жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Lesson Study» - біздің тәжірибемізде
«Lesson Study» - біздің тәжірибемізде
Семей қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ-тің 2 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Lesson Study» әдісімен «Жұрнақ пен жалғау» тақырыбында тізбектелген сабақтар өткізілді.
Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш сыныптағы негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жақсарту мақсатында Lesson Study-ды қолдану сыныпты зерттеунысандарының бірі болып табылады.
Lesson Study-дың мақсаты:
1. Оқушыларға білім алуға көмектесу, топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету;
2. Жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту. Мұғалімдермен бірлесе отырып жұмыс істеу;
3. Мұғалімдердің зерттеуі. Оқытудағы жаңашылдықты бағалау.
Іс-әректтегі зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады. Тәжірибе жүзінде іске асыру барысында үш тізбектелген сабақтарды өткізуді жоспарладық. Lesson Study-ды жоспарлау, жүргізу барысында бастауыш сыныптар бойынша әдіскеріміз Кайсанова С.Н. және әдістемелік бірлестік жетекшіміз Ибраева Ж.Б., сонымен қатар бірлестіктің барлық мұғалімдері қолдау көрсетіп, әдістемелік көмек беріп отырды.
Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылды. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алды және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты берілді.
Сыныпта 21 оқушы. Пәндер бойынша сыныптың білім көрсеткіші – 63 % құрайды. Дегенмен, белсенділігі және бәсекеге қабілеттілігі орташа болатын. Сондықтан осы сыныпта басты назарға ала отырып, сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосферасын тудыру және 2 сынып оқушыларының оқылым, айтылым, жазылым дағдысын жақсартуды мақсат еттік. Зерттеу сұрағын 2-сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқылым, айтылым, жазылым дағдысын қалай жақсарта аламыз?, – деп қойдық.
Lesson Study тобы, зерттеу тақырыбы, сұрағы және мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан кейін А, В, С деңгейлі оқушылар белгілеп, рольдерді бөлісіп алынды. Жалпы үдеріс бойынша барлық әріптестерге ыңғайлы уақыттар анықталып, сабақты өткізу және талдау-талқылауды жүргізуге байланысты іс-әрекет кестесі жасалды. Сонымен қатар, үдеріс кезеңдерінің соңында мақсат пен күтілетін нәтиже арасындағы айырмашылық туралы рефлексиялық есеп жазуды міндетімізге алдық.
Үш тізбектелген сабақ өтілгеннен кейін Lesson Study-ды талқылау барысында қолданылып отырған әдіс-тәсіл, топтағы оқушылар құрамы, олардың бір-біріне әсері толықтай бақыланып, келесі сабаққа қажетінше өзгерістер енгізіліп отырды. Нәтижесінде А деңгейлі оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. В деңгейлі оқушы қатысты да қойған мақсат орындалды. Оқушының тақырыпты толық көлемде меңгеріп, күткен нәтижені бере алды. С деңгейлі оқушы сабақ барысында аздап қысылып отырды. Бірте-бірте топпен бірлесе қимылдап, топ мүшелерінің бір-бірін жетектеп, қолдауының арқасында оқушы сабаққа өз үлесін қоса білді. Жете көңіл бөлінген жағдайда оқушының сабаққа белсенді қатысуға мүмкіндігі бар екендігі анықталды. Үдеріс барысында жүргізілген топтық жұмыс сынып оқушыларының белсенділігі мен қызығушылығының артуына ықпал ете алды.
Lesson Study-дың соңғы сабағында пән мұғалімі сабақтың мақсатына жете білді. Жоспарланған тапсырмалар орындалды. Әр тапсырмаға берілген уақыт тиімді пайдаланылды. Оқушылар сабақ кезінде жақсы көңіл күйде болды. Мұғалімдердің көп болғандығына қарамастан оқушылар берілген тапсырманы дұрыс орындап отырды. Пән мұғалімі сабақ барысында барлық оқушыларды сабаққа жұмылдыруға тырысып тапсырма бойынша берген сұрақтарына тиянақты жауап алып отырды. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын артқанын көруге болады. Оқушыларға да осы үлгідегі сабақтар ұнады. Бұл сабақтар тізбесін өткізген кезде мұғалімдер бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, өзара тәжірибе алмасты. Әр түрлі әдіс-тәсілдер үйренді. Тәжірибе молайды. Кәсіби біліктіліктері артты. Болашақта Lesson Study тәсілдердін қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды мақсат етеміз.
Lesson Study үдерісін қорытындылай келе, біз алдымызға қойылған мақсатқа жеттік деп ойлаймын. Бірлестіктегі бастауыш сынып мұғалімдерінің арасындағы кәсіби серіктестік дамыды. Оқушыларда қалай оқу керектігі туралы түсінік қалыптасты. Зерттеу тобымен ақылдаса отырып, болашаққа мынадай жоспар құрдық:
Формативті бағалауды жетілдіру;
Кері байланысты жүйелі жүргізу;
С деңгейлі оқушыларға көбірек көңіл бөлу.
Болашақта осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі “С” дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап, “В” дәрежесіне жеткізуге, “В” дәрежесіндегі оқушыларды “А” дәрежесіне жеткізуге жұмыс жасаймыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге шығармашылық жұмыстармен айналысуға баулимыз деп ойлаймыз. Бұл үдеріске қатысу арқылы әріптестер кәсіби біліктілігін жетілдіре алды, оқушылардың оқуын жақсарту бағытындағы жұмыстардың мазмұнын толық түсіне білді, әр сабаққа рефлексия жасау арқылы шығармашылық қабілетін дамыта алды деп ойлаймын. Алдағы уақытта да бағдарлама бойынша тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерін өз тәжірибемізге енгізу арқылы шығармашылығымызды шыңдай түсеміз деген сенімдемін.
ШҚО Семей қаласы
«Қ.Рысқұлбеков атындағы
№33 ЖОББМ» КММ-тің
бастауыш сынып әдістемелік
бірлестігі жетекшісі Ибраева Ж.Б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген