты қайта қарау жолдарын анықтайды. Нәтижесінде Lesson Study тәсілі- оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылады





Алматы қаласы Алатау ауданы

152 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі

Туратауова Индира Абдимуслимовна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
06.06.2024
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі